Элементтің периодтық жүйедегі орнына сәйкес сипаттамасы. Д. И. Менделееевтің ғылыми ерлігі және периодтық заңның маңызы.

126

 

Сабақтың тақырыбы: Элементтің периодтық жүйедегі орнына сәйкес сипаттамасы.

Д. И. Менделееевтің ғылыми ерлігі және периодтық заңның маңызы.

Сабақтың мақсаттары:

1.Элементтің периодтық жүйедегі орнына сәйкес сипаттамасы туралы түсінік беру

2.Элемент туралы білімдерін дамыту

3.Оқушылардың сабаққа белсенділігін арттыру

 

Сабақтың түрі:  «Жырым да , әнім де –элементтер» атты әдеби-музыкалы  ойын сабағы

Сабақтың әдістері: Әңгіме, әңгімелесу

Сабақтың дидактикалық көрнекіліктері: Үлестірмелі материалдар(Ү.М.),                                                                        дидактикалық көрнекі құралдар(Д.К.Қ.), аудиоқұралдар(А.Қ.).

 

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушыларды қарсы алу, амандасу

Сабаққа қатысу барысын түгелдеу

Оқу құралдарын тексеру

  1. Үй тапсырмасын сұрау

 

Оқушылардан үйге қандай тапсырма берілгенін сұраймын. Олар химиялық элементтердің Д.И.Менделеев жасаған периодтық жүйесі туралы өтілген білімді пысықтап келу берілгенін айтады. Үй тапсырмасы бүгінгі сабақта өлең-жырлар арқылы пысықталады.

«Жырым да, әнім де-элементтер» атты үй тапсырмасы:

 

Бастаушы:

Жер үстінде адам өмір өткізер,

Бар нәрсеге білім қолды жеткізер,

Бар ізгілік тек білімнен алынар,

Білімменен аспанға жол салынар.

(Ж. Баласағұн).

 

Бірінші оқушы:

Алғашқы буыным тасқын су, екіншісі мал құлағындағы белгі,

Екеуі бірігіп, химиялық элементті құрайды.

Бұл қай элемент?

Оқушылар жауабын айтады. Жауабы: Сел-ен. Селен.

 

Екінші оқушы:

Антониміне «көп» сөзінің,

Тілсіз жауды тіркесең

Көз алдыңда өзгерермін,

Қажетті тыңайтқышқа айналып.

Мұның да жауабын оқушылар айтады.Жауабы:Аз+от. Азот

 

Оқушылар алдарындағы «Периодтық жүйенің кестесін» пайдаланып, әрі өздерінің логикалық ойлау қабілеттеріне қарай жауап беріп отырады.

Үшінші оқушы:

Өзім темір, өзім шалбар,

Егер теріс қарай оқысаң,

Болармын бірі-қазба байлықтың.

Айтшы, мен сонда кіммін

Жауабы: Сым. Мыс.

 

Төртінші оқушы:

Бірінші буыным-сұрау есімдігі,екіншісі-сан есім.

Қос буынды біріктірсең,

Газға айналып шыға келем.

Жауабы: Не? Он. Неон

Бесінші оқушы:

Табылған соң жерден 105 элемент,

Жерді үлкен кеме дейміз керемет.

Бірақ бөлсек әрқайсысына еншісін

Екеуіне төрттен үші келер еді.

Атаңдар сол элементті,

Құрап тұрған кереметті.

Жауабы: Оттек.Кремний.

Міне, өлең жолдарын айтып, тыңдау арқылы бірнеше элементтерді таптыңдар. Келесі кезекте эементтердің мекен жайын әңгіме етейік.

Адамның, жан-жануарлардың, тіпті өсімдіктің де өз үйі бар. Сол сияқты элементтердің де өз үйі , тұрақты мекен жайы бар. Ол- орыс ғалымы Д.И.Менделеев жасаған «Химиялық элементтердің периодтық жүйесі».

Мұны әрі қарай бірнеше оқушы «Ұлы заңның ашылуы» атты әңгімелермен жалғастырады.

