ҚАЗАҚ МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРІНІҢ ГЕНДЕРЛІК СИПАТЫ

106

 

ҚАЗАҚ МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРІНІҢ ГЕНДЕРЛІК СИПАТЫ

 

            Мақсаты: оқушыларды халықтық педагогика негізінде қазақтың мақал-мәтелдері арқылы тәлім тәрбие бере отырып ұлттық құндылықтарымызды бойына сіңіре білу және тәрбиені бүгінгі күн талабымен байланыстыру.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру.

  1. Баяндама.
  2. «Тапқыр достар» танымдық сайысы.

 

Қазақ халқының мақал-мәтелдері ежелден келе жатқан ұлттық мәдениеттің бір бөлігі екендігі белгілі.

Мақал-мәтелдерде халықтың ой-санасы, дүниеге көзқарасы, ақыл өнегесі мол көрініс тапқан. Мақал-мәтелдер ой-дәлдігімен, мазмұн тереңдігімен, түр жағынан ықшамдығымен ерекшеленеді.

Халық терең ойды аядай қалыпқа сыйғызып, «тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін» жинақтап, қорытып шебер беруге тырысады.

Қазіргі таңда тәрбиенің басты бағыты «Әр адам ең алдымен өз халқының перзенті, өз туған жерінің азаматы болу керек екенін, ұлттың болашағы тек өзіне байланысты болатынын есте сақтау тиіс.»

Сан ғасырлар бойы халықтың өзімен бірге жасасып, екшеленіп, ұрпақтан-ұрпаққа мұра боп қалып жатқан ауыз әдебиетінің бай саласының бірі – қазақтың мақал-мәтелдері.

Мақал-мәтелдердің тақырыптары әр алуан. Ол халықтың әлеуметтік, шаруашылық, рухани өмірінің бар саласын қамтиды.

Бір топ мақал-мәтелдер адамдардың гендерлік сипатына байланысты баулып тәрбиелеуге бағыттылған.

Мақал-мәтелдер туралы сөз болғанда, не оларды мұқият оқығанда, алдымен сол мақал кімге және қай қырынан тануға арналғандығын аңғаруға болады. Яғни, ол әйел адамға ма, не ер адамға ма?  Міне, осыдан келіп мақал-мәтелдегі гендер мәселесі туындайды.

Гендер («gender» ағылшын тілінен ауд. «род», «тек» деген мағ. білд.) – бұл, биологиялық емес, әлеуметтік жағдайларға (қоғамдық еңбектің бөлінуі, спецификалық әлеуметтік функциялар, мәдени стереотиптер) тәуелді әлеуметтік жыныс, әйелдер мен еркектер арасындағы айырмашылықтар.

Гендерлік теория отыз жылдай бұрын әлеуметтік ғылымдарда пайда болған. Оның негізгі тұжырымдамасы – гендер мен жыныс ұғымдары арасындағы айырмашылық. Жыныс адамның биологиялық, физиологиялық құрылымына жатады. Гендер ұғымы қоғамның әйелдер мен еркектердің биологиялық жынысына байланысты таңатын әлеуметтік рөлдері арасындағы, әрекет–қылықтарындағы және эмоционалдық сипаттамаларындағы айырмашылықтарды білдіреді.

Мұндай процесстер келіп тіл білімінде гендерлік лингвистиканы тудырды. Бұл фактор қазақ ауыз әдебиеті, соның ішінде мақал-мәтелдер бойынан жақсы көрініс тапқан. Қай мақалды алсақ та ол ер не әйел адамның жас ерекшеліктеріне, мінез-құлқына және іс-әрекеттеріне байланысты келеді.

Мысалы, әйелдер туралы сөз еткенде жұмсақтық, нәзіктік, мейірімділік, сезімталдық, күмәншілдік, аса сақтық, байқағыштық, құбылмалылық, тиянақтылық, отбасы ұйтқысы сияқты бейнелері мен мінез-құлықтары ойға келеді. Ал, еркектер басшы, күшті, шешім қабылдаушы, қатал, мансапқұмар, жауынгер, отбасы асыраушы  сияқты бейнелерді ойға келтіреді.

Бірінші жолда, әйел затының алғашқы міндеті дүниеге ұрпақ әкелу, десек те бірнеше баланы бағу, қатарға қосу оңай іс емес, сондықтан сәбиді дүниеге әкелген әйелге жылы сөздің қайсысы да лайық екендігін меңзейді. Ал үлкенді сыйлаған аға деп, кішіпейілділік танытқан ер азаматқа  кім жетсін?

Сонымен әйел атауымен байланысты тіл бірліктерін сәби, қыз, бойжеткен, келіншек, келін, жұбай, зайып, жар, қосақ, шеше, ана, әже, кемпір деп өз ішінен жасына қарай бөлуге болады.

