Өтілген материалды бекіту. «Қосындыны санға әртүрлі тәсілмен бөлу»

33

Сабақтың тақырыбы: Өтілген материалды бекіту. «Қосындыны санға әртүрлі тәсілмен бөлу»

Мақсаты: қосындыны санға бөлу әдісі туралы білімдерін бекіту; зерделенген түрдегі тапсырмаларды шешуді үйренуді бекіту.

Пәндік нәтиже: Оқушылар қосындыны санға бөлу ережесін үйренеді.

Сабақтың көрнекілігі: презентация, алмұрт ағашы қағаздан, сиқырлы хаттар.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтын әдісі: түсіндіру, талдау, топтық жұмыс, сәйкестендіру.

Сабақтың барысы:

І. Психологиялық дайындық.

А) Сәлемдесу(оқушылар ортаға шығады).

Сәлеметсіздер ме, қонақтар!

Бейсенбі күніміз,
Сәттілікке толсын.

Бүгінгі алған бағамыз,
Кілең бестік болсын.

Ә) Үй тапсырмасын тексеру.

ІІ. Жаңа сабақ.

№1.Осы сандармен теңдіктер төрттігін құр:(тақтада алмұрт өсіп тұрған алмұрт ағашынан әр оқушы алмұрт таңдап алады да, тақтада орындайды)

1-оқушы                      2-оқушы

72, 9, 8                           48, 8, 6

3-оқушы                      4-оқушы

12, 3, 4                          56, 7, 8

№2.Көрсетілген сан шығатындай өрнектер  құрастыр:(орындарында орындайды)

             

  • Білімнің тұңғиығы бойлайтұғын,

    Тоқысаң жалықтыра қоймайтұғын.

   Ғылымдар патшасы боп дараланып,

  Математика қызықты тоймайтұғын- дей келесі тапсрымаға көшейік.

№3.Оқулықпен жұмыс.  Есептеу тәсілдерінің бірімен шығар.

  • Ғылымның сырын ұғына,

      Шығыңдар білім шыңына.

     Ұқыптылық пен зеректік

     Жеткізеді сендерді  

    Математика сырына- дегендей, енді балалар ортаға шығып сергіту сәтін жасайық.

Сергіту сәті(бейнебаян музыкалық балалар презентациядан қарап қайталау).

ІІІ.Өткенді қайталау.

№4. Ауызша түсіндіріп отырып шығар(тақтаға бір-бір оқушыдан келіп үстелден билеттер алып соларды тақтада орындайды).

1-оқушы                               2-оқушы

24:2                                      66:3

66:6                                       93:3

 

3-оқушы                              4-оқушы

330:3                                     46:2

93:3                                           640:2

  • Есептерге жүйрік болсаң жасыңнан

     Математикаға орын берсең басыңнан.

    Барлық ғылым саған үйір болады

    Досың болар табылатын қасыңнан.

«Рас па?» ойыны:

      1.Тік төртбұрыштың  ауданын табу үшін ұзындығын еніне немесе енін ұзындығына көбейтеміз  рас па?

2.Белгісіз қосылғышты табу үшін қосындының мәнінен белгілі қосылғышты азайтамыз  рас па?

  1. Азайғышты табу үшін айырманың мәніне азайтқышты қосамыз рас па?
  2. Қосылғыштардың орнын ауыстырғанмен қосындының мәні өзгермейді рас па?
  3. Көбейтуді бөлу амалы арқылы тексереміз рас па?
  4. Тіктөртбұрыштың периметрін табу үшін ұзындығына енін қосамыз рас па?
  5. Әріпті өрнектің мәнін таба алмаймыз рас па?
  6. Қосындыны санға әртүрлі тәсілмен бөлуге болады рас па?
  7. Санды 10-ға көбейткенде оған оң жақтан бір нөл жалғанады рас па?
  8. Санды 100-ге көбейткенде оған оң жақтан екі нөл жалғанады рас па?

№5. « Кім тапқыр» ойыны.(балалар тақтадағы «кім тапқыр» конвертінен тапсырмаларды алып, тақтада орындайды)

1-0қушы            2-оқушы

600-462                457+349

605-309                132+765

3-оқушы                4-оқушы

108+673                    709-408

409+379                     852-713

«Санды тап» ойыны:

  • Мен бір сан ойладым, егер оны 5-ке көбейтсем 25 шығады.
  • Мен бір сан ойладым, егер оны 3-ке көбейтсем 27 шығады.
  • Мен бір сан ойладым, егер оны 4-ке көбейтсем 32 шығады.
  • Мен бір сан ойладым, егер оны 7-ге көбейтсем 56 шығады.

№6. Есепті шығар.(оқулықпен жұмыс)

І-орамда- 128м

ІІ-орамда-? одан 45м артық

Ш: 128+45=173

128+173=301

Ж.   301м

ІV. Қорытынды.

Сәйкестендіру әдісі: (мұғалім оқушыларға А4 парағындағы сандарды таратып береді)

4х2               9х2

3х4               5х8

10х4             2х6

6х3               2х4

Үйге тапсырма: №6,№9 тапсырмалар 44 бет