Химиялық реакция теңдеулері

 

Сабақтың тақырыбы: Химиялық реакция теңдеулері

Мақсаты:

Білімділігі: оқушыларға химиялық теңдеу туралы мағұлмат бере отырып,

химиялық реакция теңдеуін құра білуге үйрету.

 

Дамытушылығы: оқушыларға химиялық теңдеулерді жазып және оны теңестіре

білуге дағдыландыру.

 

Тәрбиелігі: әр түрлі тапсырмалар орындату арқылы оқушылардың білімін

жетілдіру және белсенділігін, қызығушылығын ояту.

 

Сабақтың түрі: тренинг – сабақ (білім мен іскерлік дағдыны жетілдіру)

Сабақтың әдісі: Дәріс, сұхбат, топтастыру

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, компьютер, химиялық реакция теңдеулері.

Пәнаралық байланысы: математика, информатика, физика.

Пайдаланған әдебиеттер: 1. Н.Нұрахметов, т.б. Химия – 8сынып

  1. Д.М.Кирюшкин, т.б. Химияны оқыту методикасы
  2. Н.Нұрахметов, т.б. Химия жұмыс дәптері – 8 сынып

 

Сабақтың жүру барысы:

 

І. Ұйымдастыру бөлімі

Келісім шарт қабылдау.

  • Біз барлығымыз өзімізді оқыту үшін жауаптымыз;
  • Бір – бірімізді тыңдаймыз;
  • Бір ғана адам сөйлейді;
  • Өз ойларымызбен бөлісеміз;
  • Бос сұрақтар болмайды;
  • Уақытты үнемді пайдаланамыз.

 

Танысу.

«Қар көшкіні» ойыны. Әр топтың оқушылары өз аттарын айтады. Әрбір оқушы өз атын айтар алдында бұрынғы оқушының атын қосыпайтады.

 

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.

«Ой қозғау» сұрақ – жауап.

  1. Химиялық реакция дегеніміз не?
  2. Химиялық формула дегеніміз не?
  3. Массалық үлес қалай белгіленеді?
  4. Валенттілік дегеніміз не?
  5. Зат құрамының тұрақтылық заңын кім ашты?

 

Топтық жұмыс.

І топ тапсырмасы:

  1. Тұрақты І валентті элементтерді жазыңдар.
  2. Мына қосылыстардағы: ZnS, Al2S3, Na2S, PbS, Fe2O3 әрбір элементтің

валенттілігін қойыңдар.

  1. Мына заттардағы: а) СаО, б) Р2О5, в) Fe2O3 әрбір элементтің массалық үлесін

есептеп шығарыңдар.

ІІ топ тапсырмасы:

  1. Тұрақты ІІ валентті элементтерді жазыңдар.
  2. Мына қосылыстардағы: СаО, FeCl3 , Н2О, Мg3N2, SiCl4 әрбір элементтің

валенттілігін қойыңдар.

  1. Берілген қосылыстарды: а) СаО, б) H2SO4, в) SO2 құрайтын элементтердің массалық қатыныстарын табыңдар.

 

 

ІІІ топ тапсырмасы:

  1. Тұрақты ІІІ валентті элементтерді жазыңдар.
  2. Мына қосылыстардағы: МgО, К2О, SnO2, Na3N, MnCl2 әрбір элементтің

валенттілігін қойыңдар.

  1. Химиялық қосылыстың құрамына 40% Сu, 20% S, 40% O кіреді. Осы химиялық

қосылыстың формуласын табыңдар.

 

ІІІ. Жаңа сабақ

Жоспары: 1.Химиялқ теңдеу.

  1. Химиялық теңдеуді жазудың ережесі.

Негізгі ұғымдар:

  • Химиялық теңдеу.
  • Реагент
  • Өнім

 

  1. Химиялық теңдеу дегеніміз – химиялық реакцияны химиялық таңбалар және формулалар арқылы шартты түрде жазу.

Әрекеттесуші заттар – реакцияға кіріскен реакцияласушы заттар не қысқаша реагенттер деп аталады.

Жаңадан түзілген заттар реакциядан шыққан заттар немесе өнімдер деп аталады.

  1. Химиялық теңдеуді жазудың ережесі:

 

  1. Реагенттердің формуласын жазу:

H2 + O2

 

  1. Өнімнің формуласы:

H2 + O2 → H2O

 

  1. Химиялық теңдеуді теңестіру:

2H2 + O2 → 2H2O

 

Сабақты бекіту:

Оқулықпен жұмыс:

І топ тапсырмасы:

  1. Оқулықтағы §14 бойынша негізгі ұғымдарды анықтау.
  2. 42 беттегі 5 жаттығуды орында.

 

ІІ топ тапсырмасы:

  1. Оқулықтағы §14 бойынша сұрақтар құру
  2. 42 беттегі 6 жаттығуды орында.

ІІ топ тапсырмасы:

  1. Оқулықтағы §14 бойынша сызбанұсқа құру.
  2. 42 беттегі 7 жаттығуды орында.

 

Жұмыс дәптерімен жұмыс.

І топ тапсырмасы: 28 беттегі №73 тапсырманы орында

ІІ топ тапсырмасы: 28 беттегі №74 тапсырманы орында

ІІІ топ тапсырмасы: 29 беттегі №75 тапсырманы орында

 

Деңгейлік тапсырмалармен жұмыс

 

 

 «Кім жылдам» аукционы

 

Са                           Р                       H2              C

 

О2                ?

 

О2                                            ?

 

Сl2                                                                     ?

 

О2                                                                                       ?

 

Не білемін?Не білдім?Не білгім келеді?

 

 

 

Бағалау.

Үйге тапсырма: § 14. 42 беттегі. 4,8 жаттығулар.