«Соңғы қоңырау» салтанаты

89

«Соңғы қоңырау» салтанаты

 

( «С. Бекбосынов атындағы орта мектебінде» өткен мектеп бітірушілердің «Соңғы қоңырау» салтанатын алғашқы ұстаз-Әмірханова Атлас Медеуқызы мен сынып жетекшісі-Арай Самжанқызы жүргізді.)

 

  1. /Алғы сөз/

 Атлас мұғалім: Менің Қазақстаным! Туған жерім! Алтын ұя мектебім! Сен бізге күш-жігер, қайрат, сенім беріп отырасың! Сенің бауырыңда талай ұлттың баласы ер жетіп, өзіңнің жүрек жылуың мен мейіріміңді сезінеді. Балапандай баптап,ұядан қияға өз қолыңмен мыңдаған ұлдарың мен қыздарыңды биіккке самғаттың!

 

 Арай мұғалім: Қайырлы күн құрметті қонақтар, ата-аналар, ұстаздар және оқушылар!

Бүгін мектеп табалдырығын «тарыдай болып аттап, таудау болып» түлеп ұшқалы отырған, мектеп түлектері мен қаншама білім нәрін сусындатқан ардақты ұстаздарымыздың ұлы мерекесі!

 

Атлас:

Бұл мереке – дүрліктірген ел ішін,

Бұл мереке — жас түлектер  сен үшін.

Кең болсыншы қанат жаяр кеңісің,

Көрсін ұстаздар еңбегінің жемісін.

 

Арай:

Жас жүректің өмірлік құштары-гүл,

Бағбан-ұстаз баулыған құстары бұл.

Қоштасып бүгінгі күн ұясынан,

Сол құстардың бір тобы ұшқалы тұр!

Алдарыңызда,  2011 жылдың, мектеп бітіруші, жас түлектері, қарсы алыңыздар!

  1. /Оқушыларды шақыру/

 

Атлас:

  1. Тірлігіңді тербетеді сан арман,

Көңіл-айдын ақ тілекпен тазарған.

Ақыл-ойдың жетегіне жете бер,

Елбасымен аттас біздің Нұрсұлтан!

(Әпіш Нұрсұлтан)

 

Арай:

  1. «Алтын белгі» үміткері Жұлдызым,

Биік болсын әрқашанда жұлдызың.

Ақ тілеумен тек сәттілік тілеймін,

Үлгі болып, соңыңнан ерт ауылдың барлық ұл-қызын.

Әр істе де сан қырыңмен танылдың,

Әрбір кеште жүргізуші, биші болып алындың.

«Білім министрі» және жүлдегер,

Математикадай ірі пәннің көтеріп барлық ауырын.

(Бейбітханқызы Жұлдыз)

 

Атлас:

  1. Нәзік те әсем қимылмен,

Балауса, балғын тілменен.

Терең ойды жеткізген,

Ботагөз сұлу бименен.

Қуантып қайт біздерді,

ҰБТ-да жүлдемен.

Шәкіртім деп мақтанып,

Айтайын сонда елге мен.

(Берікболқызы Ботагөз)

 

Арай:

  1. Жаттап өскен жырларын алыптардың,

Қуат алып, сол жырлардан талаптанды.

Поэзия әлеміне қанат сермеп-Ботагөз,

Балапандай қияға талаптанды.

(Досымханова Ботагөз)

 

Атлас:

  1. Жүлделері аз емес Мақпалдың да,

Жеңімпазы олимпиада, сайыстың да.

Ақтайды деп сенеміз-біліміне,

Сенімін ата – ана мен ұстаздың да!

(Ебін Мақпал)

 

Арай:

  1. Біртоға мінезімен бізге жаққан,

Үн-түнсіз сабағына ынта қойған.

Мадинадай талапты оқушымыз,

Орындалсын мақсатың алға қойған.

(Жаппарова Мадина)

 

Атлас:

  1. Жымиып күлген күлкісі,

Жүрісі мен тұрысы.

Өзіне тартып ортасын,

Жарасымды қылығы.

ҰБТ-да балл жинап,

Ақталсын ұстаз үміті.

«Тәртіп министрі» болған Серік

Болсын маман білікті.

