«Менің сыныбым өзгеше» байқауы. Сынып жетекшілер арасында байқау.

1018

 

«Менің сыныбым өзгеше» байқауы.

Сынып жетекшілер арасында байқау.

Сынып өмірінен планшет (стенд) жасау. Размер 1м х 70 см.

  1. Таныстыру (сынып жетекші сыныбын таныстыру, сыныбы сынып жетекшісіні таныстыру). 5 мин.
  2. Ата-анамен жұмыстың жаңаша формасы. (Ата-аналар жиналысының өткізілуінің жаңаша түрін сынып жетекші көрсетеді). 3 мин.
  3. «Алдамашы жастық шақ, айнаға қарап алайын!» (оқушылардың және сынып жетекшінің қатысуымен мектеп өмірінен әзіл, өнер көрсету). 5 мин.
  4. «Қиялға қанат біткенде» (сынып жетекшілер сайысы, биопоэма). 3 мин.
  5. «Менің сыныбым өзгеше» (өнер сайысы). 5 мин.

Ескерту: әрбір бөлім регламенттен аспауы тиіс, регламент сақталмаған жағдайда ұпай саны кемиді.

  1. Балаға берілген дұрыс тәрбие – бұл бақытты кәрілік, қате тәрбие біздің келешектегі сорымыз. ( А.С.Макоренко).
    1. Таныстыру

«Балалық шақ» күйінің ырғағымен ортаға жарқырап күн шығады. Күн-сынып жетекшісі.

Күн шуағы бар әлемге тараған.

Бар тіршілік жаралады адамнан.

Күн ананын қарсы алайық бәріміз.

Бар жылуын тек балаға арнаған.

 

Сынып оқушыларын таныстыру.

Барлығы 21 оқушы бар. Оқушылар қызғалдақ гүлі болып киініп, билеп шығады.

 

Ләйләм менің сыныбымның басшысы

Талапты да талантты бас қызы.

Оқуменен спорттан да жан салмас.

Жігіттердің төресіндей бұл –Алмас.

Ерасыл мен Алтынайым өнерпаз.

Бекасыл мен Айзатым бар әсемпаз.

Жақсылыққа ұмтылады Қасымбек

Назым менің жай қыз емес білімпаз.

Кәусар менен Мырза жүрер сызылып,

Дархан менен Дана озар сызылып

Нұрсая мен Шерхан сынды батырға

Жұрт қарайды әрқашан да қызығып.

Ән салады сары алтындай Шұғылам

Алиасқар қарайды оған бұрыла

Фатима мен Арманым бар дарынды

Көрінеді асқар таудың шыңынан

Нұрдәулеттей асыл текті жан бар ма?

Айгөлектей айналады Айдана

Таудың мөлдір суындай боп тап-таза

Ортамызға Млдір келді таңдана

 

Көрдіңдер ме күннің шуақ шашқанын

Жылуымен әрбір гүлді ашқанын

Мектептегі әрбір ұстаз күндей боп

Әр балаға жүрегіңді аш кәне!

Оқушылардың ұстазды және өздерін танстыруы.

Бекасыл: Гүланр апай күн нұрындай шуақты.

Қасымбек: Тау суындай шаршамаайтын қуатты.

Шұғыла: Білім іздеп келген әрбір сәбидің.

Алиасқар: Көзін ашты ашылмаған бұлақтың.

Назым: Адамдарға кешіріммен қарайтын.

Жан-жылуы жылылық болып тарайтын.

Ұстазыма шәкірт болғым келеді.

Айналасын нұрлы күнге балайтын.

Ләйлә:  Қызғалдақтар қырда тұнып

Жайқалады ырғатылып

Анамыздай мейірлі күн

Аймалайды шыңда тұрып

Айдана: Бал-бұл жанған гүл шағында

Біз Отанның ұланымыз

Бақытты елдің құшағында

Білім алу ұранымыз.

Ерасыл: Туған жерде аунап-қунап

Біз ұланбыз өрімдейміз.

Біз ұланбыз еңбекқұмар

Өнер десе ерінбейміз.

Алиасқар: Қуанышты әніміз де

Біз ұланбыз жоқ арманы

Біздер әлі бәрімізде

Баламыз ел қаһарманы

Хормен: Біз өнеге ұлы өмірге гүл өмірге иеміз.

Көгімізді, көлімізді, елімізді сүйеміз

 

 

 

 

Адамның адамшылығы – ақыл, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан. Адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады.   (А.Құнанбаев).

  1. Ата-анамен жұмыстың жаңа формасы(слайд).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кез келген жас дарын қашан дараланып өзгеше қалыптасып болғанша бір мықтының тартылыс күшінен шыға алмайды. (Қадыр Мырза Әли)

3 Алдамашы жастық шақ, айнаға қарап алайын.

Оқушылар мен сынып жетекшісі мектеп өмірінен әділ көрініс.

Сабақ үсті. Мұғалім оқушыларға 1945 жылғы ҰОС Жеңіс күні жайлы айтып жатыр.

  • 1945 ж Совет өкіметі жеңіске жетіп, Р.Қошқарбаев ту тікті.

Берлинде Рейгстахқа қазақ батыры

(Ерасыл ұйықтап отыр, мұғалім қасына барып оятады)

  • Ерасыл, реигстахты кім алды?
  • Мен емес апай, мен алғаным жоқ. Оллахи биллахи мен емес.

Мұғалім ашуланып:

  • Не деп тұрсың оңбаған, бар шақыр ата-анаңды- дейді.

