«Ата көген оқ жонар» сайысы

52

 

«Ата көген оқ жонар» сайысы

Ата бабамыз ұлды өздеріндей еңбек сүйгіш,малсақ,жауынгер,әнші,күйші,аңшы,құсбегі-бесаспап азамат етіп тәрбиелеуді мақсат еткен.Жігіттің бойына өнер мен еңбекті,ізгі адамгершілік қасиеттерді қатар сіңірген.Ер баланы он жасынан бастап ат жалын тартып азамат болғанға дейін мал бағу мен аң аулауға,отын шабуға,қора салуға,ағаштан,теріден,темірдентүрлі тұрмысқа қажетті бұйымдар жасауға,яғғни қолөнер шеберлігіне баулыған.

Қонақ күту,үлкенге иіліп сәлем беру,ән айтқызу,домбыра тартып күй шерткізу,өлең-жыр жаттату,жаңылтпаш-жұмбақ үйрету немесе теңге алу,жамбы ату,аударыспақ,сайыс,көкпар,күрес сияқты ұлт ойындарын үйрету тәрбиеніңбастышарты болып есептелінген.

Өнегелі,өнерлі, «сегіз қырлы,бір сырлы»,намысқор азамат тәрбиелеу аталар арманы болған.Ал аталар жолын қуып,өнері мен өнегелі ісін жалғастыру жастарға да үлкен сын болып саналған.Міне осындай ұлттың,елдің  намысын,отанын қорғаған қазақ жігіттері сонау екінші дүниежүзілік  соғыста ерлік көрсетіп жеңіске жетті.Міне осы жеңіске де биыл 65 жыл толып отыр.Елін,жерін,отанын қорғайтын дәстүрімізді жалғайтын қазағымыздың жігіттері бар болсын деп

«Ата көрген оқ жонар» атты ер жігіттер сайысын бастауға

рұқсат етіңіздер!

Береке де осында,

Мереке де осында.

Болып жатыр той-думан

Қырандардың қосында.

Асқақтаған ән дайын,

Күмбірлеген күй дайын.

Ал, кәнекей, қырандар!

Босқа қарап тұрмаңдар!

Бастап жігіт өнерін,

алыстарға самғаңдар!

Ал,құрметті көрермен қауым,жігіттерімізді ортаға шақырмас бұрын,біз қазылар алқасымен таныстырып өтейік:

1.Лицей директоры: Елеусіз Биманұлы

2.Директордың өндірістік оқу жұмыстары жөніндегі орынбасары: Болат Әбенұлы

3.Лицей директорының ғылыми әдістемелік жұмыстары жөніндегіорынбасары: Асылбек Амангелдіұлы

4.Лицейіміздің кәсіподақ ұйымының төрайымы: Зейнеп Кітабияқызы

5.Лицейіміздегі әйелдер кеңесінің мүшесі: Әсем Көбейсінқызы

 

Ән бастайық,өнермен

Өлең өрнек дегенмен

Бастайық «Жігіт сұлтанын»

Қадырменді көрермен

Құрметті көрермен қауым! Енді сайысқа түсетін жігіттерді қол  шапалақтап, қошаметтеп ортаға шақырайық.

  1. Байтілесов Рақымғали-өнд.оқу шебері
  2. Тілеуқабылов Қуат- өнд.оқу шебері
  3. Жүсіпов Бағдат- өнд.оқу шебері
  4. Таңжанов Ануар- өнд.оқу шебері
  5. Әбсұлтанов Мұрат-оқытушы
  6. Байсақалов Бауыржан- өнд.оқу шебері
  7. Нұрымбетов Ә-
  8. Райымбердиев Мирамбек-oқытушы
  9. Артықбаев Райымбек- өнд.оқу шебері

Сайысқа қатысушы жігіттер көпшілікпен сәлемдесіп, өздерін таныстырады. Жігіт сұлтанының бойында қандай қасиеттер болуы керек деп ойлайсың деген сұраққа жауап береді.

І.Таныстыру

ІІ.Өз өнерінкөрсету

Қыран-бүркіт көтерер ердің нарқын,

Қыран жігіт асырар елдің даңқын!-

демекші, енді жігіттерміздің өнерін тамашалайық.

Әділ қазылар алқасы жігіттердің ұпайын шығарғанша кезекті әнге берейік.

 

ІІІ.Сұрмерген

Әділ қазылар алқасы жігіттердің ұпайын шығарғанша кезекті әнге берейік.

 

IV.Салт-дәстүр

Ей жігіттер!

Сендерге артар міндет көп.

Көтер биік ата салтын құрметтеп

Ақтай білсең ата-баба үмітін

Әрбір сөзі – тәлімі мол бір мектеп.

 

Сұрақтар:   Нөмірленген асықтардағы сұрақтарға жауап беру.

№1 асық.   Мал жіліктерінің атауын айт.