(Қасымов Серік)

 

 

 

 

Арай:

  1. Ата-ананың тұңғышы үміт күтер,

Ашық мінез, жайдары, күліп жүрер.

Үлгілі оқушының қатарында,

Ерке қызымыз бар, ол-Дана

(Құрманғалиева Дана)

 

Атлас:

  1. Талапты қыз – сыныпта Мөлдіріміз,

Бағалаймыз оның білімін біз.

Жақсы ұпай жинап сынақтан,

Оқуға түс, біздің ақ тілегіміз.

(Мусина Мөлдір)

 

Арай:

  1. Айдостың да орны бөлек сыныпта,

Талапты, еңбекшіл ол сабақта.

Талабыңа нұр жаусын деп тілейміз,

Студент боп, жеңіске жет сынақта.

(Сәкенұлы Айдос)

 

Атлас:

  1. Өнер десе ішкен асын қоятын,

Ұстаздардың көңілі әбден толатын.

«Алтын белгі» үміткері Айжаным

ҰБТ-да күнің тусын, жұлдыздайын жанатын.

(Сембаева Айжан)

 

Арай:

  1. Ақырын жүріп Ақбота,

Барлық істі тындырад.

Жеңіп ал деп тілейміз,

Оқуда жақсы бір грант.

(Серікханқызы Ақбота)

 

Атлас:

  1. Сан қырымен үлгі болар баршаға,

Мектебімнің Президенті мақтаным.

Жүргізуші, суретші, әрі спортшы,

Әнші, биші, сегіз қырлы Асқарым.

Артық сөзге ешуақытта баспаған,

Көкірек керіп, құр мақтанып таспаған.

Ауыз тола мақтан етем мен бүгін,

Биіктерден сүрінбей өт, Асқарым.

(Советжанов Асқар)

 

Арай:

  1. Сахнаның төрінде,

Әнімен жұртты баураған.

Ермегім ол бір төбе,

Сенімді әркез ақтаған.

(Тілеубеков Ермек)

 

  1. / «Жас түлек» туын көтеру/

 

Атлас:

Ұрпақсыз мына өмірде кім түледі?

Жақсы ұрпақ-еліміздің шын тірегі.

«Жас түлек» туын көтеруге шықсын қане,

Сыныптың маңдай алды түлектері.

 

Арай:

Биылғы жылы мектебімізде, «Алтын белгіге»-2 оқушы мен «Үздік аттестатқа»-1 оқушы ұсынылуда. Олар, 11 жыл бойы, өз білімдерін тек биіктен көрсете білді. Сондықтан осы 3 оқушыға «Жас түлек» туын көтеру құрметі беріледі. Әр жыл сайын мектебімізден осындай белгілерге үміткер оқушылар ұшып шыға берсін, ақ жол сізге жас түлек деп, ортаға Жұлдыз, Айжан, Мақпалды шақырамыз.

 

  1. /Құттықтау сөз: Жұлдыз, Айжан, Мақпал; мектепке сыйлық беру/

 

Жұлдыз: Құрметті бүгінгі соңғы қоңырау салтанатына жиналған қадірлі ұстаздарымыз!

 

Айжан: Ата-аналарымыз!

 

Мақпал: Сыныптас достарымыз!

 

Ж:  Міне, біз бүгін « тарыдай болып кіріп, таудай болып шыққан» алтын ұя мектебімізбен,

 

А:  бізді 11 жыл оқытып, білім нәрін сіңірген, аяулы да, ардақты ұстаздарымызбен,

 

М: Құлын-тайдай тебіскен, бірге оқыған достарымызбен қоштасқалы отырмыз.

 

Ж:  Енді біздің құлағымызға күмбірлеген күміс қоңыраудың үні естілмейді,

 

А:  Енді біз, ең қызықты сәттерімізді өткізген мынау- мектеп ауласында жарыса жүгіріп, сынып парталарына таласа-тармаса отырмаймыз.

 

М: Енді біз, 11 жыл бойы «еркелігіміз бен тентектігімізді» көтерген ұстаздарымыздың сабақтарында отырмаймыз, тақтаға шығып сабақ айтпаймыз.

