Отбасы сайысы

99

Отбасы сайысы

Мақсаты:Ата-аналар мен балаларды сайысқа қатыстыра отырып,олардың салт дәстүріміз туралы,білімдері мен өнерлерін байқау.Ән-би,қолөнер тәрізді халықтық өнерлерден хабардарлығын анықтау.

Тәрбиелік:Отбасы–Отанның бір бөлшегі екендігін ұғындырып,оқушыларды ынтымақ пен бірлікке,татулық пен ұйымшылдыққа , мейірімділікке аналарының шексіз еңбегін бағалай білуге  тәрбиелеу.

Барысы:

Мұғалім: «Отбасы –шағын мемлекет » деген сөз бар.Ынтымағы келіскен,түтіні түзу ұшқан әрбір шаңырақ –мемлекетіміздің құт берекесі.Атамыз қазақ  «Бала –адамның бауыр еті», «Балалы үй базар» дейді.Өйткені бала-өмірдің жалғасы,отбасының жеміс берер гүлі. Отбасы-бұл қоғамның негізі.Баланың болашақта жақсы азамат болып өсуі,жан-жақты тәрбиелі болуы отбасында берілетін ұлттық тәрбиеге байланысты. Бүгінгі сайысымызға сыныбымыз түгел, яғни алты отбасы қатысады.

Ана-бала,бала-ана бір ұғым

Бір –бірінсіз жоқ олардың бақыты

Омыртқаның үзбеу үшін жұлынын

Екеуінің өтсін бірге уақыты

Ана –бала көздің ақ пен қарасы

Бір-бірінсіз таусылмайтын шарасы

Әр ананы арманына жеткізер,

Әр баланың ақылы,ары санасы дегендей бүгінгі сайысымызға оқушыларымыз түгелдей аналарымен келіпті

1-жұп.Қуантады білімімен Бақытгүл қыз

Қол сағып қарсы алайық енді оны біз

Сайысқа жеңгесімен келіп отыр

Бүгінгі қабыл болсын тілегіміз

2-жұп.Сабырлы әрі салмақты

Өзі өнерлі жан –жақты

Анасы мен Наурызбай

Жарысты бүгін жалғапты

3-жұп.Қыздардың бәрі сұлу салсаң назар,

Бәрі де арманына қолын созар

Анасы мен келіп тұр Орынкүл қыз

Бұйырса бақыт құсы саған қонар

4-жұп.Қол соғып қарсы алыңдар шығады енді

Оларға да берейік бүгін төрді

Жеңімпаз болармын деп келіп тұрған

Анасы менАзаматқа кезек келді

5-жұп.Жақсы адам кімге болсын болар пана

Мол оның тал бойында ақыл,сана

Анасымен сайысқа келіп отыр

Сыныптың мақтанышы бұл Сәния

6-жұп.Көңіл бөлші қазір шығар ортаға,

Қош келдіңіз сіз де біздің ортаға

Анасы мен келіп тұрған сайысқа

Қарсы алайық кезек келді Алматқа

Ортаға оқушылар аналарын алып шығады.

Жиналыппыз сәтті күні бәріміз де,

Үлкен,кіші,жасымыз,кәріміз де.

Төрлетіңіз қадірменді қонақтар

Гүл-гүл жайнап мына біздің төрімізге

Оқушылар мен ата-аналары орындарына жайғасады.

Сайыстың жоспары.

І.Таныстыру

(Ортаға отбасылар шығып,өздерін таныстырады)

ІІ. «Өнерлінің өрісі кең»

(Топтың өнерін тамашалау ән ,би т.б.)

ІІІ.Сұрақ -жауап

ІҮ. «Ептілік сайысы»ойыны

(Картоп тазалаудан жарыс)

Ү. «Мен анамның өнерін мақтан тұтам»

(Аналары жасаған бұйымдар мен

«Таңдайдан дәмі кетпес тәтті астың» атты ас мәзірімен таныстыру)

ҮІ.Мәнерлеп оқу

(Топ өздері ұнатқан ақын шығармаларынан үзінді оқиды)

Ү ІІ.Қорытынды

 

 

І.Сәлемдесу-игі дәстүр киелі,

Сөзбен қарап,кейде шешер шиені.