«Ұлы заңның ашылуы»

Алтыншы оқушы:

Периодтық жүйе-элементтер атомдарының кездейсоқ жиынтығы емес.Элементтердің табиғи тізбегі. Бірге туған кісілердей: кремний көміртекке, фосфор азотқа, күкірт оттекке ұқсас. Калий- аса белсенді металл, литий мен натрий «жанұяның» мүшесі; одан кейін келетін кальций- берилий мен магнийдің «туысы», т.т. Менделеев заңының мәнісі мынада:

Элементтердің табиғи тізбегінде бір элементтің қасиеттері басқа элементтердің қасиеттерін периодты түрде қайталайды, бұлардан айырмашылығы тек бұл қасиеттердің

байқалу дәрежесінде болады.

Жетінші оқушы:

Элементтердің табиғи тізбегіндегі атомдар қасиеттерінің осындай периодты қайталануы –атомдардың негізгі заңы және табиғаттың маңызды заңдарының бірі. Менделеев өзінің заңын периодтық заң деп, ал элементтердің табиғи тізбегін «Элементтердің периодтық жүйесі» деп атады.

Келесі кезекте оқушылар  «Периодтық заң» туралы өлеңдер оқиды.                                                   Мұны да оқушылар өз кезегімен айта береді.

Элементерді жүйелеуге әркімдер-ақ еңбек еткен,

Ойлағаны орындалмай, еңбектері зая кеткен.

Заманында бар элементті топқа бөліп,

Заңдылықты ашуға Менделевтің қолы жеткен.

 

Жүрмейсің мұны білсең қате басып,

Атомдар жұмбақтарын тұрады ашып.

Бар элемент таңбасы осында тұр,

Сап құрап, массаға сай қатарласып.

 

Әрбір топ өз алдына бір-бір дастан,

Ғылымның дамуына үлес қосқан.

Алпыс үш элементтің сырын біліп,

Кейбірін Менделеев болжап ашқан.

Табылып сан элемент тізбекте өсті,

Бұл күнде бар элемент жүзден асты.

Барлық зат осылардан жаралады.

Ғалымдар мұның дағы сырын ашты.

Кестеден түрлі түстер көрінеді,

Бәрі де деңгейге сай өріледі.

Заң ортақ, период, топ-та ұқсас,

Заңдылық зарядтармен бөлінеді.

Период басталады жеңілдіктен,

Заңдылық қайталанады сегіздіктен.

Бұл-дағы период заңы, квант саны,

Көрмейсің бір белгіні бөлек тұрған.

 

3.Жаңа сабақты түсіндіру. Тақырыбы:

Элементтердің перидтық жүйедегі орнына сәйкес сипаттамасы. Д.И.Менделеевтің ғылыми ерлігі.

Оқушыларға бүгінгі сабақтың бірінші бөлімі элементтер жайлы екендігі, ал келесі бөлімі

элементтер туралы білімнің қорытынды тақырыбы екендігін айтамын.

Сабақта оқушылардың бұған дейінгі білімдеріне сүйене отырып, оқулықтағы 31-32 кестелер талданады. Әр оқушы кез-келген элементке кестеге сүйене отырып, сипаттама береді. Оқушылардың әрқайсысына карточка үлестіремін. Карточка кестеге сай жасалған, әр элементтің реттік нөмірі, салыстырмалы атомдық массасы, атом құрылысы, атом ядросының құрамы, период нөмірі, топ, топша нөмірі, меалл не  бейметалл екендігі туралы өздеріне берілген элементке сипаттама жазады. Қорытындысын үлестірілген дайын жауап арқылы тексеріп, өздеріне баға қояды.

 

  1. Сабақты бекіту : Бейнекөрсетілім арқылы «Периодтық жүйе» үнтаспасы көрсетіледі.
  2. Білімді бағалау: Өлең оқып,әңгіме айтқан, карточкалармен дұрыс жұмыс істеген оқушылар түрлі-түсті қағаз арқылы марапатталады. Қағазда мадақтау өлеңдері бар.
  3. Үйге тапсырма: §59-60. Тақырыпты оқып, сыныптағы алған білімдерін пысықтау.

Жеке тапсырмалар беру:

1.«Д.И.Менделеевтің өмірі мен ғылыми еңбектері» атты реферат жазу және                                                               презентация жасау.

  1. Сабақты аяқтау: Сабақ «Химик болғым келеді» әнін айтумен аяқталады. Бұл ән химия сабағының әнұраны іспеттес. Әннің мәтіні «Химия мектепте» журналының кезекті бір нөмірінен алынған.