«Денсулық-зор байлық»

123

Илимбаева А. Б.

Сабақтың тақырыбы: «Денсулық-зор байлық»

Мақсаты:

Өз денсаулығын дұрыс сақтаудың жолдарын білуге және денсаулығы үшін күресуге дағдыландыру және тазалық гигиенасын дұрыс сақтау қажеттілі жайлы негіз қалыптастыру.

Міндеттері:

  1. Рөлдік қойылым арқылы тақырып мазмұныны ашу;
  2. Сұрақтарға жауап беру барысында оқушылардың танымын, қиялын, ізденімпаздықтарын арттыру;
  3. Салауатты өмір салтын сақтауға қатысты талаптарды орындауға тәрбиелеу.

Түрі: тәрбие сағаты

Көрнекілік: денсаулық туралы жазылған нақыл сөздері бар плакаттар, дәрігердің, ауру адамның суреттері, үнтаспа, т/б.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, талдау, салыстыру, түсіндіру, ойын, хабарлау.

Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі;

А) Оқушыларды тәрбие сағатына дайындау;

Ә) Тәрбие сағатының тақырыбымен таныстыру;

Кіріспе сөз:

Адам баласы үшін денсаулық- баға жетпес алыс қазына. Оны қорғап сақтай білу өзінің ықтиярлығы мен мұқияттылығында болмақ. Денсаулығына енжар қараған адам өзінің асыл қазынасынан қалай айрылып қалғанын да сезбей қалады. Сол себепті денсаулықты кішкентай күніңнен сақтауың керек. Қазақта «Бірінші байлық-денсаулық, Екінші байлық-он саулық, Үшінші байлық ақ жаулық » деп айтып кеткен. Оның түсіндірмесі: Барлық байлықтың да, қазынаның  бәрі денің сау болса табылатынын атса, Мал мүлікті екінші орынға қояды, Үшінші ана алақаны мен мейірімін қойған. Міне, осы мақалды басшылыққа ала отырып, бүгінгі ашық тәрбие сағатымызды бастамақпыз.

ІІ. Қойылым: «Таза болса табиғат, Аман болар адамзат»

Қатысушылар:

Күн-Шынарай

Ауа-Гүлнұр

Су-Әділет

Жер-Балауса

Оқушы-Ерасыл

 

Оқушы: Ей, адамдар!

Күн мен гүлден жаралған,

Ыстық сезім, шуақ содан таралған,

Тіршіліктің иесі-Жер –ананы тыңдаңдар!

 

Жер-ана:Балалар, алдамның денсаулықтан асқан байлығы жоқ. Сондықтан да өз денсаулықтарыңды табиғат емшілеріне де қаратуды ұмытпаңдар.

 

Күн:Нұр-сәуле шуағым,

Беретін қуатым.

Ұлы емші боламыз,

Бізден күш аласыз.

Жылытып, қыздырып,

Нұрыма жүзіңдер,

Алтындай шуағым,

Ауруды қуамын.

 

Ауа:Жер шары-ұлы әлем,

Қоршалған біздермен.

Ауадан тыныс ап

Өседі ырыс-бақ.

Денсаулық дауа да,

Сырқатқа күш ауада.

 

Су: Сусын да әрі дем,

Біз емші бәрінен.

Жуынсаң сергітер,

Су-өмір жүрегі,

Денсаулық тірегі.

 

Оқушы: Уа, Жер-ана, мөлдір су, Таза ауа, Алтын күн! Дені сау адам болу үшін  сіздердің емдеріңізден басқа  тағы не керек?

 

Жер-ана: Денсаулығың мықты болуы үшін өзіңнің мықты күшің болуы керек. Яғни бойды тік ұстау, дене жаттығуларын орындау, табиғи тағам ішу демек: жемістер, көкөністерді жуып жеу, демалу, ақыл-ойды дұрыс қалыптастыру, яғни компьютер ойынамау, теледидарды көп көрмеу, құлаққа наушник тағып ән тыңдамау, жылы жүріп, тазалықты сақтау, өзің тұратын жердің табиғатын қорғап, сақтау деген сөз.

Хор: «Таза болса табиғат, Аман болар адамзат»

 

Перизат:

Шешілмейтін жұмбағы, сұрағы көп,

Бұл өмірге келген соң бір-ақ рет,

Қалу керек өмірдің бұлағы боп,

Қалу керек өмірдің шуағы боп.

Табиғатта сезім де, құлақ та бар,

Ренжітсең күрсініп жылап та алар.

Аяласаң жаныңа шуақ тамар,

Қажығанда бойыңа қуат болар.

 

Ақжол:

«Денсаулық-зор байлық»-

Бабаң айтқан даналық.

Сақта жолын сен тауып,

Осы шақтан балалық.

Болар барлық мүшең сау,

Жүрсе жылдар бойында,

Баяндалған осынау,

Ережелер ойыңда.

 

Анара:

Ол ауырса сенің де ауырғаның,

Ол сауықса сенің де сауыққаның.

Табиғаттың қабағы қашанда ашық,

Сезбесе егер адамнан қауіп барын.

 

Бекзат:

Балақай!

Болсаң да әлі қаршадай:

Ойнау үшін шаршамай,

Оқу үшін мектепте,

Ашу үшін сен сауық

Керек жақсы денсаулық.

 

Медина:

Денсаулық-ол шыныққан,

Барлық дене мүшесі.

Денсаулық-ол тыныққан,

Жүйке-тамыр жүйесі.

