«Аспан әлемінің білгірі»

АСТРОНОМИЯ ПӘНІ БОЙЫНША
СЫНЫПТАН ТЫС ШАРА САЙЫС-САБАҚ
Тақырыбы:
 «Аспан әлемінің білгірі»

 

Түрі: Сыныптан тыс шара, сайыс – сабақ.

Типі: Оқушылардың білімдері, біліктіліктері мен дағдыларын тексеру, жинақтау сабағы

Мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың Астрономия пәні бойынша білім деңгейлерін тексеру арқылы, осы пәндерге қызығушылықтары мен ынтасын арттыру, өз беттерінше білім деңгейлерін көтеруге жағдай жасау;

Дамытушылық: Оқушылардың алған білімдерін қолдана отырып, жұмыс жасай білу дағдыларын, шығармашылық шеберліктерін дамыту;

Тәрбиелік: Оқушыларды шапшаңдыққа, ізденімпаздыққа, логикалық ойлау қабілеттерін дамытуға, өз ойларын  жеткізу білуге үйрету.

Пән аралық байланыс: Физика, География, Биология, Экология, Қазақ әдебиеті, Тарих, Орыс тілі, Ағылшын тілі.

Көрнекілігі: безендірілген зал, сағат, ұпай сандары жазылған бағалаушы парақшалар, ұпай беруші жұлдызшалар, оқушыларға берілетін топтық тапсырмалар, тақта, мультимедиа аппараты, буклеттер, «Солнечная система», «Что мы знаем о звездах?», «Телескопы», «История названий созвездий (Зодиакальные созвездия)» бюллетендері, «Зодиак белгілері» сайысының тапсырмалық парақшалары, маркерлер, магниттер

 

Сайысқа қатысушылар: «Кәсіптік лицей» бөлімі ІІІ – курс топтары

М – 31 – тобы оқушылары (12 оқушы)

Сайысты жүргізуші: Серікова Н.Р.

Әділқазы мүшелері: «Кәсіптік лицей» бөлімі меңгерушісі, колледждің әдіскері, бірлестік жетекшісі, математика, информатика пәні оқытушысы.

Сайысты тамашалаушылар: топ оқушылары, топ жетекшілері мен топ шеберлері.

 

Жоспары:

  1. 1 – сайыс. Таныстыру.
  2. 2 – сайыс. «Ребус, ребус, ребус»
  3. 3 – сайыс. «Фильм, фильм, фильм…»
  4. 4 – сайыс. «Сөздік домино»
  5. 5 – сайыс. «Жас астролог» (Үй тапсырмасы)
  6. 6 – сайыс. «Сіз білесіз бе?» . Көрермендерге
  7. 7 – сайыс. «Артық термин»
  8. 8 – сайыс. «Зодиак белгілері»
  9. 9 – сайыс. «Планетаны тап»
  10. Сайысты қорытындылау.

 

Сыныптан тыс сайыстың шарттары:

  1. Сайысқа үш топтан сайыс өтуші «Астрономия» пәні бойынша 12 оқушы қатыстырылады, яғни топ мүшелерінің барлығы дерлік сайысқа қатысуы керек.
  2. Сайысқа қатысушы әр топтың өздік эмблемасы, ұраны болуы керек.
  3. Жинақталған ұпай саны – әр сайыс үшін берілетін жұлдызшалар санымен анықталады.

Сыныптан тыс сайыстың барысы:

Сайыс акт залында өткізіледі. Акт залының төрінде сайысқа қатысушы топ оқушылары орналасады. Құрама командалар мен  акт залы төрі арасында тақта қойылады.  Залдың орта тұсында компьютер, мультимедиа аппараты орналастырылады. Көрермендер залының 1-қатарында әділқазы мүшелері жайғасса, залдың оң және сол жақ қанаттарына сайысқа қатысушы топтардың жанкүйерлері мен көрермендер орналасады.