 

Ж:  Біз осы мектептен тәлім-тәрбие ала жүріп, болашағымыздың іргетасын қаладық. Дәл қазір сол күндерге деген қимастық сезімді бастан өткеріп мұңайсақ та, ертеңгі келешегімізді ойлап, жүрегіміз лүпіл қағып тұр.

 

А:  Сыныптас достар! Барлығымыз күш- жігерімізді аянбай салып, білімнің шыңына шығуға, Ұстаздарымыз бен ата-аналарымыздың  сенімін ақтауға тырысып,  мектебіміздің  мерейін көтеріп, мақтанышы болайық!

 

М: Бізге алғаш рет әліппені ұстатып, әріптерді танытқан, алғашқы ұстазымыз-Атлас Медеуқызына;

 

Ж:  Және біз десе ішкен асын жерге қоятын жанашыр жетекшіміз-Арай Самжанқызына;

 

А:  Осы уақытқа дейін білім мен тәрбие беріп, үлкен өмір жолына дайындаған қымбатты ұстаздар қауымына, ата-аналарымызға  үлкен алғысымызды білдіреміз!

 

М:  Білесің бе, уақыттың зулайтынын,

 

Ж:  Уақыт шіркін, бір орнында тұрмайтынын,

 

А: Он жыл бойы сіңірдік білім нәрін,

 

Бірге: Қош бол мектеп, аяулы ұстаздарым!

 

  1. /Ұстаздарды құттықтау: тақпақ айту/

 

  1. Тіл маманы-мектебімнің басшысы,

Сауаттылық, шешендікке талап қояд ол кісі.

Байбұлан ұстаз, өзіңіздей болса егер,

Шәкірттердің алға басар бар ісі! (Асқар)

 

  1. Тәрбие мен білім егіз қашанда,

Мықты тірек керек әрбір ұжымға.

Шәкірттерің мектеп атын шығарар,

Айман, Айжан апайларым сіз барда. (Ақбота)

 

  1. Білім басы басталар бастауыштан,

Әліппені оқытып, әріптерді танытқан.

Атластай алғашқы ұстазымды,

Құрметтейміз бас иіп, біз әрқашан! (Мөлдір)

 

  1. Бізбен бірге мұңайып, бізбен бірге қуанған,

География маманы, Арай апай ізгі жан.

Біз тілейміз ұстазым әрқашанда,

Алдыңыздан күліп атсын, аппақ таң! (Ермек)

 

 

  1. Математика-күрделі пән мектепте,

Ұстаздарым үйретеді еңбекпен.

Үміт, Бақыт, Теңдік атты апайлар,

«Рахмет» деп бас иеміз сіздерге! (Жұлдыз)

 

  1. Интернеттен ақпаратты қарайды,

Нұрпан мұғалім сайыстардан қалмайды.

Еңбегіңіз жана берсін әрқашан,

Сусындатып біліміңмен талайды! (Б. Ботагөз)

 

  1. Ана тілдің қасиетін үйреткен,

Сөз сөйлетіп, жыр жаттатып, мәнермен.

Гүлнәр, Жамбы ұстаздарым сіздерді,

Шығармайды шәкірттерің мәңгі естен! (Д. Ботагөз)

 

  1. Өміріме қажетті орыс тілі,

Көп тіл білу-артық емес бұл күні.

Нүргүл ұстаз әрқашан еңбектеніп,

Қиын тілдің үйретті қыр мен сырын. (Нүргүл)

 

  1. Ағылшын тілі-жаңа заман талабы,

Жадыра, Гүлнұр, апайлар, сол саланың маманы.

«Болашақты» жеңіп алған Айнұр апай сияқты,

Шет елден білім алу- әр баланың арманы. (Дана)

 

  1. Ізденімпаз мұғалім-Әсел апай,

Шәкіртері қалған емес жүлде алмай.

Ұстаздардың бәрі болса тек сіздей,

Жетістіктер біз алатын бар талай! (Асқар)

 

  1. Жаратылыстың сырын бізге ұқтырған,

Химия мен биология қызықты пән.

Гүлжан, Айнұр сіздерге де мың алғыс,

Элементтер қасиетін жаттатқан. (Мақпал)

 

  1. Оқушының сүйікті бір пәндері,

Сурет, еңбек, музыкалық өнері.

