«Хизб-ут- Тахрирдің зиянды сипаттары» «Біз айтсақ….» бағдарламасымен

58

Тақырыбы: «Хизб-ут- Тахрирдің  зиянды сипаттары»  «Біз айтсақ….» бағдарламасымен

 

               Мақсаты:

 

Білімдік: — «Хизб-ут-Тахрир» экстремистік ұйымының пайда болуы,оның мақсаты мен                                                               оның зиянды  жақтарын көрсету

Дамытушылық: — оқушының  жан-жақты  іздене білуін қалыптастыру

— бірлесіп және өздігінен жұмыс  істеу  дағдыларын жетілдіру.

-жат діннің арбауына түсуден сақтандыру

           Тәрбиелік:            —    оқушыларды имандылыққа,адамгершілікке баулу

 

Көрнекілігі:   DVD  диск «Дін  ислам  діңгегі», «Тамырсыздық», «Исповедь», плакаттар: «Қазақстан-2030»  М.Шаханов  «Төрт ана» , Нақыл сөз  «Дінін  бұзып ,дәстүрін  тоздырғаннан  без» (М.Әуезов)

Барысы:  І-бөлім  1)  Тақырыппен  таныстыру

2  )Кіріспе  сөз

3)  Қонақтарды  таныстыру

4)  Қонақтарға сұрақ қою

Кіріспе  сөз

 

  Құрметті  ата-аналар,оқушылар!

Біздер  көп  ұлтты,көп дінді мемлкетпіз.Біздер  татулықты,бейбітшілікті  мұрат  тұтқан  елміз.Елбасымыздың  жүргізіп  отырған  саясаты да ең алдымен  еліміздің  тыныштығы,халқымыздың  аман-есендігі.Алайда ,арамызда  еліміздің  тыныштығына  сынай қарағысы келетін, өздерінің  өктемдік  саясатын  жүргізгісі  келетін  теріс  пиғылдағы  топтардың,діни  ұйымдардың  бар екені белгілі.

Елбасымыз  діни  экстремизмді №1 қауіпке  балап  отыр.Адамзат санасында  үрей  тудырған  діни  экстремизм,лаңкестік  іс-әрекет  қазіргі  таңда  тек Қазақстанның  ғана  емес, әлемнің де  ең  басты  проблемаларының  бірі  болып  отыр.

Сондай  экстремистік  ұйымдардың  бірі «Хизб-ут –Тахрир аль ислами» .Олар  көшелерді  аралап,әр  үйдің  есігін  қағып,күнкөрісі  нашар  адамдарды іздеп  тауып,ақша  үлестіріп,ерекше  мейірбандық  қасиет  танытқансып,қарапайым  халықтың  едәуір  бөлігін  өз  діндеріне  ендіріп  алды. 40 мыңға  жуық  қазақ  жастары  соларға мүше  болып  отыр. Ендігі жерде  халқымыздың  арбауға  түсіп  алданып  қалмауы  үшін  біз  бүгін  «Хизб-ут-Тахрирдің » зиянды  сипаттары  жайында  әңгіме  қозғамақпыз.

 Қонақтарды таныстыру

І-бөлім  .   «Біз айтсақ…. бағдарламасымен  сұхбат і», :

Біз  осы сабағымызға  заңгер – Ақнұр  ханым  мен  дінтанушы  — Қазыбек  мырзаны  және сарапшыларды  қатыстырып  отырмыз.Сұхбатты  жүргізуші қонақтарға  сұрақ  қойылады.  Ақбала  ханым.

DVD  дискіден  «Дін- ислам  діңгегі»  өлеңі  оқылады.

 жүргізуші:   Ақбала

Қазақстан – көпұлтты  әрі  конфессиялы  мемлкекет.Тілі  басқа, діні  бөлек, бірақ  мақсаты  мен  мүддесі  бір  ұлттар  өзара  ауызбірлік  пен  ынтымақтастықтың  арқасында  тату-тәтті  өмір  сүріп,тәуелсіз  еліміздің  өсіп-өркендеуіне  барынша  үлес  қоысп  келеді.

Алайда қоғамдағы   діни ахуал  соңғы 18 жылдың  ішінде  шапшаң өзгерістерге  жол  ашты.Ислам дініне  мүлдем  жат  түрлі діни  ағымдар пайда  болды ғой.Осыған заңгер  ретінде  не айтар  едіңіз.

 

   Заңгер –Ақнұр

Иә,мұсылман  дініне  мүлдем  жат,қарама-қайшы  келетін  түрлі  діни  ағымдар еліміздің  әр аймағынан  бой көрсете  бастады.Мысалы:  біздің елімізде  16 миллионға  жуық  халық бар.Қазір 4166 діни  бірлестік  тіркелген  бұдан  басқа 200-ден  аса  тіркелу үстінде  екен.Мылтықсыз майдан  деген  осы  емеспе?  Бұл  діни секталардың  барлығы да  ислам  дініне  қарсы  әрекет  жасап  жатқандар.

 Жүргізуші  -Ақбала

Осы  секта және экстермизм  деген  не??

Заңгер  -Ақнұр

Секта- діннен, тіркеуден  бөлінген  топ.Экстремизм –латын  сөзі, «шеттеу», яғни  орталықтан ауытқу,тәртіпке  бағынбау,өз пікірімен  ғана  әрекет  жасаушы  деген  ұғымды  білдіреді.

      Жүргізуші  -Ақбала

Экстремизмнің  мақсаты  не?

Заңгер  -Ақнұр

Мақсаты- еліміздің  егемендігін,тұтастығын бұзуды,өкіметті  күштеп  басып алу,аулауыздықты  қоздыру  болып  табылады.

Жүргізуші  —  Ақбала

Кеңестік  заманда «Дін  апиын» деген  солақай  саясаттан  санамызды  арылтып,имандылыққа қайта  орала  бастағанымызға  біршама  уақыт  болды.Алайда,бүгінде  жаңбырдан  кейінгі  саңырауқұлақтай қаптаған  түрлі  діни  секталар  ел ішінде  белең  алды.Солардың  ең  қауіптісі  қайсысы?

Дінтанушы – Айғазы

Бұл  топтар  ислам дінін  әлсірету үшін  мұсылмандардан  топ-топқа  бөліп,оларды  түрліше  атап,бір-біріне  қарсы  қоюда. (тарихатшылар,сопылар, нұршылар,сүлейменшілер)

Солардың бірі,әрі  қауіптісі «Хизб-ут-Тахрир әл ислами» діни экстремистік ұйымы.Елімізде  түрлі атты  жамылған  2000 секта бар, оларға 40 мыңға  жуық қазақ  жастары  мүше  болып  отыр.Дүниеге  сатылған  жастарымыз  күннен-күнге  көбеюде.Бұлардың бәрі  Отанын  сатқан  опасыздар.

Жүргізуші –Ақбала

Ол  секталардың  мақсаты  тек  өз  діндерін  тарату ма?

Дінтанушы – Айғазы

Мақсаты  тек  дін  тарату  емес. Бізде  ұлан-байтақ  жер  бар,  байлық бар.Еліміз  геосаяси  тұрғыдан  «Еуразияның  қалқаны» . Ал  Еуразияға  үстемдік  жүргізу — әлемге  үстемдік  жүргізу  деген  сөз.

Жүргізуші- Ақбала

Қазақстанда  қандай экстремистік  ұйымдар  бар?

Заңгер – Ақнұр

15 экстремистік  ұйымдар бар. Олар  Қазақстан  Республикасының  жоғарғы  соты  мен  Астана  қалалық  сотының  шешімімен  қызметтері  заңсыз деп  танылған  ұйымдар.

Бүкіл  мұсылман  қауымына  қауыіп  төндіріп,әлем  елдерін алаңдатып отырған «Хизб-ут-Тахрир»

 

Қазақстан  аумағында  қызметтері  арнайы  сот  шешімдерімен  заңсыз деп  танылған  діни ұйымдардың  тііізімі

 

1.Орталық Азияның  моджахедтері

2.Шығыс Түркістан  ислам  партиясы

3.Өзбекстанның  Ислам  қозғалысы

4.Күрд  халықтық конгресі

  1. «АУМ Синрике» ұйымы
  2. «Әлеуметтік реформалар қоғамы» ұйымы
  3. «Лашкар – и Тайба» ұйымы
  4. «Аль Каида» ұйымы
  5. «Асбат- аль -Ансар» ұйымы
  6. Талибан» қозғалысы
  7. «Хизб- ут -Тахрир» діни саяси партиясы
  8. «Мұсылман бауырлар» ұйымы
  9. «Боз гурд» ұйымы
  10. «Шығыс Түркістанды азат ету» ұйымы
  11. «Алля аят» ұйымы

 

Жүргізуші  -Ақбала

«Хизб-ут-Тахрир» ұйымы  қайдан  келген?

