Сыңғырла, соңғы қоңырау!

55

Сыңғырла, соңғы қоңырау!

 

Өтетін күні: 25 мамыр 2009 жыл

Өтетін уақыты: сағат 900

Өтетін орны: мектеп алаңы

Безендірілуі: Мектеп алаңын түрлі-түсті шарлармен, ортаға шаңырақты орналастырып,

шаңырақты лентамен, жалаушалармен безендіру. Мектепке кіре беріс жерін есікті

доға тәріздес, ал екі жақ бөлігін шармен өрнектеп қосу.

Орналасуы: мектеп алаңында сағат 900-ге дейін сол жақ бетінде оқушылар, оң жағында бітіруші

түлектер және 1-сынып оқушылары, алаң төрінде(орындықтар шығарылады) мектеп

бітіру салтанатына шақырылған  қонақтар, алаңның шығыс жағына 10-жылдық

иелері орналасады.

 

Музыка орындалады.

 

Жүргізушілер шығады:  Мырзаханов Құдірет  және Телхуджаева Айнұр.

 

Құдірет:   -Армысыздар, ұстаздар, оқушылар, ата-аналар «Қош бол, алтын ұя

                 мектебім!»  атты салтанатты жиынға жиналған көпшілік  қауым!

 

Айнұр: — Міне тағы бір оқу жылы аяқталып, мектебіміздің  27  түлегі бүгінгі

салтанатты жиында балалықпен, мектеппен қоштасқалы тұр.

 

Құдірет:  —Бұл күн – мектеп тарихында , мектеп бітіруші түлектер есінде мәңгі

өшпейтін күн.

 

Айнұр:  —Жас жүректің өмірлік құштары – гүл,

Бағбан —  ұстаз баулыған құстары бұл.

Қоштасып бүгінгі күн ұясынан

Сол құстардың бір тобы ұшқалы тұр.

 

Құдірет:- Бітіруші түлектерді құрметпен ортаға шақырамыз. Қошеметтеп қарсы

алыңыздар! (11-сынып оқушылары мектеп алдына 1-сынып

оқушыларымен бірге қол ұстасып шығады).

Айнұр:  Сап түзелсін, салтанатты жиынға ту енгізілсін.(әуен ойналып түру керек.)

(Туды Оразбаев Нұрлан және Сламова Гүлжайна алып шығады)

 

Құдірет:   —Батырлыққа уызынан жарыған

Ер түркіні жалауынан таныған.

Өзі батыр, өзі әнші халыққа

Жарасады жігер берер әнұран.

 

Әнұран орындалады

 

  • Құдірет:   Мектебімнің қиынына көнеді,

Табыстарға мәз-мейрам боп жүреді.

Аллаберген ағай мектебімнің басшысы,

Халқы еңбегін ерекше деп біледі.

Кешімізді ақ тілекпен ашсын деп

Шәкірттерің сөз кезегін береді —  дей отырып сөз кезегін  мектебіміздің директоры  Ахметов Аллаберген ағайға  береміз (5- минут) және үздік оқушылар мен ата-аналарды құттықтайды.

 

Айнұр —   Құрметті Тұрсынхан ағай, қош келдіңіз,

Өзіңізді мақтан етіп жүреміз біз.

Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз,

Сөз береміз құрметпен өзіңізге,

Түлектерге арналсын тілегіңіз.

Сөз кезегі   ауыл әкімі Құрманбеков Тұрсынхан ағайға беріледі.(5-минут)

 

Құдірет:     Қонақ деген ырысың мен мерейің,

Енді аяңдап қонақтарға келейін.

Уақыт бөліп бізге тілек білдірер,

Сөз кезегін қонақтарға берейін.

(Аудандық білім бөлімінен келген қонақтарға беріледі)

 

 

Айнұр:    — Абзал жандар биік тұлға байсалды,

Құшақ жайып төл мерекең қарсы алды.

Түлектерге жарқын тілек білдіріп,

Құттықтайды бүлдіршіндер баршаңды.

 

 

                       Ән «Ұстазым» Бекаева Балнұр мен Сламов Аманжол

                      11 сынып 1 сыныпқа  сыйлықтар тапсырады.

 

Құдірет:  — Бүгінгі мына кеш жүректі тербейді,

Бал дәурен балалық айналып келмейді.

Алғашқы ұстазым әліппе ұстатқан.

Жүректен ешқашан, ешқашан сөнбейді

 

Ортаға құрметті ұстаздарымыз бастауыш сынып жетекшілері Ахмедова Мария мен Дубекова Назгүл апайларды  қошеметпен шақырамыз.(5-минут)

 

Ән:  «Ұстазым» Бекаева Балнұр барлық ұстаздарға арналады.

 

Айнұр:

Мойытпасын қиындықтар сендерді,

Батылдықпен асыңдар сан белдерді.

Біліміңмен қуантсаңдар мектепті,

Жақсы іспен қуантыңдар елді енді.

 

Құрметті қауым! Ендігі оқу жылындағы 11 сынып оқушыларын – мектепті бітіріп кетіп бара жатқан оқушыларының орнына шақырамыз.

