Химия пәнінен сыныптан тыс іс-шара : «Химиялық өрмек»

100

Химия пәнінен сыныптан тыс іс-шара : «Химиялық өрмек»

Ойының шарты: Оқушылардың бойындағы білімділік және белсенділік қасиеттерін дамыта отырып, ой-өрістерін арттыру. Шығармашылық белсенділіктерін  және танымдық қызығушылықтарын дамыта отырып, химия пәні бойынша алған білімдерін анықтау.

 Көрнекілік: интерактивті тақта

Жүргізуші: Отанымыздың саяси, мәдениеті дамуына үлес қосатын, әлемдік өркениетке көтеретін білімді де, мәдениетті, парасатты, денсаулығымыз мықты болып өссек, егемен елімізді әлемге танытарымыз анық.

Сондықтан «Химиялық өрмек» ойының ашық деп жариялаймыз. Енді  қатысушы топтарды  ортаға шақырып, әділ-қазылар алқасын сайлап алайық.

Жүргізуші: Сайысқа түсуші оқушыларға сабырлық пен жеңіс тілей отырып, ұлы Абай атамыздың өлең жолдары бастайық

Білім деген биік шың,

Бақытқа сені жеткізер.

Білім деген ақылшың,

Қиындықтан өткізер.

Жастықтың оты қайдасың,

Жүректі түртіп қозғалмай.

Ғылымның білім пайдасын,

Дүниенің көркін болжамай.

 

Ойының шарты

Ойын  11 сыныптар арасында өткізілді ( екі топ)

  1. Магнитті тақтада өрмек суреті салынып, ретсіз магнитпен 1-ден 40-қа дейін сандары  дөңгелекте жазылып,  бекітіледі.
  2. Қағазға үш сан жазылған, сандарды тартуға әрбір топқа ұсынылады. Бір санын тандаған топ ойынды бірінші бастайды, ал екі санын тандаған топ екінші болып ойынды жалғастырады, ал үш санын тандаған топ ең соңғы ойынды жалғастырады. Таңдалған сандары бойынша әрбір топ өрмектегі санды  таңдап, дөңгелеті санды атайды Жүргізуші өрмектегі дөңгелекті алып, оның артындағы жасырын тапсырманы оқиды.
  3. Кейбір нөмерлердің астында жасырылады:

— «өрмекші» : ойының келесі кезеніне өту (5 нөмер);

— «Інжу»: бұл топ 1 ұпайды ие болып, ойынды әрі қарай жалғастырады (2 нөмер);

— «су тамшысы»:  бүкіл жиналған ұпайлап «жуылып кетеді»  (1 нөмер).

  1. Әрбір дұрыс жауапқа топтар 1 ұпайға ие болады, ал егер жауап бере алмаған жағдайда қарсылас топтар жауап бере алады және дұрыс жауап үшін 1 ұпайға ие болады.  (2-слайд )

Сұрақтар мен тапсырмалар.

  1. Қандай индикатор қызыл түске боялады қышқылдық ортада? (лакмус немесе әмбебап) (3 -слайд)

 

  1. Грек тілінен «түс» деген атауды қай металл береді ? (хром) (4-слайд )

 

 

  1. Ғаламшарда ең көп таралған элемент (сутек) (5-слайд )
  2. Жерде емес күнде ең бірінші ашылған химиялық элемент ? (гелий)

 (6 слайд 6)

 

  1. «Өрмекші» (7 слайд )

 

 

  1. Ең қиын балқитын металл? (вольфрам) (8 слайд )

 

  1. Мұғалім Жасланан, Қайраттан жіне Әлімнен сұрайды : «Егер күнің көзі түсіп тұрған терезедегі банкеге бірдей мөлшерді сутек және хлор газдар толтырылып, тығынмен жауып тастасам, не байқалады». Жасыланның жауабы: «Сутегі жеңіл газ болғандықтан, банкенің үстіне, ал хлор ауыр газ болғандықтан банкенің түбіне жиналады» -деп жауап береді.  Қайраттың жауабы: «Үш сағат бойы газдар бір-бірімен әрекеттеседі» -деп жауап береді.  Әлім айқалап: «Әрі тұрындар, қазір атылады»- деп айтады. Қайсысы дұрыс жауап береді ? (Әлім.  Хлор және сутек газдары күнің көзінің әсерінен тез әрекеттеседі  (9 слайд)

 

 

  1. Зертханаға оқушылар кірген кезде ақ ұнтақ салынған СаО формуласы жазылған, банкені көреді. Сырым: «бұл үлпілдек әктас»-деді, ал Қайрат: «иә, бұл әктас, бірақ күйдірілген әктас»-деді, ал Әділ: «бұл сөндірілмеген әк»-дейді. Қайсысы дұрыс айтып тұр?  (барлығы) (10 слайд)

 

  1. «Өрмекші» (11 слайд )

 