Заңгер  — Ақнұр

Ол 1953 жылы Иерусалимде  құрылған.Оның  негізін  қалаған  Такиуддин Ан-Набхани. Ол  қайтыс  болған  соң  Иорданияда  тұратын  палестиналық  Абдул  Кадим  Заллум  ұстады.Алғашқы  кезде  бұл  партия  таяу  Шығыс аумағында  ғана  жұмыс  істеді.Кейіннен  оның  филиалдары Египет,Иордания,Тунис,Кувейт,Палестина,Түркия  және  Батыс Еуропа  елдерінде  көрініс  бере  бастады.

Дінтанушы –   Айғазы

1990 жылдардың  ортасында «Хизб-ут-Тахрир» өз қызметін  КСРО  аумағында ,оның  ішінде  Өзбекстан,Тәжікстан,Қырғыз  Республикасында  жүргізе бастаған.1998жылы  Қазақстанда  көрініс  бере  бастаған.Оның  мақсаты  шариғат  заңнамаларына  негізделген  ислам  халифаты мемлекетін  орнату.Оның  ішінде,жихад жолымен  де  халифат құру.

 

Жүргізуші  -Ақбала

Жаңа  аталған  елдердің  бұл  партияға  көзқарасы  қандай?

Заңгер  -Ақнұр

«Хизб-ут-Тахрир» ұйымының  ұстаған  бағыты  мен  мақсаты  әлем  жұртшылығын  алаңдатып,діндер  арасында  іріткі  салуды  көздейтіндіктен  бірқатар  елдер,Таяу шығыстағы  көптеген  елдер  Иордания,Сирия,Пәкістан,Ресей,Германия,Өзбекстан,Тәжікстан,Қырғызстан т.б. өз елдерінде қызмет етуіне тыйым салды.

Ал Қазақстанда 2007 жылы 28 наурызда Астана  қаласының  соты экстремитсік  ұйым деп  танып, Қазақстанда  қызмет  етуіне  тыйым  салды.

Жүргізуші- Ақбала

Хизб-утшыларға  қарсылық  білдіріп  жатқан  елдер бар ма?

Дінтанушы  —  Айғазы

Хизб-ут-Тахрир  ұйымы мүшелерін  көбейту үшін  партияның  атауына  исламды  қосып,13 жылда Халифат құру  міндетін  қойған еді.

Бірақ  олардың  саны  өспеді.Оның мақсатын  байқаған  Араб елдері олардан  бойын  аулақ  салып,өз елдерінде  кең  таралуына  қарсы  болды. Сөйтіп халифат құру  идеясы  жүзеге  аспады.Хизбутшылардың  кітапшаларын ,парақшаларын  мұсылман  әлемінің  ғұламалары,діндарлары  мойындамады.

Жүргізуші-  Ақбала

Олардың  орталығы  қай  жерде?

Дінтанушы – Айғазы

Орталығы  Лондонда  көрінеді.Ал бізде «Хизб-ут-Тахрирдің» ошағы  Кентау  қаласы.

Жүргізуші- Ақбала

Хизбутшылардың  зиянды  сипаттары  қандай?

Заңгер  -Ақнұр

Ислам  атын  жамылып,бейбіт  өмір  тыныштығын  бұзады.Олар  мемлекетті,үкіметті  мойындамайды.Мақсаты- саяси  төңкерістер  жасау.Мемлекет  билігін  құлатып,билікке  қол  жеткізу,іс-әрекеттерін  әр  уақытта  жасырын  жүргізеді.Ата  Заңымызды  мойындамайды,қазақ тілін  құрметтемейді.Олар  тек араб,ағылшын  тілі болу  керек  дейді.

Діни  жағынан  зиянды  сипаттары  бар ма?

