«Әбіштану» үйірмесі мүшелерінің өнері

82

Қайырлы күн, қадірлі ұстаздар және бүгінгі күннің қадірменді қонақтары!

«Әбіштану» үйірмесі мүшелерінің өнерін тамашалауға қош келіпсіздер!

      Біз кімнің ұрпағымыз, бұл күнге қалай жеттік, ата – баба дәстүрін әрі қарай қалай жалғастырамыз? деген сан – салалы сауалдарға дұрыс жауап беруде, әрнені жаңаша ойлау тұрғысынан пайымдауға Әбіш атамыздың жеткізген сөздерінің пайдасы көл – көсір. Адамзаттың Айтматовы айтқандай «Әбіш атаның еңбегі елі үшін, қаламы рух үшін, ақылы заман үшін» керек. Әбіш атаның кітаптары біздің қолымызда, біздің рухани байлығымыз.

Бала кезің ұлағат, дана кезің,

Тырнап ашқан сен едің сана көзін.

Кәрі дала сан ғасыр толғатқанда

Тек Маңғыстау туа алған – Дарабозым

  1. «Қазақтың қара баласы» (толғау) орындайтын –

   Әділет Ермағанбетов

  1. Тексіздікті – адамға дұшпан аты.

        Тәже дейтін,- ұрпаққа нұсқа хаты.

       «Шыңыраудың» тұңғиық тереңдері

       Елжіреткен жүректі «Құс қанаты».

«Құс қанаты» повесінен монолог.  «Ана» ролінде  —

  Али Айымгүл, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.

  1. Әбіш атаның «Дүние ғапыл» кітабынан «Біз туып жер басқалы »атты өлеңі оқитын – Шаугенбай Аяжан
  2. «Алтын шуақ» «Біздер» өлеңі, оқитын – Жетіс Ақбаян
  3. Сыр ашпайды сенің құла түздерің,

Сыр ашпайды тау- тасғы іздерінің.

Сенің бүкіл болмысыңның тағдырын

Домбыраның пернесінен іздедім,— деп Мұқағали Мақатаев атамыз жырлағандай ендігі кезекті домбыраға береміз.

  1. Сөз сұлудың жүрегі,

          Шерткен сайын түледі.

         Жатты орнынан бір аунап

Маңғыстаудың түбегі.

      «Махамбет» оқитын  — Елубаева Аймереке

  1. «Дүние ғапыл» кітабынан «Обалар» оқитын  —

    Дәнебаев Бекзат

  1. Қыдырәлі Болмановтың «Асыл досым» әні. Қошеметпен ортаға Наурызғалиева Нәзікті  шақырамыз.
  2. «Аспан жырлайды» поэмасынан үзінді, оқитын –

Әлмембет Лаззат

  1. Небір тау, небір қара орман,

   Небір түз болсын қураған —

 Дүниеден өзге жаралған

Туған жер деген ұлы арман, — деп ақын жырлағандай Әбіш атамыздың  «Дүние ғапыл» кітабынан  «Туған жер» өлеңі оқитын – Суюнбаева Индира

  1. Қазақ та қыз бен жігіт ырысты адам

   Махаббат мәртебесін пір ұстаған.

   Ұялтқан өкпелесе назыменен,

  Қазақ та қыз бен жігіт ұрыспаған.

 «Махаббаттың мен де нөсер бұлты  едім»  оқитын –    Табынбай Олжас.

