Химиялық тәжірибе кезіндегі қауіпсіздік техникасы ережелерімен танысу

63

Тақырыбы: Химиялық тәжірибе кезіндегі қауіпсіздік техникасы ережелерімен танысу

Мақсаты:    Химиялық тәжірибе кезіндегі қауіпсіздік техникасы ережелерімен мұқият танысу.

Құрал-жабдықтар: Химиялық тәжірибе кезіндегі қауіпсіздік техникасы ережелері жазылған

плакаттар, слайдтар

 

 Практикалық жұмысты орындау барысы:

  1. Химиялық тәжірибе кезіндегі қауіпсіздік техникасы ережелерін  зер салып оқыңдар  және әрдайым есте сақтаңдар.
  2. Практикалық жұмысқа қорытынды жасаңдар.
  3. Химиялық тәжірибе кезіндегі қауіпсіздік техникасы ережелерін естеріңде ұстап, алдағы уақытта лабораториялық, практикалық жұмыстар кезінде қатаң сақтаңдар.

 

Химия кабинетiндегi қауiпсiздiк  техникасынын негiзгi ережелерi:

(Төмендегі сөйлемдердегі көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып жазыңдар🙂

  1. Кез келген жұмысты орындаудан бұрын оқушы үстіне арнайы жұмыс …………………………. киіп, қажет болса көзіне қорғауыш көзілдірік, тіпті газтұтқыш арнайы тұмылдырық киіп алғаны дұрыс. Аяқкиімінің де жан-жағы жабық болғаны жөн, қолға арнайы қолғап кию де қажет болуы мүмкін. Егер оқушының шашы ұзын болса, оны жинап қою керек.
  2. Тәжірибеге кірісердің алдында жұмыс ……………………………… үстінен артық дүниені, соның ішінде оқулықтар мен басы артық қағаздарды шетке алып қою керек.
  3. Реактив салынған ыдыстың сыртында жазылған заттың …………………………………………кем дегенде екі рет қарап, іздеп отырған затың дәл сол ма айқындап алған жөн.
  4. Реактивтерді ………………………..ұстауға, дәмін татып көруге………………………… Егер газ күйіндегі заттың иісін сезгің келсе, оның ыдысын мұрыннан алысырақ ұстап, аздап ……………………………көруің керек. Оны дұрыс орындауды мұғалім мен лаборант көрсетіп береді.
  5. Реактиві бар ыдыстың …………………………..үңілмейді, жанынан қарайды. Сынауықтың ашық аузын оқушы өзіне немесе жанындағы адамға қаратып ұстамауы керек.
  6. Артық алынған реактивтің қалғанын таза зат салынған ыдысқа салуға немесе құюға болмайды. Лабораторияда және кабинетте тек таза зат пен таза …………………………………..қолданатынын үнемі есте ұстаған жөн.
  7. Қышқылдармен және сілтілермен жұмыс істегенде абай болыңдар! Егер реактив денеге немесе киімге тиіп кетсе, бірден ………………………. көбірек пайдаланып, жуып жіберген дұрыс.
  8. Лабораторияда немесе кабинетте ……………………………………жүре беруге, дауыс көтеріп сөйлеуге болмайды, өйткені басқаларға кедергі келтіресіңдер.
  9. Мұғалімнің рұқсатынсыз таныс емес…………………………….алып пайдалануға болмайды.
  10. Химиялық лабораториядан немесе ……………………………………шығар алдында суды тоқтатқандығыңа, газды және электр қыздырғыш торды…………………,……………….т.т. көз жеткізу қажет.

Қорытынды: