Адам — әлем бөлшегі

151

Сабақтың  тақырыбы: Адам — әлем бөлшегі

Мақсаты:  «Әлем», «Адамзат», «Адам» құндылықтарының мәнін ашу.

Міндеттері: 

  • адамның әлеммен үйлесімі, адам өмірінің мәні туралы түсініктерін кеңейту.
  • өзін, қоршаған әлемді түсіне білуге, танып – білуге баулу;
  • сүйіспеншілікке, ізгілікке тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: фотосуреттер.

Әдіс-тәсілі: Түсіндіру, пікір алмасу, тренингтер.

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен  амандасу, оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындау.

Үй тапсырмасын тексеру:

Сұрақ-жауап әдісін пайдалана отырып тексеріп шығу.

Шаттық шеңбері:

Мұғалімнің басшылығымен оқушылар шеңберге жиналып, бір – бірімен сәлемдеседі.  Жұбан  Молдағалиевтың сөзіне жазылған Әсет Бейсеуовтың «Адам бол, адам!» әнін айтады.

Ай, жулдыз аспан төсін алқалаған,

Жер – ана әлдилеген, арқалаған.

Нәзік гүл, алып емен, асау бұлақ –

Бәрі де саған құштар, дарқан адам.

Әңгімелесу:

Адам ғалам құпиясын ашуға неліктен құштар?

«Көк шеңбер», «көкжиек» деген сөздерді қалай түсінесіңдер?

Адам өзін қоршаған әлемге ықпал ете ала ма?

Дәйексөз:

Сабақ тақырыбын оқушыларға кеңірек түсіндіру үшін дәйексөз беріледі. Сабақтың дәйексөзі беріледі. Сабақтың дәйексөзі ретінде Ақжан әл- Машанидің:

 

«Адам – ғалам, ғажайып, жеке дара,

Жан құмары ізденген мәңгі сана.

Өзіңді өзің танысаң істің басы,

Түзеген өз ғаламын болған дана» —

деген өлең шумағы алынған.

Жаңа ақпарат:

«Адам баласы түйсік, сезімі мен ақылы арқылы өзі өмір сүріп жатқан әлемін танып – біледі. Әр адам өзінің ойлау қабілетіне сәйкес өз әлемін іштей қалыптастырып алады. Адамның рухани даму жолындағы талпынысы оның танымдық көзқарасы мен ойлау деңгейін кеңейтеді».