Хлордың алынуы мен қолданылуы

 

Сабақтың тақырыбы: Хлордың алынуы мен қолданылуы

Мақсаты:

Білімділік:  Оқушыларға хлордың  алыну жолдары мен тұрмыста және өнеркәсіпте қолданылу аясын түсіндіру;

Дамытушылық: Оқушылардың  сабаққа деген ынтасын арттыру, тапсырмаларды орындау арқылы ынталандыру, танымдық қабілеттерін жоғарылату, затты сиапттай білу дағдысын қалыптастыру.

Тәрбиелік: Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру, күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету.

Түрі:  саяхат сабағы

Типі: аралас сабақ

Әдісі: түсіндіру, талдау, баяндау, оқулықпен жұмыс, тест.

Көрнекілігі:  ХЭПЖ, слайдтар, кеспе қағаздар, тест, кілттер.

Пән аралық байланыс: тарих, биология, әдебиет.

 

Барысы:

І. Ұйымдастыру:

Оқушылармен сәлемдесу және түгелдеу.  Оқушылар, бүгінгі сабақта біз «Хлор» деп аталатын үлкен аймаққа саяхат жасайтын боламыз. Саяхат жоспары бойынша 6 аймақты аралауымыз керек. Әр аймақ қақпасы жабық, құлыптаулы тұр, ал оны ашу үшін бізге кілт керек, кілт тек белгілі бір тапсырмаларды орындау арқылы ғана қолымызға  түседі. Ендеше, сіздерге сәт сапар тілей отырып, саяхатымызға шығайық.

 

Саяхат  жоспары:

“Ақпарат” аймағы

“Эксперименттік есеп”  аймағы

“Қолданыстағы хлор”  аймағы

“Лабораториялық тәжірибе” аймағы

“Биология” аймағы

“Біліміңді тексер” аймағы

 

“Ақпарат” аймағы

Бұл аймақта бәріңізге сұрақтар беріледі, сұраққа жауап беру арқылы  кілт аласыздар.

 

  1. Хлордың латынша атауы қандай?
  2. Хлорды периодтық жүйедегі орны бойынша сипатта.
  3. Тақтаға электрондық формуласын жаз.
  4. Хлор қандай қосылыстар түрінде кездеседі?
  5. “Тас тұз” деген не?
  6. Хлордың физикалық қасиеті қандай?
  7. Хлордың маңызды қосылысын ата? Ол не үшін қолданылады?
  8. Елімізде ас тұзы қайда өндіріледі?
  9. Хлор қандай заттармен әрекеттеседі?
  10. Хлорды қайда сақтайды?
  11. Хлормен жұмыс жасауда қандай қауіпсіздік ережесін сақтау керек?
  12. Хлор сумен әрекеттескенде қандай заттар түзіледі?

(Дұрыс жауап берген оқушыларға кілт беріледі)

 

“Эксперименттік есеп” аймағы

Бұл аймақта әр қатар бойынша  реакция теңдеулері беріледі,  тотығу –тотықсыздану теңдеуін аяқтайсыздар.

(Кеспе қағаздар таратылады.)  №5 слайд

 

1. Cu + Cl= ?1. Cu0 + Cl20  = Cu +2Cl2-1

Cu0 – 2e  = Cu2+      2 т-з-ш

Cl+ 2e  = 2Cl-1    2 т-ш

Cu + Cl2 =CuCl2

2. H2 + Cl2  = ?

 

2. H20 + Cl20  = H+Cl

H20 –2e  = 2H+     2 т-з-ш

Cl+ 2e  = 2Cl-1  2 т-ш

H2+ Cl2 = 2HCl

3. Fe + Cl2  =?

 

3. Fe0 + Cl20  = Fe +3Cl3-1

Fe0 –3e  = Fe3+         2 т-з-ш

Cl+ 2e  = 2Cl-1    3 т-ш

2Fe + 3Cl2 =2FeCl3

4. P + Cl2 =?

 

4. P0 + Cl20  → P+3Cl3-1

P0 –3e  = P3+             2 т-з-ш

Cl+ 2e  = 2Cl-1   3 т-ш

2P + 3Cl2 =2PCl3

 

(Оқушылар бір-бірін cлайдтағы жауап парағы арқылы тексереді, дұрыс жауап берген оқушылар кілт алады)

            Балалар, сендер хлордың қайда қолданылатынын білесіңдер ме? (Оқушы жауаптары). Ендеше, біз білетін хлордың қандай пайдасы бар, қайда қолданылатыны және қалай алынатыны  жөнінде таныс болу үшін  «Хлордың алынуы мен қолданылуы» тақырыбы бойынша «Қолданыстағы хлор» аймағына саяхаттайық.

