«Ауылдың гүлденуі — Қазақстанның гүлденуі» атты жастардың марафон эстафетасының ашылу рәсімі

72

 

«Ауылдың гүлденуі — Қазақстанның гүлденуі» атты жастардың

 марафон эстафетасының ашылу рәсімі

        

Фанфары.

Қазақ биі.

(Музыка ойналып тұрады, ортаға жүргізушілер шығады.)

1-жүргізуші:

Сұлу дала! Менің сүйген еркемсің,

Жаны жайсаң жаратылған өлкемсің.

Қандай жақсы қазақ болып туғаным,

О, туған жер, тамашасың, көркемсің.

Тасып жатқан өзендер жағасынан,

Сары белдер сағымдар арасынан.

Тарайды дән жұпары бар әлемге,

Қазақтың қасиетті даласынан.

2-жүргізуші:

Ауылым, ырысым мол құт мекенім,

Мәңгіге ақ бесігің тербетілген.

Құмында жалаң аяқ асыр салып,

Алаңсыз білім алып ер жетемін.

Ер жетіп үмітіңді біз ақтармыз,

Жеріңді ұлтарақтай біз сақтармыз.

Қасиетті Жер-Ана, ауыл, елді

Көркейтетін болашақ-біз жастармыз.

1-жүргізуші

Ауылды көркейту мен дамыту, нығайту мақсатында өткен жылы  «Жас Отан» жастар қанатының ұйымдастыруымен, облыс әкімі Елеусін Сағындықовтың қолдауымен өткізілген «Ауылдың гүлденуі-Қазақстанның гүлденуі» жастар марафон-эстафетасының нәтижелі болғанына мына тұрған — сіз бен біз куә.

2-жүргізуші:

Бұл марафон-эстафетаның тарихы соншалықты терең болмаса да, өте мағыналы игі іс, жарқын әрі өміршең бастама болғалы отыр. Оған жастарымыздың атқарған нәтижелі еңбектері куә. Былтыр бұл марафонға 300мыңға жуық жастар қатысқан болса, биылғы жыл 500мыңға жуық жастар тартылмақшы. Марафон-эстафетаның өткізілуіне жергілікті бюджет тарапынан дәстүрлі түрде ауқымды қаржы бөлініп отыр.

 

1-жүргізуші:

         Марафонның мақсаты-ауыл-елді тазалау, қалыпқа келтіру, гүлзарлар отырғызу, көшелерді абаттандыру, көріктендіру, гүлдендіру ғана емес, жастарды еңбекке баулу,туған жерін сүюге, аялауға, құрметтеуге баулу болып табылып отыр. Ақтөбе жастарының көтерген бұл бастамасы республикалық деңгейге жетіп, 18-наурызда облыста «Ауылдың гүлденуі-Қазақстанның гүлденуі» атты бірінші республикалық жастар марафон- эстафетасының ашылуы, бұл шараға елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың өзі келіп қатысуы жастардың жеңісі деп білеміз.

 

 

2-жүргізуші:

        Ал, бұл марафон-эстафета бүгін біздің ауданымыздың жастары арасында өз жалғасын таппақшы.Олай болса, «Ауылдың гүлденуі-Қазақстанның гүлденуі» атты марафон-эстафетасының ашылуымен баршаңызды құттықтаймыз!

1- жүргізуші:

Сайлайбек Елмановтың әні «Ақтөбем». Орындайтын: Сайлаубек Алихан және Қуандықова Айымгүл.

 

 1-жүргізуші:

         Каспиден Алтайға дейін созылған, ұшса қанат талатын, шапса тұяқ тозатын кең байтақ жеріміздің таза әрі көрікті болуы, туған еліміздің дамып, ауылымыздың нығаюы жолында «Дипломмен- ауылға» жобасының да рөлі зор. Олай болса ортаға аудан жастарын бүгінгі марафонның ашылуымен құттықтау үшін ——————————————- шақырамыз.

2-жүргізуші:

     «Ауылдың гүлденуі — Қазақстанның гүлденуі» марафоны әлем таныған, айбынды елге айналған Қазақстан республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына үлкен сыйлық болды.Бұл марафонел болашағын жасайтын кейінгі ұрпақтың тәлім-тәрбиеге толы бастамасы екендігінің жарқын дәлелі.

