Сан есім

Сабақтың тақырыбы: Сан есім.

Сабақтың мақсаты:

                  Білімділік.

Бір таңбалы сан есімдерді екі таңбалы сан есімдерден ажыратып

жаза білуге үйрету.

                  Дамытушылық.

Оқушылардың алған білімдерін практикалық жұмыс барысында

қалыптастыра отырып, дұрыс қолдана білуге үйрету.

                  Тәрбиелік.

Әр оқушыны өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыра

отырып, болашаққа өз үлесін  қоса білетін ізденімпаз ұрпақ етіп

тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: практикалық  сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, баяндау, топпен жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: интерактивтік тақта, түрлі-түсті суреттер, сызба-кестелер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесе отырып, оқушылармен танысу.  Оқушы назарын сабаққа аудару.

— Жарқырап күн ашылды

Айналаңға нұр шашылды

Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз

Қайырлы сәт! Сәлемдесіп аламыз

ІІ.  Психологиялық дайындық.

Осы біздер қандаймыз?

Талабы биік таудаймыз

Ақылдымыз,парасаттымыз, көңілдіміз

Үлкенге ізеттіміз

Кішіге қамқормыз

Көп оқимыз

Өнерліміз

Жанып тұрған шырақпыз!

Елімізді өркендететін,

Бабаларға тағзым ететін.

Біз қазақ елінің болашағымыз.

 

  ІІІ Ел бақытының белгілеріне не жатады?

Білімді ұрпақ.

Тәрбиелі ұл-қыздар.

Салт-сананы ұстанған ұрпақ

Ата-ананы құрметтейтін саналы ұрпақ.

Отанын шын сүйетін патриоттар.

Назарбаевтың суреті мен сөзі: «Біздің түпкілікті мақсатымыз — интеллектуалды ұрпақ тәрбиелеп, интеллектуалды ұлт қалыптастыру»

 

  ІV « Ұлт болашағы сендердің қолдарыңда» 

 

Сынып оқушылары 4 топқа бөлінеді

 І «Алғырлар» тобы

 ІІ «Тапқырлар»тобы

ІІІ «Ойшылдар тобы»

ІV «Зеректер тобы»

(Әр топ өз спикерін сайлайды)

  1. Үй тапсырмасын сұрау:       Жекеше

Топтастыру.

 

Зат есім бойынша.

Жалпы                                                                       көпше

 

 

 

 

Не? Кім?

Жалқы                             Нелер ? Кімдер?

 

 

Етістік бойынша.

 

 

күрделі                                                          Не істейді? Не қылды?

Қайтті?

 

 

 

Дара

 

 

Сын есім бойынша.

 

 

түрі                                                                           түсі

 

 

 

 

 

сапасы                                        қандай? қай?

 

дәмі

 

  1. Балалар, мен сендерге бірнеше сөздер айтамын. Сол сөздерді зат есіммен байланыстырып айту қажет.

Бірінші ( сынып), жеті (лақ), жиырмасыншы (қабат), тоқсан тоғызыншы ( бет), он бесінші ( сәуір), сегіз (жас)      

     VII. Сөзжұмбақ. Білім пердесі .                      

  1. Ең жақсы баға
  2. Тұңғыш қазақ ғарышкері
  3. Қазақтың атақты пулеметші қызы
  4. Білім ордасы
  5. Сөз табы
  6. Тікенекті аң
  7. Жыл мезгілі

 

С
А
Н
Е
С
І
М

 

Сан есім  туралы түсінік беру.

Мысал келтіру, қандай сұрақтарға жауап беретіндігіне тоқталу.

 

Көркем жазу. Білгенің бір тоғыз, білмегенің тоқсан тоғыз.

 

Сауаттылық хаты.

 

Тақтамен жұмыс. Жаттығу жұмысын орындау.

 

8       21

5       77

7       10

4       19

 

Топтық жұмыс.  Зерттеу жұмысы

І топ. Сурет бойынша әңгіме құрастыру.

ІІ топ. Әдептілік туралы мақал- мәтел

Әдепті бала — арлы бала , әдепсіз бала — сорлы бала.

Әдепті бала ата- анасын мақтатар, әдепсіз бала ата-анасын

қақсатар.

Сіз деген — әдеп, біз деген — көмек.

Әдептілік, ар-ұят- адамдықтың белгісі.

Әдепсізге қарап не істемеуді үйрен.

ІІІ топ. Әдеп жайында тыйым сөздер.

ІV топ. «Сиқырлы таяқша»  ойыны.

Топ мүшелері бір-бірінің бойындағы жақсы қасиеттерін айтады.

Ж- жігерлі

А- адал

Қ-қайырымды

С- сыпайы

Ы-ынтымақты

 

Сергіту сәті.

 

Өздігімен жұмыс. 3-жаттығу.

 

«Киелі сандар». Ойтолғаныс

Балалар, қазақта 3,5,7,9,13,21 «киелі сандар» деген ұғым бар. Сол жайында не білесіңдер?

3 арсыз                        5 арыс                          7 қазына                  7 ата

Ұйқы                      А.Байтұрсынов            Ілім-білім                 Бала

Күлкі                      Ж.Аймауытов              Ер жігіт                     Әке

Тамақ                     М.Жұмабаев                Жүйрік ат                  Ата

Ш.Құдайбердиов        Құмай тазы               Немере

М.Дулатов                    Сұлу әйел                 Шөбере

Берен мылтық          Шөпшек

Қыран бүркіт            Немене

Олай болса, сендер өздерің осы киелі сандарға байланысты не айтар едіңдер?

Сабақты жинақтай отырып, алған білімдерін қорытындылау әрі бекіту. Сан есімнен  өткенді топтастыру.

есептік

дара                                                           күрделі

 

 

 

реттік                                                                             Топтау

 

 

 

болжамдық

 

жинақтық                     бөлшектік

 

Үйге тапсырма: 189- бет, 5- жаттығу

Бағалау