«XXI ғасыр көшбасшысы»

100

Тақырыбы: «XXI ғасыр көшбасшысы»
Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды әр түрлі пәндерге деген қызығушылығын арттыру, батылдығын шыңдау, танымдық қабілеті мен білім деңгейлерін тексеру.

             Дамытушылық: Жылдамдыққа тәрбиелей отырып, сөйлеу қабілетін, мәдениетін, логикалық ой — өрісін дамыту, интеллектуалдық қабілетінің дамуына ықпал ету.
               Тәрбиелік: Туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, халықтың әдет — ғұрпын, салт — дәстүрін сақтап, оны әрі қарай жалғастыруға тәрбиелеу.

Тәрбие сағатының түрі: Сайыс
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, презентация
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, математика, ана тілі, музыка, дене шынықтыру
Тәрбие сағатының жүрісі: «Таныстыру»,  «Бәйге»,  «Сұрақ-Жауап», «Тапқырлық»,  «Қорытынды»

Жүргізуші: – Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар және ойынға қатысушы сайыскерлер!
«Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ», «Білікті бірді жығады, білімді мыңды жығады» – деп халқымыз бекер айтпаса керек. Бүгінгі біздің мектебімізде 9 а,б сынып оқушылары арасында өткелі отырған «XXI ғасыр көшбасшысы» зияткерлік сайысына қош келдіңіздер! Ендеше оқушыларымызбен танысып өтейік.

1.Жұмабаева Сұлушаш

2.Самат Дулат

3.Ғилаж Аяжан

4.Амангелді Али

5.Забихоллин Еркежан

Ендеше сайысымызды әділ бағалайтын әділ-қазылар мүшелерімен танысып өтейік

1.Мектебіміздегі физика пәнінің мұғалімі- Нұғманова Сауле Опақызы

2.Мектебіміздегі қосымша білім беру педагогі – Қарабалин Ринат Серікұлы

3.

Енді сайысымызды бастауға рұқсат етініздер. Сайысымыз 5 турдан тұрады

1 тур: «Таныстыру»

2 тур: «Бәйге»

3 тур: «Сұрақ-Жауап»

4 тур: «Тапқырлық»

5 тур: «Қорытынды»

1 тур «Таныстыру»  әр оқушы өздерін таныстырып болашақтағы армандарын айту.

2 тур «Бәйге» .Сайыскерлерімізге бұл турда 15 сұрақ қойылады.Әр оқушыға 5 сұрақтан, дұрыс жауап берген сұраққа 10 ұпай беріледі. Ұпайы аз 2 оқушы бұл турдан сайысты тоқтатады.Сайыскерлерімізге сәттілік тілейміз.

1.Қышқылдарды тап: H2CO3, KOH, H2SO4, NaNO3, HNO3, CaCO3

Жауабы: H2CO3   H2SO4   HNO3       

2.1926 жылы ұйымдастырылған Қазақстандық қорық.

Жауабы: Ақсу-Жабағылы

3.Адамның миы неше бөліктен тұрады және оларды ата?

Жауабы: 3, ми діңі, мишық, үлкен ми

4.Тыныс алғанда түзілетін газ

Жауабы: көмірқышқыл газы СО2

5.Аумағы 71,7 мыңға жуық 1964 жылы ұйымдастырылған қорық

Жауабы: Алматы қорығы

6.Пішіні конус тәрізді, кеуде қуысының сол жақ жартысына жақын, бесінші қабырға

деңгейінде орналасқан қуыс бұлшық ет мүшесі

Жауабы: жүрек

7.Бейорганикалық қосылыстар класын атаңыз

Жауабы:     негіздер,қышқылдар,тұздар,оксидтер

8.Барсакелмес қорығы қай жерде орналасқан және қай жылы ұйымдастырылды

Жауабы: Арал теңізінің солтүстік-батыс бөлігінде, 1939 жылы.

9.Тағамды механикалық өңдеу, ұнтақтау, майдалау, сілекеймен дымқылдау,ауыз қуысында астын қорытылуы не деп аталады?

Жауабы:     шайнау

10.Периодтық жүйені кім қай жылы ашты

Жауабы:     1869 ж  Д.И.Менделеев

11.Еліміздегі ең жас қорық қай жылы, қай қалада орналасқан  

Жауабы:     1984 жылы Маңғыстауда, Үстірт қорығы

12.Темперамент пен дене құрылысыныңтөрт типі туралы ілімді тұжырымдаған кім?

Жауабы:     Гиппократ

13.Құрамы металл атомымен және қышқыл қалдығымен байланысқан қосылыс

Жауабы:     тұздар

14.Бұл қорық Ақмола облысының 259 мың гектар жерін алып жатыр, 1968 жылы құрылған

Жауабы:     Қорғалжың қорығы

3 тур «Сұрақ- Жауап» .Бұл турда ұпай саның таңдау арқылы әр пәннен  сұрақтар қойылады. Дұрыс жауапқа таңдалған ұпай саны беріледі.Жалпы ұпай саны есептелініп ұпайы аз оқушы сайысымызды осы жерден тоқтатады.

География

1.Машина жасаудан дүние жүзiнде бiрiншi орынға ие ел?

Жауабы:   Б) Жапония

2.Дүние жүзін айналып өткен саяхатшы?

Жауабы: А) Фернан Магеллан

3.Дүние жүзіндегі ең үлкен арал?

Жауабы:Б) Гренландия

Химия

1.Периодтық жүйеде неше қатар бар

Жауабы:     10 қатар

2.Құрамында міндетті түрде оттек атомы болатын қосылыс

Жауабы:     оксидтер

3.Мына қышқылдарды атаңыз: H3PO4   H2SiO3  H2S

Жауабы:     фосфор, кремний, күкіртсутек қышқылдары

Биология

1.Көздің қалыпты көруі үшін қажетті витамин

Жауабы:     А витамині

2.Кальций мен фосфор алмасуында  маңызды рөл атқаратын витамин

Жауабы:    D витамині

3.Қалыпты қан өндіруге қажетті, жетіспегенде қаназдық дамитын витамин

Жауабы:     В12  витамині

Логикалық тапсырмалар

1.2 адам шахматты 2 сағат ойнаса ,1 адам неше сағат ойнайды ?

Жауабы: шахматты 1 адам ойнамайды

2.Қара суға ақ шүберекті батырғанда шүберектің түсі қандай болады ?

Жауабы: қара су болмайды

3.Есік пен терезенің арасында не бар?

Жауабы:  пен сөзі бар

4 тур: «Тапқырлық»  Бұл турда ұпайы көп қалған екі оқушыға екі тақырып беріледі.Бұл тақырыптарды сол саламен байланыстырып мән мағынасын ашу керек. Тақырыпты жақсы ашқан оқушыға 30 ұпай беріледі.

Берілетін тақырыптар:

  1. «Химия және физика»
  2. «Химия және тіл»

5 тур: «Қорытынды» .Сөз кезегі әділ-қазы мүшелеріне беріледі. Осы сайыстарда ұпайы көп жинаған оқушы жеңімпаз деп танылады.Диплом табыс етіледі барлық оқушыларға.

Жүргізуші: Оқушыларымыздың білімін, санасын, оқуға деген құштарлығын оятатын зияткерлік сайысымыз көбейе берсін. Көріп тамашалағандарыңызға көп — көп рахмет.