Мен және менің мамандығым. (эссе)

865

Мен және менің мамандығым.

(эссе)

Г.Меңдіғалиева

Атырау облысы Исатай ауданы

Аққыстау селосы № 1 «Қарлығаш»

балабақшасының ІІ санатты психолог

 

Мен кіммін? Болашақта қандай мамандық иесі болғым келеді? Осы бір сұрақ өмірге келіп, сана-сезімі жетілген әр бір адамды толғандырары сөзсіз. Бір кездері мен де осы бір сұрақтың жетегінде көп ойланып, толғанып, қиялдап, өзім қалайтын, өзім сүйіп айналысатын істі таңдау жетегінде жүрдім. Ақырында осы бір сұраққа жауап та таптым. Ол әлем-психология әлемі болатын.

Психология әлемі, психолог мамандығы мені несімен қызықтырады? Психолог ол дәрігер емес, ол жанның емшісі дегендей, менде  адам жанының емшісі болғым келді. Психолог мамандығын  таңдаған себебім  мен  жетім балалар үйінде жұмыс жасағым келетін. Себебі ата-анасыз қалған балаларға жүрегімдегі жылу мен махаббатты сыйлағым келетін . Әрине ата-анасының махаббатымен салыстыруға болмайтынын білемін, бірақ та осы бір жан жылуына зәру жаутанкөздерге кішкенеде болса мейірім сыйлағым  келетін. Сол арманмен жүріп психолог мамандығын таңдадым.

Сонымен психолог, ол кім? Психолог-өзінің білімі мен біліктілігіне сүйене отырып өзгелерді тығырықтан шығаруға көмектесетін  ізгі жан. Психолог-өзін терең  түсіне  жүріп, өзгелердің жан-дүниесін түсінуге, зерттеуге ұмтылатын зерттеуші. Психолог- жәрдемші, психолог-көмекші. Психолог өзгелердің жанын ауыртпайды, керісінше жан-дүниесі күйзеліске түскен жандарға өзінің психология әлемін шарлап, жанына дауа іздейді. Міне, осыншама жақсылық атаулыны жүрегіне, ақылына, санасына шоғырландыра алатын ізгі жан иесі психология мамандығын таңдауымның басты себептері осындай. Себебі мен адамдарға жақсылық жасағанды бар жан-дүниеммен қаладым.

Жақсы психолог болу үшін не қажет? Ең алдымен терең білім, еңбек, дәлдік, ұқыптылық, бастамашылдық, қойған мақсатына жетуге деген өз күшіне сенімділік. Бұл қасиеттер кез-келген мамандық иесіне тән емес пе? Әрине солай. Ал психолог мамандығы бұдан да гөрі зор  қасиеттерді талап ететін еңбек ету барысында сезініп, білудемін. Ең маңызды қасиет ол мәселені шығармашылықпен шешетін терең интуицияның болуы. Психолог-басқа адамның мәселесіне еніп, түсіне отырып, өзі бірақ бұдан зардап шекпейтін мықты тұлға. Психолог-өз өмірін тәжірбие  ретінде қолданбайтын, әр нәрсеге обьективті түрде қарай алатын адам. Психолог-өзгелермен бірге қуана да, қайғыра да алатын терең эмоционалды, жоғарыда айтқандай бірақ өзі бұдан зардап шекпейтін жан. Қазір мен балабақшада психолог бола жүріп, әр бір  күн сайын бүлдіршіндер, ата-аналар, тәрбиешілерде кездесетін қиыншылықтар мен проблемаларымен бетпе-бет кездесіп өз білігімді шыңдау, іздену үстіндемін. Бұл мен үшін психология мектебі. Жалпы мені қоғамдағы басты проблемалардың бірі жасөспірімдер мәселесі қатты толғандырады. Олардың ішкі жан күйзелісін түсіне отырып, заманның індетіне айналған  суицид ауруымен күресіп, өскелең ұрпақты осы бір әбжыланның уытынан құтқарғым келеді.Соңғы кездерде психолог мамандығына қажеттілік көбірек туындап отыр. Бұл немен байланысты? Мұның себептері көп, көмекке жүгінген әр адамның-біреуі жалғыз және оның қайғысына ортақтасып, қуанышына бөлісетін ешкімі жоқ, енді біреуі шынындада көмекке зәру. Қалай болғандада психолог көмегіне адам жүгінді. , яғни себебі бар. Психологтың жұмысы осы себепті табу, онымен тіл табыса отырып жұмыс жасап, оны жою тәсілдерін қарастыру. Сондықтан мен өз мамандығымды қоғамға қажеттілігін сезіне отырып, ерекше жақсы көрем және жақсы психолог  болу үшін бар ерік –жігерімді сарп етуге әзірмін.

