Талапкерге таңдау

61

Талапкерге   таңдау

Елбасымыз  Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаев  « Бүгінгі  Отанымыздың  жетістіктері —  әрбір   азаматтың  ұлттық  мақтанышы.  Күшті,  қуатты  мемлекеттер  ғана  ұзақмерзімдік   жоспарлаумен,  тұрақты  экономикалық  өсумен  айналысады. «Қазақстан — 2050» Стратегиясы  — барлық саланы  қамтитын  және  үздіксіз  өсуді  қамтамасыз  ететін  жаңғыру  жолы» , —  деген  болатын.    Тұрақты  экономикалық  өсу  үшін  алдымен  сапалы    білім  алу  керек.  Бүгінде   елімізде  кадр   даярлайтын  оқу  орындары  көп.   Осылардың   ішіндегі   іргелісі,  көшбасшысы  Әл —  Фараби  атындағы  Қазақ Ұлттық   университеті.   Университетте   еліміздің  жастары  ғана  емес ,  алыс  — жақын   шетел   азаматтары  да  көптеп   білім   алуда.  Бұл  аталған   оқу   орнының   өзге  елдерде  де  үлкен   беделге   ие   екенін   көрсетеді.   Қанатын  кеңге  жайған  университет  бүгінде  ғылымның  әр  саласында, төмендегідей  мамандықтар  бойынша  студенттер  даярлауда.

Экономика және  бизнес  жоғары  мектебі

Механика – математика  факультеті

Физика  —  техникалық  факультет

Биология  және  биотехнология  факультеті

Журналистика    факультеті

Заң  факультеті

Химия  және  химиялық  технология

Философия  және  саясаттану

Тарих,  археология  және  этнология

Филология,  әдебиеттану  және  әлем  тілдері  факультеті

Халықаралық   қатынастар  факультеті

Шығыстану  факультеті

 

Университеттегі     экономика және  бизнес  жоғары  мектебі    мамандар  даярлауда  үлкен   жетістікке  жетіп  отыр.

2013    жылдың  5-7   желтоқсанында әл   — Фараби  атындағы  Қаз ҰУ  экономика  және   бизнес  жоғары   мектебінде  « Кедендік  Одақ  және  Біріңғай  экономикалық  кеңістік  шеңберіндегі  экономикалық  сұрақтарды  реттеу, тәжірибелер  мен мәселелер»  тақырыбында   өткен халықаралық  ғылыми  —   тәжірибелік   конференция  осының  дәлелі.   Конференция  жұмысына  145  мақала  шығарылды.  .   Конференцияға     Кавказ  унивенрситетінің  оқытушысы   —   Йылман  Аслан,  Өзбекстан  Республикасы   Ғ.А  экономика  институты  директорының  орынбасары   —     А.Ф Расулев,   Калумбиский  университетінің  (АҚШ)  професоры  — Р. Абазов   сияқты   шетелдік   қатысушылар шақырылды.

Экономика және  бизнес  жоғары  мектебінде    қаржы,  менеджмент  және   маркетинг,  экономика,  есеп  және аудит кафедралары  бар.   Әр  кафедра бойынша  түрлі  ғылыми  үйірмелер  жұмыс   істейді.

Экономика және  бизнес  жоғары  мектебінде    даярланған  мамандар  бүгінде  еліміздің  түкпір – түкпірінде ,  шетелдерде  өнімді еңбек етуде.

Елбасымыз  Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаев   жастарға  арнаған бір  сөзінде

«Еліңнің  ұлы  болсаң,  еліңе  жаның  ашыса, адамзаттық  намысың  болса,  қазақтың  ұлттық    мемлекетінің  нығайып —  көркеюі  жолында  жан  теріңді  сығып  жүріп  еңбек  ет.  Жердің  де,  елдің  де  иесі өзің  екеніңді ұмытпа !  » —  деген  еді.   Қазақстан  бәсекеге  қабілетті   30  елдің   қатарына  қосылуға  ұмтылуда.   Бұған  алдымен  еліміздің  жас  буыны  жастар  көшбасшы  болуы  керек.   Осы  мақсаттарды  жүзеге асыру  барысында  еңсесі  биік,  болашағы  зор   жастарды   Әл —  Фараби  атындағы  Қазақ Ұлттық   университеті   білім  алуға   шақырады.

Әл —  Фараби  атындағы  Қазақ Ұлттық   университетінің  4-  курс   студенттері:

Бодаубекова  Назерке,  Журунтаева  Амина

Экономика және  бизнес  жоғары  мектебі

Қаржы  кафедрасы