Келісім түбі – жарастық

183

 

Тақырыбы:    Келісім түбі – жарастық

Мақсаты:  «Достық», «сыйластық» адамгершілік құндылықтарытуралы түсініктерін                   кеңейту.

Міндеттері:

  • Келісім, жарастық туралы түсінік беру;
  • Достыққа бейімділік сапаларындамыту;
  • Өзара татулыққа, шыдамдылыққа тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: оқулық, дәптер, электронды оқу құралдары, интерактивті тақта

 

 

  Ұйымдастыру:    Бүгінгі сабаққа көптеген апайлармен ағайлар қонаққа келіп, біздің өзін-өзі тану сабағымызды тамашаламақ. Сондықтан бар мейірімділікпен қонақжайлығамызды көрсетейік.

 Шаттық шеңбері: Әдеміленіп тұрып Фарида Жолдасованың «Бала тілегі» әнін орындайық

Электронды оқулықпен жұмыс: Жағдаяттармен жұмыс.

Оқулықта берілген жағдаяттарды жетекші сұрақтар арқылы шешу.

Әңгімелесу: 

-Осы сендер сыныптастарыңмен, достарыңмен ренжісіп қалған кездерің болды ма?

— Қалай татуластыңдар?

-Өзгелердің пікірімен келіспей қалсаң не істер едің?

— Келісімге келу не үшін қажет деп ойлайсыңдар?

Оқушылардан еркін ойларын тыңдап, түйінің жасау.

 

 

Мәтінмен жұмыс:                     Өсиет әңгіме.(Аңыз)

Бұл оқиға өте ерте заманда болса керек. Адам аңдарды үйіне шақырып, аз-кем кеңес құрыпты.

  • Бәріміз бірлесіп, ынтымақты еңбек етсек, қиынымыз жеңілдер еді. Әрі біріміздің белмегенімізді екіншімізге айтар едік. Қалай десек те, «Кеңесіп пішкен тон келте болмас», — депті.

-Осындай ой-пікірді алғаш айтқан адам біздің иеміз болсын. Мен оның айнымас көлігі әрі серігі болайын,- депті шұбар ат құндыздай жалы жалт – жұлт етіп.

— Адам бізге басшы, біз қосшы болсақ,  мен келістім. Адам мен Ат ұзақ жолға шыққанда,  үй жайын қорып, күзетуге мен әзірмін,- депті төбет зор дауыспен арп –арп етіп.

Бадырайған көзін анда –санда ашып жұмған Жапалақ Адамның шақыруын құп алмай, ағаш басында жападан жалғыз отыра беріпті.

-Шақырған жерден қалма,- деген шұбар аттың сөзін естен шығарыпты.

-Төрт көзіміз түгел болғанға не жетсін! — деп ынтымаққа шақырған  Төбет сөзінмісе тұтпапты.

Бір кезде Адамның, Аттың Иттің  бұны іздеп келе жатқанын байқап қалып,  Жапалақ елден ұзағырақ ұшып кетіпті.

Жапалақтың өз достарынан жеке дара бөлектенуі,  оны оданәрі адастырыпты. Өмір сүру тәсілі де өзгеріпті.

Содан бері Адамның, Аттың және Иттің  көзіне күндіз түсіп қалмайын деп Жапалақ  түнде ғана ұшатын болыпты.

Жетекші сұрақтар : — Адам, Ат, Ит қандай келісімге келді?

  • Жапалақ неліктен жалғыз қалды?
  • Келісімде, жарастықта өмір сүру үшін адамға қандай қасиеттер керек деп ойлайсыңдар?
  • Балалардың жауаптарын толық тыңдап, «Кеңесіп тіккен тон келте болмас» -деген мақалдың мағанасын аша отырып әңгімені түйіндеу.
  • -Міне балалар, достыққа, ынтымақтасып өмір сүруге келісімін бермеген Жапалақтың өмірі жалғыздықпен өтіп жатыр. Ал достықтары жарасқан  Адамның, Ат, Иттің бірлігі келісіп, бірге тату тәтті өмір сүруге ұласты.

Өзіммен-өзім: ( Релаксация)

Балалар ыңғайланып отырып, көздеріңді жұмсаңдарда болады.Алақанмен  тосып алғандостық шуағының жылуын сезінейік. Өзіміздің қолымызбен жасаған достық нұры мәнгі жүрегімізде қалу үшін жарастықты, татулықты жақтайық. Әрқашан бірлікте,сыйластықта өмір сүрейік. Деп іштей қайталаймыз.Соның дәлеліндей әркім өзінің қасындағы досының қолын алып, ешқашан ренжітпеуге келіеім береді.Осылайша отырғанымызды  сырттай қарап отырған  Жапалақта достықтың не екенін түсінеді. Ол өзінің ескі достарына қайта айналып барып кешірім сұрады. Адам,Ат, Ит Жапалақты кешірді. Оған жақсы дос табуға тілектес болды. Бізде олардың кешірімді болғанына риза болып отырмыз. Осындай ризашылықпен бұрынғы қалыпымызға келеміз.

Сергіту сәті:                 

Достығы жарасқан, сыйлы біз баламыз.

Келісіп бәрімен,  татулық табамыз.

Бәріміз бір болсақ, бәрінде жеңеміз.

Күндей боп күлімдеп, таудай боп өсеміз.

Дәптермен жұмыс:Берілген ойлардың қайсысымен келісесің? Өз ойыңды жеткізіп жаз.

  • Сыныпта тату болу.
  • Сабақты жақсы оқу.
  • Бірін –бірі тыңдамау
  • Мұғалімді сыйлау.
  • Сыныптағы заттарды күту.
  • Оқулықтарға күтіммен қарау.
  • Келіскен уақытта кешігу

Жүректен жүрекке

Келісім мен жарастық

Ерегесіп, есептесіп тұрмадық,

Дау – дамайға мойнымызды бұрмадық.

Бірлік пенен татулыққа кеңелткен.

Келісім мен жарастықты жырладық.

Келісім  түбі – жарастық