“Жүзден жүйрік”

40

 

Тақырыбы: “Жүзден жүйрік”

Мақсаты: 1. Оқушылардың алған білімдерін тексере отырап, ақыл-ой өрісін жан-жақты дамыту.2.Оқушылардың ана тілін сүюге , адамгершілік қасиеттірін қалыптастыру, бабалардан қалған ұлағатты ғибрат сөздерді түсіндіріп, содан үлгі-өнеге алуға баулу.3.Білуге үйренуге деген қызығушылығын арттыру, жарысуға, жарыста жеңімпаз болуға ұмытылуын дамыта отырып, дарынды озық болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Ақыл —  ой зерделі ойыны

Әдісі :Ой қозғау

Тәсілі: сұрақ-жауап.

Көрнекіліктері :  Сөз жұмбақтар , жұмбақтар, суреттер,викториналық сұрақтар.

Пән аралық байланыс : Қазақ тілі, математика, ана тілі ,орыс тілі, әдеп, дүниетану пәндері.

Барысы : 1.Ұйымдастыру кезеңі

а) мұғалімнің кіріспе сөзі

ә) тақырыбы мен мақсатын хабарлау

б) көшбасшыларды сайлау

в) бағалау (балдық жүйе)

  1. Кіріспе бөлім
  2. Сайыс бағдарламасымен қатысатын оқушыларға таныстыру.
  3. Әділқазылар алқасын  сайлау және таныстыру.

Жоспары:

  1. Жүйрік болсаң озып көр
  2. Тапқыр болсаң,тауып көр
  3. Жеті жұрттың тілін біл (орыс тілге аудару)
  4. Әрі қысқа,әрі нұсқа
  5. Бәйге жарысы (топ басшылары жарысу)
  6. Сөз жұмбақ шешу

 

Психологиялық дайындық

  • Көз не үшін керек?
  • Жақсыларды көру үшін
  • Екі құлақ не үшін керек?
  • Ақыл – кеңес тыңдау үшін.
  • Екі қол не үшін керек?
  • Елге көмек беру үшін.
  • Екі  аяқ не үшін қажет?
  • Шетте жүрсең, Туған жерге жеті үшін. –

Мұғалім: Дұрыс балалар,  отыра қойыңдар. Олай болса мен сендердің құлақтарың, көздерің, қолдарың  мен аяқтарыңа саулық  тілеймін.

-Бүгін   сабақтың күнделікті сабақтан ерекше өтеді, сондықтан сабақты бастауға рұқсат етіңдер.

Мұғалім: Қазылар алқасымен таныстыру.

Ашық жарқын жүзді,

Әділқазылар біздің,

Таңдап баға беруге,

Шақырайық төрге – әділқазыларды сыйлайық.

Мұғалім:  — Балалар жарысқа дайыңсыңдар ма? –

  • Сәлеметсіздер құрметті оқушылар, әділқазылар  алқасы, қонақтар! Қазақстан болашағы – білімді ұрпағында, сондықтан «Жүзден жүйрік» ақыл ой зерделі ойынымызды бастайық!

Ал, келіңіздер, келіңіздер!

Біріңе-бірің еріңдер,

Біліміңді тексеріп,

Ойынға қатысып қөрініздер.

Бүгін біз осы уақытқа дейінгі алған білімізді көрсетіп, ән-күймен, өлеңдермен, мақал-мәтелдермен, өрнектеп, өнерімізді, білімізді ортаға салайық. Біліміздің артып, санамыздың өскенін ,сөз байлығымыздың молайғанын көрсетейік.

 

 

 

 

 

Топтарды таныстыру

1 топ – Сұңқарлар

2 топ —  Тұлпарлар

Ұраны: Тұлпарлар

Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ

Ұраны:  Сұңқарлар

Инемен құдық қазғандай

Мұғалім:

Бәйгіге түсіп  жарыспай

Жүйріктің бағы жана ма?

Білім мен өнер жарысып,

Тәрбие, тәлім табар мән

Бұл бәйге ойдың бәйгесі

Кім жүйрік ойға, сол олда – дегендей ойын «жарыс» түрінде өтеді.

Мұғалім: Білімдіден шыққан сөз,

Талаптыға болсын кез.

1.Жүйрік болсаң озып көр- тор көздегі сұрақтарға  балдық жүйеде таңдап,  жауап беру.

60  – Балаларды оқуға шақырған Ы. Алтынсарин  өлеңі қалай басталады?  (Бір Аллаға сиынып)

50 – Ғылым таппай мақтанба өлеңінің авторы? (Абай)

40-Ел басқару саласындағы ең жоғары  лауазымды тұлға?( президент)

30-  Көкжиек тұстарын анықтайтын арнаулы құрал қалай -деп  аталады? (компос)

30-Ақан серінің тұлпарының аты? ( Кұлагер)

20- 7 күн ( 1 апта)

20 – Қазастанның ұлттық аспабында орындалатынған әуен? (күй)

10-16 желтоқсан  қандай күн ?  (Тәуелсіздік күні)

10 – Балалны тәй-тәй бастырып күрмеу жібін шешетін кезең? ( Тұсау кесер)

  • Тапқыр болсаң,тауып көр ( мақалдың жалғасын табу)
  1. Білекті бірді жығады, (білімді мыңды жығады).

