Табиғатқа құштармын
Тақырып Табиғатқа құштармын
Құндылық Қиянат жасамау Қасиеттер:аялы қарым-қатынас ,қамқорлық.
Мұғалiм Турлыбаева А.Ж Класс 1 Оқушылар саны 18
Сабақ мақсаты:Табиғатқа «Қиянат жасамау» ұғымының адамгершілік құндылығы ретіндегі мәнін ашу. Міндеттері: — Табиғатқа қамқорлық қажет ететінін туралы білімдерін кеңейту. -Оқушылардың табиғатқа аялы қарым-қатынастарын дамыту. -Табиғатты сүюге тәрбиелеу. | Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер)
|
Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңi. 1.Сәлемдесу. 2.Оқушыларды түгіндеу. 3.Ережелердіқайталау:сабақтабіз тәртіп,талап,тыныштық,татулық,тазалық қатан сақтауымыз керек .2. Тыныштық сәтi. «Орманға ойша серуен» Балалар, дұрыс отырайық,арқаларыңызды түзу ұстайық,қолдарыңызды партаға қоюға болады,көздеріңізді жұмайық. Сіз табиғаттың ең көркем жерінде екенін елестеңіз. Сіз жұмсақ, жасыл шалшықта жалаң аяқ жүрсіз. (тыныштық). Жасыл шөп сіздің аяғынызды сипап жатқан сезімде боласыз. (тыныштық). Күннің көзі жер бетін қыздыруда. (тыныштық).Сіз гүлдің, шөптің және балдың иісін сезесіз. (тыныштық). Өзеннің сыңғырлағанын, көңілді құстар ән салып жатқанын естисіз. (тыныштық). Тыныштықта тұрып, өзімізді тындайық, табиғат-анамызды тындайық. Алақаңдарыңызды күннің көзіне жайыңыз. (тыныштық).Көк аспаннан және көктемгі жылы күннің сәулелерін сезіңіз (тыныштық).1,2,3 көзімізді ашайық.Қолымызды жайып, бізге өмір, денсаулық, қуаныш және жақсы көңіл күй сыйлаған Ана-Табиғатқа «Рахмет» деп айтайық. 3.Үй тапсырмасын тексеру.
-Мәтінді оқып келдіңдер ме?/Ә.Ысқақовтың «Табиғат деген не?»әңгімесі/Әңгіменің мазмұнын сұрау. Сұрақтар: -Сонымен, балалар Табиғатқа не жатады екен? -Неліктен табиғатты Анаға теңейміз? -Табиғаттың адамға жасаған қамқорлығы дегенді қалай түсінесіңдер? — Өзің табиғатқа қандай қамқорлық жасадың?
| Сабақ барысын талқылау: |
Дәйексөз. «Таза болса табиғат,аман болар адамзат» Ф.Оңғарсынова -Табиғатсыз өмір сүру мүмкін бе? -Егер адамдар ағаштарды кесіп,гүлдерді жұлып,ауаны,суды,жерді ластаса не болады?Қалай ойлайсыңдар?/балалардың жауаптары/ Бүгінгі сабағымыздағы дәйексөзді дәптерге жазып алайық/дәптер,47бет/ | |
Әңгiмелеу (сұхбат). Үзілген гүл Мәтін бойынша сұрақтар қою:
| «Өзін-өзі тану» журналы |
2. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.(топқа түрлі қағаздан жасалған гүлдер арқылы бқленеді) Жағдаяттар шешу: 1 топ: Сен келе жатырсың, екі бала жас шыбықты сындырып жатыр екен. Сенің әрекетің?(сахналау) 2 топ: Тәртіпсіз бір бала құстарға тас атқылап жүр. Соны көргенде, сенің іс әрекетің?(сахналау) Талдау: неліктен осындай әрекет жасадыңыз?
| |
Топпен ән айту.Ертегілер әлемі
| |
3. Үй тапсырмасы. «Орманшының баласы»мәтінін оқып келу. Өздеріңе ұнаған табиғат көріністерінің суретін салып келесіңдер | «Өзін-өзі тану»оқулығы 1 сынып,28 сабақ. Дәптер,35б. |
|