Су және сулы ерітінділердің маңызы

97

 

Сабақтың  тақырыбы: Су және сулы ерітінділердің  маңызы

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Су және сулы ерітінділердің жалпы қасиеттеріне  сүйене отырып, оқушыларды олардың қолданылуымен  таныстыру,гидросфераны қорғау қажеттілігін түсіндіру.

Дамытушылық: Оқушылардың өз бетімен, ұжыммен жұмыс істеу біліктерін қалыптастыру. Есте сақтау,ой өрісін дамыту.

Тәрбиелік: Жауапкершілікке, ұқыптылыққа, ізденімпаздыққа, шығармашылық қабілеттерін дамытуға  тәрбиелеу.

Сабақтың типі: білімді,іскерлікті,дағдыны  дамыту сабағы.

Сабақта қолданылатын  әдістер: Сын тұрғысынан ойлауды  дамыту технологиясының стратегиялары: жеке жұмыс, топпен жұмыс,кластер,5жолды өлең, авторлық орындық, семантикалық карта, тәжірибе, есептеу,ББҮ кестесі.

Сабақтың көрнекілігі: слайд, интерактивті тақта,тірек сызбалар,периодтық кесте, дүние жүзінің картасы.

Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі.Сынып оқушыларын төрт топқа бөлу.

II.Қызығушылықты ояту сатысы. Бір күні бар элемент жиналып, кімнің бірінші маңызды екеніне жауап таппай қиналады. Алғашқы сөз алған элемент:

Кестеде бірінші тұрған кім?            Бомба болып  жарыламын

Тегін тұрмағанымды біл                  Деп күш көрсетті

Отын да болам, ауа шары да           Беріспейтін сұс көрсетті.

Ұшқың келсе мін

Оқушылар бұл қай элемент екенін тауып,тақтаға таңбасын жазады.

(Жауабы: Сутек, таңбасы-Н)

2-ші элемент онымен айтысқа түседі:             Қараң болар тіршілік

-Жақындасам жанып,                                        Мен бар жерде бар емес пе бәрі

Су боларың  анық,                                             Отыны жанып, күні шығып.

Шамаңды білмейсің неғып?!

Мен болмасам тұншығып,

(Жауабы: Оттек) Құрамына осы екі элемент кіретін заттың формуласын бір оқушы тақтаға, қалғандары дәптерлеріне жазады. Н2О-су.

Содан соң төрт топтан бір оқушыдан шығып, плакат бетіне түсірілген кластерлерін қорғайды.

III. Мағынаны  тану бөлімі (мәтінмен жұмыс) (10мин)

Алдарындағы плакат қағазға кластер, ББҮ стратегиясын пайдаланып,сызба түрінде түсіру.

I топ жұмысының тақырыбы «Су- өмір»

II топ жұмысының тақырыбы «Су- денсаулық»

III топ жұмысының тақырыбы«Су-байлық»

IV топ жұмысының тақырыбы «Су-экологиясы»

Әр топтан бір оқушыдан шығып, жұмыстарын қорғау,мазмұнына сай мақал-мәтелдермен қорытындылау.

  1. Ой толғаныс сатысы. а) ТРАФ әдісімен су экологиясына арналған шығармаларын оқу.

б)Кубизм әдісі бойынша 4 түрлі тапсырма орындау.

1-тапсырма. «Салыстырыңыз» семантикалық картасы.

2-тапсырма. «Есептеңіз» 4% 30г натрий хлориді ерітіндісін әзірлеу үшін қанша тұз және су алу қажет?

3-тапсырма. «Атаңыз» берілген заттар(бор, ас тұзы)

а)формуласын жазу     ә)қай класқа жататынын айту

4-тапсырма. «Тәжірибеде көрсету» Қауіпсіздік  ережесін сақтай отырып, қышқылды қалай сұйылтатынын көрсету.

в) бес жолды өлең құрастыру.

Жеңімпаз «авторлық  орындыққа»  шақырылады.

V.Бағалау.Топ басшысы және оқушылар бірін-бірі бағалайды.

VI.Үйге тапсырма: §41«Су және сулы ерітінділердің маңызына» мақал-мәтел жинастыру.