«Кесіндіні және шеңберді тең бөліктерге бөлу».

518

Сабақтың тақырыбы:  Кесіндіні жӘне шеңберді тең бөліктерге   Бөлу.

Сабақтың мақсаты:     а)сызбада кездесетін кесінділер мен

шеңберді тең бөліктерге бөлу Әдісін

менгерту,сызу құралдарымен жұмыс істеуге

машықтандыру.

 

а)оқушылардың логикалық ойлау қабілетін

арттыру.

 

б)Кесіді, шеңберді шеңберсызар сызғыш

көмегімен тең бөліктерге бөлу тӘсілін

үйрету.

 

Сабақ түрі:     сайыс.

 

Сабақ Әдісі:      сұрақ –жауап, Әңгімелеу, топпен жумыс.

 

ПӘн аралық байланыс :   математика.

 

Көрнекілігі:    слайд.

 

Қажетті құрал – жабдықтар: кітап, дӘптер, қарандаш, сызғыш, шеңберсызар, маркер.

 

Сабақтың мақсаты: 1. Қызығушылықты ояту.

  1.             Миға шабуыл
  2.             Мағынаны ашу.
  3.             Байланыс.

5.Бағалау.

6.Уйге тапсырма.

 

1.Қызығушылықты ояту.

а) амандасу, түгендеу

а) түс таңдау

б) топқа бөлу (слайд)

(жұлдызжорамал)

 

Қане, оқушылар, бәрін тақта алдына шыға қойыңдар.Шеңбер бойынан өздеріңе ұнаған тусті таңдандар.

Енді тақтаға назар аударсақ.

 

Слайд бойынша тустер кезекпен шығады.

Кызыл тус таңдаған оқушылар алға шығады.Жулдызжорамал.Бұл түсті таңдаған оқушылар алғыр,топ уйымшыл,алға қойған максаттары айқын,тек қана алға умтылады.

 

Жасыл тус. Бұл түсті таңдаған оқушылар жаны жайсаң, аққөңіл, сабақтан кешігуді,сабақ қалдыруды қаламайтын жандар.

 

Кок тус.  Мектеп ережесіне толық бағынатын, арманшыл, зейін қойып оқыса болашақта білікті заңгер, ушқыш болуға толық мумкідігі бар окушылар.

 

Сары тус.   Бұл топтағылар сабырлы аз сөйлеп көп тыңдайтын , логикалық ойға жуйрік, жалқаулыкты жаны қаламайтын оқушылар.

 

  1. Миға шабуыл стротегиясы.

өткен сабақтар бойынша әр топқа екі – екіден сұрақтар қою.

 

1.Сызу аспаптарына нелер жатады?

 

2.Пішім дегеніміз не?

(сызба салуға арналған қағаз)

 

1.Сызба сызықтарының неше түрі бар?     (9)

 

2.Қандай маштаб түрлерін білесіңдер?

(улкейту,нақты,кішірейту)

 

  1. Қарындаштың қандай түрлері бар?

 

2.Бұрыштық өлшемдер қалай жазылады?

(градус,минут,секунд)

 

1.Сызықтық өлшемдер немен көрсетіледі?

(мм)

 

2.Пішімнің неше түрі бар?

А1

А2

А3

А4

 

 

 

Слайд бойынша тақырыпты шығарып алу.

— не бейнеленген?

— қалай бейнеленген?

Сонымен оқушылар бүгінгі тақырыбымыз Кесіндіні және шеңберді тең бөліктерге бөлу.

ДӘптерге күннің жадын, тақырыпты жазғызу.

 

3.Мағынаны ашу.

а) оқулық бойынша мәтін беру.

а) оқиды

б) өзара талдайды

в) плакатқа сызады

г) тақтада қорғайды

 

  1. Берілген АВ кесіндісін тең n бөлікке бөлу.

