«Қызым – қызғалдағым, ұлым – ізгі арманым»

43

 

7 «Ә» сыныбының ата-аналарға арналған концерттік бағдарламасының сценарийі

 

Тақырыбы: «Қызым – қызғалдағым, ұлым – ізгі арманым»

І-Жүргізуші :

— Қымбатты ата-аналар, мектеп ұстаздары! Сыныбымыздың сіздерге арналған шағын концерттік бағдарламасына қош келдіңіздер!

           “Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соңы іледі”, “жапырақ тамырдан нәр алады” дегендей балаға дұрыс мән беріп, жөн сілтейтін тамаша мектеп — отбасы.

ІІ-Жүргізуші:

  • Армысыздар, ата-ана, қонақтарым!

                 Мейірбан аппақ көңіл ұстаздарым.

                 Аялы алақан, мейірімі мол

                 Қош келіпсіз, ардақты асылдарым!

Тақпақ «Туған жер»

І-Жүргізуші :  

             Ана деген кім десе, алаулаған таң дер ем,

             Қанша тәтті болса да анам үшін жан берем.

             Түбі оңбайды ананың қасиетін кім білмеген,

             Тыңдап ал да, ақылын, жадыңа сақта тәлімін.

Ән шашу “Анашым

ІІ-Жүргізуші:

  • Айналадағы адамдарды сыйлау ата-ананы құрметтеуден басталады. Адам өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның келешегіне деген сенімділігі баланың ата-анасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік парызын бір сәт те естен шығармауында.

І-Жүргізуші:  

  • Иә, «Ата-ананың парызын өтеу – сенің парызың» деген сөздер кішігірім жақсылық нышандарына бастау боларына сенімім мол

Халқымның әні қандай, жыры қандай

Шешеннің нәрі тамған тілі балдай

Шымырлап өн бойыңа тарайтұғын

Ал биі нәзікжанды балқытқандай!

Қазақ биі — «Қара жорға»

 

 

ІІ-Жүргізуші:

         —  Біздің өміріміздегі қымбат жандардың бірі – ұстаз! Үйде ата-анамыз, мектепте мұғалім бағыт-бағдар береді. Жан дүниеңді түсінетін, қиындық кезінде сүріндірмей құтқаратын ұстаз екені анық, адам жанына ақыл, білім дәнін сеуіп, аялайды.

Ән «Шоқ қыздар»

І-Жүргізуші:  

           Теңіздей тербетіліп көл бетінде,

            Бишілер билеп кетті тербетіле

           Аққудай қалықтаған теңіздегі

           Бишілер өнерлерін көрсетуде.

Қыздар биін қарсы алыңыздар!(современный би)

ІІ-Жүргізуші:

           Қабыл алшы өнерлерін баланың

           Тілектері орындалсын ананың

Кең даламда шарықтасын әуені

           Әнші жұлдыз жас өнерпаз дананың

Ән шашу  «Өмір-өзен»

І-Жүргізуші:  

                        Арулар неткен сымбатты, 

                        Ғажайып нұрға бөленген

                        Көктемге қыздар үн қатты,

                        Мың бұралған билеген

Қазақ биі —  қабыл алыңыздар

ІІ-Жүргізуші:

Ұрпақпен өмір жолы жалғанады

Көңілді күндер тусын алдан әлі

Ән-шашу, әсем әуен, түрлі өнер

Бүгінгі күн сіздерге арналады

Ән «Әкешім-анашым»

Жүргізушілер :  

Ұрпақтарға бақыт жолын аңсаған

Тілейтұғын сыртта жүріп бақ саған

Тіршіліктің тынысы мен ажары

Әкем, шешем, ұстаздарым – теңдесі жоқ жақсы адам

І-Жүргізуші:

Сәулелі сөз сөне ме ?!

Орны бөлек батаның.

Бізге тәлім, өнеге-

Ақ тілеуі атаның. – деп ата-аналарымызга соз кезегин беремиз

ІІ-Жүргізуші:

Асыл сөзбен ата-анаға ой салайық,

Екі ортаға алтыннан жол салайық

Құрмет тұтып келген ата-ана, қонақтармен

Рахмет айтып біздер де қоштасайық!

І-Жүргізуші:  

Көңілдің ақ тілегін көл етеміз

Тілектермен нығайсын берекеміз

Баршаңызға жолдаймыз аппақ алғыс,

Осымен аяқталды мерекеміз!

 

Қорытынды сөз:

(Балалар шығады, ата-аналарға тілектерін айтады)

Құрметті ата-аналар, ұстаздар!

Сіздердің отбасыларыңызға сыныбымның атынан тек жақсылық тілеймін. Қыздарыңыз қызғалдақтай құлпырып, ұлдарыңыз ізгі армандарыңызды орындай берсін!

Жанұяның тірегі әке болсын,

Шаңырақтың шуағы ана болсын,

Бар тілекті арнайтын балаңызға

Көңіліңіз ғажайып нұрға толсын.

Әлеуметіміз аман, еліміз тыныш болсын!