Натрий, калий және олардың қосылыстары.

86

Сабақтың тақырыбы: Натрий, калий және олардың қосылыстары.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: периодтық жүйенің заңдылықтарынан, атом құрылысы мен металдардың жалпы қасиеттері және s-элементтер туралы білімдеріне сүйене отырып, оқушыларды натрий және калийдің өзіне тән қасиеттерімен таныстыру. Оқушыларды натрий және калий қосылыстарының қолданылуымен, олардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызымен таныстыру арқылы білім мен дағдысын бір жүйеге келтіру.

Дамытушылық: 8 сыныпта сілтілік металдар туралы алған білімдерін кеңейтіп, интерактивті әдіс-тәсілдер арқылы оқушылардың өзара белсенділігін, ой-өрісін, зейінін дамыту.

Тәрбиелік: оқушылардың ойлау қабілеттерін жетілдіру, есте сақтау қасиеттерін дамыту, топпен жұмыс істеуге тәрбиелеу. Білімін қолма қол көрсете алу қасиеттерін ашу. Экологиялық тәрбие беру.

Пәнаралық байланыс: биология, география, медицина, экология.

Сабақтың түрі: проект сабағы

Көрнекілік: интерактивті тақта, тірек-сызба, ватман, маркер.

Реактивтер мен құрал-жабдықтар: натрий хлориді (құрғақ, ерітіндісі), натрий, фенолфталейн, колба, сынауықтар, спирт шамы.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру (сыныпты 4 топқа бөледі)

ІІ. Ой шақыру:

Теңіз суы арқылы құтыда хат келді. Хатта жұмбақ жазылған:

Біз ағайынды 5 жігітпіз, бесеуіміз де өткір, кез келген адаммен оңай араласатын ашық-жарқын жігіттерміз. Кейбір көре алмаған жігіттер бізді жүрген жерін сілтейді, тындырады деп өсек айтады. Мінезі тастай онша маңызды жұмыс істемейтін латиф деген ағам азулы қызға үйленді. Ал ағам Нартай істемеген жұмысы жоқ: аспаз да болды, шыны да жасады, қазір тұрмыстық қызмет көрсету комбинатында директор. Менің өзім ауыл шаруашылығында, оның ішінде егін жағында істеймін. Екі інім Рәнтай мен Сартай «жігітім» дей берсең тұтана кетеді, қызбалы. Бағына қарай жақсы қыз кездессе, жақсы болар еді. өздері автоматты сигнал беру жағында жұмыс істейді. Мен және 5 ағайындыларым кім?

Жауабы: Сілтілік металдар. Жұмбақты оқып талдайды. Сабақтың тақырыбы және мақсатымен оқушыларды таныстырады.

ІІІ. Жаңа сабақ.

— натрий және калий, олардың қосылыстары туралы  не білесіңдер? (оқушылардың жауаптарын тақтаға жазады)

Тапсырма № 1. осы екі металдарға тақтадағы үлгіні пайдаланып, жарнама жасаңдар.                                        Натрий мен калийдің қаситеттерін тақтаға және дәптерге жазады.

Тапсырма № 2. «Натрий, калий» тақырыбына үлгі бойынша класстер жасауды  ұсынады.

  1. Химиялық элемент ретінде сипаттау: ПЖ-гі орны, атом құрылысы, табиғатта кездесуі.

Табиғатта калий, натрий қосылыстар түрінде кездеседі. Теңіздің жағасында натрий хлориді галиттер түрінде жиналады. Картадан Қазақстанда

 

  1. Жай зат ретінде сипаттау. Ашылу тарихы: 1807 ж ағылшын ғалымы Г.Дэви калий мен натрийді олардың қосылыстарынан электролиз арқылы алған.

Физикалық қасиеті: видео көрсету.

Химиялық қасиет

 

Қолданылуы:

 

 

 

Тапсырма № 3.  Тәжірибе орындау: Ас тұзының сапалық құрамын анықтау.

  1. Бекіту.

Кластерге қайта оралып, бұрыннан білген және осы сабақтан білген компоненттерді көрсетеді. Бүгінгі сабақтан не білдім? Бүгінгі сабақтан лаған білімімді келешекте қайда қолдана аламын? Топтар класстерлерін қорғайды.

 

 

 

  1. Бағалау.
  2. Үйге тапсырма: § 6.3-6.4. 158 бет – 5, 7 жаттығулар. Сабақта жасаған класстерлерді қосымша әдебиеттер арқылы толықтырып, компьютерлік дизайнмен көркемдеп жасап әкелу.