СӨЗМЕРГЕН

73

Тақырыбы: СӨЗМЕРГЕН

Мақсаты: Балалардың ойын дамытып, ана тіліндегі сөйлеу шеберлігін арттырып, сөздік қорын және тіл байлығын молайту, ана тілінің қадір-қасиетін бағалау, оқушылардың тіл мәдениетін,  білім-білік дағдысын қалыптастыру, ой-өрісін кеңейту, шығармашылық жұмыс істеу қабілетін дамыту, еңбекқорлыққа, адамгершілікке, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, нақыл сөздер, «Сөзмергеннің» қоржыны, кітап көрмесі

Барысы:

Кіріспе

Армысыздар, алқалы жұрт, көз көрген,

Құралсыншы ойларыңыз інжу-маржан сөздерден.

Тіліміздің қасиетін, тереңдігін түсінген,

Алдыңызда тіл сайысы – Сөзмерген!

Қазақ тіліміздің  қадір-қасиетін бағалайтын, ана тілімізді ардақтаған, тіл жанашырлары – құрметті ұстаздар мен ата-аналар! 10 «Ә» сынып оқушыларының қатысуымен ұйымдастырылып отырған тіл-танымдық сайысымыз «Сөзмергенге» қош келдіңіздер!

Ортаға сайысқа қатысушыларымызды шақырайық (Фазымова А., Жанарбек Қ., Оразбаев Е.).

І кезең: «Мықты болсаң, тауып көр»

Бұл кезеңде 9 тапсырма орындалады.

Бірінші бағанда көрсетілген төрт мағыналы сөздердің екінші бағандағы жалғас сөзге қатысын тауып, тұрақты сөз тіркесін құрап мағынасын түсіндіру

Темір түйген

 

 

 

қарыс

Қағаз
Мата
Арқан
Қол  

ұшын беру

Зат
Ақша
Жер

 

Қой  

 

шөп алмас

Қозы
Лақ
Сиыр
Бас  

шаш

Төбе
Қыл
Тау

 

 

 

Әже  

жүгіндей

Ана
Келін
Қыз
Ажар  

 

бүлк етпеді

Жүз
Келбет
Бет
Күн  

туды

Жұлдыз
Ай
Жер

 

 

 

Есек  

 

жер

Мысық
Ит
Мал
Құлын  

таңба

Тай
Ат
Дөнен

 

 

 

1.Ағаштан түйін түйген

2.Тайға таңба басқандай

3.Қой аузынан шөп алмас

  1. Қыздың жиған жүгіндей

5.Төбе шашы тік тұрды

6.Беті бүлк етпеді

7.Қол ұшын берді

8.Айы оңынан туды

9.Ит өлген жер

Ұпайы ең төмен қатысушы ойынмен қоштасады және өзі қалаған бір сөзді айтады. Сол сөзге көрермендер тұрақты тіркес ойлап табады. Ұйымдастырушы тарапынан берілетін сыйлықты көрермендердің арасынан белсендісіне ұсыну құқығына ие болады.

ІІ кезең: «Жүйрік болсаң, шауып көр»

Бұл кезеңде 7 тапсырма орындалады.

Кестеде мағыналы төрт сөз берілген, жалғас сөз арқылы мақал-мәтел құрастыру

 

Қасқыр қамыс

 

 

тақым

Қоян
Ат
Аю
Мұғалім  

дұшпан

Ата-ана
Дос
Көрші
Өмір  

байлық

Алтын
Ақша
Денсаулық

 

Ер  

 

бауыр еті

Батыр
Бала
Ата

 

 

 

Мал  

тегін

Егін
Өнер
Сауда
Балта  

 

өткір

Пышақ
Тіл
Сөз
Тағам  

жол

Дәрі
Ем
Ас

 

 

 

 

  1. Қоянды қамыс өлтіреді, ерді намыс өлтіреді.

2.Бала – ананың баыр еті.

  1. Ексең егін, ішерсің тегін.

4.Дос жылатып айтады, дұшпан күлдіріп айтады.

5.Денсаулық – зор байлық

6.Тіл – қылыштан да өткір.

7.Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде.

Ұпайы ең төмен қатысушы ойынмен қоштасады және өзі қалаған бір сөзді айтады. сол сөзге көрермендер мақал-мәтел ойлап айтады. Ұйымдастырушы тарапынан берілетін сыйлықты көрермендердің арасынан белсендісіне ұсыну құқығына ие болады.

ІІІ. «Ойлы болсаң, озып көр»

Бұл кезеңде 3 тапсырма орындалады.

Кестеде мағыналы төрт сөз берілген, жалғас сөз арқылы көнерген сөздің мағынасын ашу

 

Ыдыс  

 

дүрия

Тағам
Мата
Қару
Тағам  

дағара

Құрал атауы
Ұста аспабы
Ыдыс

 

 

 

Ай атауы  

 

асадал

Әшекей
Тағам түрі
Үй жиһазы

 

Дүрия  – жылтырауық, тығыз жібек мата

Асадал – тамақ және ыдыс-аяқ сақтайтын үй жиһазы, кебеженің түрі

Дағара  — мыстан, жезден жасалған ыдыс түрі.

Мектеп кітапханашысына сөз беріледі. (Кітап көрмесімен таныстырады)

Қорытынды. «…Біздің міндетіміз – 2017 жылға қарай мемлекеттік тілді білетін қазақстандықтардың санын 80 пайызға жеткізу. Ал, 2020 жылға қарай олар кемінде 95 пайызды құрауы тиіс. Енді он жылдан кейін мектеп бітірушілердің 100 пайызы мемлекеттік тілді біліп шығатын болады..» Н.Ә.Назарбаев (Қазақстан халқына арналған жолдаудан)

Сенің әрбір тынысыңмен күн кешем,

Сен арқылы тіршілікпен тілдесем,

Ел бетіне қалай түзу қараймын,

Ана тілім, егер сені білмесем.

                             (Н.Айтов)

Қорытындысын шығарып, жеңімпазға «СӨЗМЕРГЕН» дипломы және сыйлықтар табысталады.

 

 

 

Хуралай Алданыш,

Абай атындағы көпсалалы

мектеп-гимназиясының мұғалімі

Шығыс Қазақстан облысы

Жарма ауданы Қалбатау ауылы