Енді осы бөліністердегі қыз бейнесінен бастасақ. Қыз – нәзік те қайратты, алғыр, салмақты да ширақ, төзімді жан.

«Қызға қырық үйден тию» деген мақалдың астарында қыз абыройы,  өскен ортасының абыройы деген мән жатыр.

Ал «Баланың ұяты — әкеге, қыздың ұяты — шешеге»  деген мақалдың  мәні ұл қыздың жаман атағы сол бала тәрбиелеп отырған ата-ана ұяты. Қыз бала саналы болса, өсек, өтіріктен қашық жүрсе, ол да ана – мейрімі, бақыты.

Халқымыз еңбектің небір қиыншылығы мен бейнетін көріп, артынан соның рахатына бөленген. Осыны ертерек ойлаған ана қызын еңбекке тәрбиелеуді отбасы, ошақ қасынан бастаған. Тіпті төсек жинау, үй тазалау, тамақ істеуінің өзі үлкен сын. «Шешесін көріп қызын ал, аяғын көріп асын іш», «Жақсы қыз біреу келсе есік ашар, жаман қыз біреу келсе төрге қашар» деген мақалдар осыны меңзеген.

Әйел еріне жұбай, қосақ не соның қостыны. Еркектің жақсысын асырып, жаманын жасыратын, жыртығын жамайтын тек  әйел ғана. Ер азаматтар «Артымда тұяқ қалды» деп жатады. Олар алдымен өзін дүниеге әкелгені үшін анасына борышты болса, екінші ретте өзіне бала сыйлағаны үшін қосағына қарыздар. «Әйелдің жақсысы — ақылшың», — деп әйелдің абзал қасиеттері еріне кеңес беріп, ақыл айтып отыруын айтқан.

Мақал-мәтелдегі әйелдің  гендерлік көрінісі осылайша дамып отырады. «Әйел бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербетеді» деген сүйенсек әйелдің қоғамдық, әлеуметтік ролін толық ашып бере аламыз. Бұрынғы кезеңде әйел тек үй шеңберінде қалса, қазір әйел мемлекетте саясатқа араласып, ерлермен өз пікірін білдіретін дәрежеде.

Еркектер мен әйелдердің мүмкіндіктерін қамтамасыз етуде мемлекет басшысының Жарлығымен 1998 жылы Қазақстан Республикасы жанынан отбасы және әйелдер мәселесі жөніндегі Ұлттық комиссия құрылды. 1999 жылы Үкімет Қазақстан Республикасындағы әйелдердің жағдайын жақсарту мақсатында Ұлттық жоспар құрды. Бүгінгі таңда оның 80 пайызы орындалған.

Исламда еркекті өз отбасының мүшелері мен әйелін қамтамасыз етуді міндеттейді. Сонымен қатар ол әйелдің өз мүлкін басқалары үшін шығындауын міндеттемейді. Әйелі бай болса да күйеуі оны асырап бағуы қажет болатын.

Ер адамға  қатысты айтылатын мақал-мәтелдерде жеткілікті. Оның дүниеге келуін, тәрбиесін, жас өспірім шағын, ересек кезін, еңбекке араласу, азаматтық шағын, қария, ата болған кезеңдерін жақсы суреттейді.

Қазақ халқы бірінші дүниеге ұл бала келсе қатты қуанған. Оған мол сенім артқан. Ұл бала артымда қалар ізім, тұяғым деп білген. «Тай өссе ат тынығады, ұл өссе әке тынығады», «Ата өліп бала қалса мұратына жетеді, бала өліп ата қалса арманы іште кетеді», «Соры қалың әкенің – кер бағып ұлы өседі», «Ұлыңның санасы болса, елдің ағасы болар».

Ерге қатысты аға-іні деген туыстық атау бар. Ол жас ерекшеліктеріне қарай аталады да, үлкеннің кішіге, кішінің үлкенге деген сыйластығын, қамқорлығын білдіреді: «Аға қорған, іні зордан», «Аға адасса, іні із кесер», «Аға бастар, іні қоштар», «Ағасы бардың жағасы бар».

Исламда ер адамның куәгерлігі екі әйелдің куәгерлігімен барлық жағдайда бірдей болмайды. Кейбір мәселелерде әйелдердің ғана куәгерлігі қабылданып, еркектің куәгерлігі қабылданбады. Көптеген ислам ғалымдары әйелдің қоғамдық жұмыстағы роліне прогрессивті деңгейде қарады. Егер де әйелдің қоғамдық жұмысы оның үйдегі балалары, күйеуі, отбасы алдындағы міндеттеріне кедергі келтірмесе, ислам әйелдерге мемлекеттегі жоғары орындарға отыруына тыйым салмайды. Себебі, отбасы – қоғамның ядросы. Егер де ол бұзылатын болса, қоғам да бұзылады деген түсінік болды.

