Э с с е Менің ұстаздық ұстанымым

75

 

 

Э с с е

Менің   ұстаздық   ұстанымым

 

 

Бірде  атама  сұрақ  қойдым  ойлана,

(45 жыл ұстаз болған ол  кісі)

«Ұстаз   болу,  ата,  осы   қиын   ба?»

Қандай  болу  керек  ұстаз  болмысы?

Жоқ,  қорыққаным  жоқ  қиындықтан  еш  бір  мен,

Оңай  жолды  іздеу  деген  жат  маған.

«Ұстаз  болу- ең  керемет   мәртебе ! — »

Деді  атам  ұстаздықты  жақтаған.

«Ұстаз  болу – ұлық  болу  баршаға,»

Озық  ойлы,  салауатты,  сауатты.

Ұстаз  болсаң  ешқашан  да  шаршама

Ізденімпаз,  бол  зиялы,  жан – жақты?

Мінекей,  ұлы  ұстаздың  үлкен  әулетіне  келін  болып,  сол  кезде – ақ  «Дипломмен  ауылға»  демекші  ауылдық  жердің  № 24  орта  мектебіне  орыс  тілі  және   әдебиеті  пәні  мұғалімі  болып  орналасқаныма  жуырда  20  жыл  толды.  Алғаш  атама  еріп  мектепке  енгенімде  менің  жүрегімде  мақтаныш  сезімі  мен  өзімнің  алға  қойған  мақсатымның  дүрсілі  соғып  тұрған  еді.

Еңбек  жолымның  алғашқы  күнінде  жүрегіме  нық  орнаған  ұстаздық  ұстанымым!  мамандығыма   деген  сүйіспеншілік  сезімі  мен  ардагер  ұстаз  атама  деген  құрмет  еді.

Атам,  Пірманов  Жауылбай  45  жыл  математика  мұғалімі  болған  ардагер.  Соғыста  оң  қолынан  айырылып,  өмір  бойы  сол  қолымен   шеберді  нық  сызған  атам  шәкірттерінің  жүрегінде  нағыз  ұстаз болмысымен   есте  сақталған.  Академик  Бұрқашов  сынды  шәкірт  тәрбиелеген    атам  ұстаздардың  ұстазы-биік  тұлға.

Атама  өмір  бойы  оң  қол  болған   енем  ұстаздарды  баптаған,  оларға  барынша  жағдай  жасаған  нағыз  салауатты  жан.

Ол  кісі  әр  кез  менің  ұстаздық  болмысымның  қалыптасуына  (демекші)  дем  беріп,  менің   отбасылық  өміріммен  педагогикалық  өмірімді  ұштастырған  тірегім  еді.

Үнемі  іздену,  шығармашылық  қасиет,  теориялық  білім – менің  серігіме  айналды.

«Ұстазы  жақсының  ұстамы  жақсы»  демекші  ұстаз  атамнан  алған  тәлім  тәрбие,  енемнен  алған  өнеге – бәрі  де  менің  ұстаздық  болмысымды  нық  қалыптасуына  үлкен  үлесін  қосты  деп  ойлаймын.

Әрине,  «Шәкіртсіз  ұстаз  тұл»  демекші  менің  де  мақтан  тұтатын  шәкірттерім  бар.  Бірнешеуі  менің  ізімді  қуып  жер-  жерде  орыс  тілі  пәнінің  мұғалімі  болуда.  Ауылдық  жерде  орыс  тілін   игеру  қиын  болғанымен  бірнеше  шәкіртім  аудандық  олимпиадалардан  жүлделі  орын  алды.

Қарап  отырсам  20 жылға  жуық  стажымның  12  жылында  сынып  жетекшілікті  белсенді  атқарыппын.  Биыл  екінші  сыныбым  он  жылдығын  өткізгелі  отыр.  Республикалық  байқауында  жазба  жұмысы  шығарма  жазып  1  орын  алған  шәкіртім,  бірнеше  үздік  куәлік,  қызыл  аттестат  иегерлерін  бастап  жетекші  ретінде  шығаруға  үлес  қостым.

Ізденістерім  республикалық  әдістемелік  басылымдарға  жарияланды.  Сәуір  айында  «Қазақстан  мектебіндегі  орыс  тілі»  журналына  ізденіс  жұмысым  жарияланғалы  отыр.  ҰБТ  мен  МАБ  қорытындылары  бойынша  оқушыларым  жақсы  нәтиже  көрсетуде.