Бізге баланы тыңдауға не кедергі?

(кеңес)

 

Соңғы он жылдың ішінде психологтар мынаны анықтады: дәстүрлі ата-аналардың түрін анықтап, баланың айтқандарын құлақ түруге не кедергі екендігі анықтанды.

Ол бас-аяғы он екі екен. Олай болса, ата-аналардың күнделікті қайтаратын жауаптарына көз жүгіртіп көрейік, сонымен қатар, олардың балалары нені тыңдайтындығын.

  1. 1. Бұйрықтар: «Жылдам доғар!», «Ал!», «Қоқысты шығар», «Жылдам төсегіне жат!», «Екінші рет бұндайды естімеген болайын!», «Аузынды жап!».

Осы тектес бұйрықты естіген бала өзінің дербестігін сыйламайтын, оның проблемасын түсінуде бас тартқан деп біледі. Осындай сөздерді естігенде ол өзін «бақытсыздық» қалғаның сезінеді. Баланың жауабы қарсы шығу, «міңгірлеу», ренжейді, қырсығады.

  1. Ескерту, қорқыту, үркіту: «Егер сен жылауынды доғармасан мен кетіп қаламын», «Байқа, қазір жаман болуы мүмкін», «Егер тағыда қайталаса, таяқ жейсін», «Уақытында келмесең, өзінен көр» Қорқыту ешқандай нәтиже бермейді, егер де баланың басы проблемлармен қатып жүрсе. Олар оны тек қана дұрыс жолдан тайғызады. Анасы бірінші сөзден «егерде осылай баратын болсан, барлық балалар сені ұқыпсыз деп ойлайды».

Сіздерге мынадай оқиғалар таныспа? Сіз бір зат орындалмай жатса, одан әрмен үркітіп, қорқытумен айналаса бастайсыз.

Ескерту мен үркіту үнемі жасай берсеңіз оған баланың еті үйреніп кетеді де, мән бермейтін болады. Айтқан сөзді тыңдамай, оны орындамағансын қорқытып, үркітуден күш жұмсауға көшеді, баланы жалғыз өзін қалдырып кету, не болмаса соқыға жығады. 3. Ақыл айту, өсиет айту, үгіт айту: «Сен өзін тиісті түрде ұстауын керек», «Әр адам еңбектену қажет», «Сен үлкендерді сыйлау керек». Балалар әдетте осындай фразадан жаңа ештеме білмейді. Жүз рет естісе де ештеме өзгермейді. Олар өз беделін сезінеді, кейде кінә, кейде зерігу, көбінесе бәрін бірге алғанда.

Балаларды тәрбиелеуде үйрету, жол көрсету немесе ақыл айтудан, сөзден гөрі отбасында жағдай, оның ішінде ата-ананың мінез-құлқына, іс-әрекетіне еліктеу басымрақ болады. Егер отбасында барлығы еңбектенетін болса, бір-бірлеріне дауыс көтермейтін, өтірік айтпайтын болса, онда сенімді болыңыз, балаңыз өзін өзін қалай дұрыс ұстауды білетін болады. Егер ол қалыптасқан тәртіпті бұзған болса, онда жан-жағыңызға көз жүгіртіңіз отбасыңызда біреу өзін солай ұстайды немесе сондай әрекетке ұқсайтын қылық жасап жүрген шығар. Егер ол себеп расқа шықпаған болса, онда басқа жағдай болып жүр: сіздің балаңыз «қалыптасқан жағдайда сырт шығып жүр», ол өзінің ішкі жандүниесінің күйзелісіңде жүрген болар. Екі жағдайда ауызша үгіт –оған көмектесудің дұрыс жолы емес.