Сондықтан қазақ мақал-мәтелдерінің гендерлік сипатын зерттеу – әлі де тың ізденістерді қажет ететін және жан-жақты талдап, толықтырып отыратын өзекті тақырыптардың бірі.

 

            Жүргізуші: Құрметті де қадірлі ұстаздар мен оқушылар!

Бүгінгі «Қазақ мақал-мәтелдерінің гендерлік сипаты» тақырыбының аясында өткелі отырған «Тапқыр достар» танымдық сайысына қош келіпсіздер!

Қазақ халқының өз ұлттық ерекшеліктері, салт-дәтүрлері мен әдет-ғұрыптары бар. Біздің тәрбиеміз анамыздың ақ сүтінен, ана әлдиінен, атаның қасиетті сөздерінен бастау алады.

Ендеше ұлттық тәрбиеміздің бастауы болған «Қазақ мақал-мәтелдерінің гендерлік сипаты» тақырыбына арналған «Тапқыр достар» танымдық сайысымзды бастауға рұқсат етіңіздер!

Сайысымызды бастамас бұрын бүгінгі сайысқа қатысушы топтармен таныс болыңыздар.  Сондай-ақ осы топтардың жүзден жүйрік мыңнан тұлпар екенінін анықтау үшін әділқазыларды сайлап алайық. Сайысты бастау үшін екі топтың капитандары ортаға шығып жеребені (1 және 2 цифры жазылған) таңдау арқылы сайыстың жүрісін анықтап аламыз. Келесі кезеңдерді де 1-ді таңдаған топ бастап отырады.

Олай болса сайысымыз мынадай кезеңдерден тұрады.

  1. Таныстыру.
  2. Сөз тапқанға.
  3. Ойлан тап.
  4. Сен білесің бе?
  5. Кім жылдам?

 

  1. Таныстыру.

Әр топ өздерін таныстырып, ұранын айтады. Таныстырудың  мән-мағынасы, ұйқасы жақсы топқа 10 ұпай беріледі. Ал төмен болған жағдайда топқа 10 ұпайдан кем  қоюы шарт.

Бірлік  тобы Алау тобы
Ұраны:

Ой арманын кешеміз.

Ақылды боп өсеміз.

Бүгінгі мына сайыста.

Мақалдың сырын шешеміз.

 

Сәлемдесуі:

Бүгін міне жарысқа

Шықты біздің тобымыз.

Жеңілсек те, жеңсек те,

Ашық болсын жолымыз.

 

Достықпенен бірлікті, етіп тұлға.

Жеңіске жеткен едік талай сында.

Қара қылды қақ жарып әділ-қазым,

Еңбегін сайыскердің әділ сына.

Ұраны:

Алау болып жанамыз,

Жеңісті біз аламыз

 

Сәлемдесуі:

Дайындықпен келіп тұрмыз жарысқа

Енді бүгін жетеміз ғой табысқа

Сайыста біз оңайлықпен беріспейміз.

Тең ойынға тағы міне келіспейміз.

Тапқырлықпен алдыға жан салмаймыз.

Қарсы топтан ешқашанда қалмаймыз.

 

Армысыздар құрметті!

Әділ-қазы алқасы.

Сіздерден әділ шешімді

Күтеді бүгін баршасы

 

  1. Сөз тапқанға.

Бұл кезеңде екі топқа 1 тапсырмадан беріледі. Сайыстың шарты адасқан сөздерді өз орнына қойып, мақал-мәтел  құрастырып мағынасын ашу. Тапсырма конвертке салынып топтарға үлестіріледі. Дұрыс тапқан топқа 10 ұпай беріледі.

Бірлік тобына мына төмендегі тірек сөздер беріледі.

Төр,  әйел  жақсы,  еркек,  көр, бас, жаман,  сүйрейді.

 

«Жаман әйел жақсы еркектің төрдегі басын көрге сүйрейді,

   Жақсы әйел жаман еркектің көрдегі басын төрге сүйрейді» — деуінің өзінде үлкен астар жатыр.  Себебі «төр» – қазақ халқының санасында аса жоғары, құрметті орын. Ал «көр» – өмірден қайтқанда адамды жерлейтін  орын. Демек әйел затының қоғамдағы рөлінің жоғары болғаны, себебі ер адам екі халық дүниетанымында да ел басшысы, отбасының қамқоршысы, асыраушысы бейнесіне баланады. Ал әйел ер адамның өмірлік жолында оған күш-жігер, қайрат беріп отыратын ерекше бір қасиетке ие адам – отбасы ұйтқысы, жарының жартысы, бала тәрбиелеуші.