1-жүргізуші:

         Биылғы ауданымыздағы марафонның ашылу шарасының ерекшелігі  қала мектептерімен қоса ауыл мектеп оқушыларынан құралған отрядтар да ортамызда. Ендеше, туған елін көркейтуді парызым деп санайтын, осы жолда аянбай қызмет етуге дайын тұрған отрядтарымызбен таныс болайық.

2-жүргізуші:(Әр отряд таныстырылғаннан кейін ұрандарын айтады)

1.№1 мектептің «Жас қыран» отряды.

Жерін сүйген елімнің ұландары,

«Ауылды гүлдендірмек» — ұрандары

Білімнің ұлы қара шаңырағы,

Ортада бірінші мектеп қырандары.

(Ұран айтылады)

———————————————————————

5- жүргізуші:

  1. №2 мектеп – гимназияның «Атамекен» отряды.

Жетістігі:

Білімнің шыққан биік шыңдарына,

Арман сыйлар қызы мен ұлдарына

Екінші гимназия мектебінен

Келеді «Атамекен» алдарыңа.

————————————————————————

3-жүргізуші:

3.№3 орта мектептң «Болашақ» отряды

 Жетістігі:

Биігіне аңсаған – арман елі,

Спорттық жетістігі бір төбе еді.

Болашаққа жасалған қадамымен

3- ші мектеп отряды нық келеді.

———————————————————————————

       4- жүргізуші:

  1. №4 орта мектептің «Қолғанат» отряды.

Жетістігі:

Ел ұрпағы атына заты лайық,

Өскен еңбек, білімнен қанат жайып,

4-ші мектеп ұландары —

«Қолғанат» отрядын қарсы алайық!

——————————————————————————

        5- жүргізуші:

  1. №5 орта мектептің «Жаңа дәуір» отряды.

Жетістігі:

«Үздік мектеп»- мақтанышы елімнің,

Қанат беріп, жолын ашқан баланың.

«Жаңа дәуір» 5-орта мектептен

Үлес қоспақ көктеуіне жерімнің

——————————————————————————

        3- жүргізуші:

  1. №6 орта мектептің «Жас талап» отряды.

Жетістігі:

Шырқалып жастарымның жатыр әні,

Бұл әуен ұлы еңбекке шақырады.

№6 орта мектебінен қанаттанып

Келіп тұр «Жас талаптай»отряды.

—————————————————————————-

        4- жүргізуші:

  1. №8 жалпы орта білім беретін мектептің «Ақжелкен» отряды.

Жетістігі:

Ұстаздар төгіп асыл тілектерін,

Ұшырмақ алғаш биыл түлектерін.

№8 мектептен бүгін, міне

«Ақжелкен» түріп кетті білектерін

———————————————————————————-

5- жүргізуші:

  1. Әліби Жангелдин атындағы орта мектептің «Алтын қыран» отряды.

Жетістігі:

Бойында бұлан қайрат ұландары

Бұл жастар- Жангелдиннің қырандары.

Туған жерді көркейту мақсатында

«Алтын қыран» бағындырмақ қияларды.

—————————————————————————————-

3- жүргізуші:

  1. Ідіріс Үргенішбаев атындағы орта мектептің «Барыс» отряды.

Жетістігі:

       Бойда қызу қаны айналған жігері,

Ідірістің ізбасары бұл енді.

Ел мен жердің мүддесі үшін қажеттік

Өсіп келеді ертеңімнің тірегі.

————————————————————————————-

       4- жүргізуші:

  1. 10. Кәсіптік лицейінің «Ар-намыс» отряды.

Жетістігі:

       Өз халқын өсіруге болса лайық,

Өскелең өрендерге тамсанайық.

11-ші Кәсіптік лицейінің

«Ар-намыс» отрядын қарсы алайық!

5-жүргізуші:

  1. Б.сүлейменов атындағы орта мектептің «Қызғалдақ» отряды.

3-жүргізуші:

  1. Ақтоғай орта мектебінің «Атамекен» отряды.

