Сызба. Нәрсеге қарап сурет салу.

106

 

Сабақтың тақырыбы:  Сызба. Нәрсеге қарап сурет салу.

Сабақтың міндеттері: 1. Сызба сызықтар арқылы нәрсеге қарап сурет салу

яғни штрих арқылы, жарық көлеңке арқылы

кеңістікті бере білу.

  1. Оқушыларды ұқыптылыққа, таза жұмыстар

орындауға тәрбиелеу. Жауапкершілікті

қалыптастыру.

  1. сызба арқылы сурет салуда схемалық әдісті

қолдану. Кезеңдер арқылы бейнелеу

Сабақтың мақсаты.:    сызба сызықтар арқылы бейнені ұқсата білу. Штрих

арқылы затқа көлем беру.

Сабақтың көрнекілігі: Бейнелеу өнері сабағына қажетті құрал-жабдықтар

Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ. Білім, білік, дағдыны қалыптастыру.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Өз бетімен жұмыс.

Сабақтың барысы:

                                     Ұйымдастыру

  1. Сыныпқа кіріп оқушылармен сәлемдесу
  2. Оқушыларды сабаққа әзірлеу, құралдарын тексеру.
  3. Сыныпта, сабақта жоқ оқушыларды белгілеу
  4. Үйге берілген тапсырманы тексеріп, жақсы жұмыстарға тоқталып өту.
  5. Оқушыларды жаңа сабаққа әзірлеу.
  6. Жаңа сабақты түсіндіру.
  7. Жаңа сабақты қорытындылау.
  8. Үй тапсырмасын беру.
  9. Сабақты бағалау.

                                     Жаңа сабақты түсіндіру.

Сызба сызық арқылы сурет салғанда біз схемалық әдісті пайдаланбай жақсы нәтижеге жетуіміз мүмкін емес.

Бір нәрсенің жалпы сипаттамасын, бір құбылыстың қарапайым түрдегі көрінісін көрсетуді «схема» деп атаймыз.

Затқа қарап сурет салғанда қағаз бетіне нәрсенің жоғарғы және төменгі шекараларын белгілеп алу керек. Суреттің шекараларын белгілегенде нәрсенің негізгі пропорциялары белгіленеді. Егер осы кезде қателіктер кетіп, ол дер мезгілінде түзелмесе, онда нәрсенің формасы дұрыс шықпайды, сурет мүлдем жарамсыз болуы мүмкін.

Сурет салуды бірнеше кезеңге бөліп қарауға болады.

  1. кезең. Ең алдымен бейнелейтін геометриялық денелердің жалпы нұсқасын тұтастай қабылдап, оны қағаз бетіне орналастыруға баса назар аудару. Сонан кейін әрбір геометриялық денелердің биіктігі мен енін шама жағынан салыстыра отырып бейнелеу.
  2. кезең. Суретті салынатын геометриялық денелердің конструкциялық құрылымына назар аудару керек. Бейнелейтін заттардың өлшем бірліктері қатынасының дұрыс болуына айрықша көңіл бөлуі керек. Сурет салу барысында әрбір затты салыстыра қарау үшін көмекші жіңішке сызықтар пайдаланған жөн. Заттардың негізгі конструкциялық құрылымы табылған соң жарық пен көлеңкенің шекараларын көмекші сызықпен белгілеп қою керек.суретті штрихтау ісі көлеңкеден басталады.
  3. кезең. Заттардың жарық көлеңкесін штрихтау арқылы олардың пішінін, көлемін шығарамыз. Заттың өңі жарық пен көлеңке арқылы айқындалады. әрбір заттың өңінің көмексі не қараңғы болуы жасанды және табиғи жарықтың түсуіне байланысты. Суреттің өңін айқындағанда заттың ең жарық, ең қараңғы жағын анықтап алу керек. Яғни реңдік қатынасты дұрыс айқындауға үйрену керек. Затты штрихтауды меншікті көлеңкеден бастаған жөн. Меншікті көлеңке дегеніміз- заттың сәуле түспеген бетінде пайда болған көлеңке. Жарық деп- табиғи сәуле мен жасанды жарық түскен бетті айтамыз. Жылт дегеніміз- жарықтың аса мол мөлшерде түскен жері. Мұны шыны немесе жылтыр ыдыстарда айқын байқауға болады. Түспе көлеңке дегеніміз- нақты бейнеленген заттан жазықтықтың бетіне түскен көлеңке. Жартылай көлеңке дегеніміз- меншікті көлеңке мен жарықтың арасында пайда болған көлеңке. Рефлекс дегеніміз- заттың меншікті көлеңкесінің шет жағында, артқы жазықтық арасында пайда болған көмескі жарық тәріздес құбылыс. Сонымен затты штрихтау арқылы өңін, пішінін, көлемін анықтауда жоғарыда аталған сурет салу заңдылықтарына сүйену керек.
  4. кезең. Бұл бейнеленген заттарды толықтай анықтау кезеңі деп аталады. Мұнда сурет салу ережелеріне сүйене отырып, кейбір елеулі артық кеткен жарық пен қараңғы дақтарды бәсеңдетеміз. Біртұтас реңдік қатынасқа бағындырамыз. Орындалған суреттің жарасымды болып шығуына баса назар аударамыз.

 

 

Сабақты қорытындылау.

Сызба сызықтар арқылы қалай сурет сауға болады?

Схемалық әдіс дегеніміз не?

Жеке оқушыларға тапсырма.

Адамның басын қозғалыста бейнелеу.

Үйге тапсырма.

«Гүл салынған құмыра мен алма» натюрмортын бейнелеу