Атамекен – алтын бесік

Атамекен – алтын бесік

Тыныштық сәті

  • Балалар, сендерді бүгінгі күндеріңе сәттілік тілей отырып, сендерді тыныштық сәтіне шақырамын.

Музыка қойылады. «Атамекен» әні .Жағымды күйге ену.

 

Әңгімелесу

  • Балалар, біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Атамекен — алтын бесік».
  • Осы «Атамекен» әнін тындаганда қандай сезімде болдыңдар?
  • Атамекеннің адам өміріндегі орны қандай?
  • Өз елін шексіз сүйетін адамда қандай қасиеттер болады?
  • Атамекен туралы қандай көркем шығармалар сізді тебірентеді?

(Оқушылардың жауаптары тыңдалады)

—  Иә, дұрыс айтасыңдар балалар.

— Атамекен – ол ата-бабамыздың қоныс еткен мекені, ежелгі қонысы. Еуразияның қақ ортасында орналасып талай тарихтың куәсі болған. Осы ұлан-байтақ жерімізде жер үшін, ел үшін болған сан қилы дүрбелеңде, қасық қаны қалғанша қорғап, ұрпақтан ұрпаққа қалдырды.

—   Сондықтан да, балалар, сендер де қай жерде жүрсеңдер де, қандай биіктерге көтерілсеңдер де    Отаныңды, туған жеріңді қорғай біледі, елінің дамуына өз үлесіңді қосады деп ойлаймын.

 

Жаңа ақпарат

Ал енді жаңа ақпаратқа назар аударайық.

Атамекен… Туған  жер… Отан…  . Бұл ең жоғарғы құндылықтардың, асыл ұғымдардың бірі.

Адам өмірге келіп, ес жия бастаған сәттен өзін-өзі тануға, болашағына, өткеніне, шығу тегіне ден қоя бастайды. Адамның болашағы да, өткені де атамекенмен тығыз байланыста болады. Халқымыздың атамекенді ардақтау сезімі өте терең,  олар үшін туған жерді қасиет тұту – қанға сіңген мінез. Бұл таным біздің жанымызға ана сүтімен дарыған.

  • Атамекеннің адам үшін маңызы қандай?
  • «Атамекен», «туған жер», «Отан» ұғымдарының қандай айырмашылықтары бар?

(Оқушы жауабы тыңдалады)

— Атамекен – ата-бабаның қоныс еткен мекені.

Туған жер – адамның шыр етіп дүниеге келген жері.

Отан – сенің өсікен, тәрбие, білім алған, тіпті сенің азаматтығыңды қорғап, қамтамасыз ететін, саған қамқор болатын мемлекет.

— Расында да, «Атамекен – алтын бесік» деп, аталарымыз тегін айтпаған. Ол өз перзентіне барын, нәрін береді. Төсінде тербетіп, аялап әлпештейді. Әр адам өз атамекенін мақтан етеді, қадір тұтады. Сендер де балалар өз Атамекен, туған жерлеріңді қадірлей біліңдер.

 

Мәтінмен жұмыс

  • Қазір, балалар, С.Жансігүровтың «Аманай мен Заманай» романынан үзінді тыңдайық.
    • Балзия әжейдің немересін ертіп, қауіпке бас тігуі қажет па еді?
    • Немересінің болашағын ойлаған әженің әрекетін ерлікке балауға бола ма?
    • Еліне оралып келе жатқан Аманай қандай сезімде болды деп ойлайсыңдар?

—   Адамға атамекен де, туған жер де қымбат. Адамның өз атамекенінен тыс жерде дүниеге келуі түрлі себептерге байланысты.

Ал атамекен мен туған жердің бірін таңдау қажет болған жағдайда, әрқашан атамекен жоғары орынға қойылады.

Мысалы: Қазақ халқының көрнекті ұлдары Халифа Алтай, Мұстафа өз Түрік және басқа қандастарымыздың елге оралуын айтуға болады.

Мен осы мәтінді «Өзге жерде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол» деп түйіндегім келеді.