Жүргізуші: Құрметті көрермен қауым! Ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі Жалпы білім беруші бірлестіктің апталығында өткізіліп отырған «Аспан әлемінің білгірлері» атты сайысымызға қош келіпсіздер! Бүгінгі сайысымызға қатысу үшін өз өнерлерін, білімдерін сынасқалы келген оқушыларды ортаға шықырып, ойыншыларымызды сайыстың шарттарымен таныстырамын. Сайыс 9-кезеңнен тұрады, ал бүгінгі сайысымызды біздің бүгінгі құрметті әділқазы мүшелері бағалайтын болады. Әділқазы мүшелері әр сайыс қорытындыларын әйгілеп, ұпай сандарын арнайы бағалау парағына толтырып отыруы керек. Әр сайыс қорытындысы бойынша жеңіске жеткен топқа жұлдызшадан таратылып отыратын болады.

Осыдан соң жүргізуші барлық әділқазы мүшелерін таныстырып шығады.

 

Ендігі сайысымызды басталық.

 

Жүргізуші: Балалар, астрономия – өте қызықты пән. Ғаламның дамуы – қаншама мыңжылдықтар бойы анықталмаған тылсым жұмбақ. Астрономия сұрақтары әрқашан да маңызды. Әлемнің пайда болуы, дамуы қашанда адамзатты қызықтырып келген. Аспан денелері, олардың түрлері, құрамы, эволюциясы, басқа аспан денелерінде тіршілік көзінің барлығы, олардағы өзгерістердің Жерге әсері, Жердегі ауа-райының өзгеруі, өсімдіктердің жетілуіне Күннің әсері, аспан денелері гравитациясының экологиялық зардаптары – барлығы да қашанда қызықты, әрі қажет. Оған себеп – қоршаған айналаның сырын біліп – тануға талпыныс, өйткені әр адам жүрек түкпірінде қашанда саяхатшы. Адам жер бетіне келгеннен бастап, әлемді танып білуге талпынып, Жер түгілі, жер асты, жер үсті, тіпті ғалам аралық саяхаттар жасайды. Бүгін де балалар, осылай біз астрономия пәні бойынша аспан әлеміне саяхат жасап, сайыс соңында сіздердің қайсыларыңыз ең білгір екенін анықтаймыз.

 

  1. Таныстыру.

Әр топтың бір мүшесі топтың атын, ұранын, мүшелерін, топ капитанын таныстырып шығады.

 

  1. «Ребус, ребус, ребус…»

Бұл сайыста екі топқа ортақ тапсырма беріледі. Яғни слайда ребус бойынша жасырылған сөзді табулары керек. Жылдамдықтары бойынша бұрын болған топ келесі сайыстарды бастау мүмкіншілігіне ие болады.

Ребус тапсырмасы

Жауабы: Астрономия

  1. «Фильм, фильм, фильм…»

Жүргізуші: Аспан әлемін зерттеп, танып білуге ұмтылыс, ғарыш кеңістігінің кереметтігін фотосуреттер арқылы танып білуге жеткізді. Дегенмен белгілі режиссерлер мен сценаристер аспан әлеміне қатысты қанша деректі, фантастикалық және мультипликациялық фильмдер топтамасын арнап үлгерген. Кейбір осындай әлемдік киноның маржандары адам қиялының шегінен шығып та жатады. Бірақ осы кинолар бізді қызықтырып, ондағы сомдаушы актерлермен қосыла ынтығып, аяғы немен тынады деп асығамыз. Ендігі осы сайыста сіздердің астрономия пәнімен байланысты киноларды қаншалықты көретіндіктеріңді тексереміз.   

 

1 – кино. «Жерге үлкен қауіп төнуде. Өте ауқымды астероид Кассандра біздің ғаламшарға жақындауда. Ал соқтығысуға санаулы сағаттар ғана қалды…Ал адамдардың бұл алапат оқиғаның алдын алуға еш уақыты қалған жоқ…  Ол кино қалай аталады?»