Анасы келе сала:

-Осы мектепте бірдеңе жоғалса тура менің баламнан көреді екенсіңдер. Менің балам алған жоқ.

Мұғ: -Сіз не деп тұрсыз, масқара жүріңіз директорға барайық. Директорға болған жайтты айтады.

Директор: -Иә, фамилияңыз кім?

  • Айлакеров
  • Иә, бұл Айлакеровтар жанұясымен сондай. Алған заттарын не алдым деп мойындамайды, не қайтарып бермейді. Мен қазір полиция шақыртып мойындатамын бұларды- деп полиция шақыртады.

Полиция келе салып:

  • Стройся деп бұйрық береді. Не болды, бәрін попорядку баяндаңыз. Мұғалім түсіндіреді.

Полиция таң. Солай деңіз баланың сөмкесінде жоқ. Мүмкін сіздің сөкеңізден табылып қалар.

Мұғ: -Жоқ өліп кетейін мен алған жоқпын.

 

  1. «Қиялға қанат біткенде! Сынып жетекшілер сайысы.

 

Ортаға жылап оқушы шығады.

Шешесі: Ойбай, жаным-ау не болған саған. Мына үсті-басың не? Кім тиді?

Баласы: Ерасылмен сабақтан қайтып келе жатып төбелесіп қалдым.

Шешесі: Әй, апайың қайда қарап отыр, мен не сені мектепке таяқ жеуге жібердім бе? Мұғалімдер құтырып кеткен, не бітіріп отыр. Менің жар дегенде жалғыз балама.

Баласы: Апа біз сабақтан кейін, үйге келе жатып төбелестік.

Шешесі: Қоя тұр бәлем, мен оған көрсетейін. Әкел күнделігіңді телефоны бар еді ғой звондайын деп звондайды.

— Әло, ия

— саламатсыз ба? Сіз Қ.Сәтбаев атындағы № 4 ЖОМ  2 «А» сынып жетекшісі Булганбаева Гульнара Бейсембайқызының жеке порталына қоңырау шалдыңыз. Г.Б. қазақша сөйлескіңіз келсе 1ді басыңыз, орыс тілінде сөйлескіңіз келсе 2ні басыңыз, ағылшынша ………..

— не дейді. Қазақша сөйлеспегенде ше? – деп 1ді басады.

— Г.Бейсембайқызының қазақша тілдесу порталына хош келдіңіз. Балаңыздың оқуы жайлы сөйлескіңіз келсе 1ді басыңыз. Тәртібі жайлы сөйлескіңіз келсе 2ні басыңыз.

Шешесі: Ойбай, тәртібі 2 дейме. 2ні басады.

Опер: кешіріңіз қазір барлық операторлар бос емес. Күте тұрыңыз.

(Музыка ойнайды).

Шешесі: -Иә, мен тұрайын өстіп ерігіп музыка тыңдап. Сөйлеспесең сөйлеспе мен директорға звондаймын. (Директор нөмерін тереді).

  • Әлло, Ғалия апай.

Опер: -Саламатсыз ба? Сіз Қ.Сәтбаев атындағы №4 ЖОМ әкімшілік порталына қоңырау шалдыңыз. Мектеп директорымен сөйлескіңіз келсе 1 басыңыз. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарымен сөйлескіңіз келсе 2 басыңыз.

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарымен сөйлескіңіз келсе 3 басыңыз.

Шешесі: Әрине директордың өзімен сөйлесемін деп 1 басады.

Опер: Қ.Сәтбаев ЖОМ директоры порталына хош келдіңіз. Директормен қазақ тілінде сөйлескіңіз келсе 1 ді басыңыз.

-Шешесі ашуланы 1 ді басыңыз.

— Әлло, Ғалия апай саламатсыз ба? Иә деп кібіртіктеп.(Құдай-ау не туралы сөйлесейін деп едім, ұмытып қалғаным-ай!)

Директор: -Алло, мен сізді тыңдап тұрмын!

Шешесі: -А. жәй әшейін сіздің халіңізді білейн деп.

Осы кезде баласы жүгіріп келеді:

— Алақай, анашым алақай.

— Ойбай-ау не боп қалды?

— Анашым біз жеңдік, біз жеңдік біз. Байқаудан 1 орын алдық. Сол үшін бізді жазғы каникулда сыныбымыз, апайымыз бәріміз Астанаға барамыз. Анашым алақай Астанаға! Деп қуанып шығып кетеді.

Шешесі: -Ойбуй ұят болды –ау менікі. Қой баламды жолға дайындайын.

 

5 «Менің сыныбым өзгеше» өнер сайысы.

Сынып жетекшісі ән айтады, оқушылар билеп шығады.

 

«Балдәурен» әні.

 

Балдәрен көктем асығып жеткен шағала күндер

Базарлы маусым шырқаған даусым тамсанып әсем

Балауса балғын көк маса шалғын барады күндер

Тербеліп күйге жайқалып билеп ән салып әсем

 

Қайырмасы:

Бал дәурен бақытты ән дәурен

Келеді қанатын самғаумен.

Көңілдің ұшырып аққуын

Балауса бал бұлақ балдәурен

 

Жаныңа жылы жүрекке ыстық көңілге сұлу.

Тояды көзің балдәурен кезің бақыт-ау бақыт

Даламдай дархан тауымдай биік өмірге сұлу

Тояма көзің айтшы сен өзің бақыт-ау бақыт