Әдептілік — әдемілік.

80

Сабақтың   тақырыбы : Әдептілік — әдемілік.

Сабақтың   мақсаты :  Адам   бойындағы   ұнамды , ұнамсыз   қылықтарды  ажырата   отырып, әдеп әліппесін  бойына   дарыту ,  таным  белсенділігін  арттыру .  Оқушыларды   адамгершілікке ,  қарапайымдылыққа , кішіпейілдікке әдептілікке, еңбексүйгіштікке  үйрету. Әдеп  пен  сыпайылық   арқылы  жаман  әдеттен  аулақ    болуға  тәрбиелеу .

Сабақтың   түрі :  аралас   сабақ

Сабақтың   әдісі : сұрақ-жауап  ,талдау.

Көрнекілігі : әр  түрлі  суреттер ,мақалдар  жазылған  плакаттар ,    «құпия  хаттар»

ойын   сөздері ,асық.

 

Сабақтың   барысы  :

І. Ұйымдастыру.

ІІ. Балалар бүгінгі  сабақта  біз  әдептілік  туралы  сөз  етпекпіз.

Сұрақ  :

—  Әдептілік  деген  не? Оны  қалай   түсінесің?

—   Әдепті  бала  қандай   деп  ойлайсың?

—   Әдепсіз   дегенді  қалай  түсінесің?

—   Әдепсіз  бала  қандай  болады ?

—  Әдептілікті  бізге  кім  үйретеді ?

Сонда  адам  бойында жақсы  ,жаман қасиеттер   болады   екен . Бізге  ақылдылық   пен  адалдық,  қарапайымдылықты   үлкендер  үйретеді. Бойымызға  анамыздың  ақ  сүтімен  дариды .Біз  оны  түсініп ,ата-баба  салт , әдеттерін үйренуге  тырысамыз .Адам  болатын  бала  барлық  жақсы   қасиеттерді  үйреніп ,жаман мінез әдеттерден , ұнамсыз   қылықтардан  аулақ  болуға   тырысуы  керек. Басқалармен  қарым –қатынас   жасағанда   әдеп   пен   ақылды   ұмытпайды. Осы  орайда , Абай   атамыз   «Адам  болам   десеңіз»  деп  нені   айтады. «Ананың  тілін   алса   егер»   өлеңінде  не  делінген  еді?

ІІІ. Енді , әдептілік  туралы  сендер  не   айтар   едіңдер?

Оқушылардың   тақпақтары.

1-оқушы:    Ата  -ананың  тілегі ,

Адам   болып  өскенің .

Адамдықтың   тірегі ,

Адал   болып  өскенің .

2- оқушы    Әдептілік   дегенің ,

Әрқашанда   керегің .

Әсемпаздық    дегенің ,

Әуре   сарсаң   әлегің.

 

Сұлулық   сыйлаған .

Сол   саған   пайдалы  іс ,

Сауық   пен   кинодан .

4 — оқушы:     Тәртіпті  бала   сүйеніш ,

Төбең  бір  көкке   жетеді.

Тәртіпсіз  бала   күйініш ,

Төмендеп  басың   кетеді.

5- оқушы:        Ұрыншақ  бала   жанында ,

Ұрыс  пен  керіс  айқай – шу .

Ұстамды   бала  маңынан ,

Ұнамды   қылық   байқайсың .

6-  оқушы :        Шындықты  сақтаймыз ,

Шыншылды    жақтаймыз .

Шаршы   топ   алдында

Шығарып   мақтаймыз.

7 — оқушы:        Сыйлап  сәлем   беремін ,

Көршілерді   көргенде .

Ізетті   деп   білемін ,

Үйге   қонақ  келгенде ,

Әдепсіз   деп   сөкпесін ,

Анама   айтып   өкпесін

8 – оқушы :         Су   құйдым   да  құманнан,

Қолына  мен  әкемнің .

Содан   кейін  оған   мен ,

Орамалды   әпердім .

9- оқушы:            Бақшаны  суарып

Келді   су     алып .

Самауыр   қайнатып ,

Үйде  де,  түзде  де,

Қылығы   өнеге .

Ұстазы  бізге  де ,

Ұнайды   ол   неге ?

10 -оқушы:            Кім   үлкенді  сыйласа ,

Кім  үлкенді   тыңдаса ,

Сыйлы   болмақ   өзі  де

Үлкен   болған    кезінде.

Көрініс   « Үлкенді   сыйлаңдар » .

11- оқушы:             Қарсы   ал  ерте  күн  көзін ,

Төсегіңді  жина   өзің  .

Асықпай  іш   тамақты ,

Жалама   аяқ –табақты.

Пышақты   ұста  оң  қолмен ,

Шанышқыны   ұста  сол  қолмен .

Нанды  үгітпе, қадірле ,

Қабығымен   бәрін  же.

Саусағыңды   сормағын,

Салдыр   салақ    болмағын.

12- оқушы :            Салма   аузыңа  инені ,

Үзбе , жұлып  түймені.

Ашуланбай   долданып,

Жауап  бергін   ойланып ,

Құр  бекерге  қылтима ,

Болмашыға   бұртима .

13 – оқушы :             Іштарлыққа   жол   берме ,

Бақталастық ,   білдірме .

Мақсат   қоймай  алдыңа ,

Қыдырып   құр    қаңғыма.

14 — оқушы:              Сыйла   үлкен   кісіні ,

Қамқорлыққа   ал   кішіні .

Сақта   көше   тәртібін ,

Бағдаршамның   ал  тілін .

Әдет    қыл   бұл   ісіңді ,

Тазалап   жүр  тісіңді .

ІV.    1) Суреттер   бойынша   адамгершілік , сыпайылық ,әдептілік   жайында  әңгімелету .       «Үлкенді  құрметтеу»,  «Кішіге   қамқорлық  »,  «Автобус  ішіндегі  бала» т.б.

2 )  «Жалғастыр » ойынын   ойнату. «Не   істеуге  болмайды?»

Мұғалім   бастапқы   сөзін    айтып ,оқушы    ойланып   жалғастыруы   керек.

* Үлкендердің   алдынан  кесіп   өтуге   болмайды.

*  Кішкене   баланы   жылатуға   болмайды.

* Құстарды    атуға  болмайды .

* Сабақтан   кешігуге  болмайды .

* Сыныпта   айқайлауға   болмайды .

« Не   істеу  керек ?»

* Үлкен   кісіні  сыйлау  керек .

* Үлкеннің   тілін  алу  керек .

* Үлкендерге   сәлем  беру   керек.

*Оқу  құралдарын   күтіп  ұстау  керек.

3 )  «Сырлы   хаттарға» жауап   беру .

4)  «Тыйым   сөздерді  айтып  жарысу .

  1. Қорытынды : Сонымен , балалар, біз бүгін не  туралы  әңгімелеп  ,  көрініс   қойдық?

Әдептіліктің   ең   бірінші   белгісі  не?Жаман   әдеттен  аулақ  болып, әдепті  бала   болыңдар.