«Жүзден жүйрік,мыңнан тұлпар» танымдық сайыс

85

 

«Жүзден жүйрік,мыңнан тұлпар» танымдық сайыс

Жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар!

Сайыс десе белсене араласатын көрермен қауым! «Жүзден жүйрік,мыңнан тұлпар» атты 10- сыныптар арасында химия пәнінен өткізілетін танымдық сайысымызға қош келіпсіздер!

Ақыл –тон, аңдығанға тозбайтұғын,

Білім –кен, қанша болса азбайтұғын.

Қатарың оза шауып бара жатса,

Арқаңның ауруы не қозбайтұғын,-

деп Тұрмағамбет Ізтілеуов айтқандай, білімдік сайысқа белсене,құлшына араласатын сайыскер топтарымызды таныстырып өтейін:

10 а сыныбы – «Протон» тобы

10ә сыныбы – «Нейтрон» тобы

10 б сыныбы — «Электрон» тобы

Сайыскерлеріміздің біліміне, шеберлігіне әділ бағасын беретін әділ-қазылар алқасымен  таныстырып өтетін болсам:

  1. Химия пәнінің мұғалімі Сыдықова Эльмира
  2. Химия пәнінің мұғалімі Сереева Рысты
  3. Аудандық химия пәнінен олимпиада жеңімпазы, 9 в сынып оқушысы Жанахмет Жанар

Енді сайысымыздың негізгі бөлімдерімен таныстырар болсам:

Жүргізуші:

Сайысымыз 5 кезеңнен тұрады:

1 кезең  «Ойлы болсаң,озып көр»

2 кезең «Мықты болсаң,тауып көр»

3 кезең «Жүйрік болсаң, шауып көр»

4 кезең «Зерек болсаң, шешіп көр»

5 кезең «Химик -сараман»

Тапқыр,білгір,дарынды

Жарыс бар бүгін арынды

Химия пәнін сүйсең сен

Ортаға сал барыңды-

деп, сайысқа қатысушы топтарға сәттілік тілей отырып, сайысымыздың алғашқы турын бастасақ.

1 кезең «Ойлы болсаң, озып көр» кезеңінде әрбір топқа 5 мәтін оқылады. Сайыскерлер оқылған  мәтінге «иә» немесе «жоқ» деп жауап береді. Дұрыс жауап үшін 10 ұпай беріледі. Ендеше іске сәт.

«Протон» тобы

1.Бейорганикалық қосылыстар 4 кластан тұрады. (Иә)

2.Органикалық заттар көміртек элементінің туындыларынан тұрады. (Иә)

  1. Периодтық кестеде 8 перид бар (Жоқ)
  2. Химиялық тепе-теңдіктің ығысуы Ле-Шателье принципіне сүйенеді. (Иә)
  3. Ортақэлектрон жұбы арқылы түзілетін байланыс иондық байланыс деп аталады. (Жоқ)

«Нейтрон» тобы

  1. Элементтің реттік нөмірі оның нейтрон санына тең (Жоқ)
  2. Металдар мен құймаларда иондық байланыс болады. (Жоқ)
  3. Реакцияның жылдамдығына температураның әсерін Вант –Гофф ережесімен анықтауға болады. (Иә)
  4. Периодтық кестеде 10 қатар бар. (Иә)

«Электрон» тобы

1.Периодтық кестедегі әрбір топ үлкен және кіші топшадан тұрады. (Жоқ)

  1. Натрий және калий гидроксидтері суда еритін негіз (Иә)
  2. Элементтер сыртқы белгілеріне қасиеттеріне қарап металдар мен бейметалдар болып бөлінеді. (Иә)
  3. Реакция жылдамдығын тездететін заттарды ингибиторлар деп атайды. (Жоқ)
  4. Электртерістігінде үлкен айырмашылық бар элементтердің атомдары арасында түзілетін байланыс ковалентті байланыс деп аталады. (Жоқ)

Жүргізуші:

1-ші кезеңнің қорытындысымен  білу үшін сөз кезегін әділ-қазылар алқасына береміз.

