Оқуға құштарлық

65

 

Оқуға құштарлық

 

Мақсаты:  «Білім», «махаббат» адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

  • оқу-білімнің адам өміріндегі маңызы туралы түсінік беру;
  • оқуға, білім алуға деген ынталарын дамыту;
  • кітапты қадірлеуге, еңбекті сүюге тәрбиелеу.

 

Көрнекі құралдар: оқулық, дәптер, үлкен ватман қағаз, түрлі түсті қағаздар, қайшы, үнтаспа.

 

Шаттық шеңбері

         Жаңа сабақты бастрада әр баланың жағымды көңіл күйін қалыптастыру  мақстаында мұғалім шаттық шеңберін құрады.

 

Тапсырма

Мұғалім  оқушыларға білімнің көзі кітапта екенін және оқуға деген балалардың қызығушылығын арттыру мақсатында Е. Ашықбаевтың өлеңін тапсырма ретінде ұсынады. Балалар сұрақтарға жауап береді.

 

Назар аударыңдар

Оқулықта Алпамыс мен Махаббаттың атынан ұсынылған тұжырымдамаларға жеке-жеке талдау жасалынады.

 

Дәйексөз

Балалардың жауаптары сабақтың дәйексөзімен түйінділеді.

Мұғалім тақтаға «Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ» деп халық мақалын жазып қояды.

 

Тапсырма

Сабақта алған білімдерін пысықтай түсу үшін мынадай тапсырма беріледі., оның орындалу жолдары түсіндіріледі.

 

Дәптермен жұмыс

Жоғарыда айтылып, талқыланған әңгімеден түйгенойлар дәптерде берілген тапсырма арқылы бекітіледі.

 

Жүректен жүрекке     Мұғалім жаңа ақпараттағы ойды жалғастырып, сабақты балалардың бір-біріне білім алудың маңыздылығын білдіретін тілек айту арқылы қорытындылайды.