І. Қол жіліктері:  6

  1. Кәрі жілік – 2
  2. Күң жілік – 2
  3. Жауырын – 2

ІІ. Сан жіліктері: 6

  1. Асықты жілік – 2
  2. Тоқпан жілік – 2
  3. Жамбас – 2

 

№2 асық.   Қонаққа ет тарту рәсімі қалай?

  1. Құда табақ: бас, жамбас
  2. Күйеу табақ: төс т.б.

 

№3 асық.   Төрт түлік мал пірінің  аталуы қалай?

  1. Түйе – Ойсылқара
  2. Жылқы – Қамбар ата
  3. Қой – Шопан ата
  4. Ешкі – Шек-Шек ата
  5. Сиыр – Зеңгі баба

 

№4 асық.  Қазақша ай аттарының аталуын  айту керек.

  1. Қаңтар 7. Шілде
  2. Ақпан 8. Тамыз
  3. Наурыз 9. Қыркүйек
  4. Сәуір 10. Қазан
  5. Мамыр 11. Қараша
  6. Маусым 12. Желтоқсан

 

№5 асық.  Төрт түлік мал төлдерінің аталуы қандай?

І. Жылқы — құлын

ІІ. Сиыр — бұзау

ІІІ. Қой – қозы

ІҮ. Ешкі – лақ

 

№6 асық.               Жыртқыш құстардың атын ата.

Бүркіт, лашын, қыран, қырғи.

 

№7 асық.   Қазақ халқының салт-дәстүр,

той-томалақтарын  атап шық, біреуін түсіндір.

Бесікке салу, қырқынан шығару, тұсау кесер, сүндетке отырғызу, беташар, көкпар, той бастар.

 

№8 асық.  Аттың ер-тұмандарына нелер жатады?

Жүген, ішкілік, тоқым, ер, үзеңгі, аткөрпе, тартпа, қамшы.

 

Әділ қазылар алқасы жігіттердің ұпайын шығарғанша кезекті әнге берейік.

 

V.Мақал-мәтел сайысы

Әділ қазылар алқасы жігіттердің ұпайын шығарғанша кезекті әнге берейік.

 

VI.Қол өнер

Жігіттер, жаман істі кәсіп етпе

Досыңды бірге жүрген басып өтпе,

Басыңа әлдеқандай іс түскенде.

Келесі кезекті тағы да әнге берейік.

(Ән орындалады)

Әділ қазылар алқасы жігіттердің ұпайын шығарғанша кезекті әнге берейік.

 

VII.Гир көтеру

Ат өнері білінбес,

Бәйгеге түсіп жарыспай.

Ер өнері білінбес,

Қоян қолтық алыспай, —  демекші, енді жігіттеріміздің спорттық жарыстардағы өнерлерін көрейік.

Әділ қазылар алқасы жігіттердің ұпайын шығарғанша кезекті әнге берейік.

 

VIII.Ситуациялық сұрақтар

Жылдар-жылдар тарихтың мол беттері,

Сен әкелген жақсылықтар көп тегі.

Көңіліңді шат сезімге баурайды,

Халқымыздың бүгіні мен өткені.

(Тарихи тұлғалар, ескі ұғымдар туралы сұрақтарға жауап беру)  ]

Сұрақтар: Асықтар арқылы жауап береді.

№1 асық.   Қазақ халқының тарихында қандай хандар, батырлар, билер, шешендер өткен?

Хандар:       Абылай, Әбілхайыр, Тәуке, Жәңгір т.б.

Батырлар:  Сыпатай, Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай т.б.

Шешендер:  Жиренше, Бөлтірік т.б.

Билер:         Қаз дауысты Қазыбек, Төле би, Әйтеке би т.б.

№2 асық.   Үш ұғым туралы сұрақтар

  1. Үш жүз:  Ұлы, Орта, Кіші
  2. Үш арсыз: Ұйқы, тамақ, күлкі
  3. Үш даусыз: Мінез, кәрілік, ажал

№3 асық.   Жеті атаны талдап беру.

Ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене.

№4 асық.   5 асыл мен 5 дұшпанды ата.

Бес асыл мыналар: талап, еңбек, терең ой,

қанағат ету, рақым жасау.

Бес дұшпан мыналар: өсек, өтірік, мақтаншақ,

еріншек,  бекер мал шашпақ.

№5 асық.  Ұлттық ойындардың түрлерін атап шық.

Ақсүйек, асау үйрету, арқан тарту, тымпи,

сақина салу т.б.

 

Әділ қазылар алқасы жігіттердің ұпайын шығарғанша кезекті әнге берейік.

 

IX.Қорытынды

Жүргізуші: “Жеті атасын білмеген жетесіз” – деп халқымыз айтпақшы, кешіміздің соңында біздің қыран жігіттеріміз өздерінің жеті аталарын атап, дастарханымызға бата берсін!