  1. Кеңес, шешімін табатын: «Сен алда және өзін айтшы…», «Неліктен өзінне байқап көрмеске…», «Меніңше, барып кешірім сұраған дұрыс сияқты», «Мен сенің орнында болсам, есемді қайтарар едім». Көбінесе біз, ақылды балаларға көп айту керек деп есептейміз. Көбіне өзімізді мысалға келтіреміз: «Мен сенің жасында болғанда…» ал бала болса ондай ақылға құлақ аспайды, кейде олар ашықтан ашық қарсы шығады «Егер сен солай ойласан , ал мен басқаша ойлаймын», «Саған айту жеңіл», «Сен айтпасанда білемін».

Баланың осындай кері әрекеттерге баруына не себеп? Дербес түрде, өз бетінше шешім қабылдау тілегі. Өздеріңіз ойланып көрсеңіздер біздерге де ересектерге біреудің кеңесін тыңдау жаға бермейді. Ал бала болса, өте сезімтал болып келеді. Балаға кеңес берген сайын біз оған сен әлі кішкентайсын, біз болсақ әр істің қалай шешілетін білеміз, біздер себебі сендерден қарағанда үлкенбіз деп ескерту болып табылады. Осыдай жағдайлар балаларға ұнай қоймайды, содан барып олар өздерінің проблемаларын айтудан бас тартады.

  1. Айғақ, ересектердің ақыл айта бастауы: «Естен шығармаған жөн, тамақ алдында қол жуу қажет екендігін», «Алаңдап отырсың, сосын барып қате жібересін», «Саған неше рет айттым. Тыңдамадың, енді өзін кінәлісің».

Балардың жауабы бір: «Жетеді», «Неше рет қайталадың», «Енді болған шығар». Содан барып олар сізді тыңдаудан қалады, психологтар оны «тасқауыл қою» немесе «психологиялық тас керең болу» деп атайды.

  1. Сын, сөгіс, кінәлау: «Мынау неменеге ұқсайды», «Тағыда бәрін теріс істедің бе!», «Бәрі сенің кінән», «Саған бекер сенген екеммін», «Ылғи осылай!..».

Сіз келісесізбе, осы тектес сөздер ешқандай тәрбие бермейтіндігіне. Ол балалардан қорғалуды қажет етеді: қарсы шығу, мойындамау, ызаландырады; немесе уайым, жабырқану, өзіне немесе ата-анасынамен қарым-қатынасына түңіледі.

Осындай жағдайда баланың өз-өзіне сенуі, олар ойлай бастайды, олар жаман, ынжық, сенімсізбен деп есептей бастайды. Өз-өзін бағалай алмау, ол жаңа проблемаларды тудырады.

Кейбір ата-аналардың бала тәрбиесіндегі өлшеусіз. Оны мынамен ған түсіндіруге болады, кейбір отбасыларында баланы тәрбиелеуде, ең бастысы оған бұйыра білу, оны баланың орындауы.

Енді көз жүгіртіп көрейік, бала бір күнде не естейді екен: «Тұр», «Қанша уақыт иленіп жата беруге болады», «Қарашы, көйлегін қалай кигенсің», «Тағыда, кеше сөмкенді жинамағансыңба», «Есікті қатты жаппа бала ұйықтап жатыр», «Неге итті қыдыртуға шығармады (неге мысыққа тамақ бермедің)? Өзін өсіргін келді ғой, енді өзін қара», «Тағыда бөлмеде бәрі астан-кестен», «Әлі сабақ оқыған жоқсың ба?», «Неше рет айтуға болады, өзіннен кейін ыдыс-аяғынды жуып жүру керек деп», «Нан жайлы айтудан шаршадым», «Әлі қыдыруға шықпайсын ба?», «Неше сағат телефонның құлағында отыруға болады?», «Қашан уақында ұйықтауға жатасың?!».