  1. Дүниежүзілік әлеуметтік тіршіліктің ірі қозғалысқа түсуі, жаңа жерлердің ашылып, халықтар арасында байланыстың күшеюі, басып алу, бағыну шындықтары қазақ халқын да бұрынғы күйден қозғап, ізденіс жолына бағыттады. Осы жолда оның іздеп тапқаны орыс халқының кең қолтығы болатын. Осы бір тарихи құбылыстың заңдылығын жазушы «Үркерде» үлкен суреткерлікпен және ойшылдықпен бейнелеген. Үркер – маңдай алдыңнан туып, жолыңа нұр беріп тұрған, адастырмайтын жұлдыздар шоғыры. Ұзақ көшпелі өмірден қажыған, қашқылықты – пысқылықты тіршілікті көп кешкен, көп жауласқан қазақ та адаспайтын жолға шықты. Оның төбесінде Үркер жанып тұр. Үркердің қарсы алдынан туғанын қазақ қашан да жақсылыққа жорыған, халық бойын билеген ұміт оты осыған жетектейді. Ондағы бүкіл оқиға дамуы, әрекет, өмір құбылыстары – бәрі де негізі қаһарман Әбілқайырдың көзқарасымен байланысты дамиды, соның ой – елегінен өте көрсетіледі. Ал халықтық  образдың бірі – Тайлан батыр мен оның әкесі Мәті би.

Романдағы Мәті  — халық даналығының ерлігінің, азаматтығының үлгісі десе болады.

«Үркер» романы Әбілқайыр ханның Ресей патшасына елші жіберіп (1732 жылы) енді өзінің нар тәуекелге бел буған, не бағына, не сорына айналар сол бір тіршілігінің не бүк, не шік хабарын сарыла күтіп, екі көзі төрт болып, бал ашып, үміті мен күдігі аралас күпті ойға шомған сәті.

«Үркер» романының «Тығырық»  бөлімінен үзінді «Кездесу» (инцинировка)

Мәтінің рөлінде                   Алдабергенов Нұрасыл

Әбілқайыр сұлтан               Баспаулиев Жәнібек

Пәтшайым                           Жетіс Ақбаян

  1. «Дүние ғапыл» кітабынан «Заманға айтпай маған айттың»:оқитын Наурызғалиева Нәзік
  2. «Құлақтан кіріп, бойды алар,

    Әсем ән мен тәтті күй.

  Көңілге түрлі ой салар

  Әнді сүйсең, менше сүй», — деп ендігі кезекті әнге береміз.

Әсет Бесеуов «Арман – ай» әнін  орындайтын «Бозторғай» атты балалар мен жасөспірімдер шығармашылығының лауреаты — Жетіс Ақбаян

  1. «Әке» оқитын – Әметов Есенәлі
  2. «Дүние ғапыл» кітабынан «Ақын» өлеңі оқитын –

    Тілеуғалиева Қамар

  1. Әбіш атамыз Қабиболла Сыдиықұлы айтқандай: «Ғасырда бір туар ғұлама, ол қазақ көркем әдебиетін әлемнің көгіне көтеріп, жаһанға қазақ әлемін жарқырата танытқан ұрпаққа үлгі боларлық ұлылық».

Әбіш Кекілбайұлы «Мен көгілдір аспанмын бұрынғы» оқитын Күреңтай Камила

  1. «Күй» повесінен үзінді «Құдірет таластыру» оқитын – Қойманова Ұлболсын
  2. Ұлықбек Есдәулет «Маңғыстау. Замандас».оқитын –

Смағұлов Айдын

  1. Рамазан Тайманов

«Қорқыт- қобыз» орындайтын – Жетіс Ақбаян

(Қол соғып қошеметтеп қарсы алайық)

  1. «Адамды тіріде тек бағалайық,

Ардақтап, апалайық, ағалайық,

Басты иіп, батыр дейік, биік дейік,

Жоқ болса ожданына тағар айып», — деп ақын жырлағандай ұлтымыздың ұлысы, қазақтың Аристотелі атанған Маңғыстаудың дарабозы Әбіш Кекілбайұлының шығармашылығына арналған Әбіштану үйірмесі мүшелерінің өнерін қошеметтеп, көңіл қойып тыңдағандарыңызға үлкен рахмет! Қош сау боп тұрыңыздар!  — Құрметтті,  ұстаздар мен қадірменді қонақтар.