Дінтанушы –Айғазы

Олардың  діни  жағынан  да көп зиянды  жақтары бар.Мысалы: ислам  қағидаларына  бұрмалаулар,өзгерістер  енгізеді,мұсылмандардың  арасына  жік салады,мүшелері  бір-бірін  шын  атымен емес ,лақап  атымен  атайды.Біздің  елді  кәпірлер елі  деп санайды.Әруақтарға  құран  бағыштау дұрыс емес  деп  санайды.Еліміздің киелі  орындары А.Иассауи,Арыстанбаб  кесенелерін  бұзып, қирату  керек  дейді.Өйткені адамдар  ол жерлерге  барып,серік  қосады –мыс.Намаз  оқымайтындарды –кәпірлер  дейді.

Жүргізуші- Ақбала

Хизбутшылар қазақ  жастарын  өздеріне қалай  тартып  жатыр?

Заңгер – Ақнұр

Олар өз қатарына  діни,саяси  сауаттылығы   аз жастарды  тартады және әлеуметтік  жағдайы  төмен  адамдарды  ақшаға  қызықтырып  тартады.

Жүргізуші  — Ақбала

Хизбутшылармен  күрес  қалай  жүріп  жатыр ?

Заңгер – Ақнұр

Ата  Заңымызды  мойындамайтын, экстремистік  ұйымның  көптеген  мүшелері  ұсталып,заң алдында  жазасын  алып жатыр.Бірақ оларға  арналған  арнайы  түрме  жоқ.Олар  қатаң  режимде  сотталғандармен  бірге  өтейді.Әділет  департаменті  сотталғандармен  қаупі  туралы әңгіме  өткізіп,оларды  адасқан ағымның  жетегіне  ермеуге  шақырды.

Жүргізуші  — Ақбала

Сотталғандарға  құдайға  құлшылық  етуге  жағдай  жасалған ба?

Дінтанушы  — Қазыбек  Айғазы

Құдайға  құлшылық  жасауға  жағдай  жасалуда.Шымкент  пен Төлебиде  сотталғандардың  күшімен  мешіт  соғылған  басқа  түрмелерде мешітке,шіркеуге  арнайы  бөлмелер бөлінген.Әділет  департаменті  мен  қылмыстық  атқару  жүйесі  комитеті  бірігіп ол  жердегі  діни  уағыздардың  дұрыс  жүргізілуін  жоспарлы  түрде  тексеріп  отырады.Соның  нәтижесінде  адасып  Хизб-утқа  кіргендер  өз кінәсін  мойындап жатыр. (диск  көрсетіледі) Мына  сюжетті  көрелік

 

ІІ-бөлім

 

Қонақтар  бір-біріне  сұрақ  қояды.Дінтанушы –Қазыбек  сұрақ  қояды.

«Хизб-ут-Тахрир» экстремистік  ұйым  болса  онда  оған  неге  кірген?

Заңгер – Ақнұр

Хизбутшылардың  парақшаларын  таратып  жүріп  ұсталғандардан  сұраған кезімізде  ,ол ұйымға кірер  кезде  ант қабылдайды екен.Антты  қабылдағандардың  алдында  ұйымның  заңсыз  екенін білмеген, әрі  діни  сауатсыздықтан  кірген.Сондықтан жат дінге  кірмеу  үшін және елімізде  тыныштық пен  ынтымақтастықты  сақтау  үшін  мектепке дінтану  сабағы енгізіліп  отыр.

Заңгер – Ақнұр  сұрақ  қояды.

Өз  дінімзден  безетіндей  біздің  ислам  дініміздің  де  зиянды  жақтары  бар ма?

  Дінтанушы- Айғазы

Жоқ. Ислам – бейбіт дін.Ол Бүкіл адамзатты  оқуға ,білімге,ғылыми  жаңалықтарға  үндейді. Таза жүру, адал  еңбек  ету, бір-біріне  кешірімді  болуға шақырады.Ислам  дінін  неміс ақыны  Гете ,орыс  ойшылы  М.Толстой , А.Эйнштейн (ғалым), былғары  қолғап  шебері  Мұхаммед әли,Темір  жұдырықты   Тайсон  өз  діндерінен  шығып,ислам дініне кірген.Міне  осылар  құран  кәрімді  оқып,оған  бас  иіп, мұсылман  болған.Зиянды  жақтары  болса  осы  кісілер  кірер ме еді ?

 

ІІ бөлім  аяқталды.