Осы айтылғандарджың бәрін әр күнге, аптаға, жылға көбейтіңіз, енді қарап көріңіз бала оны неше рет естейді екен. Ол өзі туралы жағымсыз ойда қалады, және оның бәрін ең жақын адамдарынан естейді. Осы жүктің бәрін теңдестіру үшін оған ата-анасы мен өз-өзіне дәлелдеу үшін қанша уақыт қажет. Ең жеңіл және дұрыс жол (ата-ананың стилін еске түсіреді) – ол ата-ананың сының, қойған талабын қарсы шығу. Егер отбасындағы жағдай тура осындай болса, оны құтқару үшін не жасау керек?

Ең дұрыс және басты жол: балаңыздың жағымсыз қылықтарына ғана көңіл аударып қана қоймай, оның жақсы жақтарын көруге тырысыңыз. Оған айтылған мадақтаулар оны құртады деп ойламаңыз. Сіздердің қарым-қатынастарыңызға залалы тимейді. Біріншіден бір күн ішінде баланың жақсы жақтарын көріп, мақтау айтудан бас тартпаңыз.Мысалы: «Рахмет, кішкентай бауырымен қыдырып келгенің үшін», «Жақсы, айтқан уақытында келдің», «Маған сенімен бірге ас дайындаған ұнайды». Кейде ата-аналарды ойлайды, бала өзін жақсы көретінің біледі, сондықтан оны білдіре берудің қажеттілігі жоқ.

Бірақ та ол дұрыс емес.

Он бір жастағы қыз баланың сөзіне құлақ асып көрейік: «Мені анам жақсы көрмейді, мен оны нақты білемін. Оған бірнеше рет көзім жетті. Мысалға, жақын күндері Олег (үлкен ағам) анама гүл сыйлады, анам оған қарап жымиды. Ал мен кеше анамма гүл сыйлап едім, анам, маған қарап жымиған жоқ. Сондықтанда мен нақты білемін: анам мені жақсы көрмейді, ол Олегті жақсы көреді.

Ал сіздің ойыңызға келді ме, балаңыз сіздің сөзіңізді немесе қылығыңызды осылай қабылдайды деген? Естен шығармаңыз бала өмірді ақ немесе қара деп қабылдайды.

Тағы сұрақ: біз егер ең жақын адам сын айта берсе соған шыдай аламыз ба? Біз одан жүрегімізге жақын сөз естуді қалаймыз ба?

 

Ата-аналарға арналған тренинг.

«Мен баламды білемін бе?»

Тәрбиенің ең алғашқы бастамасын бала отбасынан алады. Отбасы- әр бала үшін алтын бесік, қанатын қатайтып, бұғанасын бекітіп, үлкен өмірге аттандыратын мейірімді биік тұғыр. Бала отбасы аясында түлеп өседі. Оң мен солын таниды.Ол алғашқы адамгершілік қасиеттерді де еңбек әліппесінен бетін ашады. Гүл күнге қарап өседі дегендей, бала да алдындағы ересектерге қарап ер жетеді.

Ендеше құрметті ата-аналар , қазір біз «Мен баламды білемін бе?» тренинг сауалнама жүргіземіз.

Мақсаты: ата-анамен бала арасындағы қарым-қатынасты арттыру және баласының бойындағы мінез ерекшеліктерін қаншалықты айыра білетінін анықтау.

Нұсқау: экранда төрт түлік сурет беріледі, біреуін өзіңіз таңдап алыңыз. (мысық, маймыл, піл, қонжық)

Соңынан әр сурет бойынша мінездеме оқылып,ұсыныс беріледі.

«Мысық» балалар сезім әрекетіне бой алдырмайды. Жайдары және жарқын, белсенді келеді, бір нәрсеге көңіл аудара шұғылданады. Берілген тапсырманы уаытымен орындайды.Шуға көп көңіл бөлмейді. Айналасындағы балалармен тез қарым-қатынасқа тез түседі. Күн тәртібін сақтайды, уақытымен тамақтанғанды ұнатады. Егерде күн тәртібін сақтайды, уақытымен тамақтанғанды ұнатады. Егер күн тәртібі бұзылса көңіл-күйі де қош болмайды, тез ренжіп тәбеті мен ұйқысы қашады.

