Фосфордың қосылыстары.

86

Сабақтың  тақырыбы: Фосфордың қосылыстары.

Сабақтың мақсаты: Білімділік:Оқушыларға фосфордың маңызды қосылыстары-                      фосфин, фосфор(v )оксиді, ортофосфор қышқылы және тұздары туралы мағлұмат беру.

Дамытушылық:Оқушылардың химиялық білімін одан әрі дамыту, тез ойлауға, шапшаңдыққа , өз бетімен ізденуге үйрету.Ой-өрісін, шығармашылық мүмкіндігін, ғылымы көзқарасын қалыптастыру.

Тәрбиелік:Өздігінен талпынып, жауапкершілікті сезінетін саналы, өнегәлі ұрпақ тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:Аралас сабақ

Сабақтың әдісі:Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясының элементтері.

Қөрнекілігі: Периодтық жүйе, электронды оқулық, реактивтер, кестелер.

Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

І,,Даналық ағашы,,іскерлік ойының сұрақтары:

№1.   1.Фосфор: Химиялық таңбасы . Р

.Реттік нөмірі.     15

Валенттігі.           ІІІ, V

Тотығу дәрежесі. +3, +5

Атом құрылысының электрондық формуласы:1s22s22p63s23p3

№2.   2.   Химиялық диктант: 1.фосфордың аллотропиялық түр өзгерістері___,___, ___.       2.фосфор_________элементі    3.____өте улы, _____, ___ улы   емес

4.___ +   ___        =   2 Р2 О5   .                         ___  +    ___  =     Cа3Р2

___   +     ___     =   РСІ5.                      ___ +      ___     =     РН3

Жауаптары:1.ақ, қара, қызыл

2.Ақыл-ой элементі

3.ақ фосфор , қызыл, қара

4.Р + О2=2Р2О5.         3Са  +2Р=  Са3Р2.      2 Р+5СІ2=2РСІ5.     2Р +3Н2 = 2РН3

№3.   Сандарды сөйлетейік ойыны.

Жауаптары.1.1669ж.неміс алхимигі Х.Бранд фосфорды ашты.2.Ет  ұлпасында 56г.фосфор кездеседі.    3.Адам сүйегінде 600г  фосфор бар.   4.Жүйке жүйесінде  5г фосфор болады.

№4. Қолданылуы.         Фосфор                                     сіріңке жасау үшін

Дәрі- дәрмектер алуда

тыңайтқыштар

ІІІ.  Жаңа сабақты   түсіндіру.

Сабақтың тақырыбы:    Фосфордың   қосылыстары

  1. Фосфин-РН3 2. Фосфор (ІІІ) оксиді-Р2О3 4.Фосфор қышқылы   Н3РО4                            3Фосфор(V)оксиді-Р2О5              5. Мета фосфор қышқылы НРО3

Физикалық қасиеттері.                 Н3РО4

РН3                    Р2О3                Р2О5

 

 

 

 

Фосфин- өте улы, тұрақсыз, түссіз, сарымсақ иісті, күшті тотықсыздандырғышзат.Фосфор(v)оксиді –өте ылғал тартқыш зат, ақ түсті ұнтақ зат. Фосфор (ІІІ)оксидібалауыз  тәрізді  кристалдық масса, улы. Фосфор қышқылы- ақ түсті кристалдық зат, суда жақсы ериді.

Са3Р2+6Н2О = 2РН3+3Са(ОН)2                   Алынуы               Р2О5+3Н2О=2Н3РО4

 

4Р +3О2=2Р2О3                                           Р2О52О=2НРО3 (тәжірибе)

4Р +5О2= Р2О5

Химиялық қасиеттері :Фосфин ауада фосфор оксидін түзіп, өздігінен тұтанады:2РН3+5О2=  2О5 +3Н2О .     Фосфин суда аммиактан нашар ериді және сілтілк қасиет көрсетпейді . Бірақ аммиак сияқты өте күшті қыщқылдармен әрекеттесіп, тұз түзеді. Бұл кезде аммоний ионына пайда болады: РН3+НІ=РН4І

Фосфор(V) оксиді-өте ылғал тартқыш болғандықтан, реакция теңдеуін былай жазуға да болады.

РН3+2О23РО4.

   Р2О5-суда ерігенде температураға байланысты әртүрлі фосфор қышқылындарын түзеді:

    Р2О52О=2НРО3метафосфор қышқылы . Р2О5+3 Н2О= 2 Н3РО4.ортофосфор қышқылы    Фосфор (V)оксиді қышқылдық оксид болғандықтан сілтілермен әрекеттеседі:                           6NаОН+ Р2О5=2 Na3PO4+3H2O .

Негіздік оксидпен әрекеттеседі: СаО+  Р2О5=  Са3(РО4)2+ 3Н2О

Фосфор қышқылы  суда ерігенде сатылап диссоциацияланады:

Н3РО4   Н+2РО4           дигидрофосфат ион

                  Н2РО 4  ⇆   Н+ +НРО42-       гидрофасфат ион

                  НРО 2-4    ⇆  Н ++РО43-        фосфат ион

Фосфор қышқылы сілтімен сатылап әрекеттеседі: Н3РО4+3NaOH = Na3PO4 +3H2O.

Н3РО4+NaOH = NaH2PO4+ H2O.                       Н3РО4+2NaOH = Na2HPO4+2 H2O

Табиғи фосфаттар суда ерімейді. Оларды фосфор қышқылымен өңдеп , ерімтал тұздарға айналдырады да, минералдық тыңайтқыш ретінде пайдаланады. Мысалы:

Са3(РО4)2  +4 Н3РО4  =3Са( Н2РО4) 2кальций дигидрофосфаты.

Фосфат ионға РО43- сапалық реакция:   Н3РО4  +3AgNO3=Ag3PO4+3HNO3

РО4 3-+3Ag+ =Ag3PO4

 

 

Фосфор қышқылының тұздары.

Дигидрофосфаттар NaH2PO4

      Фосфаттар  Na3PO4       Гидрофосфаттар    Na2HPO4

Фосфор қышұылының орта тұздары фосфаттар. Егер сутек иондары металл атомдарымен толық алмаспаса, қышқыл тұздар  түзіледі. Олар  гидрофосфаттар, дигидрофосфаттар деп аталады.

ІV.Жаңа сабақты бекіту :1 Сәйкестілік тест

1.РН3                                                                       а)Фосфор қышқылы

2.Н3РО4                                                                 ә)фосфин

3.НРО3                                                                   б)метафосфор қышқылы

4.К3РО4                                                                 в)калий гидрофосфаты

5.К2НРО4                                                             г)калий фосфаты

2.Оқулықпен жұмыс:6-жаттығу

 

  1. Үйге тапсырма 19.                                           7-жаттығу