Меруерт, Сырым, Армангүлдей ұстаздар,

Шәкірттерің  сіздерге табыс тілейді! (Айдос)

 

 

  1. Шәкірт үшін әркез тыным таппаған,

Өнерліні өрге сүйреп баптаған.

«Қымбат мұғалім үйреткен» деп мен ертең,

Қайда жүрсем өнеріммен мақтанам! (Ермек)

 

  1. Шынықтырып денені,

Сау болсын деп деніміз.

Съезд, Алтай ағайлар,

Талап қоя біледі.

Жүгіру де, секіру,

Шаңғы тепкен күндерді.

Білім алған шәкірттер,

Әркез еске алады! (Нұрсұлтан)

 

  1. Мектебіме келді биыл жас маман,

Әскери ант, сап түзеуді жаттатқан.

Азаматқа жемісті еңбек тілейміз,

Ең алғашқы шәкірттердің атынан! (Серік)

 

  1. Бастауыштың мамандары-

Бақыт, Меңсұлу, Гуля, Әсел апайлар.

Жетістіктер толып жатыр,

Мақтан тұтып айта алар. (Мадина)

 

  1. Бала мінез, жаны жайсаң, адамдар,

Бүлдіршінге ең сүйікті апайлар,

Зияш, Шолпан, Жұмағайша, Жанат, Айнұрлар,

Шын жүректен ақ тілекті қабыл ал! (Айжан)

 

  1. Қара сөздің дауылы,

Құрмет еткен ауылы.

Сыйымызға риза бол,

Мұғалімдер қауымы! (Жұлдыз)

 

 

 

Атлас:

Ұшырса да өмірдің сан түлегін,

Ұстаз ғалым, толастамас мәңгі сын.

Тыншымайтын асыл жандар аяулы,

Тыңдаңыздар шәкірттердің сәлемін!

Жас түлектердің ұстаздар қауымына арнаған алғыс-сәлемін қабыл алыңыздар.

 

  1. /Хор «Ұстазым, менің»/

 

Арай:

Мұғалім, ғазиз мұғалім-

Сарқылмас мәңгі бұлағым.

Шәкірттерің тойыңда,

Арнайды саған бұл әнін.

 

  1. / «Жас түлек» лентасын тағу/

 

 

Атлас:

Ұстаздарым, неткен асыл жандарсың,

Тілегім сол, үміттерің ақталсын.

Жүздеріңді мұң шалмасын ешқашан,

Қызметіңе талай ұрпақ таңдансын.

 

Арай:

Жас ұрпақтардың қанатын қатайтып, біліммен сусындатуға өз үлесін қосып жүрген аяулы ұстаздарымызға «Жас түлек» лентасын тағу рәсімі беріледі.

 

Атлас:

  1. Бейбітханқызы Жұлдыз-оқу озаты, «Алтын белгіге» үміткер оқушы, «Білім министрі», математика пәні бойынша аудандық пәндік олимпиаданың жүлдегері, жүргізуші, әрі биші. Таңдау пәні-география. Жұлдызға «Жас түлек» лентасын тағу рәсімі математика пәнінің мұғалімі Шаянбаева Үміт ханымға беріледі.

 

Арай:

  1. Сембаева Айжан-оқу озаты, «Алтын белгіге» үміткер оқушы, күміс көмей әнші қызымыз. Орыс тілі пәні бойынша аудандық пәндік олимпиада жеңімпазы, аудандық «XXI ғасыр көшбасшысы» сайысының жүлдегері. Таңдау пәні-биология. Айжанға «Жас түлек» лентасын тағу рәсімі орыс тілі пәнінің мұғалімі Тілеубаева Нүргүл ханымға беріледі.

 

Атлас:

  1. Ебін Мақпал-оқу озаты, «Үздік аттестатқа» үміткер оқушы, «Денсаулық министрі», әнші, әрі биші. Химия пәні бойынша аудандық, аймақтық пәндік олимпиада жүлдегері. Таңдау пәні-химия. Мақпалға «Жас түлек» лентасын тағу химия пәнінің мұғалімі Ғабдуллина Айнұр ханымға беріледі.

