Адамзат болашағы

522

Тақырыбы:  Адамзат болашағы

 

Болашақты болжау, не оны білуге тырысу адам баласының ежелгі арманы. Ертеңгі күнім қандай, мені не күтіп тұр деп ойламайтын адам дүниеде жоқ. Табиғаттың, қоғамның заңдылықтарын түсінбеген кезде, адамдар әр нәрсеге сыйынуға мәжбүр болады. Осыдан кейін Айдың не Күннің тұтылуын, Жердің сілкінуін әлі болмаған, бірақ төніп келе жатқан қолайсыз жағдайлардың, қауіп-қатерлердің, қырғын-соғыс, не елге келетін оба ауруларының нышаны деп білген. Мұндай жағдайларда қазақтар тасаттық беріп, садақа жасап жататын. Ондай қиын кезеңдерде түрлі құмалақшылар, астрологтар не «көріпкелдер» көбейеді.

Діншілдер келешекте «ақыр заман» болады, о дүние  алдында адамдардың атқарған істері таразыға салынып, күнәсі көптер тамұққа, күнәсі жоқтар жұмаққа барады деп уағыз айтады.

Әлеуметтанушылар жақын уақытты болжап, үкіметке кім келеді, оның саясаты қандай болмақ деген сұрауларға елдің пікірін аулап, болжам айтады, кейде сол болжам арқылы елді өзінің болжамына қарай икемдеп, итермелейді.

Ал, алыс болашақты болжау үшін футурология (болашақ, сөз, ілім) қолданылады. Қазіргі ғылымда болашақты болжаудың бірнеше әдістері қолданылуда.

Оған жататындар экстраполяция (латынша-extra- сырттай, poli- өзгерту, бастау). Экстраполяция – бір нәрсенің құбылысына қарап басқа нәрсені болжау, оның келешегін, даму жолын кесіп айту.  Бұл әдіс көбіне талдауда, диагноз жасауда қолданылады. Мысалы, біз тәуелсіз мемлекет болып, даму жолын таңдағанда осы әдісті пайдаланып, әртүрлі экономикалық модельдерді салыстырдық. Дәл осы әдіске жақын тұрған тарихи аналогия әдісі.

Тарихи аналогия – грек тілінен – сәйкестік, ұқсастық деген сөздерден алынған. Бұл әдіс бойынша белгілі бір зерттелген, әбден анықталған құбылыстардың қасиетін, ұқсастығын негізге ала отырып, басқа зерттелмеген құбылыстарды болжайды.

Компьютерлік модельдеу— объектіні белгілі үлгіге түсіріп, сол үлгіні зерттеу арқылы болар істі түсіну. Модель (француз және латын тілінен аударғанда өлшем, үлгі, мөлшер деген ұғымдардан туындаған) белгілі әлеуметтік арнайы жасалған құбылыстар. Осы айтылған ғылыми әдістердің бәрінің басын біріктіретін жаңа әдіс ғылыми прогностика дүниеге келді. Оның ілгері дамуына электрондық есептеу техникасын қолданудың маңызы өте зор. Бұл техника шұғыл мерзім  шығарып, даму бағытын пайымдайды, қажетті тұжырым жасайды.

Болашақта адамзат өркениетінің дамуы қандай болмасын, мейлі ол ғарыштық дәуір, компьютерлік немесе ақпараттық және т.б.болсын, мұның бәрі адам үшін, адамның игілігі үшін жасалып жатқандығын ескеруіміз қажет.

  1. Қазір бүкіл адамзат алдында бұрын болмаған ауқымды, бүкіләлемдік мәселелер қойылуда. Олардың ішінде бейбітшілік пен қарусыздану, қоғамдық және әлеуметтік даму, кейбір мемлекет пен аймақтардың артта қалуын жою, ғылыми-техникалық алға басу, халық ағарту және мәдениет проблемалары, халық санының өсуі, денсаулық сақтау, адамның жаңа биологиялық, әлеуметтік жағдайларға үйренуі, қор мен энергетика, азық-түлік пен табиғат және т.б. күрделі мәселелер бар.

Осы мәселелердің бәрі адамзаттың қазіргі жағдайына, болашағына зор әсер етуде.

Адамгершіліктің кейбір бастауларын қарастырайық.

Қайырымдылық (ізгілік) және оның антиподы зұлымдық: қайырымдылық ұғымы адамдардың жалпы мүдделерін, болашаққа деген үмітін, талап-тілектерін білдіреді; зұлымдық керісінше, өмірге кедергі жасап, оны жоюға тырысады.

«Бақыт» -ол, біріншіден, қайғысыз, жоқшылықсыз, ауру-сырқаусыз, бәле-жаласыз өмірді білдіретін игілікті береке; екіншіден, қажеттіліктерді қанағаттандыру; қанағат, ырзашылық; қуаныш.