«Қазіргі заманғы жастарға патриотизм тән бе?»

107

 

Тақырыбы: «Қазіргі заманғы жастарға патриотизм тән бе?»

Мақсаты:

  • Оқушылардың еліміздегі патриоттық бағытта жүзеге асырылып жатырған игі істер мен айтулы шаралар, бағыттар туралы түсініктерін кеңейту;
  • Екі жақты позицияда оқушылардың сөз жарасымдарына қатыстыру барысында оларды обьективтілік, пікір алуындағы елжандылық, принципшідік қасиеттерге тәрбиелеу;
  • Тақырыпқа байланысты әртүрлі деректер, материалдар, фактілер, статистикалық мәліметтерді саралау арқылы оқушылардың танымдық-эвристикалық қабілеттерін арттыру.

Сабақ әдісі: Пікір таластыру, Карл Поппер форматы бойынша пікірталас

Жаңа технология: Проблемалық полемика

Пәнаралық байланыс: Тарих, саясат, экономика, әлеуметтану

 

БАРЫСЫ:

 

 

Ұйымдастыру кезеңі

Қауыммен сәлемдесіп, үрдістің көздеген мақсаты туралы баяндау жүзеге асырылады.

Жүргізілу барысы жарияланады.

 

Қатысушылар

«Парасат» тобы                                                                «Ақиқат» тобы

 

 

Жақтаушы                                                                              Даттаушы

 

Мақсаты:  барлық фатілік дәлелдерді ұсыну арқылы өз позициясына сәйкес реебаттлл (конфликтілік) жағдайын тудыру.

 

Тайм Киппер

 

Міндеті: Әрбір спикердің сөйлеу уақытының шеңберден шықпауын, әдептілік этикасын сақтауын бақылауға алады.

 

«Парасат» тобы жақтаушы позицияны иеленді.

Бұл бағыт бойынша Қазақстан жастарына елжандылық, отансүйгіштік қасиеттер тән деген пікірді ұстанды.

 

 

«Ақиқат» тобы даттаушы позицияны иеленді.

Дәл осы көзқарасқа сәйкес қазіргі заманғы жастарға патриотизм тән емесдеген оппозициялық бағытты ұстаушылар.

 

 

 

                                            Қысқаша топтық резюме:

 

Екі топ та өздерінің ұстанған позицияларын айқын қорғап шығуға тиісті.

Жақтаушы топ өздерінің фактілерін ұсына отырып, нақты бір проблеманы көтеру арқылы оның:

  1. Шығу себептерін
  2. Шешу жолдарын
  3. Туындау нәтижелерін

                    айқын көрсетуге міндетті.

 

Даттаушы топ әрбір спикерлері өздерінің алдында қорғап сөйлеп кеткен әр жақтаушы спикері сөзінен кейін, ең әуелі оның кейсіне тойтарыс беріп, содан кейін өз дәйектемелерін ұсынуға міндетті.

Әрбір спикер 5 минут шегінде ой тарқатады.

Сөздерін түйіндейді.

Көрермен қауымның дауыстары саналады.

Комиссия төрағасы мен мүшелерінің пікірі тыңдалып, ойлары таразыланады.

 

Марапаттау

«Үздік топ» және «Үздік спикер» номинациялары беріледі.

Қорытындылау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОСЫМША

Оқу үрдісінде оқушының коммуникативтік құзырлығын қалыптастыру ең өзекті мәселе. Сабақ барысында проблемалық мәселені таба білу, оны шешу оған деген өзіндік ой-пікірін білдіру оқушы үшін оңай емесі анық. Алайда, оқушыны дебат технологиясына орта буынан бастап үйретсек, жоғарғы буынға келген оқушымен жұмыс жүргізу оңай болады. Себебі дебат технологиясы оқушының сөздікпен, тақырыпқа сай басқа да материалдармен, ғаламтормен, баспасөз материалдарымен еркін жұмыс істеуге баулиды. Ал ол өз бетінше ізденіп, оқушының өзіндік ой түйіндеуіне әкелері сөзсіз.
Дебат технологиясы мектеп жасындағы оқушыларға 2 кезеңмен беріледі. Екі кезеңде де топ құрамы 3 спикерден құрылады. I кезеңде тақырыпқа сай топ оқушылары материалдарын жинап, оны зерделеп, басты ұстанымын (критериін) анықтайды, әрі осы критериді айқындайтын аргументтерді дәлелімен логикалық бірізгілікке негіздейді. Қойылатын басты шарт топ міндетті түрде кейстарын бірге отырып, жасау керек. Кейс құрылып болғаннан кейін әр спикер өз міндетті бойынша жұмыс жасайды. Бұл тұста оқушылар сөйлейтін сөзінің уақытқа сай болуын, оның әр айтылған ойының келесі оймен қабысып, жатуының әрі дәлелі болуын міндетті түрде ескеруі керек.
Оксфорд және Кембридж университетінде жасалған құзырлықты бағалаудың «Негізгі құзырлықтар -2000» бағдарламасында құзырлықты меңгерудің әрбір 5 деңгейі А,Б,С деген үш бөлімнен тұрса, дебат технологиясында топ 3 спикер тұрады. 1ші спикер топпен тақырып бойынша құрылған кейсті жүйелі таныстырады. 2-ші спикер қарсыластарын зейін зая тыңдай отырып, олардың ұсынған ұстанымдарына қарсылық көрсетеді. Ойын шарты бойынша қарсылық критерий мен аргумент арасындағы логикалық байланысқа, аргумент пен дәлелдің арасындағы бірізділікке негізделуі керек.міндетті түрде мен аргу логикалық байланысқа аргумент пен факт арасында бірізділікке негізделу керек. Әркім өз тобының ұсынымдарын бекітіп өтіуі қажет. 3-ші спикер ойын барысында екі жақтың ұсынған ұстанымдарын саралап, өзінің ұтымды жақтарын нақтылап өту әрі қарсыластарының ойындағы жіберген негізгі кемшіліктеріне жан-жақта талдау жасауы керек.
Дебат технологиясының ұтымдылығы да осында. Өйткені материалдарды жинап, оның негізгісін айқындай білген оқушы әдебиет сабағынада да, өмірде де кез келген тақырып аясында өзіндік пікірін ортаға тартымды түрде бере алады.
Карл Поппер бағдарламасының 2-ші сатысы — саяси формат. Бұл жоғарғы сынып оқушыларына арналған бағдарлама. Мұнда оқушы туындайтын негізгі мәселені қарастырады.Одан кейін мәселенің туу себебін анықтайды.Ең бастысы осы мәселені шешу жолдарын қарастыруында. Бұл саяси форматтың ұтымдылығы сол оқушы тақырып төңірегінде қордаланып қалған мәселелерді өзіндік көзқараспен шешуге ұмтылады. Бұл оқушыны өзін ересек адам ретінде сезінуге алып келеді, әрі оған үлкен жауапкершілік жүктейді.
Сондықтан саяси форматты меңгерген оқушылар олимпиада, ғылыми жобалар жарысы т.б. жарыстар да өздерін еркін ұстайды.

Ойларын қысылмай, жан-жақты жеткізеді.

Пікірталастың ең биік шыңы- пікірсайысты меңгерген оқушы бойында өзіндік сөйлеу стилі қалыптасады. Кез келген ортада өзін-өзі ұстай білуін, сөзінің тартымды әрі ойының дәлді болуымен ерекшеленеді.