 

Арай:

  1. Советжанов Асқар-оқу екпіндісі, Мектебіміздің Президенті, әнші, биші, жүргізуші, құқық пәні бойынша аудандық пәндік олимпиаданың жеңімпазы,осы пән бойынша облыстық олимпиадаға барып білімін сынап қайтты.Таңдау пәні-физика. «Жас түлек» лентасын тағу тарих пәнінің мұғалімі Жүнісова Әсел ханымға беріледі.

 

 

Атлас:

  1. Құрманғалиева Дана-оқу екпіндісі, биші, ең сүйікті пәні-ағылшын тілі. Сыныптағы ең белсенді, зерек, салауатты оқушылардың бірі. Аудандық пәндік олимпиадаға ағылшын тілі пәні бойынша қатысып қайтты.Таңдау пәні-биология. «Жас түлек» лентасын тағу ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Абишева Жадыра ханымға беріледі.

 

 

Арай:

  1. Серікханқызы Ақбота-оқу екпіндісі, сыныптағы ақырын жүріп, анық басатын, ең қамқор оқушысы, биология пәні бойынша ауданды пәндік олимпиада жүлдегері. Таңдау пәні-биология. «Жас түлек» лентасын тағу биология пәнінің мұғалімі Нығыметжанова Гүлжан ханымға беріледі.

 

Атлас:

  1. Жаппарова Мадина-оқу екпіндісі, сыныптағы ең кішіпейіл, тәртібі-үлгілі, жауапкершілігі мол оқушылардың бірі. Таңдау пәні-биология. «Жас түлек» лентасын тағу технология пәнінің мұғалімі Күмісхан Меруерт ханымға беріледі.

 

 

Арай:

  1. Берікболқызы Ботагөз-оқу екпіндісі, мың бұралған биші, аудандық пәндік олимпиаданың информатика пәні бойынша жүлдегері. Таңдау пәні-биология. Ботагөзге «Жас түлек» лентасын тағу рәсімі информатика пәнінің мұғалімі Әзімбаева Нұрпан ханымға беріледі.

 

Атлас:

  1. Мусина Мөлдір-сыныптағы ең шығармашыл оқушылардың бірі, өте қарапайым, әдеби шығармаларды сүйіп оқиды. Аудандық пәндік олимпиадаға қазақ тілі пәні бойынша қатысып, білімін сынап қайтты.Таңдау пәні-биология. «Жас түлек» лентасын тағу математика пәнінің мұғалімі Тлеубаева Бақыт ханымға беріледі.

 

 

Арай:

  1. Досымханова Ботагөз-«Баспасөз министрі», аудандық, аймақтық көркем сөз оқуларының жеңімпазы, анасының жанашыры. Таңдау пәні-биология.

«Жас түлек» лентасын тағу қазақ тілі пәнінің мұғалімі Абдуахитқызы Гүлнәр ханымға беріледі.

 

Атлас:

  1. Мектебіміздің «Спорт министрі», оқушылар арасында өткен футболдың, волейболдың ең үздік ойыншысы, ең салауатты оқушылардың бірі-Әпіш Нұрсұлтан. Таңдау пәні-биология. Нұрсұлтанға «Жас түлек» лентасын тағу рәсімі, мектебіміздің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Шаянбаев Алтай мырзаға беріледі.

 

Арай:

  1. Қасымов Серік-сыныптағы ең үлгілі, тәрбиелі оқушылардың бірі, әрі биші «Тәртіп министрі» Таңдау пәні-биология. «Жас түлек» лентасын тағу рәсімі «Ырғақ-би» отауының жетекшісі Төлепқазықызы Қымбатқа беріледі.

 

  1. Тілеубеков Ермек-сегіз қырлы, бір сырлы оқушы. Қоғамдық жұмыстардың барлығына атсалысып жүреді. Мектепте «Мәдениет министрі» қызметін абыроймен атқарды. Таңдау пәні-биология. «Жас түлек» лентасын тағу музыка пәнінің мұғалімі Имашева Армангүл ханымға беріледі.