Өмірдің  күйбеңімен  басылып  қалмай,  өмір  ағымынан  қалып  қоймауға  тырысамын.

Компьютерді  жетік  меңгеріп,  сабақтарыма  көрсетілімдерді  өзім  жасап  жаңа  инновациялық  технологияларды  тиімді  пайдаланып  жүрмін.  Шығармашылықтан  да  қол  үзбеймін.  Аударма  жасаймын.  Биыл  адамзаттың  ғарышта  бағындырғанына  50 жыл  толуына  Олжас  Сүлейменовтың  «Земля,  поклонись  человеку!»  поэмасын  қазақ  тіліне  аудардым.  Аудандық  жазба  ақындарының  «Жеңісті  жақындатқан  жырлар»  атты  Жеңістің  65   жылдығына арналған  ақындар айтысына қатысып аудан әкімі Е. Көшербаевтің «Шығармашыл ақын» дипломымен  марапаталдым.Мұқағалидің 80жылдығына арналған байқауда « Алғыс хат» алдым

Әрине,жоғарда  аталған жетістіктерім  менің  ұстаздық   болмысымды анықтағанмен,  менің нақты  ұстанымым «45жыл мұғалім болсаңда-45 минутыңа жауаптысың!»

Сондықтан  ұстазға тән  ізденімпаздық пен жанжақтылығымды барынша   сабақ  процесін  жетілдіру арнаймын. Елбасымыздың «Үш  тұғырлы  тіл » саясатына мол  үлес қосып,жас жеткіншектерге тіл игерту,кез келген  жағдайда  сауатты тұлға  қалыптастыру.

Қазақстан  Республикасында  2015жылға  дейін  білімді  беруді  дамыту  тұжырымдамасына  сәйкес  12жылдық  білім  беру  жүйесіне  көшу  жағыдайында жас  ұрпаққа    білім беру ісіне оның  жеке  даралық  ерекшелігіне  мейлінше  мән  бере  отырып  оқушылардың  мектепте  алған  білімдері   олардың  бүкіл  өмірлік  азығы  болатындай  етіп  беру,  оны  өмірге  дайындау  мамандық  таңдауға  бағыттау  мәселесі  бүгінгі   жаңа  формация  мұғалімі –мен  үшін  негізгі  ұстанымым  болып  табылады.

 

1999 жылы  «Жыл  мұғалімі»  байқауына  қатысып  І  орын  алдым  деп  қарап  қалмай  биылғы  «Жыл  мұғалімі-2011»   байқауына қатысып «Ең үздік орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімі» атанып  бас жүлдегер атансам ,аудандық  шығармашыл  мұғалімдер «Тәжірибие алаңы-2011» байқауына   қатысып   облыстық білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтының  « Құрмет грамотасымен», «Оқу-әдістемелік кешен» байқауынан I  орын алып өз  білімімді  ұштай келе, өзімнің  жиырма  жыл  ұстаздық  еңбегімнің нәтижесі  ретінде қосым деп ойлаймын. 2010жылы-«Жеңісті жақындатқан жырлар» тақырыбында «Ұлы Жеңіске     65жыл»    атты Аудандық ақындар және жазба ақындар мүшайрасында «Жұлдыз болған жауынгерлер хаһында »  атты өлеңіммен  «Шығармашыл ақын-2010 жыл»  номинация бойынша Аудан әкімінің  «Дипломымен»  марапатталдым

2011 жылы Республикалық  №4 «Қазақстсан мектебіндегі орыс әдебиеті» ғылыми-әдістемелік журналға «Реализация интегрированного подхода при изучении литературы»

2011 жылы Республикалық «Классный руководитель-сынып жетекші» журналының №2«Жарқыра ,көгілдір от!» атты мақалаласы,

2011 жылы Республикалық «Классный руководитель-сынып жетекші» журналының  №4

«Жалында, Азиада алауы!,» атты мақалалары жарық көрді.