 

ІІІ бөлім

 

Енді  ІІІ бөлімде  срапшыларға  сөз  береміз.

  1. Дінтанушы  — Дәурен

Бір  шаңырақта отырып,әкесі  мұсылман  баласы кришинайт,қызы «иегова  куәгері»  болып қырық пышақ  болып  жатқандар да бар.Қазір  естімеген  небір  дін- сымақтардан  аяқ  алып  жүре  алмай  қалдық. Оның бәрін  сұрыптауға  уақыт та,жүйке де  жетер емес. Қылмыс  хроникасынан  жиі  көрініп  жүрген  хизбутшылар үн-парақтар,кітаптар,компьютер  дискілерін,журналдар  таратып  жүрген  кездерінде  ұсталған.

Осындай  ұйымдардың  күдікті  жұмысын  байқаған  жағдайда  сенім  телефондары  арқылы  жергілікті  билік пен  құқық  қорғау  орындарына  хабарлау керек.Өйткені  біріміздің  бауырымыз,біріміздің ұл-қызымыз  осындай  ұйымдардың  жетегіне  түсіп кетсе,қасіреттің  көкесі  сонда  болмақ.

2 .Береке -Нұр-Мүбәрәк  университетінің  қызметкері-

«Хизб-ут-Тахрирдің» ұстаған  бағыты да,ниеті де  дұрыс  емес,дұрыс  болса қызметін  жасырын  жүргізер ме еді?Олар  өздеріне   діни  сауаты  шамалы,діннен  де,саясаттан да алыс  жатқан  жастарды  тартуға үйір  келеді.Ал исламнан  мағлұматы  мол  адамдар . Хизбутшылардың  алдап арбауына  түспейді.Сондықтан  дінтанушы  мамандарды даярлауға  көңіл  бөлуіміз керек.

Қазіргі  кезде дінтанушы  мамандарды дайындайтын жоғары  оқу  орындары өте  аз.

Мысалы:Алматыдағы «Нұр –Мүбәрәк» ислам  институты,Түркістандағы  Қ.А.Яссауи   атындағы   халықаралық қазақ  түрік  университеті ,Астанадағы Гумилев  атындағы  Еуразия  ұлттық  университеті, Нұр-Мүбәрәк  университеті  жыл сайын  30-40 имам  даярлап шығарады  екен.  Олар мешіттерге  барып  орналасып  жатыр.Енді  жастарды  шетелдерге  діни  білім  алуға  жіберудің  қажеті  шамалы.Медресені  бітіргендер  осы  университеттерге  түсе алады.

  1. Нұрбол —  Ұлттық  қауіпсіздік  қоғамының  қызметкері

 

Менің  ойымша  имамның  бетпердесін  киіп,мұсылман  кейпіне  еніп  жүрген  қара  пиғылды  лаңкестердің  жолына  бөгет  болу журналистердің  де  міндеті.Себебі  көпшіліктің  пікіріне  қарасақ көпшілік  адамдар  бізде  жасырын  әрекет  етіп  жатқан  «Хизб-ут-Тахрир» ұйымынан  біраз  хабары  бар да, басқа  ұйымдардың  іс-әркекті  түгілі  атын да  біле  бермейді.Сондықтан осындай экстремистік  ұйымдар  және олардың  қылмыстық  әректеттері  жайында  баспасөз  беттерінде  жазып  отыру керек.Сонда  адамдар ол мәселелерді  оқып  танысса  басқа  діннің  жетегінде кетпейді.Бұл  жөнінде жазылып  жатыр.Бірақ әліде көбірек жазу  керек.Ал жастарымыз тек  теледидармен  шектелмей,газеттерді  де  оқу  керек.

  1. Жазушы -Арай

Басқа діннің  жетегінде кетпеу  үшін  балаларды  жастайынан ,тіпті  балабақшадан  бастап  имандылыққа  баулу керек.Жасынан  діннің  бастау  бұлағынан  сусындап  өссе, жүрегіне иман ұялап, оның  жаны да ,тәні де  жүрегі де  таза  болады.

Орыс ақындарында  исламға  таңданыс  пен  тебіреністен  тұрған  өлеңдері  мол. Мысалы: Пушкин «құранға  еліктеуді»жазады. Полонский  пайғамбарға мадақ  жырын  арнаған.