 

 

 

Дәйексөз

Нақыл сөздерге назар аударайық.

Бұл біздің бүгінгі сабақтың дәйексөзі ретінде берілген.

«Ұлтарақтай болса да, ата қоныс жер қымбат.

 Ата төбеліндей болса да, туып өскен ел қымбат.»

                                                                    Халық нақылы…

  • Нақыл сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?
  • Сендер қандай «Отан», «Туған жер», «Атамекен» туралы мақал білесіңдер?
  • Жарайсыңдар балалар.
  • Балалар, біз бақыттымыз! Біздің ұлан байтақ жеріміз, Отанымыз бар.

Сондықтан да еліміздің еңсесі биік, тұғыры мықты, көк байрағымыз желбірей берсін.

 

Шығармашылық  жұмыс

Атамекен туралы өздеріңе өте әсер еткен шығармаларды  есеріңе түсіріп, мысал келтіріңдер.

  • Атамекен туралы түйіндеме жасаңдар.
  • Міне балалар, М.Шахановтың:

Өз елімде де, өз елімнен тыс жерде жүргенде де талай сый-сиапат көрдім, талай құрметті сыйлықтар алдым, бірақ ешқайсысы туған жер топырағы түйілген тұмардай тебіренткен емес, деген екен.

Міне туған жердің өзі де, топырағы да ыстық екенін осыдан көруге болады екен.

 

Шығармашылық жұмыс

— Балалар біздің Отанымыз қай жер?

  • Ендеше Қазақстан туралы өз ойларыңды айтып өтсеңдер.

Қазақстан – қазақ халқының мекені, ежелгі қонысы, Отаны. Бұл жерде ата-бабамыз туды, тұрды, өмір сүрді, оның кең жазира жерін қасық қаны қалғанша қорғап, ұрпақтан ұрпаққа қалдырып келеді. Ол біздің ең қасиетті, қадірлі мұрамыз.

  • Ал сендер туған жерлерің, ауылымыз туралы айтыңдар.

 

Сахналау

Қазір Кеңес Оразбекұлының Отанымыздың рәміздері туралы аңызын сахналаймыз.

Автор:

Қыран: Иә, не көрдіңдер,  не түйдіңдер?

1 Пырақ: Көргенімізді айтсақ көп сөз. Түйгенімізді айтсақ, «әркімнің өз жері жұмақ екен».

Қыран; «Туған жер тұғырың, туған ел қыдырың».

2 Пырақ: «Кісі елінде күркірегенше, өз еліңде дүркіре» дегендей, Алтын шаңырағымызды өз елімізде тігуге бел байладық.

Қыран: Онда алдарыңнан жарылқасын!

1 Пырақ: Сол шаңырағымыз биік, берекелі болсын, нұр шашсын, шайқалмасын деп, қанатымыздың астына алып, жұлдызымыз әрдайым жоғары болсын деп, қырағы қорғаны болмақпыз.

Қыран: Онда «Төртеу түгел болса, төбедегі келеді»деп, мен де Көк төрінде қалықтайын.

Алтын нұрлы Күн астында айбарларыңды асқақтатайық.

2Пырақ: Тауып айттың қыран!   «Ынтымақ түбі — игілік» дейді. Сол игіліктің арқасында «Қазақстан» атты елдің мәңгілік рәмізіне айналсақ,  біз үшін бақыт емес пе!?

 

 

Қазақстанның картасынан өз ата мекендеріңді тауып, тілектеріңді жазыңдар.

(Оқушыларға жүрекше таратылады, сол жүрекшеге тілектерін жазып, картаға жапсырады.)

 

Қорытынды

Қазір «Отаным Қазақстан» әнін орындайық.

  • Біз бүгін «Атамекен», «Туған ел», «Отан» бұл ең жоғарғы құндылық, асыл ұғым екенін білдік. Ал еліміздің болашағы сендерсіңдер! «Елін сүйер ұлан болыңдар!!!».

Осымен сабақ аяқталды..