Жүргізуші:

«Мықты болсаң, тауып көр» кезеңінде 3 тақырып және ұпай сандары беріледі. Әрбір топ тақырып таңдап, өздеріне ұпай қояды. Берілген сұраққа дұрыс жауап берсе, қойылған ұпайды алады, ал дұрыс жауап берілмесе сол ұпай жинаған ұпайынан шегеріледі. Сонымен қатар топтар жауап бермесе де болады, онда толығымен сақталады. Алғашқы болып  ____________________  топ таңдайды.

         №1 тапсырма

            Элемент         Теңдеу               Заңдар

                  10                   20                        30

 

Жүргізуші:

Химиялық элемент –атомдарының белгілі бір түрі. Оның негізгі сипаттамалары –ядро заряды. Ядро заряды реттік нөміріне тең.

Сұрақ: Периодтық жүйеде қанша металл,қанша бейметалл бар?

(22бей металл,87 металл)

Жүргізуші:Химиялық теңдеу –химиялық реакцияны химиялық таңбалар және формулалар арқылы шартты түрде жазу. Жүргізілген химиялық тәжірибені химиялық теңдеу арқылы көрсетуге болады.

Сұрақ : Алмасу және орынбасу раекциясына анықтама бер. (2 күрделі зат әрекеттесіп, жаңа 2 күрделі зат түзілсе алмасу, 1 күрделі зат 1 жай зат әрекеттесіп,жаңа жай, жаңа күрделі зат түзілсе орынбасу деп аталады)

Жүргізуші: Стехеометрия  өлшеймін деген мағына береді.  Стехеометриялық заңдарға зат массасының сақталу заңы, құрамында  тұрақтылық заңы, еселік қатынас заңы, Авогадро заңы,эквиваленттер,көлемдік қатынас заңы жатады.

Сұрақ: Зат массасының сақталу заңын кім ашты және мағынасы қандай?

Жауабы: (М.В.Ломоносов,химиялық әрекеттесуге түскен заттар мен  реакциядан кейінгі заттардың массасы тең болады)

№2 тапсырма

             Атом         Байланыс               Жылдамдық

                20                   10                        40

 

Жүргізуші: Атом –заттың бөлінбейтін ең ұсақ бөлшегі.Атомдар біріге келе молекуланы түзеді. Атомдар мен молекуланы зерттеген М.В.Ломоносов.

Сұрақ: Атом қандай бөлшектерден тұрады және қайсысы зарядсыз?

(атом ядро мен электроннан тұрады. Ядро  протон мен нейтроннан тұрады. Нейтрон зарядсыз)

Жүргізуші: Заттар белгілі бір байланыс түзеді. Химияда байланыстың 4 түрі бар. Әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бар.

Сұрақ: Донорлы –акцепторлы механизм қай байланысқа   жатады және мәні қандай? (ковалентті байланыс, дайын жұп электрон бергені –донор, бос ұяшық бергені –акцептор)

Жүргізуші: Химиялық реакцияның жылдамдығы дегеніміз уақыт бірлігінде әрекеттесетін заттардың немесе реакция өнімдерінің біреуінің концентрациясының өзгеруі.Химиялық реакция жылдамдығын көрсететін химияның бөлімін кинетика деп атайды.

Сұрақ: Лимиттеуші саты дегеніміз не?  Және химиялық реакция жылдамдығына әсер ететін факторларды атайды? (реакцияның жүру жылдамдығын анықтайтын саты лимилеттеуші саты деп аталады. Реакция жылдамдығына әсер ететін факторлар әрекеттесуші заттардың табиғаты,концентрация,температура)

№3 тапсырма

Химия          Периодтық жүйе             Химиялық формула

  20                           10                                               30

 

Жүргізуші:

Химия –заттарды олардың қасиеттерін,соның ішінде олардың өзара айналуларын зерттейді. Ғылым ретінде ХІХ-ХХ ғасырларда қалыптасып, өзінің басты  ұғымдарын ұсынып, заңдарын ашты.