 

Арай:

  1. Сәкенұлы Айдос-өте еңбекқор, тиянақты оқушылардың бірі. «Еңбек министрі» қызметін атқарды. Таңдау пәні-география. «Жас түлек» лентасын тағу Алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Қабиденов Азаматқа беріледі.

 

  1. /Шашу/

Атлас:

Түлектердің бақыт гүлі ашылсын,

Ақылына әлем халқы бас ұрсын.

Деген асыл ниетпенен ағайын,

Ақ жолына той шашуы шашылсын.

 

Арай:

Той деп бүгін — көңіл шіркін тасады,

Той деп бүгін — көңіл шіркін асады.

Ендігі кезекте аналарымыз дайындаған,

Тәтті шашуларын шашады.

Шашу шашудың салтанатты құрметі, бір әулеттің ұйытқысы, аяулы ана, құрметті әже, Мәуітхан апа бастаған, сыныптың барлық аналарына ұсынылады.

 

  1. /«Достарым» әні/

Атлас:

Келесі кезекте жас түлектер бір-біріне деген қимастық, достық сезімдерін әсем әуенмен жеткізеді. Ән «Достарым», қабыл алыңыздар. / Ұлдар /

 

  1. /Ата-ана тілегі/

 

Арай:

Ата-ана секілді таза бұлақ,

Перзентің бауырында жайнар құрақ.

Құттықтау сөз кезегін алады енді,

Ата-ана, ұл-қызына тілек арнап-деп, құттықтау сөз- Мусина Мөлдірдің жанұясына беріледі.

 

  1. /Ән «Асыл ана»/

 

Арай:

Ата-ананың бауыр еті баласы,

Бала деген көздің ақ пен қарасы.

Шын жүректен алғысымды білдірем,

Рахмет сізге, сыныбымның анасы.

Анасы мен баласының орындауындағы ән «Асыл ана». Бұл ән барлық аналарға арналады. /Армангүл мұғалім, Нұрсұлтан/

 

  1. /«Қара жорға» биі/

 

Атлас:

«Қара жорға» биі

 

  1. /Студенттер құттықтауы/

Атлас:

Сағыныш сазы толқытқан,

Келіп тұр сөздің мәйегі

Шәкірттерің оқытқан,

Келіп тұр жолдап сәлемін,-деп ортаға студенттерді шақырамыз.

/Студенттердің құттықтау сөзі, әнімен/

 

  1. /Ботагөздің өз шығармашылығынан/

 

Арай:

Бітіргелі отырған оқушылар ішінде өзінің ақындығымен көзге түсіп, шығармашылығын шыңдап жүрген шәкіртіміз барын жиылған қауым біле ме екен?

 

 

Атлас:

Әрине, біледі деп ойлаймын. Ол біздің шәкіртіміз-Досымханова Ботагөз. Ботагөздің өлеңдері газет беттерінде жарық көріп, аудандық поэзия күндерінде 3-жүлделі орынға ие болып, мектебіміздің мерейін асырды.

 

Арай:

Олай болса ортаға Ботагөзді шақырамыз.

/Өз шығармашылығын оқиды/

 

М Е К Т Е Б І М !

Білімнің нәрін сеуіп бойыма,

Көп нәрсені ұялатқан ойыма.

Мың алғыс сіздерге ұстазым,

Мен бүгін ұямнан ұшамын.

 

Мерейімді үстем еткен — мектебім,

Көңілімді көркем еткен — мектебім.

Білмедім-ау, сезбедім-ау,

Балалықтың бал шағын- тек өзіңде өткенін.

 

Бақыттың баспалдағын мектептен бастадым,

Мен бүгін мәңгілікке, балалықты тастадым.

Ержетіп — есейіп, көркейіп — көктедім,

Жақсы еді-ау, алаңсыз балалық көктемім.

 

Қош енді, қош мектебім!

Балалық шақтың бақытын,

Өзіңде ғана өткердім.

Қош енді, қош ұстазым!

(Досымханова Ботагөз)

 

 

  1. /Көгершін ұшыру/

 

Атлас:

Қазақ баласын «балапаным» деп еркелетіп, «қанаты қатайды» деп қуанады. Еліміздің қасиетті көк туында да қыран құс бейнеленген. Сондықтан да құс атаулы-нәзіктік пен бостандықтың символы.

