Қызықты математика елінде

58

Күні:

Сабақтың тақырыбы: Қызықты математика елінде

Сабақтың мақсаты:

  1. Қазақтың салт — дәстүрін еске түсіріп, оқушылардың математикадан алған білімдерін пысықтап, топқа бөліп жарыстыра отырып саралау.
  2. Оқушылардың ой — өрісін кеңейтіп, жарыса жұмыс істеуге, логикалық ойлауды жеделдетуге баулу, танымдық қабілетін, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
  3. Оқушыларды ұлттық рухта тәрбиелеу, халықтың салт — дәстүрін жан — жақты түсіне білуге, білімді азамат болуға тәрбиелеу.

Түрі: жарыс сабақ

Әдісі: ойын, көрнекілік, сұраққа — жауап, ізденушілік, топтық.

Көрнекілігі: қанатты сөздер, . интерактивті тақта

«Ақыл – ойды тәртіпке келтіретін математика, сондықтан да оны оқу керек»

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық
Шеңбер болып тұрайық жылы жүзбен
Бізге келсін, қуаныш нұр іздеген.
Шуақ толған жанымыз жүрегіміз
Үлгі алсын көрген жан мына бізден,демекші балалар мына жерден өздеріңе ұнаған 1 фигураны тандандар.
2.Топтарға бөлініп отыру.

1-топ:Дөңгелек

2-топ:Шаршы

3-топ:Үшбұрыш

4-топ:Тік төртбұрыш

3.«Ой тастау»
— Қандай қазақтың ұлттық ойындарын білесіңдер?
— Бүгін «Көкпар» ойыны арқылы қызықты математика елінде сабағымызды бастаймыз.
4. Видео ролик. Көкпар туралы ақпарат.

Көкпар — ұлттық ат спорты ойындарының бірі. Ойынның атауы “көк бөрте” (лақ) сөзінен шыққан.

Дәстүрлі қазақ қоғамында Көкпарға жасқа толған серкенің семізі таңдалған. Семіз серке терісі жыртылмайды. Орташа салмағы 20-30кг-дай келеді. Басқа малдың терісі жыртылғыш болғандықтан Көкпарға тартпайды.

Көкпар – Орталық Азия халықтары арасында кең тараған ойын түрі.Көкпар жігіттердің күш-жігерін, төзімділігін, батылдығы мен ептілігін, ат үстінде мығым отыруын қалыптастырады. Сонымен қатар Көкпар – аттың қалай бапталып үйретілгенін, жүйріктігін де сынайтын спорт.

-«Көкпар» ойынының ойын ережесін көріп жүрсіңіздер, олай болса 4 топ болып жарысып, білімдерімізді сарапқа саламыз.
— Абай атамыз, «Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады» деген екен. Біз бүгін шынайы көкпар тартпағанмен, білімімізді жарысқа саламыз.

  1. «Көкпар»ойыны Сұраққа жауап
    Балалар, көкпар тартысты бастайық. Қойылған сұраққа қай топ бірінші жауап берсе, сол топ бірінші болып, қазандыққа 5 ұпай салған болып есептеледі.
  • 4 қойдың неше аяғы бар? (16)
    ● 1дм= 10см
    ● Ең кішіекі таңбалы сан? (99)
    ● Ақпан айында неше күн бар? (28)
    ● Ұзындығы 4см, ені 2см тіктөртб/ң периметрі нешеге тең? (12см)
  • Қабырғалары 3см болатын шаршының периметрін тап (12см)
  • 1сағ= 60мин
    ● 1апта= 7күн
  • х+35= 59 х-тің мәнін тап (24)
  1. «Сиқырлы ұяшықтар» Шабандоздар жарысы
    Әр топ өзіне қажетті тапсырмаларды орындап ұпай жинайды

(40) оқушы сұрағы

Көлден ұшты 50 қаз,

Қайтып қонды 20 қаз

Қонбады оның нешеуі,

Қане кім тез шешеді?(30)

(40)  83-х= 31(52)

(40)  100-х= 25(75)

(30) 2м 3дм+5м 4дм (7м7дм)

(30)  5дм3см-2дм2см (3дм1см)

(30)  8дм5см-5дм3см (3дм2см)

(20) 27+36 (63)

(20) 46+54 (100)

(20) 100-37 (53)

  1. Математикалық диктант. «Дода». Сандарды жазу
    — Көкпар кезінде жерге түскен серкеге жаппай таласу дода деп аталады

5,26,37,48,95,56,20,78,12.64

  1. Сергіту сәті.