 

 

  1. Керосин құйылған құтыға металл калийді салған кезде не байқалады?  — деп мұғалім сұрады. Сырым: «калий активті металл болғандықтан, сондықтан керосинге салынған кезде ол лапылдап жанады»-деді. Қайрат: «ештенеде болмайды, себебі калий ауамен жанасқан кезде жанады, сондықтан ол  керосині бар  құтыға салынбайды»-деді. Әділ: «металл ыдыстығ түбіне түсіп, сол қалпы жатады, химиялық реакция жүрмейді»-дейді. Қайсысы дұрыс айтып тұр? ( Әділ, себебі калийді керосинің астында сақтаймыз) ( 12 слайд )

 

  1. «Інжу» (13 слайд)

 

  1. Қандай зат үш агрегатық күйде болады ? (Су) (14 слайд )

 

  1. «Өрмекші» (15 слайд )

 

  1. Маған бұрынан назар аударылған, бірақ мені ешкімде ұстай алмады. Швед ғылымы К.Шееле және ағылшын  химигі Джозеф Пристли мені толығым зерттеді. 1774 жылы олар мені ашты, бірақ К.Шелее  Джозер Пристлиден 5 жылдан кейін мені алғаны туралы хабарлағандықтан атақ Джозер Пристлиге берілді.    Шееле мені «жанғыш газ» деп , ал Пристли – «дефлогистирлі ауа» -деп атады. Екеуіде қателесті. Өзім туралы айтып кетейін,  атмосферада- 21% ,   литосферада – 28% құраймын.   Гидросферада 89% құраймын, ал 50 км биіктікте менім мөлшерім 10%, ал  100 км биіктікте  0,1% құраймын. Адам ағзасында мен 45 кг мөлшерде кездесемін. Тәулікте адам мені 750 литр көлемінде қабылдайды, ешқандай қоспасыз. Мен қандай газбын ?  (Оттегі) ( 16 слайд)

 

  1. Мені 16 ғасырда Парцельс темір шегені күкірт қышқылына салған кезде алған. 17 ғасырдың соңында мені Роберт Бойль зерттеді. Ол мені темір ұнтақтарына тұз қышқылын құйған кезде алды.   Ол мені шыны ыдысқа жинаған және мені  ауа деп есептеген.   Роберт Бойльдің шәкіртті Лемери мені құтыға жинап, оның ауызына майшамды апарған кезде жарылыс пайда болды, осы жарылыстан Лемери шыны сынықтарынан  мерт бола жаздады.  Ең соңында    ағылшын химигі Генри Каведиш  1766 жылы мені ашты.  Сол кезде мені «жанғыш газ».  Мені таза күйінде 1783 жылы  Лавуазье судан алды. Солай мен химиялық элементтердің қатарына ендім. Жерде менімен мөлшерім 1%, ал күнде мен  80% . Қалған элементерге қарағанда менің атомдарым қосылыстарда көп мөлшерде кездеседі.  Менің молекулаларым атмосфераның жоғарғы қабатарында жиналады.  Мен кіммін ? (сутегі) (17 слайд )

 

  1. «Інжу» (18 слайд)

 

  1. Егер әктас суына көмірқышқыл газын жіберген кезде не байқалады?

(ерітінді лайланып, кальций карбонаты тзіледі) (19 слайд)

 

  1. Қандай патша сұйықтығын бірде-бір патша ішпеген? Патша сұйықтығын  құрмын ата. (1:3 азот және тұз қышқылдарының концентрлі ерітінділері)  ( 20 слайд )

 

  1. Тауық жұмыртқасын тұз қышқылына салған кезде не байқалады?  (жұмыртқаның қабығы ериді, себебі ол кальций карбонатынан тұрады)        (21 слайд)

 

 

  1. «Өрмекші» (22 слайд)

 

 

  1. Құстарға неге пластмассадан үйшіктер жасауға болмайды? (құстар тыныс алған кезде ауа ылғанады, ол ылғал ауаны ағаштар сіңіреді , ал  пластмассалар сіңірмейді. Сондықтан пластмассада  жиналған ылғалды ауа құстырға кері әсер етеді)  (23 слайд)

 

  1. Егер кальций гидроксидіне әктаспен араластырғанда не байқалады? (реакция жүрмейді) (24 слайд)

 

 

  1. «Су тамшысы» (25 слайд)

 

  1. Егер кальций карбонатына көп мөлшерде қышқылды қосақ не байқалады? (қатты қайнау, сондықтан бұл тәжірибені жүргізбеу қажет) (26 слайд )
  2. Адамның көз жасы  бактерицидті қасиеттке ие бола алама ? ( Адамның көз жасының құрамында  0,1% ақуыз бар, ал ақуыздың құрамында лизосим ферментті болады, ол  бактерицидті қасиетке ие, яғни көптеген аноэробты заттрды толығым ерітеді. (27 слайд)