2.Әдепті бала –( арлы бала)

Әдепсіз бала –( сорлы бала)

3.Қына тасқа бітеді, (білім басқа бітеді)

 

  1. Еңбектің наны тәтті, (жалқаудың жаны тәтті).
  2. Арпа,бидай-ас екен, (алтын-күміс тас екен) 6. Жақсыдан үйрен, (жаманнан жирен).
  3. Жеті жұрттың тілін біл

Шарты: Бұл бөлімде жасырылған жұмбақтың дұрыс жауабын табу

және оны қазақ және орыс тілінде айту керек.

1.Бұлаңдаған құйрығы,

Бір алдарлық қулығы.                (Түлкі-лиса).

  1. Өзі кірді ашады,

Суға салса қашады.                 (Сабын –мыло).

  1. Сағат сайын қағылады,

Тек мектептен табылады.       (Қоңырау-звонок).

  1. Жаздай інге тығылып,

Жатқан қызыл түлкіні

Құйрығынан суырып ,

Әкелді әкем бір күні.              (Сәбіз- морковь).

  1. Әрі қысқа,әрі нұсқа

Шарты:Берілген сөз тіркестерінің мағынасын мейлінше бір сөзбен қысқаша айту.

  1. Төбе шашы тік тұрды. ( Қорықты).

2.Қолды болды.                 (Ұрланды).

  1. Жүрек жұтқан. ( Батыр).
  2. Қоян жүрек. ( Қорқақ).
  3. Бетінен оты шықты. ( Ұялды).

6.Көзі ілінбеді.                  ( Ұйықтамады).

7.Беті бүлк етпеді.             ( Ұялмады).

8.Тісінен шығармау.        ( Айтпау).

 

 

  1. Бәйге жарысы

Шарты: 1)лездік сұрақтары «Сұңқар топ басшысына»

1.Қ.Р  Қысқы Азия ойындары қай қалада өтті?         (Алматы,Астана).

2.Жылдан құр қалған жануар?                       (Түйе)

3.Басты байлық не?                                           (Денсаулық)

4.Түн ұйқысын төрт бөлген кім?                        (Ана).

  1. Орман дәрігері? (Тоқылдақ).

6.Жырды орындаушы қалай аталады?             (Жыршы).

  1. Сөйлем неден құралады? (Сөздерден).

8.Әр адамның шағын Отаны?                           (Отбасы).

  1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тілі (қазақ тілі)

10.Бір сағатта неше минут бар?             (  60 минут )

2)  Лездік сұрақтары «Тұлпар топ басшысына»

1.Әліппенің атасы кім?                                     ( Ыбырай).

  1. Жыл басы не? ( Тышқан).
  2. Су анасы не? ( Бұлақ).

4.Анаңның бауырлары саған кім болады?      ( Нағашы).

  1. Аңшының құсы ( Бүркіт)

6.Әнді орындаушы қалай аталады?                ( Әнші).

  1. Хабарлы сөйлемнің соңына қандай тыныс белгісі

Қойылады?                                                      ( Нүкте)

8.Ауырсаң кім емдейді?                           (Дәрігер)

  1. Тәуелсіздігімізге қанша жыл толып отыр? (20 жыл)
  2. Сенің Отаның қалай аталады? (Қазақстан)

 

 

 

 

  1. «Кім тапқыр» Сөз жұмбақтар шешу.

“ТҰЛПАР” ТОБЫ

  1. Түйенің баласы
  2. Тамақтың дәмін келтіреді
  3. Үй құстарының бірі
  4. Тәтті жеміс
  5. Балық аулайтын құрал

«СҰҢҚАР» ТОБЫ

  1. Нөлден кейінгі сан
  2. Қозының анасы.
  3. Мемлекеттік рәміздердің бірі
  4. Қасиетті тағам.

Жайнатып жанымызды

Келтіріп  сәнімізді,

Арнайық бас қосқанда,

Жаңа ғасыр 20 жылдыққа әнімізді -деп Санжардың «Жаса Қазақстан» әнін тыңдайық.

Әділқазылар қортынды шығару.

Қазылар орнықтырар әділдікті

Кімдердің жауаптары кәміл шықты

Біліммен тапқырлықты

Жеңіске жетер дейміз  нағыз мықты –деп әділқазыларға сөз береміз.

Марапаттау, сыйлық беру.

М: Құрметті оқушылар біздің бүгінгі  ақыл – ой зерделі ойынымыз аяқталады. «Бүгінгі білім-ертеңгі байлығымыз». Бізді Бәрімізді біріктіріп, басымызды қосқан мектебімізге, ауылымызға мың да бір рахмет! Тәуелсіздігіміз құтты болсын! Қош болыңыздар! Кездескенше! 21 ғасыр –білім ғасыры. Өткенімізіді білетін, бүгінді түсінетін , ертеңімізге сенетін қарапайым азамат болыңдар! Биылғы жыл – тәуелсіздігіміздің 20жылдығы жылы.