Жақсы сөзге жан семірер қашанда

Жолданады сайыскерлер сәлемі

Сайыскерлер өз реттерімен таныстыруларын айтады.

ІІ. Кедеймін деп қысылма,

Өнерің болса қолыңда

Өнерлінің ырысы

Жарқырап жатар жолында

дей келе «Өнерпаздар сайысын » бастаймыз.(әр отбасы өз өнерлерін көрсетеді)

ІІІ. Орасақ та жәннат ішік ,құндызға

Баласақ та айға,күнге,жұлдызға

Ана соның бәрінен де ардақты,

Одан асқан құдірет жоқ ұл-қызға

Сайысымыздың келесі бөлімі сұрақ-жауап

1.Бақытты отбасы болудың негізгі шарттарына  нені жатқызар едіңіз?

2.Сәлемдесу,жөн сұрасудың өз-өзіндік дәстүрлері бар.Осы жайында не айтасыз?

3.Бала шыр етіп дүниеге келгеннен бастап,үлкен азамат болғанға дейін жасалатын салт –жоралардың түрлері қандай?

4.Қазақтың ұлттық ойындарын атаңыз

5.Жеті атаны таратыңыз

  1. «Ұлым-қызым,саған айтам» дегендей,балаңызға аманат етіп,ғибрат етіп не айтар едіңіз?
  2. «Мақал айтсаң –жол көрсеттің,мәтел айтсаң-жанымды жайландырдың» демекші,ал енді балаларыңыз бен бірігіп мына үзік-үзік сөздерден мақал құрастырыңыздар.

1.Ұяда…. ұшқанда….

2.Ата….. бала….

3.Ер….ез…

4.Өле… бөле….

5.Таяқ… сөз …..

6.Мал …. жер…

7.Сүйіндіреді …. күйіндіреді ….

8.Мектеп ….білім….

9.Қыз …. гүл …..

10.Оқу…білім…

11.Анасын…аяғын..

12.Көз…қол…

ІҮ.Өнерлінің өнерін

Тағыда байқап көрейік

Жүйрік аттай желейік

Ептілерге кезек берейік ептілер сайысы (картоп тазалаудан жарыс)

Ү.Шеберлерім  өнер тамып қолынан,

Жаңылмаған ата-баба жолынан

Шебер қолдар өз өнерін көрсетсін

Біз айталық төрелігін соңынан

«Мен анамның өнерін мақтан тұтам» аналарының қолөнер бұйымдары және ас мәзірімен таныстыру

ҮІ.Тәлім алған отбасынан өнегелі

Өнерлілер таң қалдырған талай елді

Ән салсақ,би де билеп,жыр жырласақ

Ешкімнен қалыспаймыз біздер енді

Келесі сайысымыз мәнерлеп оқу

ҮІІ.Жеңістер мен жеңілістен тұратын,

Өмір күрес,жеткізе ме мұратын.

Жеңбедім жеңілдім деп ренжімегін,

Қатысу да бір жеңіс,жан болсаң сен ұғатын.

Кезекті әділқазалар алқасына береміз.

Ата салтым-асыл мұрам, ардағым,

Бабалардың жалғастырар арманын

Сан ғасырда қалпын бұзбас қадірін,

Өткенімді бүгініммен жалғадым!

Құрметті ата-аналар ұстаздар .Сіздер бүгін «отбасы сайысын» көріп тамашаладыңыздар.Өз ұл-қыздарыңыздың білімі мен өнерін аңғардаңыздар.Сіздерге әрқашанда сәттілік тілей отырып, отбсыларыңызға береке,ынтымақ тілеймін.Мектеппен жиі байланыста болыңыздар!