Алау тобы мынадай тірек сөзедрден мақал құрастыру керек.

Әйел, жәрмеңке, үш ,  базар, екі

 

«Екі әйел базар, үш әйел жәрмеңке» — екі әйел қосылса базар дегені олар қосылып бір ауылдың өсек-аяңын, әңгімесін айтады, ал үш әйел қосылса жәрмеңке деп отырғаны олар үшеу болғанда бір ауыл емес бір аудан, аймақтың өсегін, әңгімесін сөз ететіні меңзеліп отыр. Жәрмеңке үлкен аймақта сауда-саттық жүретін жер. Ол жерге өз тауарын өткізу мақсатымен елдің әр жерінен саудагерлер келеді. Қызу әңгіме, сөз, өсек-аяң сол жерде болады.

 

  1. Ойлан тап.

Сайыстың бұл кезеңінде әр топқа кестеде көрсетілген мақал-мәтелге сәйкес слайдта 3 сурет көрсетіледі. Осы суреттегі бейнелердің сипатына қарай мақал-мәтел құрастыруы шарт. Әрбір дұрыс жауапқа10 ұпай қойылады.

Р/с Бірлік тобы Алау тобы
1. Ер мойнында қыл арқан шірімес Екі сиыры бардың айраны көп,

Екі әйелі бардың жанжалы көп

2. Еркек үйдің егесі,

Әйел үйдің шегесі

Ерді намыс өлтірер,

Қоянды қамыс өлтірер

3. Ердің атын не аты шығарар,

Не жары шығарар

Сиырды жақсы көрсетер артындағы танасы,

Әйелді жақсы көрсетер бауырындағы баласы

 

  1. Сен білесің бе?

Бұл кезеңнің ережесі слайдта ұпай (5, 10, 15 сандары)  бойынша нөмірленген 6 тапсырма беріледі. Әрбір ұяшықта ұпайларға сәйкес тапсырмалар бар. Слайдтағы нөмірленген ұпай сандарын таңдау арқылы оқушылар тапсырманы дұрыс тапса сол ұпайды иеленеді.

Ұпайлар Т А П С Ы Р М А Л А Р
5 Тірек сөздер: Жігіт, қыз, бала.

Инабатты болса әйел көрікті,

Өнегелі болса …………. көрікті

Тірек сөздер: Қол, аяқ, бас

Ас таңдасаң …………… қара,

Қыз таңдасаң анасына қара

Ж бала аяғына
10 Еркекке жүрек керек

……………………………..

Жақсы әйел үй дәулеті

………………………………….

Ж Әйелге тірек керек Жақсы шапан той дәулеті
15 Көшеде екі папасы, екі баласы, бір атасы мен немересі кетіп бара жатыр көшеде қанша адам кетіп бара жатыр ? Бөлмеде бар болғаны екі адам отыр. Оның біреуі — екіншісінің әкесі де, алайда, екіншісі біріншісінің баласы емес. Сонда кім болғаны?

 

Ж үшеу қызы

 

  1. Кім жылдам?

Бұл кезеңде әр топқа 3 тапсырма беріледі. Сайыскерлер параққа жазылған сөздерді жұмбақтап көрермендерге жеткізуі шарт. Ал көрермендер сол сөзді тауып мақал-мәтел айтуы қажет. Қанша мақал-мәтел айтылса сонша ұпай жазылады. Әр мақал-мәтелге 10 ұпай беріледі.

Р/с Бірлік тобы Алау тобы
1. Ата Қыз
Ж Ата көрген оқ жонар

Ана көрген тон пішер

Жақсы қыз біреу келсе есік ашар,

Жаман қыз біреу келсе төрге қашар

2. Аға-іні Келін
Ж Жақсы аға – арман

Жақсы іні — қорған

Жақсы келін қызыңдай

Жақсы күйеу ұлыңдай

3. Жігіт Ана
Ер жігіттің екі сөйлегені — өлгені Атыңа ауыр жүк артпа

Анаңа ауыр сөз айтпа

 

Сайыс жеңімпазының ойға жүйрік, сөзге шешен екенін айту үшін әділқазылар алқасы нәтижені анықтап, жеңіске жеткен топты марапаттайды.(Слайдта барлық кезеңдер бойынша нәтиже көрсетіледі). Үздік топ мақтау қағаздарымен мараптталады.

Ендеше сайысымызды қорыта келе халқымыздың әдет-ғұрпын, тарихын біліп, оны қастерлеп, бүгініміз бен келешегімізді нәрлі қайнар көзіне айналдыру — әрқайсысымыздың борышымыз. Олай болса құнды біліммен қатар өнегелі тәрбие алу біздің еншімізде. Бүгінгі «Тапқыр достар» сайысының қонақтары болғандарыңызға мыңда бір алғыс!