Орыс ақыны  Иван Бунин  мұсылмандық  жайлы  құлаш  жыр  жазған. Оның «Естеліктер» деген  кітабында  былай  деп жазады:

«Құран  мені  қайран  қалдырды» дейді. Мен бұған  дейін де,бұдан  кейін де мұндай  кітапты  көрген  емеспін.

Мұсылмандықтың  5 парызының 1-і ораза ұстау. Оразаның  сауап  жағынан  да, денсаулық  жағынан да  пайдасы зор. Мысалы: Ораза  ем ретінде  ішек  ауруларына,іш қатуға қарсы  қолданылады.Ораза  ұстағанда  кейбір  тері  аурулары  жазылып, асқазан мен  ішек  жұмысына  тоқтау салып,тынығады.Бүйрек, бауыр, жүрек,тамыр ауруларына  қарсы  төзімділікті  арттырады.

  1. Тарихшы -Гүлжан

2) Дінтану  сабағында діндер  тарихын  діндердің  қағидаларын  ,әдет-ғұрыптарын,мейрамдарын, зайырлы  мемлкетіміздің   ұстанған  саясатының  мәні  мен  мақсатын  оқыту керек.

1) Дінтану  сабағын  арнайы  білімі бар дінтанушы  деген  дипломы бар мамандар беруі  тиіс. Әзірге  олар бізде  жеткіліксіз,сондықтан  олардың  орнын  тарихшылар  басуы  тиіс

3) Өз  ұлтының  рухани мәдениетін  өзгенің  рухани ықпалынан  қорғай  білуді қалыпатастырса 2-ші  жағынан  өзгенің де  дінін  ,діни  танымын,олардың басқаларға  деген  көзқарасын анықтап  білуге ,олармен  сыйластық қарым-қатынасты  қалыптастыруға  мүмкіндік береді.

 

6) құқық  қорғау  қызметкері —  Алтынай 

 

Дінтану  оқулығы  қазақ  және  орыс  тілдерінде дайындалуы  қажет. Оқулықтарды  дінтанушы  ғалымдар  тобы  әзірлеген  жөн.

 

Мұғалімдердің  өзі жаңағыдай  секталардың  мүшесі  емес пе,соны да  анықтау  керек.Себебі сондай  секталардың  шырмауында  жүрген  мұғалімдер де  баршылық.

 

Діни  ағым  мен  сектаның  мүшелеріне  сабақ  беруіне  рұқсат  етілмеу  керек.Өйтпесек   мүйіз  сұраймыз  деп сақалынан  айрылған  тоқал  ешкідей  боламыз.

Жүргізуші  — Ақбала

  Қорытынды  сөз

        Көп ұлтты қазақ  елінің  болашағы  жарқын,тыныштық пен  берекелі болуы  үшін діни  экстремизмнің  көріністеріне  жол бермеуге  тиісті  екеніміз  ойымыздан  шықпағаны  жөн.

Орны  толмас  өкініштерге  ұрынып  қалмайық  десеңіз,онда «Хизб- ут- Тахрирдің»   арбауына  түсіп ,алданып  қалмаңыз ағайын.

Біз  айттық  ,ал шешім шығару  өздеріңіздің  үлестеріңізде

Мұғалім  сөзі:

Қазақстан  2030 стратегиясы  бағытында Бостандық  пен  тәуелсіздікті  жеңіп  алу жеткіліксіз,оны  табанды  түрде  қорғап, нығайтып,ұрпақтарға  қалдыру қажет.

Біздің  ұрпақ  еңсере  алмай,өздеріне қалдырған  ауыртпалықтар,қиыншылқтыр  мен  проблемалар  үшін болашақ  ұрпақ  кешірер .Егер  біз  өз мемлекетіміз ден айрылып, егемендігіміздің стратегиялық негіздерін,өз жерлерімізбен ресурстарымызды  қолымыздан  шығарып алсақ, бізге  кешірім жоқ- дейді.

Экстремистік ұйымдардың салдарынан мемлкетімізден  айрылып қалсақ  біздің  ұрпағымыз  кешірмейді.

DVD  диск қойвылады.

 

 

БӨЛІСУ
Алдыңғы жазбаБағдаршам
Келесі жазбаHolidays (Мерекелер)