4-жүргізуші:

  1. Бозой орта мектебінен жасақталған «Жастар саябағы» отряды.

5-жүргізуші:

  1. Бершүгір орта мектебі, Сарысай және Алабас негізгі мектептерінен құрылған «Жасыл желек» отряды.

3-жүргізуші:

  1. Қорғантұз, Жаңа қоныс орта мектептері мен Қызыл ту негізгі мектептерінен құралған «Болашақ отряды».

4-жүргізуші:

  1. Тоғыз, Қарашоқат ота мектептері және Шоқысу негізгі мектептерінен құрылған «Жас өркен» отряды.

5-жүргізуші:

  1. ГКС 12 орта мектебінен «Тал бесік» отряды.

3-жүргізуші:

  1. Тажин атындпғы орта мектептен «Болашақ» отряды.

4-жүргізуші:

  1. №7 орта мектебі, Қаратоғай, М.Орынбасаров атындағы, Т.Шанов атындағы орта мектебі және Талдықұм негізгі мектептерінен құрылған «Жас құрақ» отряды.

 

1-жүргізуші

Еліміздің ертеңгі еңсесін көтерер- жастар, сол жастардың еліміз үшін жас өскіні,саналы ұрпағына тәрбие беруде «Жас Отан» жастар қанатының алар орны ерек. Марафон-эстафетаға қатысушы жастардың атынан сөз кезегі аудандық «Жас отан» жастар қанатының өкілі Артур Дүйісовке беріледі.

           Ұандату: «Халық үшін, Ел үшін,

                               Жас Отан берер бар күшін!»

2-жүргізуші

         Олай болса, құрметті жастар! Бүгін ауданымызда ашылғалы отырған жастар марафон-эстафетасының құрметіне «Жастар әнін» қабыл алыңыздар!

 

1-жүргізуші:

Табиғаттан бабамыз ала берген секілді,

Дархандықты қазаққа дала берген секілді,

Еркелікті ерікті желден алған секілді.

Мөлдірлікті көгілдір көлден алған секілді- деп, Қадыр Мырзалиев ағамыз жырлағандай, сан ғасырлар табиғатпен етене өмір сүрген  дархан халқымыз жерінің әрбір тасын, гүлін қастерлеп өткен, табиғат сұлулығына бас иген.Халқымыз қастер тұтқан, осынау  киелі жерімізді аялы алақанымызбен, жылы жүрек сезімімізбен, көздің қарашығындай қамқорлық жасауда еш аянбайық,Жастар!

4- жүргізуші:

«Ауылдың гүлденуі — Қазақстанның гүлденуі» марафон-эстафамызға арнайы ұйымдастырылған салтанатты шеруге назар аударайық!

Салтанатты шеру!

 ( Ортаға түрлі ту, гүл ұстаған оқушылар шығып, өнерін көрсетеді.)

 

5-жүргізуші:        Республика көлемінде жүзеге асырылғалы отырған «Ауылдың гүлденуі — Қазақстанның гүлденуі» марафон-эстафетасының ауданымызда ашылу салтанатымен құттықтауға және марафон туын тапсыру үшін сөз «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының Шалқар аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Сыдықов Рахат Мәжитұлына беріледі.

  ( Жас Отан жастар қанатының өкіліне Ту тапсырылады)

Марафонның Әнұраны- «Атамекен» орындалады.

3-жүргізуші:

       Дархан қазақ даласының абыройы, даңқы үшін,

Қыран қанат ұлдарының әні көкке шалқысын.

Алтын діңгек ауылының гүлденуі- мұраты,

Жастарының бастамасы қолдау тапты, халқым, шын.

4-жүргізуші:

             Қымбатты марафонға қатысушы, жастар! Ауылымызды гүлдендіруде жастық жігерді тағы бір мәрте танытуда, аянбай еңбек етейік! Туған ел тарихының жарқын беттерінде өз қолтаңбамызды қалдырудан еш аянып қалмайық!!! Олай болса, осындай игі бастаманың символиксы ретінде аудан әкімі Сыдықов Рахат Мәжитұлының аудан жастарымен біріге отырып,тал егу рәсіміне куә болайық!