“ К і м к ө п б і л е д і ? ” Сыныптан тыс сабақ (7 — сыныптар арасында)

22

 

К і м   к ө п   б і л е д і ?

Сыныптан тыс сабақ

(7 — сыныптар арасында)

Сабақтың мақсаты:

 

Білімділігі: сабақтан тыс уақытта оқушылардың математика пәніне қызығушылығын арттыру;

 

Тәрбиелілігі: тез ойлау қабілеттерін, ауызша есептеу қабілеттерін дамыта отырып, шапшаңдыққа, жылдамдыққа тәрбиелеу;

 

Дамытушылығы: математика пәнінен алған білімдерін тексеру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

 

Жоспар:

1-бөлім. Білімді мыңды жығар

2-бөлім. Геометрияға саяхат

3-бөлім. Викториналық сұрақтар

 

Әділ қазылар алқасын сайлаймыз. Ойынға қатысушы екі топ ортаға шақырылады: «Эврика» және «Пифагор» топтары.

 

1-бөлім

 

 

Математика мен математиктер жайлы тәрбиелік маңызы бар сөздер айтылады. Әр жауап 1 ұпаймен бағаланады.

  1. «Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін математика» (М.В.Ломоносов)
  2. «Математика – барлық ғылымдардың тұңғышы және ойларға пайдалы да, қажетті» (Р.Бэкон)
  3. «Физиканың оң қолы химия боса, ал математиканың оның көзі» (М.В.Ломоносов)
  4. «Математиканың өз тілі бар – ол формула» (С.В.Ковалевская)
  5. «Табиғатта барлығы өлшенеді, барлығы саналады» (Н.И.Лобачевский)
  6. «Адамның даңқы – оның ойлау қабілетінде» (Паскаль)

 

Әділ қазылар алқасына сөз беріледі. Әр топтың ұпай саны айтылады.

 

 

 

 

2-бөлім

  1. Фигураларды зерттейтін ғылымды не дейміз?
  2. Фигураның ең қарапайымы не?
  3. Негізгі тригонометриялық фигураларды ата
  4. Тұрмыста қандай геометриялық фигураларды білесіңдер?
  5. 1800, 900, 1200, 450 –қа тең болатын қандай бұрыштар?
  6. Шаршының периметрі 44 см, қабырғасы нешеге тең?
  7. Тең қабырғалы үшбұрыштың қабырғасы 8 см, периметрін тап?
  8. Егер параллелограмның диагональдары тік бұрыш жасап қиылысса, ол қандай параллелограмм?
  9. Египет үшбұрышы деп қандай үшбұрышты айтамыз?
  10. Пифагор теоремасы не жайында?
  11. Планиметрия – геометрияның қандай бөлімі?
  12. Глобус қандай геометриялық фигураны елестетеді?
  13. Жер полюстері геометрияда қандай түзулерді еске түсіреді?
  14. Бұрышты өлшейтін құрал?
  15. Аксиома дегеніміз не?
  16. Шеңбер мен дөңгелектің айырмашылығы неде?

 

Әділ қазылар алқасына сөз беріліп, қатысушы топтардың ұпай саны айтылады.

 

 

3-бөлім

 

 

  1. Атадан он баламыз,

Бір-бір жастан арамыз.

Қосылып кейде басымыз

Азайып кейде қаламыз.

Бөлініп кейде арамыз.

Көбейіп те қаламыз. (2 ұпай)

 

 

 

  1. 9+99/99= (9  9 )9/9

9

99/9-9/9=                      9+9999-9=                      (2 ұпай)

 

  1. Шарлар үшбұрыш тәріздес орналастырылған: бірінші қатарда 1 шар, екінші қатарда 2 шар, үшінші қатарда 3 шар болса, 10-қатарда неше шар бар? (1 ұпай)
  2. Егер 1 жұмыртқаны 4 минут қайнатса, 5 жұмыртқаны неше минут қайнатады? (1 ұпай)
  3. Ерланның торында 5 торғай бар. Бес торғайын бес досына таратқаннан кейін торда 1 торғай қалған екен. Бұл қалай болды? Түсіндір. (2 ұпай)
  4. 50-ді ½-ге бөліп 3-ті қосыңдар, нәтижесі қанша шығады? (2 ұпай)
  5. Математик кішкентай қалашыққа тоқтады да, шашын қырықтырмақшы болды. Қалада тек 2 шашатараз бар. Бірінші шашатараздағы шебердің шашы онша жақсы қырқылмаған,. Математик қай шеберге барады? (1 ұпай)
  6. Салыстыр: а) 9990  және 99990

б) 22   және 33      (2 ұпай)

  1. Ағып жатқан өзеннен 3 л және 5 л ыдыстар көмегімен 4 л су әкелуге бола ма? (3 ұпай)
  2. Төрт ағайындының әрқайсысының бір-бірден қарындасы болған. Жанұяда неше бала болған? (2 ұпай)
  3. Бөлмеде екі ана және екі қыз болған. Бөлмеде неше адам болған? (1 ұпай)
  4. Қазір сағат қанша, егер тәуліктің қалған бөлігінен екі есе артық бөлігі өтсе? (1 ұпай)
  5. Егер екі кірпіштің салмағы 8 кг болса, бір жарым кірпіштің салмағы қанша болады? (1 ұпай)
  6. Жолда бір қыз бен ер азаматты кездестірген кісі: Сендер бір-біріңізге кім боласыздар? – деген сұрағына Қыз былай деп жауап береді: «Бұл кісінің шешесі менің шешемнің енесі болады». Сонда олар бір-біріне кім болған? (1 ұпай)
  7. Бір кішкене қыз атасынан, сіз нешедесіз деп сұрады. Сонда атасы: «менің жасымды алты есе кемітіп, 6-ны алса, 6-ға тең болады» депті. Сонда атасы неше жаста болған? (2 ұпай)