Зеректер сайысы (интелектуалды ойын)

70

Тақырыбы: Зеректер сайысы (интелектуалды ойын)

 

Мақсаты: Білімділік – химия, биология және география пәндерінен

алған білімдерін жинақтап қорытындылау.

Дамытушылық – жұмбақтар шешу, сұрақтарға жауап

беру арқылы сөйлеу, ойлау қабілеттерін

дамыту, сөздік қорларын молайту.

Тәрбиелік – оқушыларды ептілікке, тапқырлыққа

тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: интерактивті  тақта, тақырыптық  сурет  материалдары,

слайд  материалдары,  нақыл  сөздер, т.б.

 

І-бөлім

 

Тіркелу бөлімі

 

6 оқушы сұрақтарға кезекпен жауап береді.

 

  1. Дене салмағы 1,5 грамм болатын құс (Колибри)
  2. Шардара су қоймасы қай өзеннің бойында салынған? (Сырдария)
  3. Ең қиын балқитын металл (Вольфрам)

 

  1. Ұрықтанған жұмыртқажасушасы қалай аталады? (Зигота)
  2. Адамдарды туған жерінен қудалау қалай аталады? (Депортация)
  3. Изомерлер дегеніміз не? (Сандық және сапалық құрамы бірдей, құрылысы әр түрлі заттар)

 

  1. Нейрон деген не? (Жүйке жасушасы)
  2. Қазақтардың негізгі бөлігі ислам дінінің қай тармағын ұстайды? (Сүннит)
  3. Тұздардың құрамындағы иондар мен су молекулалары арасында жүретін, нәтижесінде әлсіз электролит немесе иондар түзілетін реакциялар қалай аталады? (Тұздар гидролизі)

 

  1. Жануарлардың жоғалған дене бөліктерінің қалпына келуі қалай аталады? (Регенерация)
  2. Қазақстанның климаты қоңыржай белдеудің қандай типіне жатады? (Шұғыл континентті)
  3. Қышқылдар мен сілтілер әсерінен өздерінің түсін өзгертетін заттар. (Индикаторлар)

 

  1. 15 жыл өскен ағаштың көлденең кесіндісінде жылдық сақиналар саны қанша болады? (15 сақина)
  2. Мегаполис деген не? (Қаланың ең ірі формасы)
  3. Бір ғана химиялық элемент бірнеше жай зат түзе алатын құбылыс (Аллотропия)

 

  1. Ағзаның тіршілігін уақытша тоқтатуы қалай аталады? (Анабиоз)
  2. Теңіз деңгейінен төмен жатқан ойпат (Каспий маңы ойпаты)
  3. Химиялық элемент атомының басқа химиялық элементтер атомдарының белгілі санын қосып алу қасиеті (Валенттілік)

 

 

 

ІІ бөлім

 

Жұмбақтарды шешіп жауабын, орысшасын, ағылшасын айтады.

 

  1. Аяғыңның астында жататын зат,

Тауға айналып, тас болып қататын зат.

(құм-песок-sand)

  1. Көк лағым көгенде жатып семірген.

(қарбыз-арбуз-water melon)

  1. Қаласы бар – үйі жоқ,

Даласы бар – шөбі жоқ.

Мұхиты бар – суы жоқ,

Орманы бар – нуы жоқ.

Шыңдары да теп-тегіс,

Құмдары да теп-тегіс,

Кең жазықтан әр түрлі.

Керегіңді көресің.

Бар әлемді табасың.

(геогр. карта – карта — map)

  1. Қара металлургияның ханымын,

Машина, трактордың жанымын.

VIIІ қосымша топшада болсам да,

Металл атаулының ең көп қолданылатын санымын.

(темір – железо — iron)

 

  1. Бар ма, жоқ па оны анық білмейсің,

Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің.

(ауа – воздух — air)

  1. Жазылуым бойынша оқысаң –эементпін,

Керісінше оқысаң — өткізгішпін.

(мыс-медь-copper)

  1. Дауыл дәнді ұшырып,

Шарлар жауды аспаннан.

Шекемізді ісіріп,

Қаштық үйге сасқаннан.

(бұршақ-град-hail)

  1. Жазда жатсаң, көлеңкесіне алады,

Қыста жақсаң, жаның рахат табады.

(ағаш-дерево-tree)

 

 

 

ІІІ-бөлім. Полиглот

 

1 тур

 

6 сұрақ берілген. Ұяшықтарды таңдап сұрақтарға жауап беру керек

 

Оң жақ Ортадағы Сол жақ
30 30 30
40 40 40

 

Оң жақтағы 30: Беринг бұғазы қандай мұхиттарды қосып тұр? (Тынық мұхит пен Солтүстік мұзды мұхитын)

 

Ортадағы 30: Организмдегі ДНҚ-ның саны мен құрылымының өзгеруі қалай аталады? (Мутация)

 

Сол жақтағы 30: Күшті электролиттер дегеніміз қандай заттар? (Суда ерігенде иондарға толық ыдырайтын заттар)

 

Оң жақтағы 40: Бұрын тіршілік етіп кейін жойылып кеткен жануарлардың қазба қалдықтарын зерттейтін ғылым (Палеонтология)

 

Ортадағы 40: Қазақстан БҰҰ-на қашан мүше болды? (1992 жылы 12 наурызда)

 

Сол жақтағы 40: Мәрмәр тасты 1000°С қыздырғанда пайда болған затқа су қосса, ол қайнайды? Ол қандай зат? (Кальций оксиді)

 

 

 

 

 

 

  1. Ораторлар сайысы

 

Ойын соңында 2 оқушы қалады.

 

Оның бірі «Химия ғылымының бүгінгі күні қол жеткізген жетістіктері» тақырыбында, екіншісі «Биология ғылымының бүгінгі күні қол жеткізген жетістіктері»  өз тұжырымдарын айтады.

 

Жеңімпазды сйыстың қорытындысы бойынша қазылар алқасы анықтайды.