 

Арай:

Дұрыс айтасыз, ал көгершін-бейбітшілік пен татулықтың, болашақ пен арманның символы. Әр шәкіртіміздің армандары-асқақ, болашағы-зор болсын деген ниетпен мектеп түлектері осы құстарды ізгі тілекпен, ақ жүрекпен  көк аспанға самғатады.

 

Атлас:

Сәт сапар, түлектерім!

Жолдарың болсын!

 

Арай:

Армандарың орындалып,

Бақ-дәулет бастарыңа қонсын!

 

Атлас:

Көгершіндей самғаңдар түлектерім!

 

Арай:

Орындалсын өмірде тілектерің!

 

 

 

  1. / Ән «Саған халқым»/

Атлас:

Армангүл ұстаз бен шәкірттерінің орындауындағы ән — «Саған халқым»

 

 

  1. /Вальс «Соңғы қоңырау»/

 

Арай:

Мерекеде басты қостық бәріміз,

Жарасады әніміз бен сәніміз.

Әуенімен тербелейік вальстің

Бірге толқып әсем сазбен жанымыз.

 

  1. /Ақ жаю/

 

Атлас:

Қанаттарын қағып ұшқалы отырған түлектерге сәттілік, жақсылық, ақ жол тілей отырып, ортаға ата-ана мен бала тілегіндей таза, ақ жаю құрметі сыныптың ата-анасы, ардақты ұстаз, «Болашақ» степендиясының иегері Мұхтарғалиева Айнұрдың сынып жетекшісі Нұрпан Мұсабайқызына беріледі.

 

  1. /Бата/

 

Арай:

Жақсы шәкірт азамат атанады,

Халқынан, ата-анадан бата алады.

Ұрпағына айтсын деп ақ тілегін,

Ортаға шақырайық ата-ананы.

Бата беру құрметі Қасымов Серіктің жанұясына беріледі.

 

Мектеп бітірушілерге бата

Алтын ұя мектеп,

Мектепке не жетпек.

Бүгін бір топ қыран,

Ұядан ұшып кетпек.

Жақсылығын асырып,

Жамандығын шектеп.

Білім берген ұстаздарға,

Айтамыз алғыс көптеп.

Бітірген ұл, қыздарға,

Беремін ақ бата

Арманыңа жет деп.

Оңыңнан күн шықсын,

Солыңнан ай тусын.

Көздің жауын алып,

Құлпырып бәрің тұрсың.

Оқуға түгел түсіп,

Ата-аналарың қуансын.

Болсаңдар үміт ақтар,

Сендерге қонар бақ бар.

Тілекті құдай берсін,

Әумин, Аллаху әкпар!

 

  1. /Оқушыларды ақ матамен жүргізу/

 

Атлас:

Білім-теңіз, мектеп кеме деседі,

Ұстаздардан тәлім алып еселі.

Архатымның жалын атқан жастары,

Өзгелерден тұрады ылғи көш елі.

 

Арай:

Аттандырып жаңа өмір бастауға,

Ата-ананың ақ үмітін ақтауға.

Алтын ұя-мектеп берген біліммен,

Шықсын бәрі биік шыңға, асқарға.

 

Атлас:

Ақ жол тілеп түлектердің бағына,

Шуақ тілеп алда атар таңына.

Әр түлекті баласындай  аялап,

Ұстаз ана жанардан жас ағыла.

 

Арай:

Өмір өзі шын мықтыны ұнатқан,

Нәр алдыңдар мектептегі бұлақтан.

Ұстаздардың ақ батасы осындай,

Сүрінбеңдер алдағы үлкен сынақтан!

 

  1. /Соңғы сөз/

 

Атлас:

Мойытпасын қиындықтар сендерді,

Батылдықпен асыңдар сан белдерді.

Біліміңмен қуантсаңдар мектепті,

Жақсы іспен қуантыңдар елді енді.

 

Арай:

Қоштасады алтын ұя мектебің,

Маңдайыңнан сипап өтсін көктен күн.

«Сәт сапар!» -деп қол бұлғайық бәріміз,

Тілейік біз армандарға жеткенін!