Кесіндінің бір ушы А нуктесі арқылы сӘуле жургіземіз.Тузу бойына ұзындығы қалауымызша алынған өзара тең n кесіндіні А нуктесінен бастап өлшеп саламыз.Сөйтіп өзара тең n бөлікке бөлінген ААn

кесіндісін аламыз.Ең соңғы Аn нүктесін В нүктесімен түзу арқылы

қосамыз. Бөліну нүктелері А1,А2,А3….Аn арқылы АnВ түзуіне параллель түзулер жүргізсек, олар АВ кесіндісін n бөлікке бөлінгендігін аңғару     қиын емес.

2.Шеңберді тең 3,6 бөлу.

Берілген шеңберді тең 6 бөлікке бөлу үшін шеңберсызардың сирақтарының алшақтығын шеңбер радиусына тең етіп аламыз. Шеңбер диаметірін жүргізіп, оның шеткі нүктелерін А жӘне В деп белгілейміз. Шеңберсызардың инесін А нүктесіне қадап, шеңбер жургізсек екі шеңбер F жӘне Д нүктелерінде қиылысады. Шеңберсызар инесін В нүктесіне қадап шеңбер жүргізсек Е жӘне С нүктелерін аламыз.

 

 

 

 

 

А,С,Е,В,F,Д нүктелері шеңберді 6 бөлікке бөледі.

А,Е жӘне F немесе С,В,Д нүктелері шеңберді тең 3 бөлікке бөледі.

 

3.Шеңберді тең 4,8 бөлікке бөлу.

Шеңберді тең 4 бөлікке болу оңай. Ол үшін өзара перпендикуляр АС және

ВД диаметірін жүргізсек болғаны. А,В,С жӘне Д нүктелерін қосатын хордалар жургіссек, шеңберге іштей сызылған шаршы шығады.Шеңбер центірінен шаршы қабырғасына түсірілген перпендикуляр түзулер шеңберді тағы төрт нүктеде кияды.Сонда шеңберді А,L,В,Е,С,F,Д,К нүктелері тең 8 бөлікке бөледі.

 

 

 

 

 

 

4.Шеңберді 5 бөлікке бөлу.

Шеңберге іштей бурыш салу үшін оның өзара перпендикуляр  АК және

МД диаметірін жүргіземіз.НО

кесіндісінің ортасын табамыз.NL = LО.

L нүетесін центірі етіп алып, А нүктесі

арқылы шеңбер жүргізеді.Шеңбер MN

диаметірін F нүктесінде қиады.Сонда АF

кесіндісі берілген шеңберге іштей

сызылған дұрыс бесбұрыштың бір қабырғасын береді.А нүктесінен бастап төрт рет өлшеп салу арқылы В,С,Д жӘне Е нүктелерін саламыз.

Дайын топ тақтаға шығып қорғайды.жетіспеген жерін мұғалім түсіндіреді.

 

Жаттығу жумысы.

№1. Узындығы 40 мм кесідіні тең 6 бөлікке бол, ұзындығы 30 мм кесідіні

тең 8 бөлікке бөл.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Толғаныс.

 

  1. Кесіндіні тең бөліктерге қалай бөледі?

АВ кесіндісі берілсе?             (А нүктесі арқылы сәуле жүргізеді)

  1. Бүгінгі сызбаларды орындау барысында қандай сызба аспаптары қолданылады?
  2. Шеңберді 4- ке қалай бөлуге болады?

(АС,ВД диаметрлері жүргізіледі)

  1. Нүкте қандай әріппен белгіленеді? (бас әріппен)
  2. Шеңбердің центірі қандай әріппен белгіленеді? (О)
  3. Шеңберді қандай нүктелер тең 5 бөлікке бөлікке бөледі?

(А,В,С,Д,Е)

 

 

Бағалау.

Сабақ барысында қатысып отырған оқушыларға баға қою.

 

 

 

Үйге тапсырма.

&7.     2,4 жаттығу.