«Мен және менің анам»

73

Сабақтың тақырыбы: «Мен және менің анам»

Сабақтың мақсаты: Ұлттық салт-дәстүрлерді сақтау, отбасы тәжірибесін насихаттау.Ата-аналардың мектеппен тұрақты қарым-қатынасын қалыптастыру, отбасы тарихын және отбасы дәстүріне деген қызығушылықтарын дамыту.

Көрнекілігі: „Қыз-елдің көркі» (ұлттық киімді қыздардың суреттері), „Өнер таусылмас азық»(қолөнер түрлерінің фотосуреттері), мақал-мәтелдер, қанатты сөздер.

Сабақтың көрнекілігі:    Нақыл сөздер             

Сабақтың барысы:

Мұғалім сөзі:

Ана-өмір қолдаушысы әлемнің

Шаңырақтың шаттығы мен шуағы

Сейілмесін жанарынан ананың

Тіршілікке төккен нұрлы шуағы

Аялайық аналарды әрдайым

Қуанышқа бөлейікші өздерін

Әжелердің,аналардың,қыздардың

Мұң шалмасын күлім қаққан көздерін

Ана- барлық өмірдің бастауы Ол адамды өмірге әкеледі, оны тәрбиелейді,өсіреді. Адам бойындағы барлық асыл қасиет күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен дариды. Ана -ұлы адам ,Ана-құдіретті жан ,ендеше бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын,

Аяулы аналар!!!

1-жүргізуші. Қайырлы күн, құрметті көрермендер!

2-жүргізуші. Бүгінгі „Мен және менің анам» атты қыз сыны сайысына қош келдіңіздер!

1-жүргізуші

Жанұямыз-сәніміз,
Отбасымыз-әніміз.
Біз бастадық сайысты,
Қош келіпсіз бәріңіз!

Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар, жарысқа қатысушы жанұялар және олардың жан-күйерлері, бүгінгі мектебімізде өткелі отырған “Мен және менің анашым” атты сайысқа қош келдіңіздер!

2-жүргізуші

Асыл іс көп халықта,
Іле жүрсең құлаққа.
Ізденген жетер мұратқа,
Ізденуден жалықпа – демекші, ортаға бүгінгі сайысқа қатысушы жанұяларды шақырамыз.

1-жүргізуші

Ақ көңілмен, ниетпен,
Әділ баға берсін деп,
Шаршамай еш жалықпай,
Айтқанына көндік деп,
Әділқазы алқасын сайлап алған жөн болар

Мұғалім әділқазылар  алқасымен таныстырады.

2-жүргізуші

Сайыстың шарттарымен таныстырып өтейік.

  1. Таныстыру
  2. Шебер қолдар
  3. Сұрақ — жауап
  4. Салт- дәстүр көрсету
  5. Ептілер
  6. Өнер көрсету

1-жүргізуші

Көп сөйлеп жөн- жобадан аспайық біз,
Қандай сайыс болса да, қашпайық біз.
Ал, енді, халқым, рұқсат етсеңіздер.
“Мен және менің анам” сайысын бастайық біз.

2-жүргізуші

Жалын болып жанайық,
Әсем әнге салайық.
Сайыскерлер күтіп тұр
Соларменен бір танысып алайық!-
деп, сайысымыздың  бірінші бөлімін бастайық.

1-Бөлім  Әр отбасы өздерін таныстырады.

Әділқазылар алқасы бағаларын берсін

2-бөлім

1-жүргізуші.

Сымбатына сән киім жарасатын,

Аспандағы айменен таласатын.

Өнеріне сәні сай келіп тұрған,

Аруларға қызығып қарасын деп,-келесі сайысымыз-

(  Шығармашылық қолөнер сайысы. )

3-бөлім

Сұрақ-жауап

4-бөлім

2-жүргізуші.

Әдет-ғұрып, салт –дәстүрі қазақтың,

Жарасымды үйлесімді ғажап шын.

Ұмыт болған дәстүрлерді сақтайық,

Насихаттап, жаңартудан қашпайық..

(Салт дәстүр көрсету)

5-бөлім

1-жүргізуші

Күміс белбеу белімде

Жалт- жұлт етеді көрдің бе?

Тең келмейсің менімен

Түсіңдер менің соңыма

Келесі сайысымыз «Ептілер » сайысы

Мұғалім : (бір ыдыстағы суды екінші ыдысқа төкпей құюы керек)

6-бөлім

2-жүргізуші

Ал, кімнің өнері бар қаншалықты,

Би билеп, ал біреуі , ән салыпты.

Бүгінгі қыз сынында бәйге алуға,

Арулар оянбай-ақ жан салыпты.

Ендігі тамашалайтындарыңыз өнер сайысы.

1-жүргізуші

Өнер-білім серігің, адам-атың,
Болашаққа сеніммен бара алатын.
Осыменен сайыс та тәмам болды,
Бәрің аман болыңдар, жамағатым!

Әділқазы алқасы аруларымыздың ұпайларын есептегенше өнерпаздардың өнерін тамашалайық.

Хор : Құттықтаймын мама

Ұлдарымыздың әдеби монтажы

Би

Ән