Жауабы: “Астероид”.

2 – кино. «Аменикандық оқушы Лео, астрономиямен шұғылданады, аспан кеңістігінен түсініксіз дүниені байқайды. Журналист Джени Лернер «Элли» мемлекеттік құпия бағдарламасының сырын түсінеді. Аспандағы табылған жаңа комета Жермен соқтығысуға жақын. Осы жағдайдың алдын алу үшін бір жыл уақыт бар… Ол кино қалай аталады?»

Жауабы: “Столкновение с бездной” (тұңғиықпен соқтығыс).

3 – кино. «Көне Майя үндістерінің күнтізбесі бойынша 2012 жылы Күн жүйесінің ғаламшарлары бірінен соң бірі бір сызық бойымен орналасып, түрлі табиғат жағдайлары орын алады, мысалы, күшті жер сілкініс, цунами, жанартаулар атқылауы, т.б. болады делінген. Жақында оқымыстылар бұл аңыз шындыққа айналуы мүмкін деуде…»

Жауабы: 2012”.

4 – кино. «Өлшемі америка штаты Техаспен теңесетін алып астероидтың көлеңкесі Жерге жетеді. Ал соқтығысуға санаулы күндер ғана қалды… Ол кино қалай аталады?»

Жауабы: “Армагеддон”.

5 – кино мен 6 – кино 2010 жылы халық назарына ұсынылып, көпшіліктің жоғары бағаларын алған…

5 – кино — жауабы: “Визитеры”

6 – кино — жауабы: “Аватар”

 

  1. «Сөздік домино»

Қойылған сұрақтар реті бойынша доминоны құрастыру. Екі топқа да бірдей домино-тілше қағаздар беріледі. Топ мүшелері домино тізбесін 1 минутта құрастыруы керек.

«Сөздік домино» сайысының тапсырмасы: Біздің Галактиканың қасында орналасқан тұмандық – Торпақ шоқжұлдызындағы жарық жұлдыз – Әлемнің гелиоцентрлік жүйесін құрастырған оқымысты аты – Юпитердің серігі – Жердің қорғаныш қабатын түзетін газ – Болгар, чех, поляк тілдерінде сенбіден кейінгі келесі күн қалай айтылады – Ежелгі Римдегі болашақты болжаушы — құдай, оның құрметіне айдың атауына есімі берілген – Бикеш шоқжұлдызындағы жарық жұлдыз.

Жауабы: Андромеда – Альдебаран – Николай – Йо – Озон – Неделя – Янус – Спика.

 

  1.  «Жас астролог» (Үй тапсырмасы)

Екі топтың мүшелері барлық зодиак жұлдыздары жайлы мәліметтер жинақтап, үйден дайындалып келулері керек. Екі топқа жекелеме конвертке жасырылған зодиак белгісінің атауы беріледі. Топ мүшелері конверттегі зодиак белгісінің артықшылығын, ерекшелігін, бір аптаға жорамалымен бірге айтып берулері керек. Мүмкіндігінше, ұпай жинау үшін залдағы қонақтарды да кірістіруге болады.

 

  1. «Сіз білесіз бе?» . Көрермендерге

Көрермендерге астрономия пәніне қатысты сұрақтар қойылады. Берілген сұрақтарға жауап беру арқылы табылған дұрыс жауапты көрермендер, өз ретінде орыс, ағылшын тілдерінде аудармаларымен айтып берулері керек.

  1. Біздің галактиканың аты? (Құс жолы – Млечный путь — Milky Way)
  2. Күндегі энергия көзі қайдан пайда болады? (гелий, сутегі – гелий, водород — helium, hydrogen)
  3. Жазғы күн тоқырау күні  қашан? (22 шілде – 22 июля – July 22)
  4. Күннің бір жыл ішінде жүріп өтетін сызығы – эллипс бойымен болады, осы траекторияны қалай атайды? (эклиптика – эклиптика – ecliptic)
  5. Жерді айнала қозғалысында Ай Күнді толық және жартылай көлегейлейді. Бұл құбылыс қалай айтылады? (Күн тұтылу – Солнечные затмения — Solar eclipses)

 

 

  1. «Артық термин»

Әр топтан бір оқушыдан шақырылып, екі тізімнен оқылады. Оқылған тізімнен артық терминді атау керек.

