«Металдар» тақырыбы бойынша эксперименттік есептер шығару

Сабақтың тақырыбыПрактикалық сабақ №3 «Металдар» тақырыбы бойынша эксперименттік есептер шығару
МақсатыОқушылардың ойлау, талдау, алған білімдерін сарамандық жұмыс кезінде пайдалана білу қасиеттерін дамыту.
Оқушылардан күтілетін нәтижеЗаттардың химиялық формуласын және аталуын, алу жолдары және қасиеттерін білу қажет. Қауіпсіздік ережесін сақтап, берілген  химиялық заттармен тәжірибе жасау қажет. Жасалған тәжірибені қорытындылап, химиялық теңдеулерді жазу қажет.
Құрал-жабдықтар, реактивтерИнтерактивті тақта, РР презентациясы, сарамандық жұмыстың тапсырмасы, дидактикалықстапсырмалар, стақандар,  сынауықтар,  штатив, дист.су, штатив, спиртшамы, шырпы, ұстатқы  индикаторлар, мыс, алюминий, мырыш,  литий хлориді, магний, темір,тұз қышқылы, мыс (ІІ) сульфаты, натрий карбонаты, аммоний бихроматы.
Сабақ барысы1.     Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен танысу.

2.     Үй тапсырмасын қайталау. (Ауызша сұрақ – жауап)

3.     Сарамандық жұмысын орындау. (қосымша)

Ø Қауіпсіздік ережесімен таңыстыру

Ø Сарамандық жұмысының мақсаты мен күтілетін нәтиже туралы түсінік беру.

Ø Сарамандық жұмысының барысы мен орындалуы туралы айту.

4.     Пысықтау. Оқушылар берілген тапсырмаларды орындайды.(тест)

5.     Рефлексия. «Сабақтан алған әсерін, көңіл – күйің»

6.     Үйге тапсырма:  Қайталау, есептер жинағынан есептер шығару.