Аманат тапсыру құрметін мектеп бітіруші түлек Құрманбеков Бауыржан тапсырады, аманат қабылдап алу құрметі 10 сынып  оқушысы Ибадуллаев Нариманға  беріледі. ( Аманат  тапсыру үшін бітіруші түлектерге сөз кезегін береміз, ортаға түлек шығып аманат тапсырады).

Құдірет:     Ұшырады жетекшің өз қолынан,

Ғылымның көрінші деп сан қырынан

Әлия апай, Бауыржан ағай шәкірттік тілегім сол,

Көріне біл тұғырдан биік шыңнан.

Біз сіздерге сөз кезегін берейікші

Өткізіп тұрсың міне биік шыңнан.

 

Атағым Алатаудай болса биік,

Тұрса да төбем өсіп, көкке тиіп.

Алдыңда әрқашанда тағзым етіп,

Тұрамын «Ұстазым» деп басымды иіп 

(сынып жетекшілері Әкімбаев Бауыржан мен Үсенова Әлия                                                                            өз шәкірттерін құттықтауы)

 

Айнұр:    .

                    — Жақсы шәкірт азамат атанады,

Халқынан, ата-анадан бата алады.

Ұрпағына айтсын деп ақ тілегін,

Ортаға шақырайық ата-ананы.

Сөз кезегі құрметті де қадірлі ата-аналарымыз атынан    —————————— және ардагер ұстазымыз Сәдуова Алмагүл апайымызға береміз.

 

Құдірет:  —Көрмеген артық сөйлеп артық күліп,

Шәкірттерін баулыды тәртіпті қып.

Шақырайық вальске түлектерді

Қоштасудың вальсін айтып тұрып.

 

 «Қоштасу вальсі». Ортаға бітірушілер ән әуенімен шығып , вальске билейді.

 

Айнұр:     —    Гүлдерге толып омырау

Түлектер тойын тойлайды.

Қағылмақ соңғы қоңырау

Қаққызбай өмір қоймайды.

 Соңғы қоңырау соғу салтанаты құрметпен 11 сынып оқушылары

Бейсенбеков Жасұлан ,  Бекаева Балнұр мен 1 сынып оқушылары

Еркін Ерсұлтан мен Уайс Камилаға  тапсырылады.

Бүгінгі күн – жас түлектің жаңа өмір баспалдағына жолдама берілетін күн.Тек биіктеп самғай беріңдер көгершіндер.

 Құдірет:   —     Көгершіндей самғаңдар түлектерім,

Орындалсын өмірде тілектерің.

Үнімен соңғы естіген қоңыраудың.

Дірілдеді-ау ерекше жүректерің.

 

Айнұр:  —Бұл соңғы қоңырау үні…Балалықпен қоштасу, үлкен өмірмен қауышу

үні. Осыдан 11 жыл алдын өздеріңе жаңа ғана ақ жол тілеген

бүлдіршіндер секілді едіңдер. Көз салып қараңдаршы…сендер де сондай

тәтті едіңдер,  бір сәт балалықпен қауышыңдар…Әне , олар сендерді үлкен

өмірге  аттандыруға бара жатыр … Жүректерің не дейді?

Ән: Бекаева Балнұр Соңғы қоңырау

 

Дауыс (музыка әуенімен): -Бүлдіршіндер өздеріңдей болғанбыз,

Құшақ ашқан алтын ұя ордамыз.

Сол бір сәттер енді қайта келер ме?

Балалығым біз өзіңді қимаймыз,

Алтын ұя мектебім мен аяулы

Ұстаздарым өздеріңді қимаймыз.

Қош бол енді балалығым бал дәмім

Мен өзіңді ғұмыр бойы аңсаймын.

Құдірет:   —Үлкен  өмірге аттаған қадамдарыңа нұр жаусын, талаптарың оң

болсын! Жас түлектер!!!

 

Айнұр:  —          Қоштасады алтын ұя мектебің,

Маңдайыңнан сипап өтсін көктен күн

«Сәт сапар!»-деп қол бұлғайық бәріміз,

Тілейік біз армандарға жеткенін —  дей келе бітіруші түлектермен

қоштасып, мектеп алаңынан шығарып салайық. (бітіруші түлектер

және 1-сынып оқушылары қол ұстасып алаңнан шығып кетеді.)

Құдірет:

10-жыл бұрын нұрға толы жаныңыз,

Арман қуып кеткен едің бәріңіз.

10 күндей боп 10-жыл өтіп кездесті,

Құрметпенен шақырайық қане біз.

(10-жылдық иелері алаңға шақырылады.)

Айнұр:     Сап түзелсін, салтанатты жиыннан ту шығарылсын.(әуен ойналып түру

керек, Туды Оразбаев Нұрлан және Сламова Гүлжайна алып шығады)

 

Құдірет:—  Жазғы демалысты жақсы өткізіп,ҰБТ-де жоғарғы көрсеткішке ие

болыңыздар, жоғарғы оқу орнына түсулеріңізге тілектеспіз.  Келесі оқу

жылында амандықпен жолыққанша сау-саламатта болыңыздар.

Салтанатты соңғы қоңырау жиынын жабық деп жариялаймыз.