Дербес компьютерді жинақтау

 

Тақырыбы. Дербес компьютерді жинақтау

І.  Мақсаты: Pentium 4 үлгідегі дербес компьютерді жинақтау.

ІІ. Қажетті құрал-жабдықтар: Жүйелік қорап, процессор, радиатор, куллер, қоректену блогы, аналық тақша, Озу, қатты диск, алмалы-салмалы дискжетек, СД дискжетек, шлефтар, монитор, пернетақта, тышқан тетігі.

ІІІ. Көрнекі құрал-жабдықтар: бейнекамера, фотокамера, теледидар, магнитті тақта, экран тақтасы, бейнепроектор.

  1. Қажетті программалық жабдықтар: Windows XP, office 2007,

Doctor Wev, Дыбыстық және бейне драйверлер.

І. Ұйымдастыру .

А) Қызығушылықты ояту барысында, осы тақырыпқа байланысты не білеміз? cұрағы төңірегінде оқушыларға ой тастау

                               Блинц-тренинг сұрақтары

Оқушы: Қазіргі кезде ең көп тараған процессор қалай аталады?

Жауап: Пентиум

Оқушы :  Компьютердің құрамына кіретін негізгі құрылғыларды  атаңдар?

Жауап:  Монитор, процессор, пернетақта,  тышқан тетігі, принтер, сканер.

Оқушы: Компьютердің барлық жұмысын  қандай  құрылғы басқарады?

Жауап: Жад (яғни компьютердің миы)

Оқушы: Енгізу, шығару  құрылғыларына не жатады?

Жауап:  Енгізу құрылғыларына пернетақта, тышқан, сканер, микрофон.

Шығару құрылғыларына монитор, принтер, дыбыстауыштар

Оқушы: Қоректену блогі не үшін қажет?

Жауап: Желінің электр қорегін ДК-нің электрондық схемаларына берілетін

жоғары кернеулі тұрақты токқа түрлендіру үшін керек.

Оқушы: Сыртқы құрылғыларды басқаратын арнайы  бағдарлама?

Жауап: Драйвер

 

Оқушы: Жүйелік блоктың ішінде қандай құрылғылар бар?

Жауап: Процессор, қатқыл диск CD-ROM, дискі жетек

Оқушы: Винчестер деп нені айтамыз?

Жауап: Қатқыл дискіні айтамыз.

Сұрақ: Жүйелік тақша  дегеніміз не?

Жауап: ДК негізгі компоненттерінің байланысын және  жұмыс істеу

шарттарын қамтамасыз ететін электрондық тақша.

Сұрақ: Микропроцессор деген не?

Жауап: Барлық есептеулерді және ақпаратты өңдеуді орындайтын шағын

электрондық схема.

                                         І-кезең.

Берілген сұрақтар бойынша Дербес компьютерін жинақтау.

  ІІ-кезең

Жинақталған компьютерге операциялық жүйе, MS.offic 2007, DR.Wev,

дыбыс және бейне драйверлер орнату

  ІІІ-кезең

 Әр  оқушыға қағаз жүзінде жаңа жүйелі блок дайындату.

  IV-кезең.

Жүйелік блокта мына құрылғылардың орналасу тәртібін     жаз

Құрылғы                               Орналастыру
ЖБ-тың

алдыңғы панелінде

ЖБ-тың ішіндеЖБ-тың

артқы панелінде

Монитор разъемы

Қатты диск (винчестер)

Іске қосу тетігі

Аналық тақша

Видеокарта

Дискжетек

Процессор

Ток көзі шнуры

CD-ROM

Қоректену блогы

Дыбыс картасы

Принтер, сканер қосқыш тесіктер

Тышқан, пернетақта қосқыш тесігі

Оперативтік жады

Желілік плата

 

V- кезең.

Қауіпсіздік ережесін сақтау

VI-кезең

Жұмыстың орындалу барысы

 

                                                 жүйелік қорап

 

 

қоректену                                                           қатты диск

               блогы

 

аналық                                                              алмалы-салмалы

                тақша                                                               иілгіш дискжетек

DVD

                                                    дискжетек

 

Компьютердің ең негізгі құрылғысы болып жүйелік блок саналады. Ол тік қорапқа орналасқан. Оның құрамына: процессор, жедел жады, тұрақты есте сақтау құрылғысы, қоректену блогы мен енгізу-шығару порттары және дискідегі мәлімет жинақтаушы кіреді.

Ал енді, балалар, жүйелік қорапты дайындап аламыз. Қораптың бекіткіштерін ағытып екі жақтауындағы қақпаны ашып, қоректену блогын қорапқа бекітеміз де, аналық тақшаны дайындаймыз. Аналық тақшаға процессорды орнатамыз.

Процсессор —  микросхема ретінде ұсынылған және  оперативтік жадыменатор,  аналық тақшада орналасады, Процессордың үстіне радиатор, радиаторға процессорды  салқындатуға арналған желдеткіш (кулер) орнатылады.

Содан соң балалар,    аналық тақшаға ОЗУ-ды орнатамыз да, аналық тақшаның арнайы бекіткіштерін қорапқа бекітіп, қатты дискіні орнатамыз. Сонан соң қатты дискінің шлефін аналық тақшаға қосамыз.

Ал алмалы-салмалы иілгіш дискжетек ті екі жағынан қорапқа бекітеміз. Шлефін аналық тақшаға қосылады.

Соңынан DVD дискіні екі жағынан қорапқа бекітеміз. Мұнда да дискінің шлефін аналық тақшаға қосамыз. Диск жетектерді қоректену блогына қосамыз.  Компьютер толық жинақталып болғанша, оны токқа қоспай тұрып, тағы бір тексеріп шығамыз.

Ал  енді, балалар, жүйелік қорапты жинақтап жауып:

  1. мониторды
  2. пернетақтаны
  3. тышқан тетігін
  4. ДК-ді ток көзіне қосамыз.
  5. Топпен жұмыс.

 Сынып оқушыларын 3 топқа бөліп тапсырма береміз.

                                    І-топ процессор

                                    ІІ-топ монитор.

                                    ІІІ- топ принтер.

Міндеті: І-топ. Жаңа  жүйелі блок дайындап шығу керек

ІІ- топ.  Office 2007 және  вирусқа қарсы Doctor web

бағдарламасын орнату.

ІІІ-топ. Осы  компьютер бөліктерінің атқаратын қызметін

таныстырып, қорғап шығу.

  1. Қорытынды
  2. Әр топқа берілген жұмыстың нәтижесін талдау