Денсаулық-ол күлуің,

Көңіл күйің жадырай.

Денсаулық-ол жүруің,

Ешбір жерің ауырмай.

 

Көрніс: «Аппақ қыз»

Аяулым:

Анасы-Перизат

 

Аяулым: мама, тамақ  ішем! (деді, тез демалып)

 

Анасы: Ас, дайын, қошақаным. Жуынып кел ғой.

 

Аяулым: беті-қолымды кеше жуғанмын. (ұялмастан, таңданыспен)

 

Анасы: (баласының қолының тырнағы алынбағанын көріп) Қызым, үсті-басыңды таза ұста! Ұят болады, көршілерден. Ертең сені көрген адамдар не дейді. Ұят- ай!(анасы бетін басады)

 

Аяулым: тазамын ғой, мама, мен кір емеспін. Көршілер маған қарамаса қойсын. Мені ешкім көрмейді ғой. Еш, ұят емес! (хи-хи-хи деп күледі)

 

Анасы: Қызым, таза болсаң, денің сау болады. Ешқашан ауырмайсың. (арқасынан сипайды)

 

Аяулым: Қойшы мама, менің еш жерім ауырмайды.Тамақ, тамақ, тамақ.(секіреді)

 

Анасы: Аяулым, ерте тұр, жаттығу жаса, әрі жуынып жүруге дағдылан. (деп қызының басынан сипайды)

 

Аулым(жуынбай, асығып тамақ жейді, анасы басын шайқап отыра береді, жеп болған соң аузын жумай далаға шығып кетеді) Уһ, тойғанымай!

 

Даладағы балалар: Ой, қожалақ келе жатыр.

 

Аяулым: кім, қожалақ,? (деп ұрсыса жөнеледі)

Балалар: Міне, мына айнаға қарашы, түрін қарашы. Біз сенімен енді ойнамаймыз. Бізге жолама. Әкел менің добымды. (деп бір бала допты алып алады)

 

Аяулым: (айнаға қарап, қызарып кетеді, айнада кір қызды көреді, дереу бұрыла сала үйіне келеді) Енді қайтсем екен. Мамамның айтқаны рас боды ғой. Мамамды да ренжіттім. Достарым ол жолатпайды. Мұның бір жолы бар. Ол-жуыну.

(үйіне келе жуынады, шашын тарайды, барып айнаға қараса, аппақ қыз тұр)

-Ой, мен өзі аппақ екенмін ғой. Қандай керемет.

 

Анасы: Ой, қандай сұлу менің қызым! Осындай әдемі де әдепті бол! (деп қуанады)

 

Мынау аппақ қыз кім?

Қандай әдемі өзі?

Сірә, қаладан келген болар.

Аяулым: Достар, бұл мен ғой, Аяулым. Кешіріңдер, енді сендермен бірге күнде дене жаттығуын жасап отырамын. Қайтадан до болайықшы.

 

Достары хормен: Әрине, келістік, біз достармыз.

 

Хормен: Сауаттылық-сергек те,

Таза жүру өмірде.

Адамзаттық келбетке,

Кір түсірмеу негізінде.

 

ІІІ. Ой жүйелеу.

Жақсы, рақмет балалар! (екі топқа бөліп отырғыз). Жаңа өздерің көрсеткен екі көрністі ой елегінен өткізіп көрейік. Өздерің көрген көрністерден алған ойларыңды сөзжұмақты шешу арқылы жеткізіп көріңдер.   Қай топ бірінші болып аяқтайтынын көрейік.

 

ІV. Түйіндеу:

Қажетті                                Зиянды

(өздерінің алдарында жатқан суреттерден денсаулыққа қажеттісін теріп жапсырады.. Мысалы: күн, жасыл шөп, ормаал, сабын, жемістер мен көкөністер, шырындар, сүт, демалу, кітап оқу, серуендеу, жаттығу жасау)

Зияндысын: бөлек жапсырады. (оған, чипси, пицца, шылым, арақ, қайнамаған су, компюьтер ойнау, т/б суреттер)

 

  1. Қорытынды:

—  Сонымен бүгінгі тақырыбымыз не жайында болды?

— Денсаулық туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?

— Адамның денінің сау болуы үшін қажеттілерді білдіңдер. Сонымен денсаулығымыз үшін күресеміз бе?

— Осымен бүгінгі «Денсаулық-зор байлық» атты ашық тәрбие сағатымыз аяқталды.

(барлығын ортаға шығарып, хормен: «Шіркін, денсаулық» әнін орындату)

 

 

 

 

 

 

 

«Шіркін, денсаулық» әні

  1. Таңмен тұрып ертемен,

Жаттығу мен жасаймын.

  1. Біз -оқушы балалар,

Шынығамыз қараңдар.

 

  1. Етре тұрып, тіс жуып,

Бетімді мен жуамын.

  1. Әдемі боп ержетіп,

Мықты болып өсемін.

 

Қ-сы:

Шіркін, лайф, шіркін, лайф,

шіркін лайф, шіркін лайф.

 

  1. Келгеннен соң мектептен,

Жуынамын тазарып.

  1. Микроптардың барлығын,

Жолатпаймын мен мүлде.

 

  1. Бәріңізге айтарым,

Таза болып жүріңдер.

  1. Сонда ғана деніміз,

Сау болады біліңдер.

 

Қ-сы:

Шіркін, лайф, шіркін, лайф,

шіркін лайф, шіркін лайф.