 

«Қолданыстағы хлор» аймағы.   №6 слайд

 

Полимер алу. Хлор полимерлер алу үшін қолданылады. Поливинилхлорид деп аталатын полимерден пластикалы терезе жақтаулары, линолиум, пластмасса бұйымдары, пенопластар, ойыншықтар, құрылыс материалдары, жасанды тері, су өткізбейтін плащтар мен аяқ киімдер,  кабель сымдарын  оқшаулағыштар жасайды. №7 слайд

Мата мен қағазды ағарту.  Хлордың ағартқыш қасиеті бар екені 1795 жылы-ақ

белгілі болған. Бірақ затты ағартатын хлор емес,  реакция кезінде түзілетін хлорлылау қышқылы ыдырағанда бөлінетін оттек атомы ағартады.

Cl2 + H2O → HCl + HClO → 2HCl + O.  Мата, қағаз, картондарды ағартудың  бұл тәсілі  бірнеше ғасырдан бері қолданып келеді. №8 слайд

Ауыз суды залалсыздандыру. Сұйық хлорды ең алғаш Нью-Йорк қаласының су жүйесін тазалау үшін 1895 жылы қолданған. 100 л суға  200 мг хлор қажет.  №9 слайд

Химия өндірісінде тұз қышқылын, хлор  әгін, бертолле тұзын, йод, бром,  дәрі-дәрмектер алуда; №10 слайд

Металлургияда металл бетін  оксидтерден тазартуда;

Хлордың фреон деп аталатын қосылысы тоңазытқышта салқындатқыш зат ретінде;   Тағам өндірісінде Е925 тағамдық қоспасы пайдаланылады. №11 слайд

Бояулар алу, еріткіштер алу, мұнай өнімдерін тазартуда қолданылады.

Хлор әскери улы зат ретінде  (иприт, фосген) қолданылады.

Мыңдаған адамдардың өмірін сақтап қалған құрал. №12 слайд

Бірінші дүниежүзілік соғыста 1915 жылы Германия хлорды тұншықтырғыш улы зат терінде қолданған.  1915 жылдың көктемінде Белгияның Ипр қаласы маңында ағылшындар мен неміс әскері қарама-қарсы келді.  22 сәуір күні таң ертеңгісін ағылшын әскері  неміс окоптары жағынан  сарғыш-жасыл түсті бұлт келе жатқанын байқайды. Бұл хлор газы болатын. Хлор газынан 15000 жауынгер уланып, оның  5000-ы қайтыс болады. Ағылшындар мұндай соғысқа мүлде дайын емес еді. Себебі, олар соғыс ережесі бойынша улы заттарды қолдануға болмайтын ережені екі жақ та сақтайды деген сенімде болған еді.  Бірақ, неміс штабы бұл ережеге бағынған жоқ. Бір айдан соң немістер орыс әскеріне қарсы газды шабуыл жасады. Түнде шығарылған 150 т улы хлордан 9000 адам қайтыс болды. Газды шабуылдан қорғану үшін тез арада қорғаныс құралын табу қажет болды.  1915 жылы орыс ғалымы Н.Д.Зелинский  газтұтқыш ойлап тапты. Бұл аппаратта улағыш газды  сорып алатын белсенді көміртегі салынған.

 

“Лабораториялық тәжірибе” аймағы

 

ХЛОРДЫ  АЛУ  ЖОЛДАРЫ.    Өнеркәсіпте хлорды концентрлі ас тұзының судағы ерітіндісін электролиздеу арықылы өндіреді. Қазақстанда кеңес дәуірінде  Павлодардың химия комбинатында осы әдіспен хлор алынып келді.

Лабораторияда хлор газын алу үшін кейбір күшті тотықтырғыштарға, мысалы, марганец (ІV) оксидіне , бертолле тұзына концентрлі тұз қышқылымен әсер етіп алады.

 

1-әдіс. Марганец (ІV) оксидіне тұз қышқылын  әсер еткенде хлор бөлінеді:

+4                              +2

MnO+ 4HCl = MnCl+ Cl2  + 2H2O

+4                   +2

Mn + 2 e = Mn                     тотықсыздану/ тотықтырғыш

—                       0

2Cl – 2e   =   Cl2                  тотығу/тотықтырғыш

 

Бұл әдіспен хлорды алғаш рет 1774 жылы  швед химигі  Карл Шееле алған.

