Текті білу тегін емес

124

 

Сабақтың тақырыбы: Текті білу тегін емес

Сабақтың мақсаты: «Сыйластық», «туыстық» адамгершілік құндылықтары                       туралы  түсініктерін кеңейту.

Ата тегі,жеті ата туралы түсінік беру.Ата тегін білуге деген қызығушылықтарын арттыру. Ата тегін қастерлеуге тәрбиелеу.

Көнекті құралдар: ұнтаспа, бәйтерек суреті, оқулық, дәптер.

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру

  • Балалар, бүгін бізге Оралбай аға қонаққа келіп отыр. Сабағымызды келген қонақтармен амандасудан бастаймыз.

Шаттық шеңбері

Оқушылар мұғаліммен бірге шеңбер құрып тұрады, бір-бірімен амандасады.

Армысыз, қайырымды Аспан ата!

Армысыз, мейірімді Жер ана!

Армысыздар аяулы ұстаздар,

Армысыз, ардақты ата!

Оралбай ата балалармен амандасады.

  • Ал, балалар амансындар ма ? Менің де сендер сияқты кішкентай немерелерім бар.Сендердің де мен сияқты аталарығ бар шығар? «Көптің атын білгенше, бірдің атын біл» деген қазақта.Аттарың кім болады, қай тектің балаларысыңдар? Сендермен жақын таныспақшымын.

4-5 оқушы өздерін таныстырады.

Мұғалім : Осы тақырып төңірегінде бүгінгі сабағымыздың тақырыбы :

Текті білу тегін емес

Оқулықпен жұмыс

Тізбектете оқыту

Сұрақ: Жеті атаға кімдер жатады?

Жауабын бәйтерекке орналастыру.

Сұрақ: Жеті атаны білу не үшін керек

  • Алдымен оқушылардың ойын тындап көрейік. Азамат, Жасмин
  • Дұрыс айтасыңдар, яғни «Туысы бірдің, уысы бір» деген сөз бар атадан жақын туыстар Ұйымшыл, бір-біріне бауырмал болады.
  • Ал. Енді осы сұрақ төңірегінде атамыздың дана сөзін тындап көрейік.
  • Атаның сөзі
  • Дәптермен жұмыс

Дәптердегі дәйексөзді оқыту

Сонымен бірге бүгінгі сабағымыздығ дәйексөзі «Өзіңді танығың келсе, тегіңді біл»

Сөз жұмбақ шешу

Сергіту сәті

  • Жеті атаға байланысты, жалпы туыстық қарым-қатынасқа байланысты мақал-мәтел айту.
  • Енді атаға өзіңізді әрі қарай таныстыра отырайық.Олай болса, «Менің отбасым» атты фото альбомға шолу жасайық

(4-5 оқушы таныстарады.

Ескендір Қасанғалиевтың әні «Келші, келші балашым»

Атаның сұрағы

Қазақта жігіттің үш жұрты бар-дейді.Соны атап бере қойыңдар

Өз жұрты, нағашы жұрты,қайын жұрты.

Сұрақ: Нағашы деп кімді айтады?

Жауап: Анамның тумаластары маған нағашы болады.

Мұғалім : Балаларымыздың жауабына риза болған атамыздың жақсы тілегін тындап көрелік.

Атаның батасы

  • Атаның берген батасы қабыл болсын. «Жаңбырмен жер көгерсе, батамен ел көгерер» ал бір-бірімізге жақсы сөз айтсақ, көңіліміз көтерілер.

Сондықтан «Журектен-журекке» деп ортада бір-бірімізге жақсы тілек айту үшін шеңбер құрайық.