Ұсыныс:

  1. Күн тәртібін сақтау.(тамақтану, ұйқы, толық, белсенділік)
  2. Балаға қимыл ойындармен жай ойындар үшін жайлы дамытушылық орта жағдайларын жасау.

«Маймыл» балалар өте қозғалғыш, жігер шапшаңшыл.Шулы ойындарды жақсы көреді, ол кімге болса да үйренсек, үлкендерге өткір. Тез ашуланады, бірақ қайтымы шапшаң, зейіні тұрақсыздау. Сондықтан бір нәрсені бастан аяғына дейін істетемін деп жалықтырып алып жүрмеңіздер.

Ұсыныс:

  1. Зейінді дамытатын ойындар, жаттығулар жүргізу керек.
  2. Ашу ызаның алдын-алу.
  3. Отырып ойнайтын ойындарды ойнату.
  4. «Зейін қою»

Топтың барлық мүшелері әр түрлі қимыл жағдайында тұрады ортаға бір адамды шығарады, ол 1 минуттың ішінде әрбір адамның қалай тұрғанын есте сақтауы керек, оның көзін жауып тұрып, 5 адам қимылын өзгертеді де, ол адамнан бұрынғыдан қандай өзгешелік байқалып тұрғандығын сұралады.

 

  1. Тақырыбы: «Бірге ойласып жасалған қимыл» этюді.

Мақсаты: Ептілікке үйрету.

Барысы: Балалар жұп-жүп болып бөлінеді. Әр жұп бірлескен қимылды көрсетулері қажет.

Тапсырма:

— қайықтың ескегі;

— жіпті жинап орау;

— арқан керу;

— шыны ыдысты (стакан) бір-біріне беру;

— ағашты аралау;

— жұбымен билеу, т.с.с

 

«Кішкентай піл» балалар баяу қозғалады, қыңырлыққа бейім, реніштері өте күйзеліспен қабылдайды. Нәзік жан, ішкі сезімін ешкімге білдірмейді. Өте жай   болғандықтан ата-анасының баласына деген көңілі толмайды.  Бірақ ол ата-ана көп қолайсыздық тудырмайды. Ол көбіне тыныш ойнағанды жақсы көреді. Сурет салғанды ұнатады.Көбіне мұндай балалар жай басып, биіктен көріне алады.

Ұсыныс:

1.Шыдамдылық таныту.

  1. Бала істей алатын істерді өзіңіз істей салмаңыз. (киіндіру, ойыншықтарын жинау)
  2. Баламен үйде «Кім жылдам?» жарыс ойындарын ойнатыңыз.

«Қонжық» балалар өте нәзік айналасында болып жатқан нәрселерге көп көңіл бөледі. Өзге адамның көңіл-күйі бұл балаға тез әсер береді. Аз ғана көрінбейтін себеппен балаңызды ренжітіп алуыңыз мүмкін. Егер мұндай баланы ештене алаңдатпаса , көңіл-күйі көтеріңкі болады. Үлкен адамдардың өзіне көңіл бөлгенін ұнатады. Тез шаршайды, топ ортасында өзін қолайсыз сезінеді. Өзімен өзі болғанды ұнатады.

Ұсыныс:

  1. Балаға үйде тыныш, қолайлы жағдай тудыру.
  2. Алдын-ала кездесетін өзгеріс немесе жаңалықтармен хабардар етіп отыру керек.
  3. Өзге балалармен қарым-қатынас орнатуға көмектесу.
  4. Осы айтылған ұсыныстар бойынша кеңес беру.
  5. Өзін-өзі бағалау. Сурет салғызу арқылы анықтау.

 

 

Құрметті ата-аналар:

Әр уақытта жақсы сөз айтуға, қайырымды іс жасауға бейім болайық, әр уақытта балаңыздың пікірін, не қажет екенін тыңдай біліңіз. Балаңызбен жылы шырай танытып, сөйлесіңіз. Шын көңілмен тыңдаңыз. Әрқашан  да күліп жүріңіз.Бақытты бала өсіру үшін балаңыздың қаншалықты жақсы көретіңізді күнде айтып, жылы құшағыңызға алуды ұмытпаңыз.