Сұрақ: Химия ғалымдарының  докторы,профессор,КазКСРҒА-ның академигі Қазақстан КСР-нің ғылымға еңбек сіңірген қайраткері М.Ч.Усанович қандай теорияны ұсынды?

Жауабы: Қышқылдар мен негіздердің жалпылама теориясы.

Жүргізуші: Орыстың ұлы ғалымы Д.И.Менделеев табиғи жіктеу арқылы химиялық элементтердің периодтық жүйесін 1869 жылы жасады.

Сұрақ: Негізгі топша элементтерінің сыртқы энергетикалық деңгейінде орналасқан электрон санын териодтық кестеде не көрсетеді? Энергетикалық деңгейдің санын  қалай табамыз.

Жауабы:  (топ нөмірі,энергетикалық деңгей период нөміріне тең)

Жүргізуші: Химиялық формулалар –заттың  құрамын,химиялық элемент таңбалары және индекстері көмегімен шартты түрде бейнелеу.

Сұрақ: Зат мөлшерінің қандай формулалары бар және өлшем бірлігін ата.

 

Жүргізуші: 2-ші кезеңнің қорытындысын шешу үшін әділ-қазылар алқасы сөз кезегін  сіздерде.

Жүргізуші: 1-ші,2-ші кезеңнің қорытындысы бойынша ұпайы аз топ ойыннан шығып,көрермен ортасынан  орын алады.

Жүргізуші: «Жүйрік болсаң,шауып көр» кезеңінде әрбір топ берілген әріптердің ішінен әріп таңдайды. Алғашқы болып ұпайы аз топ таңдайды. Қойылған сұраққа сол әріптен басталатын жауап қайтару керек.Әрбір дұрыс  жауапқа 20 ұпай  беріледі. Ендеше ұпай аз топ әріпті таңдай қойыңыздар.

«С» әрпі

  1. Химиялық эелемент(сутегі,скандий)
  2. Күрделі зат (су,сіркеқышқылы)
  3. Металл (сынап)
  4. Қышқыл (сірке қышқылы)
  5. Әмбебап еріткіш( су)
  6. Сілті (суда еритін негіз)
  7. І валентті элемент (сутек)
  8. Физикалық құбылыс (судың қатуы)
  9. Натрий гидроксиді (сілті)
  10. Судың агрегаттық күйі (сұйық)

«К» әрпі

1.Жай зат (күкірт)

  1. Оксиді (кальций оксиді, көміртек (ІІ) оксиді, күкірт (ІҮ) оксиді.

3.Тұз (карбонаттар,калий хлориді)

4.Бейметалл (көміртек,күкірт)

5.Сілтілік металл (калий)

6.Екі валентті элемент (кальций)

7.Химиялық құбылыс (көмірдің жануы)

8.Қышқыл (күкірт, кремний қышқылдары)

9.Лакмус сілтіде (көгереді)

10.Химиялық  байланыс (ковалентті)

«М» әрпі

1.Периодтық кестенің авторы (Д.И.Менделеев)

  1. ІІ валентті элемент (магний)

3.Физикалық құбылыс (мұздың еруі)

4.Атомдар нені құрайды (молекула)

5.Темір қандай затқа  тартылады (магнитке)

6.Шалшық газы(метан)

  1. Калий перманганаты (марганцовка)

8.Зат мөлшерінің өлшем бірлігі (моль)

9.Индикатор (метилоранж)

10.Темір (металл)

Жүргізуші:  3-ші кезеңнің қорытындысын анықтау үшін әділ-қазыларға сөз кезегін береміз.

 

Жүргізуші: Есепте бар массада,

Шығады ол сасса да

Жауабын  сен табасың,

Қарамайсың басқаға.