А) астероид, болид, квазар, комета, ақ ергежейлі, алыптар.

Б) күнтізбе, параллакс, айналу периоды, көрсеткіш, Күн тұрылу, орбитаға қисаю.

В) батыс, шығыс, натюрморт, эклиптика, базис, перигелий.

Г) микроскоп, рефрактор, бұрыштық айналу, үлкен жартыось, обсерватория

 

  1. «Зодиак белгілері»

Екі топқа да бірдей тапсырма беріледі. Екі топтың ортасында магнитті тақта қойылады. Ол тақтаның екі жағынан екі топтың бір мүшесінен шығып, кестедегі зодиактық жұлдыздар белгілерін ай бойынша дұрыс орналастыру керек.

 

Ақпан – Балықтар

Наурыз – Тоқты

Сәуір – Торпақ

Мамыр – Егіздер

Маусым– Шаян

Шілде – Арыстан

 

Тамыз – Бикеш

Қыркүйек – Таразы

Қазан – Сарышаян

Қараша – Мерген

Желтоқсан – Тауешкі

Қаңтар – Суқұйғыш

 


  1.  «Планетаны тап».

Оқушыларға слайд арқылы барлық ғаламшарлардың суреттері көрсетеді. Оқушылар оны естеріне сақтап отыруы керек. Содан соң, қандай да бір аспан денесі жайлы сипаттама беру арқылы сұрақ қойылады. Сұрақ оқылғаннан кейін, өте жылдам сұрақта айтылған ғаламшардың суреті көрсетіледі. Оқушы сұраққа қойылған қандай аспан денесі екенін табуы керек. Сайысқа әр топтан бір оқушы қатысады.

Меркурий                   Шолпан                         Жер

Марс                                    Юпитер                           Сатурн

Уран                          Нептун                             Плутон


Сұрақ: Күн жүйесіндегі ең үлкен және ауыр планета. Қазақша атауы – Есекқырған. Көлемі Жерден 1320 есе, ал салмағы 318 есе артық. Өз өсінен айналу периоды 9 сағат 55 минут болса, Күнді айналу периоды 12 жылға жуық. Онда ешқандай жыл мезгілдерінің ауысуы болмайды. Оның экваторының әрбір нүктесі сағатына 45 мың км жылдамдықпен қозғалады. Диаметрі 25000 км болатын бұл ғаламшардың ядросы темір мен тастан тұрады және центріндегі температура 23000К-ді құрайды. Атмосферасының 89%-ын сутегі, 11%-ын гелий құрайды. 1979 жылы – сыртында сақинасы бар екендігі ашылған. Қазіргі уақытта оның 16 серігі бар, ең ірі серігі – Ганимед, содан кейін – Ио, Еуропа, Каллисто. Серіктері бар екендігін алғаш рет Галилео Галилей анықтап, алғашқы осы төрт серігін ашқан

Жауабы: Юпитер.

Сайысты қорытындылау.

Жүргізуші: Ендігі сөз кезегі бақылаушыларға беріледі. Сайыстың өту реті, әр команданың сайысқа қатысуы және сайыста әр топтың жинаған ұпай сандары бойынша алған орындары жайлы айтып өтсеңіздер.

            Сөз әділқазылар мүшелеріне беріледі.

Сайыс соңында әр топ жинаған ұпай сандары бойынша марапатталады.

            Жүргізуші: Осымен бүгінгі «Аспан әлемінің білгірлері» атты сайысымыз аяқталды. Барлықтарыңызға тамашалағандарыңыз үшін рахмет айтамын