 

            2-әдіс. Концентрлі тұз қышқылын калий перманганаты ерітіндісіне құйғанда хлор газы бөлінеді:

+7                   -1         0            +5                  -1

2KMnO4+16HCl=5Cl2↑+2MnCl 2 +2KCl+8H2O

+7                       +2

Mn + 5 e  =   Mn                2

—                       0

2Cl – 2e  =    Cl2                 5

 

3-әдіс.  Бертолле тұзы (қопарылу қаупі бар) мен тқз қышқылын өте сақтықпен жайлап қыздырғанда  реакция жүреді де хлор газы бөлінеді:

+5               -1          -1       0

KClO3+6HCl=KCl+3Cl2↑+3H2O

+5                      -1

Cl+ 6 e  =     Cl2        2       1

-1                    0

Cl– 2 e =     Cl2               6          3            

 

“Биология” аймағы

Хлордың адам организміндегі маңызы.

ЭлементХлор
Салмағы 70 кг адамда95 г
Бұлшықет ұлпасында, %0,2—0,5
Сүйек ұлпасында, %0,09
Қанда, мг/л2,89 • 103
Тағам арқылы күнделікті қолдану2-4 г
  • Асқазанда тұз қышқылын өндіреді.
  • Қан, лимфа, ұлпалардың жұмысын реттеуге қатысады.
  • Зат алмасу процесіне қатысады, оранизмнің су балансын сақтайды.
  • Дененің иілгіштігін;;
  • Тәбеттің болуы;
  • Бауыр жұмысын жақсартады;
  • Организмнен көмірқышқыл газын шығаруға септігін тигізеді;
  • Эритроциттердің құрамын қалыптастырады;
  • Организмнен шлак пен токсиндерді шығарады.

Хлор  ас тұзында, нанда, етте, теңіз  өнімдерінде, жұмыртқада, сүтте  болады.

  • Организмге хлор жетіспегенде пайда болады:
  • Әлсіздік,
  • Тәбеттің жоқтығы;
  • Ұйқышылдық;
  • Ұмытшақтық,
  • Бұлшықеттің әлсіздігі,
  • Ауыздың құрғауы,
  • Дәм сезбеу.
  • Ауыр жағдайда шаш пен тіс түседі
  • Егер организмде хлор артып кетсе:
  • Көз жасаурайды,
  • Құрғақ жөтел,
  • Кеуденің ауыруы,
  • Бас ауруы,
  • Температураның көтерілуі,
  • Өкпенің ісуі..

Хлор ионы өсімдік үшін де  өте маңызды. Хлор өсімдіктің энергия алмасуында маңызды роль атқарады. Фотосинтез процесінде оттектің түзілуіне бірден бір қажет. Өсімдіктің тамыры арқылы калий, магний, кальцийді сіңіруіне көмегін тигізеді.

 

“Біліміңді тексер” аймағы

А)  Жалпы сұрақтар:

  1. Хлорды алғаш алған ғалым кім?
  2. Хлор қандай заттардан алынады?
  3. Хлорды қайда қолданады?
  4. Хлордың организдегі ролі қандай?
  5. Хлор қандай тағамда кездеседі?
  6. Хлордың қандай зияны бар?

Ә)  Жұмыс дәптері  4-есеп:

Электрондық баланс әдісімен тапсырманы орында: КClO3=KCl+O2

Б) Оқулық. 3-тапсырма.

Массасы 43,5 г марганец (ІY) оксидін концентрлі тұз қышқылымен әрекеттестіргенде қ.ж. қанша  көлем хлор алуға болады?

      В)  Тест:

  1. Хлорды өндірісте неден алады?

а) тұз қышқылы              ә) ас тұзы      б) ас содасы                    в) калий

  1. Хлор атомының Cl2O7 қосылысындағы тотығу дәрежесі

А) +1   ә)  + 3     б)  +5     в)  +7

  1. Ересек адам денесіндегі хлор мөлшері?

А) 4-6 г   ә)  40г    б)  95 г     в)  150 г

  1. Хлордың неше энергетикалық деңгейі бар?

А) 2   ә)  3     б)  4     в)  5

  1. Ең белсенді тотықтырғыш?

А) F   ә)  Br   б)  I     в)  Cl

Тест жауабы:  1- Ә, 2- В, 3- Б, 4- Ә, 5- В

Үй тапсырмасы:  Хлордың алынуы және  оның  қолданылуы.  Хлордың күнделікті өмірдегі қосылыстары туралы шағын әңгіме дайындау.

Қорытынды: Сонымен, балалар, біз бүгін хлор әлеміне саяхат жасадық, саяхаттау арқылы хлор туралы мәліметтерді алдық деген ойдамын, ендеше саяхатқа қатысқандарың үшін сендерге алғыс айтамын. (Оқушылардың саяхат барысында жинаған кілттер саны  арқылы баға қойылады)

 

(Сабақ  «Хлор әлеміне саяхат» атты презентациясының №1-28 слайдтарында  көрсетілген ).