Менің алғашқы мұғалімім

67

Мен 2006 жылы №3 Смирнов орта мектебінің мектеп алды даярлық тобына бардым. Оны аяқтаған соң бірінші сыныпқа қабылдандым. Менің алғашқы мұғалімім Мейрамова Светлана Сейтжанқызы. Светлана Сейтжанқызы мені бірінші сыныптан бері оқуға,   жазуға, ойлауға келе жатыр. Менің ұстазым мейірімді, ақкөңіл, әр баланың  көңілін таба біледі. Әр сабақты қызықтырып жақсы береді. Білімімізді жетілдіріп, нығайту үшін қосымша сабақтар өткізеді.   Біздің сыныппен тәтеміз ашық сабақтар, тәрбие сағаттарын өткізеді. Аудандық кітапханаға мен мұражайға дейін тәтемізбен шығып кететіміз. Өмірдің жақсылығын біз мұғалімнің арқасында үйрендік. Мен өзімнің ұстазыма мына өлеңді арнағым келеді:

Тұлғанды арманыма ұқсатқанмын,

Үлгіңді көңіліне қыстатқанмын.

Есімде әліппені жаттатқызып,

Ең алғаш қолға қалам ұстатқаның.

Қайырмасы: Ұстазым менің, ұстазым

Өзіңмен өткен қыс-жазым

Қалдырған ізің мәңгілік

Жадымда тұрар жаңғырып

Ұстазым, менің ұстазым…

Тәтеміз күнде көңілді жүреді. Мен өз ұстазымды мақтан тұтамын, өйткені ол бізді білімді қылу үшін көп терін төкті. Менің ұстазыма деген алғысым шексіз.

Аскерова Алима