 

  1. Егер натрий карбонатына фенолфталин қосақ не байқалады ?  (күрең қызыл түске боялады, себебі натрй карбонаты сілтілік ортаны көрсентеді) (28 слайд)

 

 

  1. «Химия және география». Қандай химиялық элемент грек тілінде   жер қыртысы деген мағынаны білдіреді (Жер қыртысы- литосфера, грек тілінде lithos – тас ; литйдің атауы осы сөзден шыққан) (29 слайд)

 

  1. «Химия және орыс тілі». Приведите примеры не менее трех омонимов среди химических терминов. (моль, цилиндр, пестик, неон, радикал, флюс, чернь, ерш, бор.) (30 слайд )

 

  1. Жүйкесі тозған адамға дәрігерлер бромды ішуді ұсынды деп айтады. Қалай ойлайсыздар бромды ішуге бола ма ? Науқасқа қандай дәрілерді ішуге ұсынылады? (бромды ішуге болмайды, себебі ол өте улы. Сондықтан дәрілік препараттардың құрамында бром аз мөлшерде болады, бірақ ол натрий немесе калий бромиді  ретінде қолданылады) (31 слайд)

 

 

  1. «Химия және тарих». А.Македонский Индияға жорық жасаған кезде, офицерлері сарбаздарға (солдаттарға) қарағанда ішек-асқазан ауруларын сирек шалдыққан. Олардың ішкен астары мен сусындары бірдей болған, бірақ ыдыс-аяқтары әр түрлі болған. Офицерлердің ыдыстары қандай металдан жасалынған? ( күмістен, себебі күміс бактерицидті қасиетке ие) (32 слайд)
  2. Өрмекші (33 слайд)

 

  1. Ағылшын химигі Г. Дэви осы газ арқылы арнайы сеанстар өткізіп отырды. Осы сеанста көптеген джентельмендер көп сөйлеген, кейбіреулері орындықта отырып секірген, ал кейбірлері тіпті тбелесе бастаған.  Мұнда қандай газ жайлы айтылған?  ( Мастық газы N2О) (34 слайд)

 

 

  1. Неліктен көмір ұнтақтары жарылыс беруі мүмкін, ал пеште жанатын кәдімгі көмір жарылыс бермейді ?  (Көмір үгінділері ауамен (оттекпен) жанасқан кезде  көп мөлшерде энергия бөледі, сол себептен жарылыс береді, ал кәдімгі пеште жанатын көмірде бір-бірімен байланысқан көмір атомдары кристалдық торды түзеді, сол себептен  көмірдегі кристалдық торды бұзу үшін энергия қаже, ол тек ғана қызған кезде, яғни кристалдық тордағы атомдар арасында байланыстары үзіліп, жану басталады)  (35 слайд)

 

  1. Император Наполеон (III)  банкете құрметті қонақтарға өте қымбат жылтыр ақ металдан жасалған ыдыс-аяқтарды қоюды әмір еті. Ал қалған қонақтарға кәдімгі алтынан және күмістен жасалынған  ыдыс-аяқтарды қоюды әмір еті.  Алтын және күміс ыдыс-аяқтарын қолданған қонақтар ашуланып, ызаланды. Күрметті қонақтар алтынан да қымбат қандай металдан жасалған  қымбат ыдыс-аяқтарды қолданды? (Алюминий) ( 36 слайд)

 

 

  1. Аталған затты тап:

а) Адам ағзасында ол 3 г тұрады, оның  2 г қанның құрамында болады.

б) Жер шарында таралуы бойынша ол  оттектен, кремнийден және  алюминийден кейін таралған.                                                                                                                                                  в) Ең алғашқы таза үлгілері жерге түскен метеориттердің құрамында байқалды.

г) Ең алғашқы адам оны б.з.д мыңжылдықта құрал ретінде қолданған.                                                                                                                                                                  д) Оның құрметіне ғасыр аталған

(темір) (37 слайд)

  1. Аталған затты тап:

а) Газ күйінде ол тыныс алу жүйесіне және көзге қатты қоздырғыш қасиет көрсетеді, сұйық күйінде ол күйдірігш.

б) Ол кейбір гербицидтер, инсектицидтер, пестицидтер құрамында болады.

в) Тұздар электролизі нәтижесінде оны алуға болады.                                            г)  Антант және Германия әскерлері оны әскери шабулдарда қолданған                                д) Оны суды және су қоймаларын  дезинфекциялау мақсатында қолданады.

(хлор) (38 слайд )

Жүргізуші: ал енді әділ-қазылар алқасына сөз берейік.

 

Жүргізуші: «2030-дың біз барысымыз,

Жетістікке бастайды, әр ісіміз.

Өркениетті елімізді көркейтетін,

Химия оқу парызымыз » -деген өлең жолдарымын ойынымызды аяқтауға рұқсат етіңіздер.