«Өзін – өзі тану елінің» көшбасшылары

71

 

 

Тақырыбы:     «Өзін – өзі тану елінің» көшбасшылары

Мақсаты:    1. Өзін – өзі тану пәнінен алған білімдерін жинақтау;

  1. Жағымды қарым – қатынас жасау іскерліктерін дамыту
  2. Өзін және өзгені сыйлай білуге тәрбиелеу

Көрнекі құралдар:   «Өзін – өзі тану» елінің суреті слайд,Данышпан

атаның, Махаббаттың,Алпамыстың, Ақботаның

суреттері, үш жалауша, қағаздан жасалған жүрекшелер

Мұғалім:   Құрметті бүгінгі кеш қонақтары! Бүгін мектебімізде Өзін өзі тану пәнінен алған білімдерін жинақтау, және адамгершілік құндылықтар, адами қасиеттер туралы білімдерін көрсету мақсатында  ұйымдастырылған  «Өзін – өзі тану елінің көшбасшылары» атты сайыс өткелі отыр.Олай болса сайысқа қатысушы топтарды қошеметпен ортаға шақырайық.Бүгінгі сайыскерлеріміз «Талап» тобы, «Ақыл» тобы, «Ой » тобы. Араларында 4 – класс оқушылары топ басшылары. Сайыс болғаннан кейін сарапшы құрамы болуы шарт, олай болса  бүгінгі сайыстың сарапшылармен таныс болайық.

  1. Төлеш Г – бастауыш класс бірлестігінің жетекшісі
  2. Сейт Н – мектепалды даярлық класының мұғалімі
  3. Ахмет М- психолог

Сайыс бағдарламасымен танысайық.

  1. Біз осындай  оқушымыз  (таныстыру бөлімі)
  2. «Тіл табыса білемін» туры (сұрақ – жауап)
  3. «Білімге құштарлық» туры(сахналық көрініс)
  4. «Табиғатты сүйемін» туры(шығармашылық жұмыс)
  5. «Нағыз адам болғым келеді» туры(білімділік сайыс)

Сайысты бастамас бұрын  күнделікті сабқтың дәсүрлі бөлімі бойынша шаттық шеңберіне тұрайық.

Шаттық шеңбері  Балалар  өзіммен  бірге шеңбер құрып тұрады, сәлемдеседі.Балалар қосылып ән шырқайды.( Өзін – өзі танудың гимні)

Мұғалім:  — Балалар, бүгін «Өзін – өзі тану» елін аралап, үйренгенімізді көрсетуіміз керек.Ондағы елді мекеннің бізге дайындаған сыны бар.Сол сындардан сүрінбей өткен  тобымыз «Өзін – өзі тану елінің көшбасшылары» атанып, «Адамгершілік шыңына »  жетеді.

І бөлім   «Біз осындай   оқушымыз»    таныстыру бөліміне кезек берейік.

(Әр топ өздерін таныстырып өтеді)

ІІ бөлім  «Тіл табыса білемін» туры    Сұрақ:Адамдармен тіл табысу үшін өз бойыңда қандай жақсы қасиеттер болу керек.(Қолдарындағы жүрекшелерді «Тіл табысу» мекеніне іледі.

Жауап: кешірімділік, келісушілік, татулық, достық, бірлік, көпшілдік, қамқорлық, сыйластық, әдептілік, адалдық, шыншылдық, әділдік

ІІІ бөлім «Білімге құштарлық туры»  Білім сарайында Махаббатың сұрақтарына жауап береміз. Әр топ басшысы қоржынан сұрақтарды алып, сол сұрақтарға жауаптар бойынша көріністер көрсетеді.

 Сұрақтар:   1.Кластастардың   бір – бірімен телефон арқылы  байланысы

  1. Әжесі мен немерісінің бір – біріне айтқан жылы сөздері
  2. Тұтынушы сен сатушының  дүкендегі сыпайы қарым — қатынасы

Әр топ өзінің көріністерін жария етеді, сарапшылар қорытындылайды.

ІУ бөлім  «Табиғатты сүйемін» Бұл мекенде Ақботаның тапсырмасын орындаймыз. Топ басшылары қоржыннан үш түрлі заттың аты жазылған қағазды алады.Әр топ осы үш затты пайдалана отырып,табиғатқа  пайдалы іс жасау жолын табуы тиіс.

1 – қағазда жазылған заттар: күрек, тырма, сыпырғы

Күтілетін жауаптар: Егер мен бұл заттарды алсам, табиғатқа тазалық жұмыстарын жүргізер едім.Күрекпен бұлақ көзін ашар едім, арық қазып өсімдіктерді суарып, тырмамен жер жыртып, дән себер едім, ағаш, гүл отырғызатын едім.

2 – қағазда жазылған заттар: топырақ,су,гүл тұқымы

Күтілетін жауаптар: Егер мен бұл заттарды алсам,топыраққа тұқымды егіп, суды гүлге құяр едім . т.б.

3 – қағазда жазылған заттар: шеге,тақтай,дән

Егер мен бұл заттарды алсам, шегені тақтайға қағып, торғайға жемсауыт жасап, дәнді соған салар едім. т.б.

Топ басшылары топтың ойларын жария етеді.Сарапшылар қорытындылайды.

«Нағыз адам болғым келеді» туры

Тақтадағы «Өзін – өзі тану елі» суретіндегі «Адамгершілік шыңы» көрсетіледі. Алпамыстың суреті берілген.

-Қазір біз «Адамгершілік шыңына» шығу үшін Алпамыстың тапсырмаларын орындаймыз. Оның тапсырмасы бойынша әр топ өз атына сәйкес әрекеттер жасауы тиіс.

«Талап тобы» талап қояды:  1.Жақсы оқушы болғаның дұрыс

2.Бастаған ісіңді соңына дейін аяқтауға тырыс

3.Мақсатқа жетуге шыдамдылық танытқан жөн

4.Үлкендерді құрметтеуге,мәдениеттілікке үйрен

«Ақыл тобы» ақыл айтады:  1. Әрқашан сыйлы болыңдар

2.Жасаған жақсылғың алдыңнан шығады

3.Ерінбей еңбек етсең мақсатыңа жетесің

4.Адамгершілігі мол азамат болыңдар

«Ой тобы» өз ойын айтады:  1.Өзімді, өзгелерді,айналамды сыйлау

2.Әр іске жауапкершілікпен қарау

3.Нағыз адам болып қалыптасу

4.Барлық іске дайын болу

Қорытынды:  Балалар, сендердің жауаптарың, пікірлерің,ойларың, әрекеттерің «Өзін – өзі тану» пәні арқылы  көп адамгершілік құндылықтар мен қасиеттерді ұғынғандарыңды көрсетіп тұр.Бәрің де «Өзін – өзі тану елінің» көшбасшылары болуға лайықсыңдар.Осы үйренгендеріңді өмірде пайдаланып, олардың сендерге нағыз адам болып қалыптасу жолында көмектесетініне көздеріңді жеткізіңдер.

Бүгінгі сайыс қорытындысы шыққанса «Бала тілегі» әніне кезек берейік