«Іздегенде табылатын қасыңнан»
Тақырып: «Іздегенде табылатын қасыңнан»
Құндылық: «Қиянат жасамау», «Дұрыс әрекет»
Қасиеттер: Ізгілік, жауапкершілік, жанашырлық, мейірімділік, адалдық
Мұғалiм: Жайымбай Рыскүл Мейрамханқызы
Сабақ мақсаты:Дос, достық ұғымдарыныңмәнін ашу, балалар бойына адамгершілік қасиеттерді дамыта отырып, дұрыс әрекет жасауға баулу.
Міндеттері: 1. Білімділік:Достар арасындағы адалдықтың мәнін түсіндіру. 2. Дамытушылық:Айналадағықоршаған адамдарға деген тілеулестік, мейірімділік, сүйіспеншілік қасиеттерін дамыту. 3. Тәрбиелік:Адалдыққа, жанашырлыққа, әділдікке, мейірімділікке, жауапкершілікке тәрбиелеу. | Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер) Слайдтар. |
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңi. Жағымды күйге келу. Нұрға бөлену. Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын… Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын… Нұр менің ішімде… Мен Нұрмын». Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз… Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады. Сұрақтар: 1. Қандай сезімде болдыңыздар? 2. Жаттығу сіздерге қалай әсер етті? Қорытынды: Олай болса балалар, осы нұрды жүрегімізге сақтап қалайық. Үй тапсырмасын тексеру. Үйге алдын ала 59 беттегі «Екі дос» аңыз әңгімесі оқуға берліген. Сұрақтар: 1. Аңыз әңгіменің мазмұны неде? 2. Достардың бір-біріне деген адал ниеті мен достығын қалай бағалар едің? 3. Өз досыңның мінезі қандай болғанын қалар едің? Қорытынды:Достар бір-біріне қуаныштада, қиындықта да,ниеттес, тілеулес,қамқор болады. Олай болса, балалар қиындық кезде достарымызға қолдау көрсетіп, дұрыс әрекет жасай білейік.
| Сабақ барысын талдау: |
1. Дәйексөз. Адамның басы бәлеге ұрынған кездегі ең жақсы қамал — адал достар. Аристотель Оқушыларға мағынасын түсіндіру: Достардың бір-біріне деген құрметі адал болса, ол қиындықтан шығуда да, өмірдегі мақсатына жетуде үлкен демеу болады. Сұрақтар: 1. Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесің? 2. Адал дос болу үшін, адам бойында қасиеттер қандай басым болу қажет? Жаттату Қорытынды:Достық — бұл өмірдегі ешнәрсемен бағаланбайтын құндылық. Дос табу оңай, ал оны сақтау оданда қиын.Сондықтан балалар достарымызға қиянат жасамай, қамқор болып, қолдау көрсете білейік. | |
Әңгiмелеу. Ертегі: «Дос табу.». (Оқушыларға әңгіменің мазмұнын эмоциялық тұрғыда әсерлі етіп әңгімелеп беру). Ертеде бір ерке бала болыпты. Ата-анасы оның айтқанының бәрін орындайды екен. Ерке балада бәрі жеткілікті болыпты, тек оның бірге ойнайтын досы болмапты. Сұрақтар: 1.Әңгіменің мазмұнынан не түсіндіңдер? 2. Бала айналасындағы балалармен неге тіл табыса алмады? Қорытынды:Досты сырттан іздеме, жақыннан ізде, өзіңнің ішіңнен, ішкі дүниеңнен ізде. «Жаның жақсы, жүрегің жылы, ақылың парасатты болса, іздеген досың алыстан үйіріліп өзі келеді»-деген Әзілхан Нұршайықов ағамыз. Ендеше өзімізге де өзгеге де қиянат жасамай,өз жүрегімізді тыңдай білейік. | |
Шығармашылық жұмыс. Жағдаятты талдау Сарман қанша әуреленсе де, есепті шығара алмай қойды. Мектепке келе сала көршісі Зейнептің дәптерін сұрап, одан көшіріп алды. Алғашқыларын көшіріп, келесі есепке келгенде, Зейнептің қатесін байқап қалды. Бірақ Сарман өз дәптеріне есептің шешуін дұрыстап жазды. Алайда ол бұл туралы Зейнепке айтқан жоқ. Сұрақ: 1. Жағдаяттың мазмұнынан не түсіндің? 2. Сарманның әрекетін қалай бағалар едің ? Қорытынды: Достық қарым-қатынас адам баласынан тазалықты, адалдықты, әділдікті, құрметті талап етеді. Сондықтан да әрбір адам өзіне қалай құрмет жасауды қаласа, досына да сондай құрмет жасауы керек.Достарымызға қиянат жасамай, дұрыс әрекет жасап, құрмет көрсете білейік. «Дос жүрегі-шарайна» тақырыбында эссе жазу. Тапсырма оқушы дәптеріне орындалады. Сұрақ: 1. Дос жүрегі неге теңеліп тұр? 2. Досыңның қателігіне, кемшілігіне көз жұма қарайсың ба? Қорытынды:«Дос досқа айна». Барша адамзат баласына сүйіспеншілігімізді танытып, жақсы сөз, жақсы тілек тілеп, достарымызға адал, болайық. | |
2. Топпен ән айту. «Достарым» Сөзі мен әні: Х. Закариянов
Толтырады бір көңілдің отын достарым Қатемді түзеп, жол тапсам, дұрыс қостадың Қиналған шақта бөлісіп жүрек жылуын Жүріндер сендер қолықтан демеп, достарым
Жабыққан сәтте қас қағым Жанынды ұғар басқа кім? Жаңабірәуенбастадым Сендергеарнап, достарым!
Сағыныш толы кеуденікернепжыркөшкін Достықтыңкелдімсазынаән мен үнқосқым Өтермінмынауөлшеуліғанатірліктен Биіктенсайлапорнынадалшындостың
Жабыққансәттеқасқағым Жанындыұғарбасқакім? Жаңабірәуенбастадым Сендергеарнап, достарым!
Десек те қашанбаянсыздостантүңілдеп Қаншамаарзанмінезгекуәжұмыржер Асылдар аз бажаныңдықиярдосүшін? Соларғатағдырөкінбейөтерғұмырбір
Жабыққансәттеқасқағым Жанындыұғарбасқакім? Жаңабірәуенбастадым Сендергеарнап, достар Сұрақ: Өлеңде қандай қасиеттер мен құндылықтар туралы айтылған? Қорытынды:Шынайы дос бола білген адамның достары да көп болады және өзін ешқашан жалғыз сезінбейді. Сондықтан балалар достығымыз шынайы болып, ақиқатты тани жүрейік. | |
Үй тапсырмасы. 1. Оқулықтың 70 бетіндегі №14 сабақтағы 2. І.Есенберлиннің «Жедел хат»әңгімесін мазмұндап келу. Оқушы дәптеріндегі 1 тапсырманы орындап келу. | |
Сабақтың қорытынды сәті Тыныштық, тыныштық, тыныштық, тыныштық бар жерде, тыныштық, тыныштық, тыныштық, тыныштық бүкіл әлемде. Олай болса балалар ішкі тыныштығызды жүрегімізде сақтап, өз ойымыз, ісімізбен сөзімізге сенімді болып, ешкімге қиянат жасамай, дұрыс әрекет ете білейік |