«Білімділер мекені» зияткерлік сайысы

63

Күні:

Тақырыбы: «Білімділер мекені» зияткерлік сайысы

Мақсаты: Оқушылардың білімдерін тиянақтау. Өткен тақырыптарды еске түсіру. Барлық пәнді қамту арқылы, оқушылардың сөздік қорларын байыту, ой-өрістерін кеңейту, логикалық ойлау өрістерін дамыту. Ұйымшылдыққа, шапшаңдылыққа тәрбиелеу.

Әдісі: түсіндіру, интерактивті, сұрақ-жауап

Көрнекілігі: интерактивті тақта

Ұйымдастыру кезеңі:

Сәлеметсіздер ме, оқушылар, ұстаздар! Бүгінгі біздің  «Білімділер мекені» атты зияткерлік сайысымызға қош келдіңіздер!

Сайысымызды бастамас бұрын сайыс кезеңдерімен таныс болыңыздар.

  1. Таныстыру
  2. Кім жылдам?
  3. Мозайка
  4. Тапқыр
  5. Ненің дауысы?
  6. Логика әлемі
  7. Ән шырқашы

Әділқазы мүшелерімен де таныстырып кетейін.

Сіздер 3 топқа бөлініп отырсыздар. Бүгінгі сайыс 3 топ арасында өтеді.

Командалар дайын болса, сайысымызды бастайық.

1 кезең Таныстыру. Бұл кезеңде әр топ өздеріне ат қояды, ұрандарын шығарады.

2 кезең Кім жылдам? Бұл кезеңде сендерге әр пәннен сұрақтар қойылады. Жауабын тапқан топ алдарыңда тұрған жалаушаны көтереді.

  1. Сары кілем төселген жер. Тиін. Борсық. Қоян. Қай шығармадан алынған?
  2. Абай аударған «Шегіртке мен құмырсқа» мысалын жазған кім?
  3. Егер бөлгішті бөліндінің мәніне көбейтсе, онда__________________
  4. Тез есепте 12:2+5
  5. Тудың авторын ата
  6. Сөз таптарын ата
  7. Сөйлеу не үшін қажет?

3 кезең Мозайка Ортаға  3 топтың басшысы шықсын. Мына жерде 3 конверт берілген. Осы конверт ішінде 3 қиылған сурет бар. Сол суретті құрастырып, шыққан суретке 1 шумақ өлең жазу. Балық, көбелек, сағат

4 кезең Тапқыр.

Қара өрік мыны қалақтың ішінде тұр. Екі сіріңкені қозғалтып, қара өрікті сыртқа шығар.

5 кезең Ненің дауысы? Қазір сендерге әр түрлі жануарлардың, құстардың дауыстары беріледі. Соны табуларын керек.

6 кезең Логика әлемі. Бұл кезеңде сендерге логикалық сұрақтар беріледі. Жалаушаны бірінші боп көтерген топ жауап береді.

  1. Қай кезде біз 2 санына қарап,«он» деп айтамыз?
  2. Егер тырна бір аяғымен тұрса 3 кг болады, ал екі аяғымен тұрса оның салмағы қанша?
  3. Наурыз тойы кезі. Ат жарыс өтуде. Үш пар ат 60 км шауып өтсе, әр ат неше км-ден шабады?
  4. 1кг түбіт ауыр ма, 1кг қорғасын ауыр ма?
  5. Көлден ұшты  40қаз,
    Қайтып қонды 15 қаз
    Қонбады оның нешеуі?
    Кәне кім  тез шешеді?
  6. Үстел бетінің бір бұрышын кесіп тастаса неше бұрышы қалады?
  7. Мұзайдында 6 бала сырғанап жүрді. Олардың екеуі түскі ас ішуге кетті.Ал түстен кейін олар мұзайдынға қайта оралды. Мұзайдында қанша бала сырғанап жүр?

7 кезең Ән шырқашы. Үш топқа үш түрлі сөз беріледі. Сол сөзге байланысты ән айтуларын керек. Ана,мектеп, ұстаз

Осымен соңғы кезеңіміз де өз мәресіне жетті. Сөз кезегі әділқазылар алқасында.

Қорытынды: Топтарды марапттау.