2011 жылы Республикалық ғылыми-әдістемелік  «Мұғалім- KZ» журналының №5 «Интеллектуалдық тестілеу түрлері» атты мақалам жариаланды

2012жылы Республикалық «Классный руководитель-сынып жетекші» журналының №2

«Балапан боп келіп ем алтын ұяға,қыран болып ұшып барам қияға!,» атты мақалалам жариаланды

 

2011жылы Аудандық «Ең үздік жыл мұғалімі-2011» байқауына қатысып «Бас жүлде» жеңіп алдып,Ауд.білім бөлімінің»  «Мақтау қағазымен»

2011жылы Облыстық «Ең үздік орыс тілі мұғалімі-2011» байқауына жолдама ұтып алып, Облыстып білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтының «Шығармашыл ұстаз» номинациясыменОбл.ИПК«Дипломымен »марапатталдым

2011 жылдың наурыз айында Тәуелсіздіктің 20жылдығы қарсаңында өткізілген

«Тәжірибе алаңы-2011» шығармашылықпен жұмыс жасайтын мұғалімдердің іс-шарасында  «Оқу-әдістемелік кешен» байқауынан I орын иеленіп Ауд.Білім бөлімінің «Мақтау қағазымен»,

Обл.ИПК «Мақтау қағазы»,

Аудандық білім бөімінің «Алғыс хатымен» марапатталып,Облыстық«Тәжірибе алаңы-2011»сайысына жолдама алды.

2011 жылдың қазан айында «Тәуелсіздіктің 20жылдығына- 20 үздік ұстаз» атты Аудандық

және  Облыстық байқаулар жеңімпаздарын ұлықтау  шеруіне қатысып «Ең үздік мұғалім-2011» ЛЕНТАсын тағу мәртебесіне ие болдым

2011 жылдың қараша айындаҚазалы  ауднаы ұздік мұғалімдерінен жасақталған «Айсер» командасының құрамында Ақсу-Жабағлы жипажайында өткен Облыстық«Тәжірибе алаңы-2011»қатысып командалық I орын жеңіп алдық, белсенілігім үшін Обл.ИПК «Алғыс хатымен »марапатталдым

2011 жылдың 16желтоқсанында Қ.Р.Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерей тойы қарсаңында «Бір ұжым арқылы елдің бірлігі мен тірлігіне күш-жігерін қосқаны үшін» номинациясымен «Жылдың үздік мұғалімі-2011 » Ауыл әкімінің «Дипломыиен» марапатталдым.

2012 жылы ДАРЫН Республикалық ғылым-практикалық орталығының ұйымдастыруымен орыс тілі пән мұғалімдери  арасында өткен I  Республикалық дистанционды интернет олимпиадаға қатысып СЕРТИФИКАТЫН алдым

2012 жылы КИО Республикалық ғылым-практикалық орталығының ұйымдастыруымен орыс  әдебиети пәнінен өткен I  Республикалық дистанционды интернет олимпиадаға  оқушыларым қасысып СЕРТИФИКАТ алды,және 10 сынып окушысы Арынғазы Айгерим аудан көлеминдеги «қ үздік оқушы қатарына енди

2012 жылы орыс тілінен өткен VIII  Халқаралық «URFUDU»атты дистанционды олимпиадаға 10 сынып оқушысы  Кенжебай Сандуғаш қатысып  Жоғары лигаға өткені  үшін

I дәрежелі«Дипломымен»марапатталды

2012 жылы орыс тілінен өтке«URFUDU»VIII  Халқаралық дистанционнды  олимпиаданың финалистін дайындаған ұстаз ретинде«URFUDU» Халқаралық білім ұйымының I дәрежелі «Грамотасымен»мараппатталды

 

2012 жылы Аудандық білім бөлімінің бастауымен №24 мектепте «Интерактивти тактаны орыс тілі сабағында тиымды пайдалану жолдары» атты семинарды жоғары денгейде  өтуіне атсалысып, семинар «өте жақсы» деп бағалануынаүлес қосты

Отбасылымын,үлкен шаңырак иесі -жолдасым, үш ұл,  бір қыз тәрбиелеудемін ,үлкенім Қызылорда қаласындағы «Болашақ» университетінің Экономика  факультетінің «Көлікті пайдалану және жүк қозғалысын ұйымдастыру мен басқару» бөлімінің бакалавр-студенті.

.

Менің бұл жетістіктерім Қазақстан  Республикасының  мерей  тойына  сәйкес  келгені  тегін  емес  деп  ойлаймын.  Бұл  ой  маған  рухани  күш  береді.

«45  жыл  мұғалім  болсаң  да,45минутыңа  дайындал »  деген  нақыл  сөз,  менің  ең  басты  ұстанымым  болып  табылады.