Цифрлар айтысы.

Бір күні цифрлар нөлмен ұрысып қалады да, оны мазақтайды.

Сен біз сияқты цифр болсаң да, түкке тұрмайсың! Мысалы, оқушы 2 текше алып қоя алады, ал сені алса ештеңе қоя алмайды.

— Иә, иә, ештеңе де, ештеңе де, — деді бес.

— Ештеңе, ештеңе,- деп баска цифрлар шулап кетті.

— Сендер түк түсіңбейтін ақымақ екенсіңдер. Міне бір. Мен оның оң жағана қатар тұра қалсам бір қаңдай санға айналады? Жауап беріңдерші, — деді нөл сандарға. Нөл бірдің оң жағына тұра қалып еді, бір 10 саны болып шыға келді.

— Егер сенің оң жағына тұра қалсам, сен қандай санға айналасың? — деді нөл беске. Нөл бестің оң жағына тұра қалып еді, 50 санына айналып кетті. Сөйтіп, нөл барлық цифрлардың оң жағына тұра қалып, цифрлардан олардың қаңдай сандарға айналғандарын сұрап шықты.

— Мен сендердің барлығыңды үлкейтемін, ал сендер маған түкке тұрмайсыңдар деисіндер. Көне, жақсылап ойланыңдаршы, менің сендер үшін маңызым қандай? Тіпті сендер жоқ жерде де мен мендерді жоқтатпаймын. Сендер мынандай мысалдардың жауабын менсіз жаза аласыңдар ма:

5-5 — .., 7-7 — .., 9-9 = … .

— Қане, ойланыңдаршы. Сендердің ешқайсыларыңды мұнда қоюға келмейді. Цифрлар қатты ойланып қалады. Осыдан былай олар нөлді мазақтамайтың болды.

(Бұл ертегіні көрініс түрінде көрсету. Тоғыз оқушы цифрларды бейнелесе, мұгалім автордың сөзін оқиды.)

  1. «Шынжырлы өрнектер» Бапкерлер жарысы 50 ұпай
    Топ жетекшілерін «Бапкер» деп атаймыз. Олай болса ойынымыздың келесі кезеңі бапкерлер жарысына көшсек. Қай топтың бапкері есепті тез әрі дұрыс шығарса, сол топтың тұлпарлары жақсы бапталған болады.

Есеп: Құс фабрикасында 25 қаз балапандары және одан 17-сі артық үйрек балапандары бар. Құс фабрикасында барлығы қанша балапан бар.

Шарты: Қаз балапандары -25

Үйрек балапандары -?17-сі артық         ?

Шешуі: 25+ (25+17) =  67

Жауабы: 42 үйрек балапаны. Барлығы 67 балапан

  1. Тақым тартыс (сандар ретімен сыз.Не пайда болды?)
    Ең мықты дегендердің жекпе — жегін тақым тартыс дейді. Тақым тартыс кезінде екі жігіт ат басын құйысқандарына қарата айқаса тұрып, серкені тақымдарына басып, екеуі екі бағытта жүре тартысады.

 

  1. «Салма көкпар» Ең білімді оқушыға қойылады.
    Ойлан, тап!

Әр түйе төрт қанар жүк көтерсе, жиырма төрт қанар жүкті неше түйе көтереді? (6түйе)

12.Қорытынды

Жинаған ұпайларына сай топтарды бағалау

БӨЛІСУ
Алдыңғы жазбаДос болайық бәріміз
Келесі жазбаТаулар