Формуланы табуға,

Үлесші дұрыс тануға.

Талабыңды көрсетші

Ойың бар ма тануға деп сайысымыздың «Зерек болсаң,шешіп көр» кезеңін бастаймыз. Мұнда 9 ұяшық беріледі. Әрбір ұяшықта есептер жасырылған.Ұпайы көп топ ұяшықты таңдайды. Егер топ есептің жауабын дұрыс таппаса,келесі топтың есептің жауабын айтуға мүмкіндігі бар. Дұрыс жауап үшін 20 ұпай беріледі. Есепті шығаруға 1 минут уақыт беріледі.

 

1 ұяшық: массасы 8 г газ (қ.ж.) 5,6 л көлем алады. Газдың молярлық массасын тап (Ж.32)

2 ұяшық: 3,5 моль көміртегі (ІҮ) оксидінің массасын тап (Ж:154 г)

3 ұяшық: 75 г азот (ІІ) оксидінің алатын көлемін есепте (Ж.56 л)

4 ұяшық: 1,5 л (қ.ж.) көмірқышқыл газында болатын молекула санын тап (Ж. 9,03 ∙10 23)

5 ұяшық: Масссасы 128 г күкірттің зат мөлшерін тап (Ж: 4 моль)

6 ұяшық: С+О2  + СО2 + 402 кДж теңдеуі еріткенде  түзілген ерітіндідегі еріген заттың үлесін тап. (Ж.20%)

8 ұяшық: 6,2 кг фосфор жанғанда  неше грамм  фосфор  (Ү) оксиді түзіледі?(14,2 г)

9 ұяшық: Құрамында 15 % қосапыс бар 2 г әктасты азот қышқылымен әрекеттестіргенде қанша көлем (қ.ж.) газ бөлінеді? (Ж.0,0672л)

Жүргізуші: Сонымен сөз  кезегі әділ-қазы алқалары сіздерде.

Жүргізуші: Жесек тамақ, кисек киім, тұратын мына үйіміз,

Ол болмаса келіспейді,жетіспейді күйіміз.

Ішсек дәрі,тірі ағзада құбылыс

Бәрі, бәрі сияды екен «Химия» деген ғылымға деп сайысымыздың соңғы кезеңі «Химик -сараманға» кезек  береміз. Мұнда  әрбір топқа химиялық реактивтер беріледі. Осы реактивтерді пайдаланып, тиісті реакцияларды жасап, теңдеулерін жазу керек. Дұрыс жауап үшін 10 ұпай беріледі.

І топқа: Натрий гидроксиді,мыс (ІІ) хлориді, күкірт қышқылы

ІІ топқа: Калий карбонаты,тұз қышқылы,барий хлориді

І топ: 2NaOH+CuCL2→ Cu (OH)2↓+2NaCL

2NaOH+H2SO4→Na2SO4+2H2O

ІІ топ:K2CO3+2HCL→2RCL+H2O+CO2

BaCL2+K2CO3→2KCL+BaCO3

Жүргізуші: Сонымен  осы кезеңнің қорытындысына тоқталып, әділ-қазыларға сөз кезегін берсек.

Жүргізуші: Заман қанша қиын –қыстау болса да,

Игі істер болып жатыр қаншама.

Жүзден жүйрік,мыңнан тұлпар танылған,

Жүлдегерді танытпасақ бола ма?

Жүргізуші: Сөздің кезегін әділ-қазыларға береміз.

Жүргізуші: Сонымен бүгінгі «Жүзден жүйрік,мыңнан тұлпар»  сайысы өз мәресіне жетті. Сайыскер топ 10-сыныптар арасында өткізілетін «ХХІ ғасыр көшбасшысы»  интеллектуалды сайысына жолдама алды.

Алда әлі де биік –биік асулардан көріне беріңдер деп тілек білдіреміз.

 

Қош сау болыңыздар!